Материалдар / тәрбие сабақ
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

тәрбие сабақ

Материал туралы қысқаша түсінік
Ерлік сабақтары.Жеңіс күніне арналған Ақтөбе облысының соғыс ардагерлері,кахармандар туралы. Ұлы Жеңісті дәріптеу, өз Отанын, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеруге, үлгі-өнеге тұту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Маусым 2022
272
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Бекітілді ___________

Тәрбие сағаты бойынша қысқа мерзімді жоспар

Тәрбие сағаты

«Ерлік сабақтары»

Күні


Класс жетекші:


Класс:8

Қатысушылар саны:

Қатыспағандар саны:


Сабақтың тақырыбы: Эпиграфтар (тақырып мазмұнын ашатын)

«Ерлік сабақтары»

«Ерлік – басыңа төнген қауіп қатерді жеңу деген сөз. Ол тек қасарысқан қажырлы күресте ғана туады».

 Бауыржан Момышұлы.


Сабақтың мақсаты:

Ұлы Жеңісті дәріптеу, өз Отанын, туған елін қорғай білуге тәрбиелеу. Ұлы Отан соғысында ерлік көрсеткен ата-бабаларымыздың ерлік істерін қастерлеп, рухын көтеруге, үлгі-өнеге тұту.

Құндылықтарды дарыту

өзара сыйластық, сенімділік, қарым-қатынасты қалыптастыру

Ресімдеу

Интерактивті тақта арқылы слайд көрсету

Музыкалық және бейне көркемдеу

Видео материалдар

Үлестірмелі материалдар

кеспеқағаздар

Тақырыптық көрмелер мен ақпараттық стендтер

Презентация

Дайындыққа арналған әдебиет

Интернет материалдары


«ТӘРБИЕ САҒАТЫ» Журналы. Сынып жетекшілеріне арналған республикалық басылым.

Сабақтың барысы



Сабақтың кезеңі/ уақыт

Мұғалім әрекеті

Оқушы әрекеті

Ресурстар

Сабақтың техникалық құрал-жабдықтары

Ұйымдастыру кезеңі (5мин)


Сабаққа дайындау

Жағымды психологиялық ахуал орнату


Компьютер




Сабақ басы (10 мин)


Мұғалімнің кіріспе сөзі: Бейбіт өмір! Осынау сөздің астарында азаттық пен еркіндікті және бас бостандығын білдіретін үлкен мағына жатыр. Бұл сөзде қай халықтың болмасын жердің бүтіндігі мен елдің амандығы үшін, бейкүнә сәбилердің тыныш ұйқысын қорғау үшін небір тар жер тайғақ кешуден өткенін баяндайтын тарихы жатыр. Бейбіт өмір қалыптасқан жерде әрбір ұлттың жер бетінде жасауы да сан ғасырларға жалғаса бермек. Әрбір елдің болашағы өз Отанына шексіз берілген . Патриоттық рухы жоғары, ержүрек, қайсар ел азаматын тәрбиелеуден бастау алады.

.








Ортасы (20 мин)



Екінші дүниежүзілік соғыстың негізгі құрамдас бөлігі ретінде 1941-1945 жылдардағы Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы тарих бетінде үлкен ізбен қалғаны белгілі. 1941 жылы Ұлы Отан соғысы басталысымен, КСРО өзінің қарулы күштерінің қатарын соғыс жағдайында жедел толықтырып, жаңа құрылымдарды жасақтауды - басты міндет ретінде белгіленді. Бұл іс басқа Одақтас республикалар тәріздес Қазақстанда да жедел қарқынмен жүргізіле бастады. Соғыстың алғашқы айларында республика көлемінде 7 ірі әскери дивизиялары құрылған болатын. Алғашқылардың бірі болып Ақтөбе қаласында - 312 атқыштар дивизиясы жасақталып, майданға аттанды.

Кеңес Одағының Ұлы Отан соғысы жылдарында Ақтөбеде әскери құрамалардың жасақталуын зерделей келе,

біріншіден, соғыстың алғашқы кезеңінен-ақ Ақтөбе өңірі республиканың барлық аймақтары тәрізді аса күрделі жағдайларға, туындаған қиыншылықтарға  қарамастан халықты Отан қорғауға бір кісідей жұмылдыруда өз үлестерін қосып, жұмылдыру орталығы болды;

екіншіден, соғыс жылдарында Ақтөбе – ірі, ерекше әскери құрамаларды жасақтаған аймақ болды. Оған дәлел ретінде,

  • соғыстың алғашқы айларында республикада жасақталған ең ірі әскери құрамалардың бірі -312  атқыштар дивизиясының Ақтөбе жасақталуы;

  • республикада жасақталған тұңғыш екі ұлттық атқыштар бригадаларының бірі -101 ұлттық атқыштар бригадасының құрылуы;

  • соғыстың алғашқы жылдарында Қазақстанда екі теңіздік атқыштар дивизиясы жасақталып, майданға аттанса, соның бірі – 74 дербес теңіз атқыштар дивизиясы да 1941 жылы Ақтөбеде  жасақталуы;

  • Ақтөбеде жасақталған жеке автоматшылар батальонының алғашқыларының бірі ретінде ұлттық атауды, халық батыры «Амангелді Иманов» есімін иеленуі.

