Материалдар / Сыныптан тыс жұмыс. Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Сыныптан тыс жұмыс. Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі.

Материал туралы қысқаша түсінік
класс жетекшілерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Желтоқсан 2018
337
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі.Мақсаты: Қазақ халқының тұңғыш президенті Н.Ә.Назарбаев туралы мағлұмат айту.Елбасы өмірімен таныса отырып, үлгі ету және Отанын, халқын сүюге, ержүректілікке, азаматтыққа тәрбиелеу, патриоттық сезімдерін дамыту, оқырман жүрегінде елбасына деген сүйіспеншілік сезімін және құрметтеуге баулу.Күй ойнатылып тұрады.Елбасы күніТәуелсіздік көк жебесін желбіретіп,Көш басында ел мақтаған - Президент.Сын сағатта еліне еңбек етіп,Арманына қол жеткізген – Президент.Қазағым деп соққан оның жүрегіОтша қайнап, лаулап жанып жүреді.Халқыменен бірге болған сәттерде,«Аман болшы елім» оның тілегі.Егемендік алып келген еліне,Қазағымның ұлан-асыр жеріне.Дербес елдің көк туын желбіреттің,Жаңғырды «Қазақ» аты жер-жерлерде.Таулар менен өзен, көлдер «қазақ» деді.Аспанда ай мен жұлдыз «қазақ» деді.Даңқың мен абыройың арта берсін,Әз, Елбасы бастаған қазақ елі.Тәуелсіз, егеменді жерінде 27-ін тойлап жатыр қазақ елі.Ғұмырың ұзақ болып Қазақстаным!Мәңгілік жасай берші қазақ елі!1 жүргізуші:Мемлекетті басқару машақатты да, мәртебелі міндет. Басшы басқарған ел – ең бай мемлекет, халқы ең бақытты халық.2 жүргізуші:Олай болса, бүгінгі кешімізді әділеттің ақ жолын ту етіп елінің егемендігін, ынтымақты, тұтастықты, бірлікті ойлаған ұрпақтың санылылығына мән берген, ар мен намысты биік ұстаған, әлемдік деңгейдегі ірі қоғам қайраткері, тәуелсіз Қазақстан республикасының тұңғыш Презмденті Н.Ә.Назарбаевтің қрметіне арнағалы отырмыз. 1 желтоқсан – Президент күніне орай өткізіліп отырған «Елбасы мәртебесі – ел мәртебесі» атты кешімізді ашық деп жариялаймын. 1 жүргізуші:Тәуелсіздігімізді алған соң халықтың басын біріктіріп Н.Ә.Назарбаев тұңғыш елбасы болды. Елбасының бастауымен біздің Отанымыз әлемге танылды. Еліміз елдігін көрсетті, ерлігін танытты. Қазақ халқы егемендігін алып, Тәуелсіздікке қол жеткізгенде өз алдымызға ел бола алатынымызға күмәнданған жандар да болған екен. Бірақ ар-намысты ту еткен ағаларымыздың аянбай еңбек етуі осы нұрлы күндерге жеткізді. 2 жүргізуші:Бүгінгі күн бізге оңайлықпен келген жоқ. Тәуелсіз ел атану үшін, қаншама аға-апаларымыз тер төкті. Соның арқасында бүгінде біз тәуелсіз, дербес, әлем таныған Қазақстан атанып, отырмыз. Қазақ деген атымызды алғанға дейін қазақ халқының басынан не өтпеді, не көрмеді?1 жүргізуші:Әлем таныған дарынды тұлға, іскер сясатшы Қазақстан республикасының тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаев сол күннен бері 27 жыл басқарып келеді. Ол Қазақстанды бүгінде әлемге әйгілі етіп, атын шығарды. Ел экономикасын түзеп, болашақта көш бастаушы елдердің қатарына қосу үшін аянбай ебек етуде. 2 жүргізуші:Елі құрмет тұтқан Елағамыз, елі үшін еңбек еткен Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың өміріне шолу жасап өтейік. 1 жүргізуші:Жүз жылда бір рет ғана келетін дана адамдар болады, мысалы Үндістанда Махатма Ганди, Түркияда Кемал Ататүрік. Міне, осы кемеңгер даналардың қатарына өзіміздің Нұрсұлтан Назарбаевты да қосуға болады. Елбасымыздың арқасында қандай жетістіктерге жеттік?
  • Қазақстан рәміздері Ту, Елтаңба, Гимн бекітілді.
  • Ата Заңымыз «Конституция» қабылданды.
  • Жаңа қала Астана бой көтерді.
  • Тіліміз, дініміз ұлттық салт-дәстүріміз қайта оралды.
  • Төл теңгеміз айналымға енді.
  • Семей жерінде полигон жабылды.
  • EXPO – 2017 өткіздік.
