Материалдар / Суық тиуге қармы əрілік өсімдіктердің құрамындағы ауыр металдар қорғасын мен мысқа химиялық бағалау
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Суық тиуге қармы əрілік өсімдіктердің құрамындағы ауыр металдар қорғасын мен мысқа химиялық бағалау

Материал туралы қысқаша түсінік
Зерде фирмасының суық тиуге қарсы дəрілік өсімдіктердің құрамындағы ауыр металдарды зерттеп анықтап, химиялық бағалау берілген
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Желтоқсан 2017
726
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қазақстан Республикасының білім және ғылым МинистрлігіСемей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті





Скакова А.А.





_______________________________________________________________Тақырыптың атауы

ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫС

Мамандығы ____________________________________________________























Семей2017 жылҚазақстан Республикасының білім және ғылым МинистрлігіСемей қаласының Шәкәрім атындағы Мемлекеттік университеті

«Қорғауға жіберілді»______ кафедрамеңгерушісі ___________



ДИПЛОМДЫҚ ЖҰМЫСТақырыбы: «__________________________________________________»Мамандығы: «_________________________________________________»





Орындаған ____________________________Ғылыми жетекші ____________________________

















Семей2017 жыл



МАЗМҰНЫ


КІРІСПЕ3-4


1.11.21.3
НЕГІЗГІ БӨЛІМСуық тиюге қарсы дәрілік өсімдіктерге жалпы сипаттамаДәрілік өсімдіктердің құрамына химиялық талдауДәрілік өсімдіктедің құрамындағы мыс пен қорғасынның адам ағзасына әсері

5-1516-2425-30


2.12.2

2.3

2.4

II. ЭКСПЕРИМЕНТТІК БӨЛІМЗерттеу әдістеріСуық тиюге қарсы дәрілік өсімдіктердегі мыс пен қорғасынға химиялық бағалауӘртүрлі тұқымдас өсімдіктердің құрамында жиналған мыс пен қорғасынның ерешеліктеріДәрілік өсімдіктердің құрамындағы мыс пен қорғасынның күйіне химиялық-экологиялық баға

