Тақырыбы:
«Азаматтық қоғам
қалыптастыру-еліміздің бастапқы бағыты»
мақсаты: оқушыларды өз құқықтары мен міндеттерін
жүзеге асыра білуге дайын болуы, айналасындағы адамдардың
іс-әрекетінің заңға сәйкестігін қадағалау қабілетін
қалыптастыру
тәрбиелік: оқушыларды құқықтық саналыққа,
ата-заңға деген сүйіспеншілік сезімін қалыптастыру арқылы
адамгершілігі мол, білімді, парасатты тұлға тәрбиелеу.
әдісі: талдау, сұрақ-жауап, түрі: танымдық
Барысы:
І. Ұйымдастыру кезеңі
Ой
толғау
«Қоғам» деген
не?
Саналы адамдардың бір мүддені,
бір мақсатты орындау үшін саналы түрде
бірігуі
Қазақстан Республикасының
Конституциясында – Қазақстан Республикасы өзінің демократиялық,
зайырлы, құқықтық және әлеуметтік мемлекет ретінде орнықтыратыны
аталған. Бұл еліміз үшін мәртебелі мақсат. Сондай-ақ, Қазақстан
Республикасының Конституциясының 1 – бабында: «Қазақстан
Республикасының ең қымбат қазынасы – адам және адамның өмірі,
құқықтары мен бостандықтары», – деп баян етілген . Азаматтық қоғам
мен құқықтық мемлекеттің қалыптасуының басты алғышарттарының бірі –
азаматтардың құқықтық білімін жетілдіру, құқықтық мәдениетін
қалыптастыру, әсіресе оның құрамды бөлігі – адам құқығының
мәдениеті.
Құқықты құрметтеу, әділдікті, борышты, жауапкершілікті, заңдылықты,
сезіну – адам тұлғасының жоғарыдан көрінуі.
Жастарды құқықтық сауаттылыққа тәрбиелеу – олардың қылмысқа
ұрынбауына, өздігінен өмірдегі мәселелерді шешуде дұрыс шешім
қабылдауына, келеңсіз, жағымсыз жағдайлардан тартынуына, қоғамға
пайдалы іспен шұғылдануларына
жәрдемдеседі.
«Миға
шабуыл»
- Мемлекет деп нені
айтамыз?
- Азаматтық құқық қандай қатынастарды
реттейді?
-. Меншіктің қандай түрлері
бар?
- Сенат төрағасын кім тағайындайды?
- Қылмыс деген не?
- Отбасының атқаратын функциясы қандай?
- Құқық дегеніміз не?.
- ҚР Республикасының Конституциясы қашан қабылданды?
- ҚР Білім туралы заңы қашан қабылданды?
- Бала құқықтары туралы заң қашан
қабылданды? (1989 жылы
20-қараша)
- ҚР Туы мен Елтаңбасы қашан
қабылданды?
Оқушы
құқылы:
• мемлекеттік стандарт белгілеген мөлшерде жалпы білім
алуға;
• қосымша білім алуға;
• ғылыми жұмыстармен айналысуға, кеңесулермен, конференцияларға,
олимпиадаларға, көрме және жарыстарға қатысуға;
• мектепті басқаруға қатысуға.
Оқушылар
міндетті:
• Қазақстан Республикасының заңын сыйлауға, ұстануға,
ұлттық салт –дәстүрлерді құрметтеуге;
• Мектеп жарғысында көрсетілген талаптарды мүлтіксіз орындауға;
• Мұғалімдерге және тәлімгерлеріне құрмет көрсету;
• Сыныптас достарымен, мектептің басқа оқушыларымен тіл табысып,
кішілерге көмек көрсету;
• Мектептің қоғамдық жұмысына белсене қатысу және қоғамдық
тапсырмаларды орындау;
• Қоғамдық жерлерде өзін ұстау мәдениетін көтеруге, білім
толықтыруға арналған жұмыстарды үздіксіз
жүргізу;
«Ой
сергіту»
Құқық және білім туралы мақал-мәтелдердіңі жалғасын
табу.
