Материалдар / Тақырыбы: «Шағылысқан күн сәулесі».
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тақырыбы: «Шағылысқан күн сәулесі».

Материал туралы қысқаша түсінік
Мақсаты: балаларға алақан мен саусақтар көмегімен күн бейнесін салу әдісін үйрету;саусақ бұлшық еттерін және қимыл-қозғалыстарын жетілдіру;бояумен ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
08 Ақпан 2019
2612
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Білім беру саласы: Шығармашылық.Бөлімдері: Сурет.Тақырыбы: «Шағылысқан күн сәулесі».Мақсаты: балаларға алақан мен саусақтар көмегімен күн бейнесін салу әдісін үйрету;саусақ бұлшық еттерін және қимыл-қозғалыстарын жетілдіру;бояумен ұқыпты жұмыс жасауға тәрбиелеу.Қолданылатын көрнекі құралдар: күн сәулесі салынған үлгі сурет.Қажетті құрал- жабдықтар: ойыншықтар,көк түске боялған қағаз,сары бояу,су,қол сүрткіштер. Сөздік жұмыс: күн нұры,сайрап.
Әрекет кезеңі

Тәрбиешінің іс-әрекеті


Балалардың іс әрекеті





Мотивациялық қозғаушы

Тәрбиеші балаларға бүгінгі күннің қандай тамаша екені,күн нұрын аямай төгіп тұрғаны,күн барлығына қуаныш әкелетіні-жапырақтар жайқалып,құстар сайрап,жан-жануар атаулы тіршілік қамына кірісіп,балалар көтеріңкі көңл күйде болатыны жайлы әңгімелейді.-Ал біздің ойыншықтарымыздың күн сайын далаға шығып,күннің көзін көретін мүмкіндіктері жоқ.Олардың көңілдерін көтеріп,күзгі күн сәулесімен жылынуына көмектесеміз бе?



Балалалардың көңіл күйлері көтеріледі.









Балалар өз ойларын айтады.





Ұйыдастырушылық-ізденістік

Тәрбиеші балаларға жұмбақты шешуді ұсынады:Ақ сандығым ашылды,Ішінен жібек шашылды?Ол не,балалар?-Ендеше бәріміз жарқыраған күн сәулесін бейнелеп,ойыншықтарымызға сыйлайық.Жұмыс бастамас бұрын бойымызды сергітіп алайық.Сергіту сәті:Ал,балала,тұрамыз, Айналаны шоламыз. Күн нұрындай жарқырап,Жербетіне қонамыз.-Балалар,бүгін біз алдарыңда тұрған бояулардың сыырн ашамыз.Қарындашпен сурет салған сияқты,бояумен де суреттер салуға болады,алдарыңдағы сары бояуды пайдалана отырып,алақанымыз бен саусақтарымыз арқылы күннің суретін салайық.Бояумен жұмыс жасау ұқыптылықты талап ететінін ұмытпайық.Алдымен алақанымызды сары түсті бояуға батырып,күннің домалақ бейнесін,ал саусағымыз арқылы күннің сәулелерін бейнелейік. Үлгі сурет бойынша балаларға сурет салу ретін көрсетіп,түсіндіреді:-Алдымен маған алақандарыңды жазыпғашып көрсетіңдерші,бір-бірімізге алақандарымызды тигізіп,күн жасап ойнайық.-Енді мына ыдыстағы(жалпақ ыдысқа алдын ала сары бояу құйып дайындап қою қажет) сары түсті бояуға алақанымызды батырамыз.-Алақанымызды ақ қағазға қойып,дақ түсіреміз.































-Ол-күн.









Өлең жолдарына сәйкес қимылдар жасайды.





Балалар «күн нұры», «сайрап» деген сөздерді қайталайды.

Балалар қызығушылықпен тыңдайды.

Балалар өз бетінше жұмыс жасайды.







Қолдарын сары түсті бояуға малып,алақанның,саусақтың көмегімен күннің суретін салады.Жұмыс соңынан балалар қолдарын сулы шүберекпен сүртіп тазалайды.



















Олар допты бір-біріне лақтырып,қағып алып және секіріп ойнайды.


Ұйымдастырушылық-ізденістік

(Тәрбиеші балаларды кезек-кезек шақырып,алақандарын бояуға батырып,боямен қағаз бетіне қалай дақ түсіруге болатынын іс-әрекетпен көрсетеді.Алақанға жағылған бояудың жан-жаққа шашырамауын ескертеді).Алақанды бір рет бастырғаннан кейін қағазды айналдыра қозғалтып,алақанды саусақтарды шашырата отырып бастыру керектігін,сонда күн сәулесі пайда болатынын түсіндіреді.Алғаш дайын болған суретке тәрбиеші күннің күлімдеп тұрған бейнесін әдемілеп салады.Ол бейнеде қуанышты,шат образ анық көрініп тұруы тиіс.Балаларға мынадай өтініш айтады.-Ол сендерге риза болып,рақмет айтып тұр,сендер де күн сияқты күлімдеп,өздеріңнің көңіл күйлеріңді көрсетіңдер.Көңілділік әр баланың өзінен басталса қандай жақсы.Жұмыс соңынан қолдарын сулы шүберекпен сүртіп,тазалауын қадағалайды.Қиналған балаларға жеке бағыт-бағдар беріледі.Алақандарына жағылған бояудың қағазға толық тиюіне көңіл бөледі.Тәрбиеші ойыншықтардың атынан балаларға «рақмет» айтады.Енді бөлмеде үнемі көңілді болады деп ескертеді.



Рефлексиялық- түзетушілік

Тәрбиеші жұмыс соңынан балалардың еңбегін мадақтап,топтың жарық болып кеткенін,мұндай жарық жерде ойыншықтар көңілді болатынын айтады.



Балалар өз жұмыстарына қызығушылықпен қарайды.













Күтілетін нәтиже:Алақан мен саусақ арқылы түрлі бейнелер салуға болатынын біледі; суретті әртүрлі әдістермен салуға болатынын,ол әдістерді өз ойларынан шығаруға да болатынын игереді; алақан мен саусақ арқылы күнді бейнелеуді меңгереді.
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!