3132-33

34-35

36


ҚОРЫТЫНДЫ37


ПАЙДАЛАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ38
























КІРІСПЕҒылыми-зерттеу жұмысының өзектілігі: Мындаған жылдар бойы адамзат өмірінде әртүрлі аруларымен күресуге дәрілік өсімдіктерді пайдаланды. Әрине ол әртүрлі елдерде әрқалай, әртүрлі дәрежеде пайдаланылады. Өркениетті елдерде дәрілік өсімдіктерді пайдаланудың өте бай тәжірибесі жинакталды. ХХ ғасырда ғылым мен техниканың дамуы нәтижесінде фармакологияда синтетикалық химияның дамуы көптеген ауруларды емдеуге пайдалануға болатын жасанды препараттарды өмірге әкелді. Соның нәтижесінде көптеген елдерде сол синтетикалық препараттарды пайдаланудың нәтижесінде дәрілік өсімдіктерге деген көзқарас өзгере бастады, яғни қызығушылық төмендеді. Бірақ та соңғы жылдары дәрілік өсімдіктерге деген көзқарасы өзгеріп, оларды кеңінен пайдалана бастады. Соңғы жылдары дамыған елдерде ауырған адамдардың көбісі табиғи жолмен алынған дәрілерді арттық көре бастады. Қазіргі таңда әсіресе Қазақстан аумағында адамдар ауырған жағдайда суық тиуге қарсы дәрілік өсімдіктерді көп қолданады.[1] Дәрілік өсімдіктер (лат. Plantae medicinalis) , шипалы өсімдіктер  медицинада және мал дәрігерлігінде емдеу және аурудыңалдын алу мақсатында қолданылатын өсімдіктер.[2] Дәрілік өсімдіктердің емдік қасиеті олардың құрамында стероид, тритерпен, алкалоид пен гликозидтердің, витаминдердің, эфир майлары мен тұтқыр заттар сияқты түрлі химиялық қосылыстардың болуына байланысты.  Қазақстанда өсетін алты мыңнан астам өсімдік түрінің бес жүздей түрі дәрілік өсімдіктерге жатады. Дәрілік өсімдіктер кептірілген шөп, тұнба, қайнатынды, шай, ұнтақ, т.б. түрінде қолданылады.[1] Дәрілік өсімдіктердің құрамында химиялық элементтер бар соның ішінде приориттетті ауыр металдардың бірі қорғасын мен мыс. Қазақстанда дәріханаларда сатылатын қымбат дәрілердің 70-90%-ы шет елдерден әкелінген. Өз елімізде фармацевтикалық өндірісті дамыту үшін әрине көп уақыт керек. Сондықтан мұндай жағдайда біздің еліміз үшін әрине дәрілік өсімдіктерден препараттарды алуды тезірек ұйымдастыру елдеқайда тиімдірек. Ол үшін медицинада дәрілік өсімдіктердің өздерін кеңірек пайдалану қажет.Соңғы жылдары осы мәселенің өзектілігін ескере отырып Қазақстан үкіметі Республикалық ғылыми техникалық бағдарламаларға көңіл бөліп қаржыландырып келеді. Ерте заманғы, жабайы адамдар жергілікті флорамен танысқанда өздері үшін көптеген пайдалы өсімдіктерді таба білген, оның ішінде әрине, шипалық қасиеті бар өсімдіктер де болған. Ол туралы әдебиетте мәліметтер жеткілікті.Көпжылдық байқау және тәжірибе жүзінде қат-қабат тексерілген және ұрпақтан-ұрпаққа көп ғасырлар бойы берілген мәліметтердің нәтижесінде фармакогнозия деген фармацевтикалық ғылымның бір саласы өмірге келді. Фармакогнозия (гректің pharmakon – дәрі, у және gnosis – зерттеу, білу) дәрілік өсімдіктерді, дәрілік қасиеті бар шығу тегі өсімдікке байланысты шикізатты және шығу тегі өсімдік және жануарларға байланысты өнімдерді алғашқы өңдеуді зерттейтін ғылым.[3]Өсімдік организмі өзінің химиялық құрамы және атқаратын қызметі жағынан өте күрделі. Табиғатта тек өсімдіктер ғана органикалық емес заттардан органикалық заттар түзе алады, ал оларсыз адамдардың және жануарлардың тіршілік етуі мүмкін емес.Ғылыми-зерттеу жұмысының мақсаты: Суық тиуге қарсы дәрілік өсімдіктердің құрамындағы мыс пен қорғасынды зерттеу.Ғылыми-зерттеу жұмысының міндеті:
  • "Зерде" фирмасының суық тиуге қарсы дәрілік өсімдіктерінің құрамындағы мыс пен қорғасынды зерттеу.
  • Дәрілік өсімдіктердің құрамындағы мыс пен қорғасынның жиналу ерекшелігі, өсімдіктердің морфологиялық және систематикалық ерекшеліктеріне тәуелділігін зерттеу.
  • Дәрілік өсімдіктердің құрамындағы мыс пен қорғасынға химикалық-экологиялық баға беру.
