Материалдар / Тәжірибедегі рефлексия
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тәжірибедегі рефлексия

Материал туралы қысқаша түсінік
Баяндама. Мектепте жұмыс атқаратын ұстаздарға арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Маусым 2019
229
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

ХХІ ғасыр- білім жəне ғылым ғасыры, əлемдік заманауи стандарттарға сай өркендейтін
кезең. Еліміздің Көшбасшысы Н.Ə.Назарбаев «Ұлттың бəсекелестік қабілеттілігі-ең
алдымен оның білімділігімен өлшенеді» - деп атап көрсете отырып, елімізде білім беру
ісіне ерекше назар аударып келді. Ұстаз ең алдымен білімді ақпараттық құралдарды
жетік меңгерген, заман дамуымен қатар өз білімін жетілдіріп, үнемі ізденісте болғанда
ғана өсіп келе жатқан жасөспірімдердің талғамын таба отырып, адам баласына шын
мəнінде қажетті жан-жақты білімді бере алады. Өз іс тəжірибем мен білім беру
тəсілдерімді өзгерту арқылы оқушыларымның да білім алуға деген көзқарастарының
өзгергендігін байқадым жəне де алдағы уақытта «Тиімді оқыту» бағдарламасының
жалғасын тауып, əрі қарай жетіле түсуім үшін нақты мақсаттар мен нəтижелі ісəрекеттер керек екенін түсіндім. Кез-келген білім бағдарламасының табысты
орындалуы мұғалімге байланысты. Оның кəсіби шеберлігі нысаналы бағдарламаны да,
оқу жоспарларын да жүзеге асыруға ықпал ете алады, ал кəсіби дəрменсіздігі істі
құлдыратады...» делінген Қазақстан республикасы орта білім беру жүйесі дамуының
мемлекеттік тұжырымдамасында. Мектеп тренері ретіндегі мақсатым: мұғалімге тəн
педагогтық қарым - қатынас əрекетінің мəні мен мазмұнын ашып, ұстаздарды табысты
оқуға жетелеу. Басқа мамандық иелеріне қарағанда мұғалім мамандығы ерекше, ол
əрдайым үлкен аудитория ішінде жəне көпшілік көз алдында.«Əлемнің өзгеруін
қаласаң, сол өзгерудің алғашқысы өзің бол» деген тұшымды ой тастаған Махатма
Гандидың пікірі маған ой салды. Жаңа мазмұнда оқыту Бағдарламасының түйінді
идеялары мен мазмұны мұғалімдердің тиісті сапaлық деңгейге қол жеткізуіне
бағытталған. Бағдарламаның жетекші мақсаты əрбір ел үшін маңызды болып
табылатын рухани, мəдени жəне адамгершілік құндылықтардың негізінде жастарды өз
елінің мəдениетін құрметтеуге тəрбиелеу; екіншіден - жастарды жылдам өзгеріп
жатқан əлемде өзіне сенімді жəне табысты болуға мүмкіндік беретін дағдылары мен
түсініктерін дамытуға, өмірлік оқиғаларда өз білімдерін қолдануға ықпалын тигізетін
сыни тұрғыдан ойлауға үйретуді қамтитын мұғалімдерді дайындау.
Біздің елімізде білім саласында болып жатқан оң өзгерістерге көз жүгіртсем, мектептің
қазіргі атқаратын қызметі – білім беру арқылы шығармашылықпен дамыған жеке
тұлғаны қалыптастыру болып табылады. Қазақстандық мектептар енді жалпыға
арналған білімнен білім əркімге өмір бойы үлгісіне көшуді жəне əлемдік білім беру
кеңістігіне жедел енуді қамтамасыз етуді мақсат етеді. Жаңа-əдіс тəсілдерді ендіруде
халқымыздың ұлттық құндылықтарын ешқашан да назардан тыс қалдырмауымыз
маңызды Қазақтың тыйым сөздерінің өзі тұнып жатқан тəрбие мен философия емес
пе? Қай ел болмасын өзінің даму жолында əлемдік даму деңгейі жоғары елдердің озық
идеялары мен табысты реформаларынан үлгі ала отырып, тəжірибе алмасу арқылы өз
құндылықтарын сақтай отырып, инновациялық озық үлгілерді қабылдайды. Мен де өз
елімнің патриоты ретінде осы бағдарлама бойынша көп ойланамын. Қайткенде мектеп
жұмысы нəтижелі болмақ? Жас буынның талаптары мен қажеттіліктеріне сай оқыту
үшін не істеуім керек? деген мəселелер көп толғандырады.Дəстүрлі сабақ беру
барысында оқушылардың білімді тек механикалық есте сақтау арқылы игеріп
отырғанын, сондай-ақ алған білімі жаттанды болды, мəн-мағынасы терең меңгерілмей,
келешекте тиімді пайдалана алмайтынын мойындап, оқытудың қай түрін алсақ та
оқушының қажеттілігіне негізделуіне жəне оқушылар арасында

