×
Сертификат алу үшін



Сыныптан тыс шара "Тілашар" 1 сынып
Автор:
Бағыты: Бастауыш сынып Бөлімі: Сыныптан тыс жұмыс Сыныбы: 1 сынып
Жарияланған уақыты: 2017-12-18





Материал туралы қысқаша түсінік

1 сынып мұғаліміне арналған сыныптан тыс шара. Бұл шарадан 1 сынып оқушысының мектепке бейімділігі анықталады. 1 сынып мұғалімі оқушыларының мектепке қалай бейімделіп жатқанын көрсету мақсатында ашық сыныптан тыс шара өткізуі керек. Соған көп көмегі тиеді.


Тілашар тойы.
Мақсаты: Мектеп табалдырығын алғаш аттаған балғындарды оқушылыққа қабылдап , олардың өнерлерін ортаға салу.
Ертеңгіліктің барысы:
Мұғалім: - Бақытты балғындар, ардақты ата-аналар, құрметті меймандар бүгінгі біздің тілашар тойымызға қош келдіңіздер! Тілашар тойы құтты болсын! Мектеп табалдырығын алғаш аттаған шәкірттер, қадамдарың сәтті болсын!
Қойылым: Әже мен немере.
Немересі:
Әже, маған мектепте,
Ұрыспай ма мұғалім ?
Мен білетін ертекті,
Дұрыс, - дей ме, шырағым!
Әжесі:
Айналайын, ақылдым,
Өмірімнің жалғасы.
Қартаюға жақынмын,
Арманымды жалғашы.
Сен ақылды баласың,
Мектебіңе барасың.
Ұрыспайды мұғалім,
Ол да сенің анашың.
Немересі:
Әже, мені мұғалім,
Сіздей жақсы көре ме ?
Орындалып сұрағым,
Көтере ме төбеге ?
Әжесі:
Тәртібің мен білімің,
Қатар өсіп дамысын.
Жеңбесі жоқ білімнің,
Қосылса оған намысың.
Немересі:
Еркелегім келсе егер,
Көтерем бе қолымды ?
Еркелікке, көнсе егер,
Күнде етем бе сонымды ?
Әжесі:
Еркелікті қалдыр да,
Үйде отырған әжеңе.
Ақылыңды алдырма,
Адал бол, ақ батама.
Немересі:
Әже, сізсіз мектепке,
Тіпті барғым келмейді.
Ертіп баршы мектепке,
Сонда ешкім жеңбейді.