НЕГІЗГІ БӨЛІМ1.1 Суық тиюге қарсы дәрілік өсімдіктерге жалпы сипаттамаАуыр металдар - адам, жануарлар, өсімдіктер тіршілігінде маңызды баға жетпес таптырмайтын элементтер болып табылады. Олар көптеген элементтердің құрамына кіреді және биохимиялық және физиологиялық процесстерге қатысады.Ауыр металдардың биосферада екі түрлі аспектісі бар- олардың биологиялық тапшлығы мен экотоксиологиялық қалдықтары жоғарғы өсімдіктерге зиянды әсер ететініне байланысты. Ауыр металдар келесі тәртіп бойынша орналасқан. Hg >Cd > Cu > Pb > Cr > Ni >ZnАуыр металдардың рөлін ескере отырып, олардың қоршаған ортадағы заттардың құрамында болуы мен қатар сондай-ақ дәрілік өсімдіктерде болуын бақылап отыру қажет.Пармелия - жоғарғы тыныс алу мүшелерінің функциональды жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Иммунитетті көтеретін әсерге ие.Қызыл мия- жоғарғы тыныс алу жолдарының және асқазан жұмысының функциональды жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Ағзаның қорғаныс күшін күшейтеді.Өгейшөп - жоғарғы тыныс алу жолдарының және асқазан жұмысының функциональды жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.Сәлбан - кешенді емде шаю үшін
  • ауыз қуысы ауруларында
  • ларингиттерде
  • трахеиттерде
  • фарингиттерде қолданылады.
Түймедақ - Жиынтық ем құрамында:
  • ішек түйілулерінде, метеоризмде, диареяда
  • гастритте, он екі елі ішек және асқазанның ойық жараларында
Сыртқа
  • стоматитте, гингивитте, баспа кезінде шаю үшін қолданылады.
Жөке ағаш - Құрамындабиофлавоноидтардың болуына байланысты дене қызу жоғарлағанда көңіл күйдің жақсаруына ықпал етеді. Тыныштандырады және күйгелектікті басуға көметеседі.Итмұрын - Кешенді ем құрамында - С және гипо - және авитоминоздарының алдын алу және емдеу кезінде жалпы нығайтатын дәрі (жедел және созылмалы жұқпаларда, дистрофияда).Жалбызтікен - Жоғарғы тыныс алу мүшелерінің және асқазан жұмысының функциональды жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді.Тасшөп - Тыныс алу мүшелерінің функцииональды жағдайын жақсартуға мүмкіндік береді. Жүйке жүйесінің жұмысын қалпына келтіреді. Асқорытуды және несеп шығаруды жақсартады.Шегіргүл - Жоғарғы тыныс алу жолдары мен асқазанның функциональды жағдайын жақсартуға ықпал етеді.Дәрілік өсімдіктердің құрамындағы мыс пен қорғасын мөлшері аса әлсіз екені туралы фрагментті мәлімдеме ғана бар.Бұл зерттеу актуальді болып табылады, өйткені мәлімдеме бойынша дәрілік өсімдіктердің құрамындағы мыс пен қорғасынның өсімдік өніміндегі сапасы химикалық - экологиялық бағасы объективті түрде артады.Д.А.Сабининнің өсімдіктің мүшесінің орналасуына байланысты химиялық элементтер екі топқа бөлінеді: базипетальді және акропетальді.Химиялық элементтердің көп бөлігі жапырақтарында, ал аз бөлігі сабағында және тамырында болуы базипетальді орналасуымен сипатталады.Акропетальді керсінше, химиялық элементтердің көп бөлігі тамырда болуымен және сабақ пен жапырақтарда кемуіне байланысты ерекшеленеді.Әртүрлі өсімдіктердегі кез келген химиялық элементтердің концентрациясы бірінші кезекте түрдің биологиялық ерекшеліктеріне байланысты. Ауыр металдардың аз саны мүшелердің сақталуына тән. Осы өсімдіктің мүшелеріндегі белгілі ауыр металдардың аз мөлшердегі қажеттілігі алдын ала анықталуынан туындайды. Өсімдіктің бөлек мүшелерінің, сонымен қатар өсімдіктердің құрамындағы химиялық элементтер біршама тұрақсыз. Өсімдік мүшелеріндегі нақты элементтердің белгілі бір аккумуляциялық ерекшелігі анықталған. Мыстың жапырақтардағы мөлшері жоғары, бұл металлдың 60% -дан жоғары мөлшері хлоропластарда шоғырланған. Тамырларда мыс негізінен клеткалардың қабырғаларымен байланысқан және өте тұрақсыз. Өсімдіктердің репрадуктивті мүшелерінде мыстың мөлшері біршама көп, атап айтқанда тұқымдарында [15] .Сәлбен, шалфей (лат.Salvia) – ерінгүлділер тұқымдасына жататын көп жылдық шөптесін өсімдіктер, жартылай бұта. Маңғыстаудың таулы шатқалдарында өседі. Олардың биіктігі 20 – 100 см. Гүлдерінің түсі жабайы өсетін түрлерінде қою сиякөк, ал гүлзарлардағы түрлерінде ашық қызыл. Мамырдан қыркүйекке дейін гүлдеп, жеміс салады. Жемісі – жаңғақша. Сәлбен – хош иісті, дәрілік өсімдік. Одан алынатын эфир майы медицинада, парфюмерияда және тамақ өнеркәсібінде қолданылады [4] .Өгейшөп (лат. Tussilago) – астралылар тұқымдасына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік [4] .