қолданысына,талқылауына басты назар аударып, өмірден мысал арқылы толықтыру,
жүзеге асыру - мұғалім шеберлігі. Мұғалім өз пəнін терең меңгеруі оның ең алғашқы
қыры, кəсіби шеберлілігін үздіксіз ұштай,шыңдай түсуі екінші қыры болмақ. Үшінші
қыры – мұғалімнің тілді меңгеруі – тіл шеберлігі. Сөзді жетесіне жеткізе сөйлей білудің
өзі – өнер. Тіл – тəрбие құралы.Төртінші қыры – байқағыштық сезімі –
көрегендігі.Бесінші қыры – əр жүректі білім шұғыласымен нұрландырудың ең тиімді, ең
төте жолын таба білетін жасампаздығы. Алтыншы қыры – жан – жақты дарындылығы.
Жетінші қыры – үздіксіз, тынымсыз ізденімпаздығы. Сегізінші қыры – үлгі-өнегесі,
мұғалім мəдениеті немесе педагогикалық əдеп–этикасы. Мұғалімнің келбеті – сыртқы
мəдениеті, қарым-қатынасы, өзін-өзі басқаруы, бақылауы, сөйлеу мəдениеті, үздіксіз
жаңарып, өзгеріп, үнемі жаңа сипатқа ие болып отыруы мұғалімдік мамандықтың ең
басты этикалық сапалық белгісі. Ағылшын ағартушысы Уильям Уордтың «Жай мұғалім
хабарлайды,Жақсы мұғалім түсіндіреді,Керемет мұғалім көрсетеді,Ұлы мұғалім
шабыттандырады» -деген.
Ричард Дарант анықтаған «үздік» сабақтың алты белгісінің бірі – оқушылардың
табысқа қол жеткізуі. Сабаққа қызығушылық білдірген жəне белгілі мақсатты көздеген
оқушылар табысқа қол жеткізеді жəне өзінің белгілі бір нəтижеге қол жеткізе алғанын
сезіну баланы одан əрі ынталандырып, мақсатқа ұмтылуға жетелейді. Жақсы нəтижеге
жету үшін əр ұстаз өз сабағында түрлі интерактивті əдіс-тəсілдерді көбірек қолдануы
тиіс жəне əр қолданылған əдістің нəтижесіне үнемі сараптау, талдау жұмыстарын
жасап тұруы, үздіксіз тəжірибеде жетілдіруі мектеп тренерлерініңде шеберлігіне
байланысты . «Жетістікке тез жетемін деп есеп жасама жəне аз табысқа елікпе.
Асықсаң – мақсатыңның орындалуы қиындайды, азға қанағаттанып қоя салсаң үлкен
жетістікке жете алмайсың» деген Конфуций.
Мұғалім өзгеру керек, оқушы өзгеру керек, сабақ өзгеру керек дегенмен, мектеп
саласын басқару жұмысын кей кезде ұмытып тұрғандаймыз. Жаңа нəрсені басқару да
жаңаша болуы тиіс. Егер сыни тұрғыдан ойлау қабілеті дамыған оқушыларды
қалыптастырғымыз келсе, жаңашыл идеяларға ұмтылуымыз, сапалы əрі табысты
оқытуды жүзеге асыру үшін өз тəжірибемізде сындарлы оқытуға бағытталған
тəсілдерді кеңінен қолдануымыз аса тиімді болмақ.
Бүгінгі оқу – ертеңгі күннің азығы. Бағдарлама əдістерін өз мектебімде енгізіп,
оқушыларға жоғары сапалы білім беріп,олардың өзгеріске бағытталған жақсы
нəтижелерге қол жеткізуіне барынша жағдай жасайтын ұстаздарды дайындап, алғашқы
топтың ықыласына бөлендім. Белгілі тақырыптарды ортаға салу барысында
əріптестерімнің оқытатын пəндері əр сала болғанымен, кедергі туғыщатын тақырыбы
бір болып келді. Ол алдарында отырған оқушылардың бастауыштан білімі төмен
болып келуі. Осы тұста сол оқушылардың білімінің төмен болуына əсер еткен мəселені
табу,оқушыны зерттеуді ұсындым. Қазақ тілі, орыс тілі, ағылшын тілі пəндерінен сабақ
беретін əріптестеріме қазіргі аталып жүрген үштілділік мəселесі бар, ұқсас
тақырыптарын салыстырмалы түрде түсіндіру, білгенінен бастап күрделендіріп оқыту
керек деп көрсеткен ұсыныстарым өз нəтижесін берді. Əріптестерімнің əр курс
сағатының соңынан маған берген кері байланыстары, əр курс сағатында өз жұмысына
жасаған рефлексиялары, курсты толық аяқтағаннан соң жасаған жазба есептері мен
қысқа мерзімді сабақтар жоспарын құруға деген өтініштері, оларды талдау
барысындағы түзетулерді сыни қабылдай алуы, сабақтарынан кейін құрылған қысқа
мерзімді сабаққа жасалған өзіндік талдаулары еңбегімнің жемісі деп санаймын. «Ізгі

кісінің жанында үш қателікке жол беріледі; сөйлемейтін кезде сөйлеу – асығыстық,
сөйлеуге тиіс кезде сөйлемеу – бұл тұйықтық жəне əріптесінің бет-əлпеті өзгеруіне
қарамай сөйлеу – көрсоқырлық. Ізгі кісі өз абыройына сай емес іс туралы ойламайды.
Ізгі кісі көп сөйлеуге ұялады, ал іске келгенде тойымсыз болады. Біреулерге баға
бергіш адамды жетілген кісі деуге болмайды. Ізгі кісінің оған уақыты жоқ. Ізгі кісі
тапшылықта да өзін сақтайды, қиындықта ұстамды келеді, нашар адам босаңсып
кетеді. Ізгі кісі өзіне талапшыл. Нашар кісі өзгеге талапшыл. Адамгершілігі мол кісіде
мына бес қасиет болуы керек: кісіге шын құрмет, кең пейілдік, шыншылдық, зеректік,
мейірбандық. Біріншісі- жарымсақтануға жол бермейді, Екіншісі – барлығын
бағындырады, үшіншісі – адамдардың көңіліне сенім ұялатады, төртіншісі – жеңіске
жетуге мүмкіндік береді, бесіншісі- адамдарды басқаруға мүмкіндік туғызады» деген
Конфуций сөімен қортындылағым келді.

«Тəжірибедегі курс» тренері:
Байгабулова Зинагуль Жасынбековна, Қарағанды облысы, Жезқазған қаласы
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!