Әжесі:
Әжесінің баласы –
Жаман бала болмайды.
Қабыл болып батасы
Алла өзі қолдайды!
Немересі – Габдулсалим Диана, әжесі – Айжан апа.
Мұғалім: Ғылым иесі ғалым да, ел қорғаған батыр да, тілінен бал тамған ақын да, тегеуріні темір балқытқан жұмысшы да, егін салған егінші де, мал бағып терін төккен шопан да, көк күнбезінен әрі өткен ғарышкер де, бәрі – бәрі мына отырған өз ата – аналарың, әжелерің де Әліппеден бастау алған. Мектептен білім алған. Енді сендер де мектепке білім алуға келдіңдер, солай емес пе? Ендеше, біз осы айлар ішінде не үйрендік ортаға салайық.
Ақгүл: Мектеп – қамқор анамыз,
Оқып, білім аламыз.
Өнерпаз боп өсетін,
Біз – оқушы боламыз.
Дильназ: Өсіп ой мен санамыз,
Өмірге жол саламыз,
Білім қуған баламыз
Біз оқушы боламыз!
Мәриям: Өмірімнің көктемін
Сенде өткізем деп келдім,
Алтын – ұям мектебім!
Зейнеп: Армандарым көп менің
Атқарамын деп келдім,
Асыл анам – мектебім!
Хиуаз: Оқып ғылым тектерін
Ой аламын деп келдім,
Оттан ыстық мектебім!
Әділет: Өнерпазың көп сенің,
Өнер табам деп келдім
Өз бесігім – мектебім!
Айым: Мен талапты баламын,
Мектепке енді барамын.
Үйреткенін үйреніп,
Ұстаздан көп аларым.
Диана: Мен тәртіпті баламын,
Түгел қағаз, қаламым.
Бір күн қалмай сабақтан,
Кілең бестік аламын.
Камила: Тану үшін бабаңды,
Тану үшін анаңды,
Тану үшін ғаламды –
Мектеп керек адамға!
Асыланбек: Сатпау үшін арыңды,
Сатпау үшін жаныңды.
Өсіруге танымды-
Хор:Мектеп керек адамға!
Нұршаттық: Оқушының мойнына
Ақ жағасы жарасар.
Кел, келіңіз тойыма
Тойымның аты –Тілашар
Хор: Мектебім
Мұғалім: Айналайын балғындар,
Алға бағыт алыңдар
Ертең өсіп толыңдар-
Ел мақтаны болыңдар.
Орындалсын ойларың,
Құтты болсын тойларың!
- Рахмет, балалар, Дымбілмес болмай, білімді болыңдар!
( сахнаға кір-қожалақ Дымбілмес келеді)
Дымбілмес:
-Мыналар неге жиналған -әй. Менің атымды атаған қайсың?
Мұғалім:
-Сәлеметсің бе Дымбілмес! Сені атаған мен ғой. Бүгін бізде Тілашар мерекесі.
Дымбілмес:
-Тілашар. Тойлаңдар, тойлаңдар! Қой мен кетейін. Чао!
( кетіп бара жатып, бір баланың шарына ұмтылады)
Бала:
-Тиіспе, менің шарыма . Мұнда әріп жазылған.
Дымбілмес:
-Әріп дейді. Қайдағы әріп, мынау доңғалақтың суреті, ал мынау есіктің суретін салып қойыпты-ей. Бұлардың бәрін мен Әліппені оқымай-ақ білемін.
Мұғалім: Ол не дегенің Дымбілмес. Бұлар О,П әріптері. Дегенмен, балалар, Дымбілместің сөзінің жаны бар. Әрбір әріп бір нәрсеге ұқсас.
Кәне, енді Дымбілмес пен ата-аналарымызға не білетінімізді көрсетейік.
- Міне мұнда көп әріптер кеспесін әкелдім, қане бір-бірден шығып өздерің қалаған әріптеріңді алыңдар. Сол әріптерге байланысты тапсырма орындайсыңдар. Орындауға дайынсыңдар ма?
- Қандай дыбыс?
- Қандай үйге кіргіземіз?
- Сөздің қай жерінде келеді?
– Қолдарыңдағы әріптерден басталатын сөздер айтыңдар.
- Ол сөздерді буынға бөліңдер.
- Қолдарыңдағы әріптерге басқа әріп қосып, қандай буындар құрауға болады?
- Қолдарыңдағы әріптердің жазба түрін тақтаға жазып беріңдер.
Дауысты, дауыссыз екеніне байланысты бордың түсін дұрыс таңдау керексіңдер.
( Білмесбек бірнеше рет ұмтылып, балалармен бірге жауап бергісі келеді де, әріпті білмейтіні есіне түсіп, желкесін қасиды.)
Мұғалім: Міне Дымбілмес, көрдің бе? Балалар әріпті қалай жақсы біледі.
Дымбілмес: Онда мен де кітап оқығым келеді.
Мұғалім: Бұның дұрыс болды. Тек алдымен үсті –басыңды тазалап, жөнге сал. Әліппені таза, ұқыпты балалар ғана ұстайды.
Дымбілмес: Жарайды. (шығып кетеді)


