Материалдар / Тақырыбы: «Бау-бақшада, бақтарда»
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тақырыбы: «Бау-бақшада, бақтарда»

Материал туралы қысқаша түсінік
Білім беру саласы: Коммуникация Бөлімі: Сөйлеуді дамыту. Тақырыбы: «Бау-бақшада, бақтарда» Мақсаты: 1.Балаларға жемістер мен көкөністер туралы толық мәлімет беру. Олардың түсін, түрін пішінің дұрыс әңгімелей білуге үйрету. Бау-бақша, бақ туралы , ондағы еңбек туралы түсінік беру. Сөз және екі-үш сөзден тұратын сөйлем құрастыра білуге және дыбыстарды анық айтуға үйрету. 2.Сөйлем құрату арқылы тілдерін дамыту. Сөздік қорларын молайту. 3. Үлкендер еңбегін құрметтей білу уге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
06 Сәуір 2022
705
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шығыс Қазақстан облысы білім басқармасы

Аягөз ауданы бойынша білім бөлімінің

«Аягөз қалалық №2 бөбекжай-балабақшасы»

коммуналдық мемлекеттік қазналық

кәсіпорнының тәрбиешісі:

Сабилянова Гульназ Хамитоковна

Білім беру саласы: Коммуникация

Бөлімі: Сөйлеуді дамыту.

Тақырыбы: «Бау-бақшада, бақтарда»

Мақсаты:

1.Балаларға жемістер мен көкөністер туралы толық мәлімет беру. Олардың түсін, түрін пішінің дұрыс әңгімелей білуге үйрету. Бау-бақша, бақ туралы , ондағы еңбек туралы түсінік беру. Сөз және екі-үш сөзден тұратын сөйлем құрастыра білуге және дыбыстарды анық айтуға үйрету.

2.Сөйлем құрату арқылы тілдерін дамыту. Сөздік қорларын молайту.

3.  Үлкендер еңбегін құрметтей білу уге, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.

Көрнекілік: жемістер мен көкөністер суреттері, муляждары, күзгі бақ, бау-бақша, ондағы еңбекке байланысты суреттер.

Сөздік жұмыс: «Бау-бақша-огородь-garden, бақ- садь- the garden»

Әдіс-тәсілдер:бала үні, графикалық-сұлба,тірек сурет, түсіндіру, ой толғаныс әдісі ,бес саусақ.

Пән аралық байланыс: көркем әдебиет, қоршаған орта, қарапайым математика.

Сабақ түрі: кіріктірілген

Таңғажайып сәт: Сыйлық қорапша,

Технология: 4К, модулдік, дамыта оқыту,ақпараттық , В.Воскобовичтің ойын технологиясы

Өтілетін орны: музыкалық зал.

Танымды оятушылық:

1.Ұйымдастыру.

Шаттық шеңбері.

Мен бақыттымын.

Сен бақыттысың.( қазақша)

Ол бақытты. (ер бала). Ол бақытты. (қыз)

Біз  де бақыттымыз.

Im happy. You are happy. (ағылшынша)

He is happy. She is happy.

We are happy. You are happy.

They are happy too.

Я счастливый.Ты счастливый. (орысша)

Он счастливый.

Она счастливая.

Мы тоже счастливые.

2. Өткен тақырыпты қайталау.

«Менің туған күнім»

Балалар сендер қандай мерекені тойлағанды жақсы көресіңдер?

-Туған күнімізді.

-Өте жақсы ,балалар сендер туған күндеріңде бір-біріңе не тілейсіңдер?

-Тілек айтамыз.

-Достық, тату болуымыз керек.

-Туған күнде сендерге ата-аналарың достарың, жақындарың не сыйлайды?

-Сыйлық сыйлайды.

-Дұрыс айтасыңдар, сендер туған күн туралы көп біледі екенсіңдер.

Ұйымдастыру-іздестіру.

3. Жаңа тақырып.

Кіріспе.

Таңғажайып сәт: Сыйлық қорапшаны көрсетемін.

-Олай болса, балалар бүгін мен сендерге сыйлық алып келдім. Сендер сыйлықтың ішінде не бар екенін көргілерің келе ме?

-Иә.

-Онда мына сыйлық сыртындағы бауды шешіп ашып көрейік.

Балалардың назарын сыйлыққа аударту. Ашып ішінен жемістер мен көкөністер муляждарын бір-бірден келіп алады.


Сенсорлық – графикалық сұлба әдісі. Модулдік оқыту технологиясы

Жобалау технологиясы зерттеу әдісі

-Бұл алма. Алма қатты. Түсі сары, қызыл болады. Иісі хош иісті. Пішіні домалақ. Алма жеміс. Ол ағашта өседі.

Балалар қораптан алып көкөністер мен жемістерді сипаттайды.

Үстел үстіне қояды.

Негізгі бөлім.  В.Воскобовичтің ойын технологиясы

-Балалар сендер үстел үстіне нелерді қойдыңдар?

