Бейсенова Айгуль Махсатовна
Тақырыбы: «Информатика» оқу пәніндегі жобалау қызметі
білім алушыны ерте бейіндеу құралы ретінде
Бұл мақалада «Информатика» оқу пәніндегі жобалау
қызметінің білім алушыларды ерте бейіндеу құралы ретінде қолдану
мәселелері қарастырылады. Зерттеудің мақсаты – жобалау қызметін
ұйымдастыру арқылы оқушылардың кәсіби бағдарлануын дамыту және
олардың технологиялық сауаттылығын арттыру. Мақалада жобалау
әдістерінің оқушылардың танымдық белсенділігі мен шығармашылық
қабілеттеріне әсері зерттеліп, жобалық оқытудың кәсіби бейімделуге
ықпалы талданады. Өзектілігі – ақпараттық технологиялардың
қоғамдағы ролінің ұлғаюымен, білім беру жүйесінде практикалық
бағыттың маңыздылығының артуында. Жаңашылдығы – жобалау қызметін
кәсіби бағдарлаумен байланыстыра отырып, оқушылардың болашақ
мамандыққа ерте қызығушылығын қалыптастырудағы тиімді модель
ұсынылады. Зерттеу нәтижелері «Информатика» пәнінің оқу үдерісінде
жобалау қызметін жүйелі қолданудың маңыздылығын дәлелдейді.
Мақсаты: Оқушылардың кәсіби бағдарын ерте айқындау мақсатында
«Информатика» пәнінде жобалау қызметін тиімді ұйымдастырудың
педагогикалық негіздерін анықтау. Информатиканың практикалық
маңызын арттыру арқылы оқушының қызығушылығын және болашақ
мамандыққа бейімділігін қалыптастыру жолдарын көрсету.
Өзектілігі: Қазіргі
цифрлық қоғамда ақпараттық технологиялар барлық салада кеңінен
қолданылып жатыр. Білім беру жүйесінің алдында тұрған
маңызды міндеттердің бірі – оқушыларды ерте жастан бастап кәсіби
бейіндеуге бағыттау. Осы тұрғыда информатика пәнінің әлеуеті
жоғары, себебі ол логикалық ойлауды дамытып, шығармашылық
қабілетті, технологиялық сауаттылықты қалыптастырады. Алайда, пән
мазмұнының практикалық бағыттылығы жеткіліксіз болған жағдайда бұл
мүмкіндіктер толық іске аспай қалуы мүмкін. Сондықтан жобалау
қызметін оқу үдерісіне енгізу – өзекті әрі қажетті қадам.
Тапсырмасы:
-
Информатика пәнінде жобалау
қызметінің мазмұнын, түрлерін және әдістерін талдау;
-
Жобалау қызметінің
оқушылардың қызығушылығына және кәсіби бағдарлануына ықпалын
зерттеу;
-
Жобалау арқылы оқушылардың
ерте бейімделуіне ықпал ететін тиімді модель ұсыну;
-
Жобалық оқытудың оқу
жетістіктері мен құзыреттілікке әсерін анықтау.
Зерттеу аймағы: Жалпы орта
білім беретін мектептердің 5–11-сыныптарындағы «Информатика» пәні
шеңберінде жүргізілетін жобалау қызметі. Зерттеу
педагогикалық әдістер мен оқыту технологияларына негізделе отырып,
жобалық оқытудың білім алушыларға әсерін қарастырады.
Жаңашылдығы:
-
Информатика сабағында
жобалау қызметін кәсіби бағдарлаумен байланыстыра қарастыру;
-
Жобалық қызмет арқылы
тұлғаның танымдық белсенділігі мен болашақ мамандыққа бейімділігін
қалыптастыру жолын ұсыну;
-
Цифрлық сауаттылықты
арттыра отырып, жобаларды өмірмен байланыстыру;
-
Мектеп курсындағы
информатика пәнінің мүмкіндіктерін толық пайдалану арқылы
оқушылардың ІТ-салаға қызығушылығын ерте анықтау және дамыту.
Жобалау қызметінің маңызы:
Жобалау қызметі — білім алушылардың білімді
практикалық тұрғыда игеруіне мүмкіндік беретін шығармашылық,
ізденіс және зерттеу түріндегі белсенділік. Информатика сабағында
жобалау тапсырмалары оқушылардың пәнге деген қызығушылығын
арттырып, ақпараттық технологияларды қолдану қабілетін жетілдіреді.
Сонымен қатар, жобалау қызметі оқушының кәсіби бейімделуіне ықпал
етеді, себебі ол нақты проблемаларды шешуге бағытталған, әрі
болашақ мамандыққа қатысты дағдыларды дамытады.
Жобалау
қызметін тиімді ұйымдастыру үшін бірнеше негізгі кезеңдерді ұстану
қажет:
-
Тақырыпты таңдау: Оқушылардың қызығушылықтары мен деңгейіне сәйкес келетін,
өзекті әрі практикалық мәні бар тақырыптарды таңдау маңызды.
Мысалы, бағдарламалау, мәліметтер базасын құру, веб-дизайн,
робототехника.
-
Мақсаттар мен
міндеттерді қою: Жоба нәтижесінде қандай білім мен дағды алғысы
келетіні нақты айқындалуы керек.
-
Жоспарлау: Жобаның
кезеңдері мен орындалу мерзімдері белгіленеді.
-
Зерттеу және
шығармашылық жұмыс: Оқушылар ақпарат жинап, талдау жүргізеді,
бағдарламалық өнім немесе басқа да нәтижелік жұмыс жасайды.
-
Қорытындылау және
презентация: Жоба нәтижелері таныстырылып, талқыланады.
-
Бағалау: Мұғалім мен
оқушылар жоба жұмысын бағалайды, кемшіліктер мен жетістіктерді
талқылайды.
Жобалау қызметін ұйымдастыру барысында оқушылардың өз бетімен жұмыс
істеу қабілетін, командалық ынтымақтастықты дамытуға ерекше көңіл
бөлу қажет. Мұғалімнің рөлі – бағыттау және қолдау көрсету.
Қорытынды
Жобалау қызметі «Информатика» пәнінде білім алушыларды ерте
бейіндеудің тиімді құралы болып табылады. Ол оқушылардың пәнге
деген қызығушылығын арттырып, шығармашылық және зерттеу дағдыларын
қалыптастырады. Сонымен қатар, жобалау қызметі арқылы оқушылар
нақты өмірлік және кәсіби жағдайларды шешуге дайындалып, өздерінің
болашақ мамандықтарына бағыт алады. Оқушылардың жобалар жасау
барысында ақпараттық технологияларды практикалық түрде қолдануы
олардың цифрлық сауаттылығын арттырады және заманауи еңбек
нарығының талаптарына сай келетін мамандарды қалыптастыруға жағдай
туғызады. Сондықтан «Информатика» пәнінде жобалау қызметін жүйелі
түрде енгізу оқу-тәрбие үрдісінің маңызды бағыттарының бірі болып
саналуы керек.