Қазақстанның барлық жерінде кездеседі. Өзен жағалауында, жыра ішінде, тау баурайында, саз топырақты жерде өсетін 1 түрі –кәдімгі өгейшөп (Tussіlago farfara) бар. Оның биіктігі 20 – 100 см. Сабағы өрлеп өседі. Жапырақтары ірі, қабыршақ тәрізді, қоңыр-күрең түсті, сабаққа кезектесіп орналасады. Сарғылт түсті гүлі қос жынысты, жеке-жеке сабақтың ұшында жетіледі, жапырағынан бұрын пайда болады. Гүлшоғы – себет. Наурыз – сәуірде гүлдеп, мамыр – маусым айларында жеміс салады. Жемісі – дәнек. Өгейшөптің жапырағының құрамында глюкозид, эфир майы, инулин, илік заттар, аскорбин қышқылы болады. Халық медицинасында өгейшөпті Гиппократ пен Авиценна заманынан бері қолданып келеді. Оны қолқа демікпесін, созылмалы бронхитті, ларингитті, жоғары тыныс жолдарының қабынуын емдеуге пайдаланады. Тұнбасын жөтелді басу үшін ішеді. Гүлінен ара бал жинайды [4] .Дәрілік түймедақ (лат. Matricaria chamomilla) – астралылар тұқымдасына жататын бір жылдық шөп тектес өсімдік. биіктігі 35-40см –ге жететін бір жылдық шөптесін өсімдік, тамыры нәзік,білеу. Дәрілік түймендақтың гүлдерінің құрамында 0,2- 0,8% дейін көк түсті эфир майы бар, эфир майының ең басты компоненттері матрицин мен матрикарин,осы қосылыстардан хамазулен (7% жуық) түзіледі, бұлардан басқа эфир майының құрамына сесквитерпендер фарнезен, бисаболен, кадинен және монотерпен мирцин кіреді. Сонымен қатар эфир майында флаваноидтар, кумариндер, ұштерпен спирттер, салицил қышқылы, аскорбин қышқылы, каротин және т.б. заттар кіреді [4] .Қызыл мия (лат. Glycyrrhіza glabra) –бұршақ тұқымдасы, мия туысына жататын көпжылдық шөптесін өсімдік. Қызылмия дүниежүзілік және отандық фармакологияға енген. Медицинада қызылмия препараттарын эликсир, сығынды, ұнтақ және қою шырын түрінде қақырық түсіретін және іш өткізетін дәрі ретінде пайдаланады. Тибет медицинасында қызылмия препараттарын өкпе туберкулезін емдеуге, артериосклерозға, т.б. қарсы, ал Батыс Еуропа медицинасында семіздіктен арылу үшін қосынды жасап қолданады. Мия ертеден қолданылатын дәрілік өсімдік. Мия тамыры дәмінің ерекше тәтті болуына байланысты ерекше ат беріп, дәрі ретінде қолданған. Грецияда –«Тәтті тамыр», Қытайда "ганьцао" - «тәтті шөп», Моңғолияда хунчир – «тәтті тамыр» деп аталған. Мияның тамыры, тамырсабағы біздің дәуірімізге дейін 2800 жыл бұрын Қытай, Тибет, Индия, Жапония медицинасында пайдаланылған. Ертеде Грек дәрігері Гиппократтың еңбектерінде мияның тамырының емдік қасиеттерін жазылған.Гректің атақты дәрігері Диоскорид өзінің еңбектерінде мияның сөлі өкпе, бауыр ауруларына және шөлді басатын дәрі екенін сипаттап жазған.Пармелия (Parmelia) - пармелиялар (Parmeliaceae) туысына және қыналар тұқымдасына жататын шөптесін өсімдік. Пармелия (тілінген шөп) - көпжылдық жерүсті өсімдігі, қынаның биіктігі 5 см-ге дейін.Итмұрын (лат. Rōsa) раушангүлдер тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын бұта не шырмауық көпжылдық өсімдіктердің тегі. Итмұрынның құрамында Менделеев кестесінің жартысы бар деуге болады. Итмұрынның тамыры, жапырағы, жемісі адам ағзасына өте шипалы. Құрамындағы аскорбин қышқылы қарақатқа қарағанда 10 есе, лимонға қарағанда 50 есе артық мөлшерде болады. Медициналық тұрғыдан итмұрынның құндылығын оның құрамында көп мөлшердеболатын С дәрумені арттырады. Сонымен қатар итмұрынның құрамында В, К, Рдәрумендері, тұқымында Е дәрумені, каротин, қант, сондай-ақ, илік, пектинді, бояулық заттар, органикалық қышқылдар, минералды заттар, макро микроэлементтер болады. Медицинада итмұрынды поливитамин ретінде, ағзада дәрумендер жетіспегенде, атеросклерозға қарсы, қан қысымы көбейгенде, қан аздыққа, иммунитетті көтеруге, сынған сүйекті тез бітіретін және бауыр ауруларын емдейтін дәрілік өсімдік ретінде пайдаланады. Итмұрыннан тосап жасайды. Жемісін кептіріп, қыста тұмауға қарсы қайнатып ішеді. Гүлдерін шайға қосып бұқтырып ішеді. Әдемі гүлдерінің арқасында көгалдандыруда кең қолданыста. Бұтағы тікенекті болғандықтан, қоршаудың орнына өсіруге де болады.Жөке ағашы (лат. Tilia) – құлқайырлар тұқымдасына жататын жапырақ тастайтын ағаш. Жөке гүлдерін дәрілік мақсатта қолданады және шай ретінде ішеді. Гүлдерін гүлдеу кезінде жинап алу керек, одан кешірек жинайтын болса, гүлдердің емдік қасиеті төмендейді. Гүлдерінің қайнатпасы мен тұнбасы микробтарды жояды, ісік қайтарады, несеп жүргізеді. Шипа ретінде оны асқазан, ішек жолдары, бауыр, бүйрек, қуық ауруына да қолданып, қайнатпасын күйікке, жараға жағады. Жөке гүлінің тұнбасы шашты бекітеді. Жөке ағашының гүлімен қатар діңінің қабығы, жапырақтары мен дәндері медицинада кеңінен қолданылады.Жалбызтікен
578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!