-Жемістер мен көкөністерді қойдық.

-Неше жеміс бар екен?

-Неше көкөніс екен?

Бір-екі бала санап береді.

-Ортада не тұр?

Алманың алмұрт қай жерінде тұр?

-Жүзім ше?

-Сәбіз ше?

-Қияр ше?

-Дұрыс айтасыңдар, балалар.

Балалар ортасында алдыңда, артында, оң, сол жағында ұғымдарын ажыратып айтады.

4.Дидактикалық ойын. «Сөзді жалғастыр»

Шарты:Жемістер мен көкөністерді көрсете отырып атап,бірінші буынын айтамын, екінші буынын балалар жалғастыруы керек.

Мысалы Ал-ма, сә-біз.

-Өте жақсы, балалар сендер сөзді таба білдіңдер.

Суретпен жұмыс. В.Воскобовичтің ойын технологиясы

-Балалар тақтаға қараңдаршы суреттен не көріп тұрсыңдар?

-Жемістерді.

-Жемістер қайда өседі екен?

-Ағашта өседі.

-Балалар бұл жерді біз «бақ- садь- the garden» деп айтамыз.

- Ал мына суреттен нелерді көріп тұрсыңдар?

-Көкөністерді көріп тұрмыз.

-Көкөністер қайда өседі екен?

-Жерде өседі.

-Бұл жерді біз «Бау-бақша-огородь-garden» деп айтамыз.

Тірек-сурет әдісі.

-Ал балалар қараңдаршы мына жерде балалар қандай еңбек етіп жатыр?

-Балалар алма жинап теріп жүр.

-Картоп жинады.

-Ал енді балалар өсы көкөністер мен жемістер үлкен болып өсуіміз үшін қандай еңбек етуіміз керек?

-Су құямыз.

-Топырағын қазып, жұмсартамыз.

-Ағашты құрт жемес үшін, тал түбін ақтаймыз.

-Сендердің үйлеріңде осы бау-бақшаны кім күтіп бағады?

-Атамыз, апамыз, ағамыз,әкеміз, анамыз.

-Дұрыс айтасыңдар, біз үлкендер еңбегін бағалауымыз керек екен.

Өсіп тұрған көкөністерді не істеуге болмайды?

-Жұлуға болмайды.

-Басуға болмайды.

5.Сөздік жұмыс:

Балалар «бақ-сад» «бау-бақша –огородь-garden» деп қайталап айтайықшы.

Жеке-жеке қайталап айтқызамын.

6.Сергіту сәті.

Тербеледі ағаштар, 
Алдымнан жел еседі, 
Кіп-кішкентай ағаштар, 
Үп-үлкен боп өседі.

7. Тақырыпты бекіту.

-Енді балалар бәріміз үстелге отырып тапсырмалар орындап жіберейік. Сендердің алдарыңда мынандай суреттер тұр.

1-топ: жемістер мен көкөністердің көлеңкесін табужәне қарындаш арқылы сызықпен қоса білу керек.

2-топ: ағашта және жерде өсетін көкөніс пен жемістерді ажыратып қарындаш арқылы сызықпен қоса білу керек.

-Өте жақсы балалар, сендер тапсырмаларды дұрыс орындай білдіңдер.

Рефлексивті-түзету.

8. Тақырыпты қорытындылау. «Бес саусақ» әдісі

-Балалар біз бүгін не туралы айттық?

-Жемістер мен көкөністер туралы айттық.

-Жемістер қайда өседі екен?

-Жемістер бақта өседі.

-Көкөністер ше?

-Көкөністер бау-бақшада өседі.

-Олай болса, бізге Арнұр «Бақшада» өлеңін мәнерлеп оқып берсін.

-Балалар өлең сендерге ұнады ма?

-Өлеңде не туралы айтылған екен?

-Балалар осы бау-бақшамызды қай уақытта жинап аламыз?

-Күз мезгілінде жинап аламыз.

-Неге жинап аламыз?

-Қыс мезгілі келе жатыр.


9.Балалардың білімін бағалау.

-Міне балалар бүгін сендер бау-бақша, бақ туралы көп біледі екенсіңдер. Әңгімені де өте жақсы құрастырдыңдар. Мен сендерге оқу қызметіне «өте жақсы» қатысқандарыңа «екі»алма, ал «жақсы» қатысқандарыңа бір алма сыйлаймын .

10. Үйге тапсырма беру.

Балалар сендер үйде мына жаңылтпашты жаттап келіңдер.

Қане қайталап айтып көрейік.



Бес түп алма

Бестік алғандікі

Төрт түп алғандікі.

Бестік алған.

Күтілетін нәтиже:

Білуі керек: Жемістердің көкөністерден айырмашылықтарын жылдам айта білу керек.

Болуы керек: жемістердің бақта,көкөністердің бақшада өсетінін біледі.

Істей білу керек: Тез ойланып, тез жауап беруді білді.






























Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!