Материалдар / Тақтай үстімен тепе-теңдікті сақтап жүру
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тақтай үстімен тепе-теңдікті сақтап жүру

Материал туралы қысқаша түсінік
Денешынықтыру пәні мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Қырқүйек 2020
4391
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Қызылорда қаласы

«Алпамыс» бөбекжай бақшасының денешынықтыру пәнінің мұғалімі

Али Бақытжан



Мұғалімі :Али Бақытжан

Білім беру саласы: «Денсаулық»

Ұйымдастырылған оқу қызметі: «дене шынықтыру»

Тақырыбы: Тақтай үстімен тепе-теңдікті сақтап жүру.

Мақсаты: Балаларды оқу-қызметі барысында ептілікке, шапшаңдыққа тәрбиелеу. Гимнастикалық тақтай үстімен тепе-теңдікті сақтап жүруді үйрету. Қимыл қозғалыс ойыны арқылы балалардың қызығушылығын арттыру.

Көрнекі – құралдар: гимнастикалық тақтай,қапшықтар,ысқырық,кедергілер және доп

Инклюзивтік әлеумет: Қимыл – қозғалысында кемшілігі бар балаларды анықтау, жұмыс жасау.

Сөздік жұмыс: Тепе-теңдік, Жүру, Жүгіру

  • Сәлемдесу:

  • Маршпен жүру:

  • Жүріс түрлері:

  • Аяқтың ұшымен жүру;

  • Өкшемен жүру;

  • Табанның сыртқы қырымен жүру;

  • Тізені жартылай бүгіп жүру;

  • Толық отырып жүру;

  • Жүгіру;

  • Тынысты қалпына келтіру жаттығулары;

3 колонаға бөліну.

Ж.Д.Ж:

1. Б.қ. аяқ иық көлемінде ашу, қамшыны қолға ұстау, басты оң және сол жаққа айналдыру.

2. Б.қ. аяқ иық көлемінде ашу, оң қолды жоғары ұстап, сол қолды төмен ұстап қолды кезек–кезек артқа керу.

3. Б.қ. аяқ иық көлемінде ашу,қамшымен алға қарай иілу

4. Б.қ. аяқты айқастырып қара жорға би қимылын жасау

5. Б.қ. өкшені қосып, аяқтың ұшын ашып тұру, қамшыны кеуде тұсында көтеріп алға созып отырып тұру.

6. Б.қ. еркін тұрыста тұру, қамшыны оң қолмен жоғары көтеріп , екі аяқпен кезек – кезек секіру

7. Тынысты қалпына келтіру жаттығулары, терең тыныс алу, бір қатармен жүру





Негізгі қимылдар:

1.Кіші және үлкен қадаммен, сапта бір-бірлеп жүгіру.

2.Гимнастикалық қабырғаға жоғары-төмен кезектескен қадаммен өрмелеу.

3. Тақтай үстімен тепе-теңдікті сақтап жүру.



Қимылды ойын: «Орындықтан еңбектеп өтейік!»

Балалар кезекпе-кезек гимнастикалық орындық үстімен төрт тағандап жүру арқылы орындалады. Ойын мақсаты балалар орындық үстімен шапшаң қимылдай отырып,құлап қалмай межеге жету.

Ойын осындай реттілікпен жалғасады.

Күтілетін нәтиже:



Білу керек: Ж.Д.Ж тиімді орындауды.



Игеру керек: Негізгі қимылдарды нақты, дұрыс орындауды. Жаңа тақырыпты толықтай білуді



Үйрену керек: Негізгі тапсырмаларды орындауды, ойынға белсене араласуды.









Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!