Материалдар / Табиғат құбылыстары
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Табиғат құбылыстары

Материал туралы қысқаша түсінік
Табиғат құбылыстары туралы біледі.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қырқүйек 2018
2087
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Оқу ісінің меңгерушісі: Камалов Ж.М
Пәннің атыУақыты:Кабинет:206баст кабинетМұғалім:Жұмабек Р.А
Сабақтың тақырыбыТабиғат құбылыстары.
МақсатыБарлық оқушылар: Оқулықта берілген тапсырмаларды орындайды. Тақырыпты меңгереді.Оқушылардың басым бөлігі: Тақырыптың маңызы туралы дәлелдеп айтып бере алады.Кейбір оқушылар: Білімді сыныптастарына түсіндіріп оқулықтан тыс ресурстар қоса алады.
Күтілетін нәтижеТабиғат құбылыстары туралы біледі.

РесурстарОқулық, суреттер, интерактивті тақта, слайд, аудио-видео материалдар, топқа бөлуге арналған кеспе қағаздар  және  әртүрлі  заттар, топтық тапсырмалар, кері байланыс, стикер.
Әдіс-тәсілдерСұрақ-жауап, әңгімелеу, түсіндіру, ойын, көрнекілік. Рефлексия.
Пәнаралық байланысМузыка, бейнелеу, қазақ тілі, математика
ЖоспарланғануақытЖоспарланған жаттығулар

Ресурстар
Басталуы 5 минутТопқа бөлу 1 минут. Табақтағы көк және қызыл алмаларды оқушылар таңдап алады. Алмалардың түсі бойынша 2-топқа бөлінеді.Психологиялық ахуал қалыптастыру: 2 минутҚол алысып , кәне біз,Достасайық бәріміз.Айтарым бар сендерге,Тез тұрыңдар шеңберге,Қандай жақсы бір тұру,Достарынмен бір жүру!Қандай жақсы дос болу!Оқушылар топқа бөлінеді, шеңберде жиналып, мұғаліммен бірге бүгінгі сабаққа сәттілік тілейді.
Үй тапсырмасын пысықтау.5-минутҮйге берген постер жұмысын сұраймын.1-топ. -математиканың дүниетанумен қандай байланысы бар?-сағат пен күнтізбелер бізге не үшін керек?2-топ.-температураны немен өлшейміз?Дүниетану сабақтарында қандай жағдайда термометрді, таразыны пайдаланады.Екі топтың бірін-бірі бағалауы.

Ортасы20-минутҚызығушылықты ояту. Тақырыпты ашуОқушыларға табиғат құбылысы жөнінде шағын видео ақпарат көрсетемін.Табиғаттың тылсым күштері.mp4

Оқулықпен жұмыс.Берілген мәтіндерді балалар оқып алады.«Жариялау» әдісі(Әрбір топтың спикері берілген мәтін бойынша өз позициясын жариялау керек. Бұл үшін топ ішінен спикер берілген уақыт ішінде (5 минут) басқа қатысушылар алдында сөйлеп, топ ұстанымын жеткізеді.)МәтінТабиғат - адам тәрбиешісі. Оның құрамдас бөлігі болып саналатын өсімдіктер мен жануарлар әлемі, биік таулар мен сарқыраған өзендер, кең дала барлығы да адам баласына ой салып, денесіне қуат, бойына күш, көңіліне шабыт береді. Адам да, қоғам да - табиғаттың төл баласы., жалғасы. Тіпті, адам ауасыз, сусыз өмір сүре алмайды дейтін болсақ, сол ауа мен судың өзі жан - жануарлар, адамзатқа табиғаттың тарту еткен ғажайып сыйы.Табиғатта үздіксіз өзгерістер болып жатады. Мысалы, жанартаудың атқылауы , найзағайдың жарқылы, судың мұзға айналуы сияқты құбылыстар табиғаттағы өзгерістерді көрсетеді.Аспан денелерінің қозғалысы, гүлдердің шешек атуы, ағаштың жайкалып өсуі, өзеннің тасуы немесе көлдердің тартылып суалуы - осылардың барлығы да қоршаған ортадағы өзгерістер.Әлемде орын алатын сан алуан өзгерістер табиғат құбылыстары деп аталады.Табиғат қүбылыстары бір-бірімен тығыз байланысты. Оларды физика, астрономия, география, геология, биология, химия сияқты ғылымдар зерттейді. Әр ғылымның табиғатты зерттеуде өз мақсаты мен міндеті бар. Мысалы, физика негізінен механикалық қозғалысты, жылу, электр,жарық құбылыстарын зерттейді. Физика ғылымы зерттейтін табиғат құбылыстары физикалық құбылыстар деп аталады.

