Материалдар / Тақырыбы : «Тәуелсіздік таңы – нұрлы»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тақырыбы : «Тәуелсіздік таңы – нұрлы»

Материал туралы қысқаша түсінік
Тарихи іс-шара 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл-әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл-қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып ,жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Мамыр 2022
164
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Авторы: Акжолова Ботакоз Кадырбековна

Жамбыл олблысы , Жуалы ауданы , №30 Көктөбе орта мектебі



Тақырыбы «Тәуелсіздік таңы – нұрлы»

Мақсаты : 1 1986 жылғы желтоқсанда орталықтың әміршіл-әкімшіл солақай саясатына қарсы алғаш рет бас көтеріп демократия жолында құрбан болған ұл-қыздарымыздың ерліктері жайында түсінік бере отырып ,жастардың алаңға не себепті, қандай мақсатпен шыққандығын жете түсіндіру.

2.Ұлттық қатынастағы жылдар қордаланған шиеленіс пен жүйенін ұлт саясатын өзгертуге қабілетсіздігін таныта келе ,әрбір жеке тұлғанын еркін сөйлеп ,өз пікірін , өз ойын айта білу қабілелетін дамыту.

3. Ар-намыстың ұлттық қасиеттің , тәуелсіздік туының желбіреуіне жеткізген ұлы рух болғанын айта келе, өз Отанына ,туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыра отырып,өз ана тілін ,әдет-ғұрпын ,салт-дәстүрін сақтай білуге , патриоттық сезімге тәрбиелеу .

Көрнекіліктер : Қайрат Рысқұлбеков,Сабира Мұхамеджанова,Ербол Сыпатаев,Ляззат Асанова суреттері.

Түрі: Тарихи кеш

Әдісі : Әдеби-музыкалық монтаж

1-Жүргізуші : Айдын

Алғы сөз . Армысыздар құрметті ұстаздар,қадірлі қонақтар,оқушылар.Бүгін біздің еліміздің сан мың жылдар бойы найзаның ұшымен ,еліміздің ерең

ісімен кешегі дүниені дүр сілкіндірген , аты алашқа тарап кеткен желтоқсан оқиғасымен келген тәуелсіздігіміз тарихымызда аты алтын әріптермен жазылып қалған тәуелсіздік күніне орай  «Тәуелсіздік таңы – нұрлы» атты тарихи кешімізге қош келдіңіздер

2-Жүргізуші : Айгерім

Желтоқсан оқиғасы өзінің қайсарлығымен , алға қойған мақсат мұратымен, әділетсіздігімен, қатыгездігімен әрбір адамның есінде мәңгі сақталады. 1986жыл желтоқсан оқиғасы қазақтың басын біріктіріп, бір жұдырыққа жұмылдырған бақытты да, қайғылы күн еді. Желтоқсан жаңғырығы көзден де көңілден де кетер емес.

Тарих пәнінің мұғалімі : Ақжолова Ботагөз Қадарбекқызы

«Тәуелсіздік таңы – нұрлы» тақырыбында Баяндама

8 «а» сынып оқушылары

Оралбек Еркеназ, Сағынбек Құралай, Елшібай Гүлсина

Құрбандарым , жазықсыз құрбандарым

Бет бағдарын бақиға бұрғандарым ,

Қаралы жылдардай боп қарауытып,

Халқымның мәңгі есінде тұрғандарым.

Құрбандарым,жазықсыз құрбандарым,

Кеудемдегі қоламта қоздатқаным

Тұншықса да түрмеде тозбапты әнім.

Жазықсыз жапа шегіп бұл жалғаннан,

Жалтақтап кете барғын боздақтарым.

Сағынбек Құралай

Желтоқсан –заман толғағы байтақ даланың .

Шарпысқан сәтті үміт пен күдік наланың.

Қайрат,Ләззат пен Сәбира

Құрбан болған жаланың.

«Нашақор » деп «ұлтшыл»,

Қазаққа күйе жаққан күн.

