Материалдар / Тақырыбы: "Гүлдер" (шеберлік сағаты) "Жүннен жасалған бұйымдар" жобасы бойынша жұмыс
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тақырыбы: "Гүлдер" (шеберлік сағаты) "Жүннен жасалған бұйымдар" жобасы бойынша жұмыс

Материал туралы қысқаша түсінік
Топ: Мектепалды даярлық Мақсаты: балалардың жоба туралы, үй жануарлары беретін пайдасы туралы білімдерін қорытындылау; саусақ методикасы, ептілінін қалыптастыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
14 Сәуір 2022
560
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

34 «Ақ бидай» балабақшасы









«Жүннен жасалған бұйымдар» жобасы бойынша жұмыс

Тақырыбы: «Гүлдер»

Іс-шара түрі: шеберлік сағаты











Тәрбиешілер: Копбаева Н.Б

























2022ж Нұр-Сұлтан қаласы

Балабақша атауы: №34 «Ақ бидай» балабақшасы

Педагог: Копбаева Нурсая Бакытовна

Топ: мектепалды даярлық

Тақырыбы: «Гүлдер»

Білім беру саласы: шығармашылық, таным, қатынас, денсаулық, әлеумет

Іс-шара түрі: шеберлік сағаты

(«Жүннен жасалған бұйымдар» жобасы бойынша жұмыс )

Әдісі: сұрақ-жауап, практикалық жұмыс

Сөздік жұмыс: шебер

Билингвалды компонент: қоңыраугүл-колокольчик

Мақсаты: балалардың жоба туралы, үй жанауарлары беретін пайдасы туралы білімдерін қорытындылау; саусақ маторикасын, ептілігін қалыптастыру; балалардың шығармашылық идеяларын дамыту.



Педагог: Сәлеметсіңдер ме, балалар! Біз, шеберлік сағатын бастамас бұрын бір-бірімзге сәттілк тіліеп, жылулық танытайық.

Балалар бірге:

Алақанға, алақан,

Қане қойышы балақан.

Күннің нұрын алайық,

Жүрекке жылу салайық.

Жиналған жылу шуақтарын

Бір-бірімзге шашайық.

Педагог: балалар қараңдаршы көктем мезгілі келіп, айналаның барлығына нелер өсіп тұр?(балалар жауаптары)

-Балалар қандай гүлдермен таныссыңдар? (балалар жауаптары)

-Біз бүгін қоңыраугүлді жүннен жасайтын боламыз.

-Жүнді бізге қандай үй жануарлары береді?(ешкі, қой, түйе үй жануарлары)

-Ешкінің жүнін тағы қалай атайды? (түбіт)

-Кім жаңылпаш біледі? (Үміт түбіт түтті,

Түбітті түтіп бітті.)

-балалар қараңдаршы мына гүлді қоңыраугүл деп айтайды. Неге бұл гүлді қоңыраугүл деп айтады Себебі, бүл гүл қоңырауға ұқсайды. Қоңырау бұл орыс тілінде-колокольчик деп аталады. Біз бүгін жаз, көктем мезгілінде өсетін қоңыраугүлді ылғалды жүнді басу әдісі арқылы жасайтын боламыз. Біз бүгін шеберлер боламыз. Шебер деп, тоқымашылық, ісмерліпен айналысатын қолынан іс келетін кісіні атайды.

Педагог: жұмыс бастау үшін бізге қажетті заттар, таза су ыдыстағы, орамал, түрлі-түсті жүн, сабын, сабынды құтыдағы су, мата, оқтауша, қайшы қажет. Балалар сендердің үстелдеріңде дайын әр түрлі-түсті жүндер қойылған. Сол жүннің үстіне құтыдағы сабынды суды шашамыз. Сосын оның үстіне ақ матаны қойып, тағыда сабынды суды құйып, шашып шығамыз. Сосын оның үсітінен алқанымызбен жайып, жүргізіп шығамыз. Алқанымызды оң жаққа, сол жаққа дөңгелетіп жүргізіеміз. Сабыны аз құрғақ болса, сабынды алып матаның үстінен жүргізіп шығамыз. Тағыда сол бағыттай қайталаймыз.

(балаларға жеке көмек көрсету)

Педагог: енді жұмысты алақанымызбен жүргізіп болған соң. Қамыр илегендей оқтаумен жүннің үстіпен жүргізіп шығамыз. Балалар қолдарың шаршаған болар олай болса, саусақ жаттыгуын жасап жіберейік.

(балалар бірге қайталайды)

Саусақ жаттығуы:

Көтерілсе күнім,

Ашылады гүлім.

Кешкісін күн батады,

Гүл ұйқыға жатады.

Педагог: енді шетінен бастап орап есіп шығамыз. балалар, енді жүннің бетіндегі матаны алып, орамалмен құрғатамыз. Сосын ортасына сұқ саусағымызды қойып, ортасын белглеп алып, біріктіріп тағыда алақанымызда есеміз. 10дейін санап есеміз. Болған соң гүлдің түбін қолымызбен ұстап тұрып, гүлді ашып күлтесінің жан-жағын қайшымен қиямыз. Қайшымен қиған соң жылы суға салып гүлді қатты сығып, тағыда дұрыстамыз. Гүлді қатты сығамыз. Енді гүліміз дайын.

Сұрақ-жауап арқылы қортындылау:

1)Гүл жасауға қандай түсті жүндерді қолдандық? (сары, қызыл, жасыл, көк)

2)Қандай әідіспен гүл жасадық? (ылғалды басу)

3)Қандай гүл жасадық? (қоңыраугүл)

4) Іс тігумен, тоқумен айналысатын адамды кім деп атайды? (шебер)

























Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!