Миға шабуыл сұрақтары.Мәтінде не туралы айтылған?Табиғат құбылыстарын атаңдар?Табиғи апаттарына нелер жатады?«Интервью» әдісіТабиғат құбылыстары туралы қандай тиым сөздер, қандай пайдалы кеңестер білесіңдер? Мысық табалдырықты тырнаса, жаңбыр жауады
Видеоны тыңдау барысында оқушылар естіген сөздерін дәптерге жазып отырады.Жазылған сөздер арқылы оқушылар бүгінгі сабақтың тақырыбын ашады.



































































«Интервью» әдісіОқушылар өз ойларын стикерлерге жазып тақтаға жабыстырады. Мұғалім әр жауапты оқытып ұқсастықтарын, айырмашылықтарын тапқызып көреді.
Сергіту сәтіАяқпенен топ-топ ,топ,Ал қолменен хлоп-хлоп-хлоп.Бір оңға , бір солға,Айналайық ,кел мұнда.Қолымызды бір сілкіп,Басымызды шайқайық.Бір оңға-бір солға ,Ойнайықшы кел мұнда.Секіреміз жоғары,Қиын емес секіру.Бір оңға бір солға ,Секірейік кел мұнда.Ой сергітеді, шаршағандарыбасылады
«Ойланапойыны.

Әр оқушы жеке-жеке өзі білетін табиғат құбылыстарының бірін суреттейді. Басқа оқушылардың міндеті-сол құбылысты табу.

Постер қорғау. коллажТабиғат бөлшектері: өсімдіктер мен жануарлар әлемі, биік таулар мен сарқыраған өзендер, кең дала, жұлдыз, ай, күн.Табиғат құбылысы: аспан денелерінің қозғалысы, гүлдердің шешек атуы, ағаштың жайкалып өсуі, өзеннің тасуы немесе көлдердің тартылып суалуы, жанартаудың атқылауы , найзағайдың жарқылы, судың мұзға айналуы.Оқушылар суреттерді плакатқа жабыстырады.
Сабақты бекітуСұрақтар-1.Термометрдің ішінде қандай сұйықтық бар?а\ қорғасын в\ су б\ сынап г г\ құм2. Табиғатты құрайтын үш негізгіні ата.а\ жер, су, ауа в\ су, тамақ, адам Аб\ ағаш, адам, жануар г\ жер, ауа,жарық3. Табиғат неше бөлікке бөлінеді?а\ 3 в\ 4 б\ 2 г\ 54.Өлі табиғатқа нелер жатады?а\ жаңбыр, қар в\ торғай, қарға б\ ай,жұлдыз г\ топырақ, құм5. Тірі табиғатқа нелер жатады?а)ағаш ,өсімдік; в) тас ,тау;б)бұлт , жаңбыр; г) күн ,түн;



















«Алма ағашы» стратегиясыОқушыларға сабақ басында екі түсті “алма” беріледі. Сабақ соңында оны алма ағашына ілу керек. Жасыл түсті алма – мен бүгін бәрін жақсы орындадым деп ойлаймын: менің көңіл – күйім көтеріңкі. Қызыл түсті алма – мен тапсырманы орындай алмадым, көңіл – күйім жоқ.

Үйге тапсырмаМазмұндау

Күнделіктеріне жазып алады
Бағалау

Бағалау парақшасын толтырады.
Кері байланыс Смайликтерді өзі қалаған нұсқаға жабыстырады






Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!