  • «Назарбаев» атындағы зияткерлік мектептер мен университеттер ашылды.
1 жүргізуші:Н.Назарбаевбәрінен бұрын өз міндетін,өз тағайындалуын терең сезінетін, үлесіне тиген міндетті жауапты әрі қажырлықпен атқаратын адам.2 жүргізуші:Елбасының спортшы екенін көпшілік жалпылама түрде ғана біледі. Ал, шынына келсек, ол кісінің спорттың баскетбол, волейбол, теннис, ат жарысы, тау шаңғысы, гольф секілді түрлерінен жақсы хабары бар. Ресми жағдайлардан бір бөлек , Нұрсұлтан Әбішұлының гольфта, серуенде, биресми басқосуларда жүріп-ақ талай проблемаларды орнына келтіретін. «Галстуксіз» кездесулерді дәстүрге алғаш енгізген Нұрсұлтан Әбішұлы екенін білеміз. 1 жүргізуші: Қилы мінезді Ельциннің өзі де Байқоңыр мәселесіне келісе алмай жүргенде ақыры «Не могу отказать. Я тебя люблю. Пусть будет по твоему»,- деп біздің Нұрсұлтан атамыздың жақсы қасиеттеріне бас иген. 2 жүргізуші:Ендеше әлем елдерінің басшылары мен саясаткерлерінің Президент Н.Ә.Назарбаев туралы айтқан лебіздеріне құлақ түрейік.(Елбасының әр елдің басшыларымен түскен суреттері)1 жүргізуші:Дж.Буш АҚШ бұрынғы Президенті:
  • Құрметті Нұрсұлтан Назарбаев , сіздің басшылығыңызбен Қазақстан жаппай қырып жоятын қаруды таратпау ісінде әлемнің жетекші елдерінің біріне айналды. АҚШ сонымен қатар Қазақстанға терроризмге қарсы жаһандық күресте көрсеткен достығы мен ынтымақтастығы үшін ризашылығымды білдіремін.
2 жүргізуші:Ким Де Чжун - Корея республикасының Президенті:
  • Оның демократиялық саями және экономикалық өзгерістерді ойдағыдай іске асырып жатуының айғағы оларды әлемдік қоғамдастықтардың кеңінен тануы болып отыр. Президент Н.Ә.Назарбаевтың басшылығымен Қазақстан жан-жақты дамып келеді.
1 жүргізуші:Кофи Аннан – БҰҰ брынғы бас хатшысы
  • Қазақстан ТМД-ның басқа елдерінен айырмашылығы сонда – бұл елде бейбіт өмір мен тұрақтылық орнап, экономикалық өрлеу бар. Қазақстан түрлі ұлттар бейбіт қатар өмір сүріп жатқан , этикалық саналуандық тартыстың емес, қайта татулық нышанына айналған мемлекеттің үлгісі бола алады.
1 жүргізуші:«Қазақстан – бақытты ел» Президенті танымды, халқы қарымды, досы көп ел екенін де мақтан тұтамыз. Ел тарихын ұлы тұлғалар жасайды. Тұлға елдің тұғыры, Тұлға – елдің тұтқасы. Біздің Президентіміз Н.Ә.Назарбаев осындай тұлға! 2 жүргізуші:Қазақстанның босағасын берік және шаңырағын биік ұстап, түтінін түзу ұшыру – елдік мақсат. Сонда ғана «Қазақстан – 2050» стратегиясында айтыған үздік 30 елдің қатарынан табылады. Біздің Отанымыз – ортақ, тілегіміз бір, мақсатымыз жалғыз. Ол жері гүлденген, елі түрленген, дамуы жедел, ұрпағы кемел Мәңгілік Қазақстан»1 жүргізуші:Ендеше Президентіміз Н.Ә.Назарбаевтың «Біз көшпенділердің ұрпағымыз. Ержүрек халықтың жалғасымыз. Мен жастарға сенемін. Әрқашан тұрақтылықты қорғап, бірлікті сақтаңдар.» деген сөзімен кешімізді аяқтаймыз. Әрқашан елін сүйкер, жерін қорғар азамат болып өсулеріңе тілектеспіз.Назарларыңызға рахмет!Сау болыңыздар!

































Алаулаған алабынан нұр тамып,Қазақ елін бүкіл дүние жүр танып.Көк байрағың желбірейді төріңде,Гимнің тұр көгіңде шырқалып.

Бағдарлап елдің ертеңін,Тыныштық тауып жатпаған.Болашақ үшін тер төгіп,Үмітін елдің ақтаған.

Қиялы ұшқыр ойлы адам,Әлемге болған аты аңыз.Ұрпақтың қамын ойлаған,Аман-сау жүрші, Атамыз.

Ел тынысын тереңінен танып кең, Шарапаты бар адамға дарып тең.Елбасының есімі бұл тарихтаҚалар анық өшпес алтын әріппен.

Татулығы жарасқан,Мемлекет басшысы.Бар игілік жақсы ғой,Тыныштық – ең бастысы.Сонда елбасы біледі,Елмен соғып жүрегі,Қазақстан қарыштап,Болса екен күн елі.













































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!