Мұғалім : Балалардың, әріптерді танып қана қоймай, олардың басын қосып осылайша оқи білулері ата-ана үшін де, мен үшін де үлкен қуаныш.
-Балалар, енді мында қараңдар. Мыналар нелер?
- Б. ж. (сызықтар)
- Қандай сызықтар?
- Б. ж. (түзу және қисық сызықтар)
-Қисық сызықтардың қандай түрлері болады?
-Б.ж. (тұйықталған, тұйықталмаған)
- Ал мыналар ше?
0 1 2 3 4 – бұлар сандар.
+ – қосу азайту амалдары
= < > тең артық кем
2 + 1 2 – 1 өрнектер
2 + 1 қосынды 2 – 1 айырма
2 + 1=3 теңдік 2 – қосылғыш 1 – қосылғыш 3- қосындының мәні
2 – 1 =1 теңдік 2 – азайғыш 1 – азайтқыш 1 – айырманың мәні
- Ал кім есепке жүйрік?
Аулада үш тал гүл өсіп тұр еді. Алмат оның біреуін алып анасына сыйлады. Аулада неше тал гүл қалды? Осыны кім тақтаға өрнек құрып шығарып береді?
- Б. ж. 3 – 1 =2
Мадинаның қолында 4 гүл, ал Аяулымның қолында 3 гүл. Кімнің гүлі артық? Нешеуі артық? Кімнің гүлі кем? Нешеуі кем?
- Б. ж. Мадинаның, 1-і,
-Балалар, математиканы қызығып оқитындарыңа әбден көзім жетті. Енді басқа сабақтарға қалай екендіктеріңді көрейік.
Балалар сендер бейнелеу өнерінен түстерді өткен болатынсыңдар, соны естеріңе түсіріп менің сұрақтарыма жауап берсеңдер деймін.
- Түстер нешеге бөлінеді?
- Б. ж.(екіге)
- Қандай- қандай болып?
- Б. ж. (суық және жылы )
- Суық түстерге қандай түстер жатады?
-Жылы түстерге ше?
Музыка пәнінен не үйрендің?
Ән айтып не билегін,
Отырған мынау қауымның,
Көңіл күйін көтергін.
Би: Қара жорға.
Дүниені танытар,
Көп нәрсені ұқтырар.
Дүниетану пәнімін,
Атымды менің ұғып ал.
- Дүниетану пәні сендерге не үшін керек?
- Балалар жауабы:(айналадағы дүниені танып білу үщін)
- Ендеше айналаға көз салайық, бізді не қоршап тұр?
- Б. ж.(табиғат)
- Табиғатқа не жатады?
- Б. ж. (Аспан, Ай, Жұлдыз, тау, өзен, көл, ағаш, аң, құс)
- Адамның қандай сезім мүшелерін білесіңдер?
-Б. ж. (көз- көру мүшесі, құлақ – есту мүшесі, мұрын иіс сезу мүшесі. Тіл – дәм сезу мүшесі)
-Өте жақсы, балалар, дүниетану пәні туралы да көп нәрсе білеміз екен?
-Бұлардың бәрін оқып білуге сендерге мұғаліммен қатар ата-аналарың да көмектесті. Солай ма?
-Ендеше, ата-аналарымыздың балаларымен қаншалықты жұмыстанғандарын білу үшін бір сынап көрелік.
Сұрақ-жауап.
- Балаңыздың мұғалімінің толық аты-жөні?
- Балаңызға қандай пәндерден басқа мұғалімдер береді?
-Балаңыз қай баспаның оқулықтарынан білім алуда?
-Сауат ашу пәні аптасына неше рет болады?
-Дүйсенбі күнгі сабақ кестесін айта аласыз ба?
-Қосу мен азайтудың компоненттерін атаңыз?
-А әрпінен кейін қай әріппен таныстық? (р)
-Көп рахмет сіздерге, ата-аналар, сіздердің балаларыңыздың сабақтарына көп көңіл бөлетіндеріңіз көрініп тұр. (Жақсы ат салысқан ата-аналарға алғыс хаттар тапсыру.)
Ән: Ертегі әлемі.
Орындайтындар: Айым, Мәриям, Нұршаттық, Ақгүл.
Мұғалім :
Ғылымның сырын ұғына,
Шығыңдар білім шыңына.
Ұқыптылық пен зеректік,
Жеткізер сендердей өренді
Білімнің нәрлі сырына.
Болдыңдар енді оқушы.
Міне оның дәлелі.
Тағайын бүгін сендерге
Оқушы деген белгіні.
Оқитын әрі жазатын,
Білімге қол созатын.
Құтты болсын қарағым,
Оқушы деген жаңа атың.
Құрметті оқушылар енді осы атқа лайық болып, ата-аналарыңды , ұстаздарыңды, құрбы- жолдастарыңды сыйлайтын әдепті, алғыр, зерек, тәртіпті болады деген сеніммен, ертеңгілігімізді аяқтаймын.
Құттықтау сөздерге кезек беру.
Мектеп директоры-------------------------------------------------------
Ата-аналар..-----------------------------------------------------------------





- Рахмет, балалар, Дымбілмес болмай, білімді болыңдар!
( сахнаға кір-қожалақ Дымбілмес келеді)
Дымбілмес:
-Мыналар неге жиналған -әй. Менің атымды атаған қайсың?
Мұғалім:
-Сәлеметсің бе Дымбілмес! Сені атаған мен ғой. Бүгін бізде Тілашар мерекесі.
Дымбілмес:
-Тілашар. Тойлаңдар, тойлаңдар! Қой мен кетейін. Чао!
( кетіп бара жатып, бір баланың шарына ұмтылады)
Бала:
-Тиіспе, менің шарыма . Мұнда әріп жазылған.
Дымбілмес:
-Әріп дейді. Қайдағы әріп, мынау доңғалақтың суреті, ал мынау есіктің суретін салып қойыпты-ей. Бұлардың бәрін мен Әліппені оқымай-ақ білемін.
( Дымбілмес бірнеше рет ұмтылып, балалармен бірге жауап бергісі келеді де, әріпті білмейтіні есіне түсіп, желкесін қасиды.)
Мұғалім: Міне Дымбілмес, көрдің бе? Балалар әріпті қалай жақсы біледі.
Дымбілмес: Онда мен де кітап оқығым келеді.
Мұғалім: Бұның дұрыс болды. Тек алдымен үсті –басыңды тазалап, жөнге сал. Әліппені таза, ұқыпты балалар ғана ұстайды.
Дымбілмес: Жарайды. (шығып кетеді)

Материалды сайттан тегін жүктеу
Жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!



Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.