1. Білімді өлсе, Қағазда аты қалар.
Ұста өлсе, Істеген заты қалар.
2. Жеті жұрттың тілін біл, Жеті түрлі білім біл.
3. Ақыл - тозбайтын тон,
Білім – таусылмайтын кен.
«Адасқан әріптер»
Шарты: ретсіз орналасқан әріптерден
термин, мағыналы сөз құрау
1. Конституция
---------уяцтсикионт
2. Инновация -------------- няоинвцф
3. Президент--------------- тпнрендзи
4. Декларация ----------- цяиралдкеа
5.
Республика ------------- серубплиак
«Суреттер әлемінде»
Берілген суреттер
бойынша тақырыпқа сай мағлұмат беру, мазмұнын ашу.
1. Әркімнің өмір сүруге құқығы бар. Адамның тұрғын үйіне
сұғылмайды.(Тұрғын үй)
2. Конвенцияда «Баланың білім алуға құқығы бар деп көрсетілген».
Балалардың оқуына барлық мүмкіншіліктер жасалуы қажет. (Мектеп)
3. БҰҰ - ның алдына қойған басты мақсаты – дүниежүзілік
бейбітшілікті сақтау. 4. Адамның, азаматтың ар - намысы мен қадір -
қасиетіне қол сұғуға болмайды, ешкімнің де өмірін қиюға болмайды.
(Қылмыс)
6. Кез - келген бала дем алуға, қыдыруға құқылы, бірақ олар адамның
қалауынша болуы тиіс. (Демалу)
Қорытынды бөлім
Жан-жағым толған мақсат, толған
таңдау.
Алайын
анасын ба, мынасын ба, - деп Сұлтанмахмұт Торайғыров айтқандай,
«Тәуелсіз Қазақстан» атты құқықтық мемлекеттің болашақтары Ата
заңды құрметтеп, Отанға адал қызмет етер азамат
болыңыздар.
Сараптама:
Күні:
3.08.2021
«Ұлттық ойындар» үйірме
жетекшісі: Ж.Р.Мұсаева
Тақырыбы: «Азаматтық қоғам қалыптастыру-еліміздің бастапқы
бағыты»
мақсаты: оқушыларды өз құқықтары мен міндеттерін жүзеге асыра білуге
дайын болуы, айналасындағы адамдардың іс-әрекетінің заңға
сәйкестігін қадағалау қабілетін
қалыптастыру
тәрбиелік: оқушыларды
құқықтық саналыққа, ата-заңға деген сүйіспеншілік сезімін
қалыптастыру арқылы адамгершілігі мол, білімді, парасатты тұлға
тәрбиелеу.
әдісі: талдау, сұрақ-жауап, түрі: танымдық
Барысы:Ұйымдастыру кезеңінде лагерь демалушыларының «Қоғам»
туралы ойтолғау арқылы түсініктері сұралып қосымша түсіндіру
жүргізілді. «Миға
шабуыл»әдісі арқылы
сұрақтарға жауаптар тыңдалып болған соң оқушы құқығы мен міндетті
анықталды.
«Ой
сергіту» Құқық және білім
туралы мақал-мәтелдердіңі жалғасын тауып, адасқан әріптерден
жылдамдыққа сөздер құрап жарысты.Соңында берілген суреттерден
жапсырмалау арқылы түрлі құқықтар жайлы таныстырым
жасалды.Қорытынды бөлімде Сұлтанмахмұт Торайғыровтың: Жан-жағым толған мақсат, толған
таңдау.
Алайын анасын ба, мынасын ба?
Сөзінің мағынасын ашу арқылы қорытындыланды. «Тәуелсіз Қазақстан»
атты құқықтық мемлекеттің болашақтары Ата заңды құрметтеп, Отанға
адал қызмет етер азамат болыңыздар аясында кері байланыс
жасалды.