Базары кетіп бір күнде,

Қайғыға халық батқан күн.

Елшібай Гүлсина

Сүймейтіғұн болдық қой сүймей ғұмыр,

Көлеңкеміз күннен де тимейді нұр.

Колбин деген кім екен , қайдан келген?

Уа,сыртымыздан қашанғы билейді бұл?

Тәуелсіздік оңайлықпен келмейді ,

Бізге аяп бермейді.

Тәуелсіздік – Қайрат,Ләззат,Ерболдын,

Тас көшеде тас – талқан боп өлгені.

1-жүргізуші : Айдын

1986 жылы Алматының бас аланыңа жастар жаман оймен барған жоқ. Олар бейбіт жолмен тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қатысқан. Сол желтоқсан оқиғасына қатысқан ағаларымыз бен апаларымыздың арқасында ата- бабаларымыз үш ғасырға жуық уақыт бойы армандаған тәуелсіздікке қол жеткіздік.Бұл оқиға дүниені дүр сілкіндірді.Бұл желтоқсан көтерілісінде тарихта есімдері ел аузында мәңгі қалған – Ләззат,Сәбира, Қайрат,Ербол сынды ерлермен қатысты.

Алаңға шығып өз ойларын айтуға қазақтың өрімдей қарусыз жастарына солдаттар мен милиция қызметкерлері қарсы қойылды.Қыз жігіттерді аяусыз таяққа жықты,түрмеге қамады. Ербол,Ләззат,Сабира сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан тал шыбықтай жастарымыздың өмірін үзді.

2-жүргізуші : Айгерім

Ия ,ол күн тәуелсіздіктің туын ең алғаш көтерген әйгілі 1986 жылғы 16 желтоқсан еді. Таңертенгілік сағат 10.00 да бар жоғы 18 минутта 26 жыл елді үздіксіз басқарып келген Д.А.Қонаевты түсіріліп,орнына Г.Колбин ешкімнің пікірінсіз-ақ ұсынылған еді.

1986 жылғы 16 желтоқсан күні Д.Қонаевтың орнына Колбин келіп,17-сі жастар Брежнев атындағы алаңға бейбіт және саяси шеруге шығады.Шеруге шыққан жастарды саперлік күрекпен, дубинкамен, су атқыш машинамен, итпен және т.б.таратады.

Көрініс :

Түрме іші, қолында қағазы бар Қайрат отыр. Қинала отырып « Түрме жыры » өленін оқып шығады.

Темір тор, жамбасына тақылдайсын,

Өзіммен бірге туған жақындайсын.

Телміріп темір торға қаматқанша,

Сұм дүние , бұл жалғаннан неге алмайсын?!

Ауылда жақсы екен ғой салған әнім,

Қу тағдыр татырды ғой түрме дәмін.

Қайдағы пәлеқорлар жала жауып,

Жазықсыз қылмыскер боп кетті сәнім.

Тас төбе,төрт қабырға ,темір есік,

Ас берер ортасында жалғыз тесік.

Күніне ұзатары үш тілім нан,

Өлмейтін саған тиер осы несіп.

Кезекші : Заключенный Рыскулбеков на допрос.

Тергеуші : Айыпкер Рысқұлбеков , сен Мир мен Сәтбаев көшелерінде жасақшыларды көрдің бе?

Қайрат: Егер ол көшеге бармасам оларды қайдан көремін?

Тергеуші : Савицкийді сен өлтірдінбе?

Қайрат : Жоқ,өлтірген жоқпын.

Тергеуші : Сенін ұрып жатқанында біреу көріпті ғой.

Қайрат : Олай болса мені сол адаммен беттестір,бұл өтірік жала.

Тергеуші : Ах, ты , декабрист несчастный . Я тебе покажу өтірікті! Жала дейді еще! Ей Рысқұлбеков , сен,«Савицкийді өлтірдім» деп мойында.

Қайрат: жоқ мен ешкімнің қанымен қолымды былғамадым.

Тергеуші: Әкетіндер,атындар,құртындар.

Қайрат: Тоқта! Айтар сөзім бар.

Күнәдан таза басым бар.

Жиырма бірде жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар.

Бозторғайдай жаным бар

Алам десен алындар .

Қайрат деген атым бар.

Қазақ деген затым бар

«Еркек тоқты құрбандық»

Атам десен атындар.

( Қайратты кісендеп алып кетеді.)

М. Шахановтың «Төрт жыл кешіккен шындық» Ақжолова Ботагөз

1-жүргізуші : Айдын

Алаңға шығып өз ойларын айтуға қазақтың өрімдей қарусыз жастарына солдаттар мен милиция қызметкерлері қарсы қойылды.Қыз жігіттерді аяусыз таяққа жықты,түрмеге қамады. Ербол,Ләззат,Сабира сынды жаңа ғана бүршік атып келе жатқан тал шыбықтай жастарымыздың өмірін үзді.

«Түрмеде жазылған хаттар»

8 «Ә» сынып оқушылары

2-жүргізуші: Айгерім

Тұрса да биік өр басын,

Қазаққа бақыт орнасын

Сексен алтыншы жылғыдай

Желтоқсан желі болмасын.

Күн кешіп лапылдаған жастарым

Дүрліктірді желтоқсанның аспаның.

Жерді , дінді,тілді баба дәстүрін

Қорғау үшін көтерді олар бастарын.

  1. жүргізуші: Айдын

Әр қазақтың есінде сақталады.

Желтоқсандық өркендер ақталады.

Ер намысын қорғаған сарбаздарым,

Ерліктерін мәңгілік сақталады.

2 жүргізуші: Айгерім

Желтоқсан жұлдыздары Қ.Рысқұлбековке «Халық қаһарманы»атағы беріліп,айрықша ерекшелік белгісі «Алтын жұлдыз» тапсырылды. Сәбира,Ләззаттарға ақтау жөніндегі анықтама қағаздары берілді.

.1-жүргізуші :

Серпіп бұлтты басқан елдің бар мысын,

Туды күнім әділетті арлы шың.

Алыс жолдан зарықтырып,шаршатып

Келдін бе сен , Азаттығым ,армысын!

Осы оқиғадан кейін 5жыл өткенде 1991 жылдың желтоқсан айында 16-сы күні қазақ елі шынайы тәуелсіздік алды.

Сахнаға Тәуелсіздік құрдастарын шақырамыз:

Сырлан Нұрсұлтан Нұржанұлы

Махашов Шымболат Мақашұлы

Нұрпейсова Дина Мажитқызы

1.Сұрақ Тәуелсіздік жылдары жеткен жетістіктеріңіз қандай?

2. сұрақ Жастарға ізгі тілегіңіз?

2 жүргізуші : Айгерім

Республика! Ерікті ел- Қазақстан !

Келді ақыры көп күткен жаз алыстан.

Келді алыстан аңсатып,армандатып,

Торды бұзған мен де бір мәз арыстан.

Тәуелсіздікке арналған арнауларды қабыл алыңыздар

6-7 сынып оқушылары

1 жүргізуші

 Қара мына ғажапқа ,

Теңдік тиді қазаққа.

Езгідегі ұрпағын

Енді айналмас мазаққа.

Өзіндікі туын да ,

От пен ауа ,суың да.

Жаса Қазақстаным !

Белді бекем буын да .



1 -жүргізуші : Айдын

1991 жылы 1 желтоқсан ҚР тұңғыш Президенті Нұрсұлтан Назарбаев сайланды, 1991жылы 16 желтоқсанда өз тәуелсіздігін жариялады. 1992 жылы 4 маусымда Мемлекеттік рәміздер қабылданды. 1993 жылы 15 қазанда ұлттық валюта – төл теңгеміз дүниеге келді.1995 жылы 30 тамызда ата заңымыз қабылданды. 1997 жылы жаңа астанамыз –астанаға ауысты.

2 -жүргізуші : Хор « Желтоқсан желі» 8 «А» сынып



































































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!