үшіншіден, Ақтөбеде жасақтаған әскери құрамалардың негізгі құрамын ақтөбеліктердің құрады және әскери құрамаларды Ақтөбе халқы майдан мүддесіне сәйкес материалдық және техникалық ресурстармен жабдықтап, майдан даласында да оларды қажеттіліктерімен қамтамасыз етіп, рухтандырып, байланыс жасап отырды.

төртіншіден, Ақтөбеден аттанған әскери бөлімдер мен құрамалар майданның негізгі шебінде соғысып, өшпес ерлік үлгілерін көрсетті. Олардың ішінде әрине қазақ ұлтының өкілдері де басым болды.

Ұлы Отан соғысының жылдарында Ақтөбе – республикадағы әскери құрамаларды жасақтаудың негізгі ірі орталықтарының бірі болды деп тұжырым жасауға болады.

Сол әлемді дүрліктірген, қатыгез, аяусыз соғыста осы Ақтөбе өңірінің батыр ұл - қыздары да қатысқан болатын.Соғысқа қатысқан ардагер дегенде, көп адамдардың ойына Әлия Молдағұлова келетіні рас...Бірақ,Әлия Молдағұловадан басқа да білекті де жүректі,мықты да қайсар, батыл да батыр аналарымыз,әжелеріміз, аталарымыз жеткілікті. Мысалы айта кетсе: Мәншүк Мәметова, Орынтай Ерғали, Талғат Билгелдинов, Иманғали Білтабанов, Александр Гуцало, Михаил Прохоров, Александр Наумов т.б.

1.Білтабанов Иманғали (1925 – 1945)

1925 жылы Қобда ауданының Қосөткел ауылында туған. 1943 жылы әскерге шақырылды. 1943 жылы 25 қаңтарда бір күнгі ұрыста ғанапулемет расчетінің командирі сержант Иманғали Білтабанов 120 гитлершілді сұлатып салды. Соңғы ұрыста ол беліне байланған гранаттармен дзотқа секіріп жау амбразурасын өзімен бірге жарып жіберді. 1945 жылы 10 сәуірде И.Білтабановқа Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

2. Бөкенбаев Малкеждар (1924 – 2002)

 1924 жылы Жұрын ауданының Соцжол ауылында туған.

  1942 жылдың шілдесінде қызыл әскер қатарына шақырылды.

1944 жылдың маусымында 1-ші Беларусь майданының бөлімдері Буг өзеніне жетті. 21 маусымда Бөкенбаевтың взводы осы маңдағы ұрыста жаудың 102 солдаты мен офицерін қолға түсірді. Взвод командирінің өзі 5 солдат пен 2 офицерді тұтқынға алды.

  Взвод командирі лейтенант М.Бөкенбаевқа Кеңес Одағының Батыры атағын берілді.

3. Жазықов Қожабай (1920 – 1982)

  1920 жылы Байғанин ауданындағы Көктүбек ауылында туған. 1942 жылы қаңтарда Қ.Жазықов қызыл әскер қатарына шақырылды. 1943 жылғы 5 қарашаға қараған түні Жазықовтың отряды Днепропетровск облысының Тегеловка деревнясы маңында дұшпанның күші бернеше есе басым қорғаныс бөлімін жойды. Осы ұрыс болған жерде жау 300-дей солдаты мен офицерінен, оқ-дәрі тиеген екі автомашинасынан айырылды. Сол жылы 26 желтоқсанға қараған түні Жазықов басқарған отряд Дунайдан өткен кезде жаудың ротасына тұтқиылдан тап берді. Дұшпанның көптеген солдаты өлтіріліп, рота командирі және үш офицері бар 70-тен аса адам қолға түсірілді. Барлаушылар взводының командирі гвардия лейтенанты Қ.Жазықовқа Кеңес одағының Батыры атағы берілді.

4. Молдағұлова Әлия Нұрмұхамбетқызы 

  (1925-1944) 1925 жылы 15 маусымда қобда ауданындағы Бұлақ ауылында туған. 1931 жылы анасы қайтыс болғаннан кейін Әлия нағашы ағасы Әубәкір Молдағұловтың отбасында тәрбиеленеді. Москвада Әлия 4-класс бітірді. 1938 жылы Ленинградтағы №46 балалар үйіне орналастырылды. Рыбинск аудандық әскери коммиссариатының жолдамасымен 1943 жылы шілде айында мергендер мектебін үздік бітірген Әлия Солтүстік – Батыс майданының 54-ші атқыштар дивизиясының 4-ші батальонына жіберілді. 1944 жылы 14 қаңтарда Казачиха деревниясын жаудан азат ету кезінде ерлікпен қаза тапты. 1944 жылғы 4 маусымда Ә.Молдағұловаға Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

5. Мясоедов Григорий Павлович  (1901-1943)

   1901 жылы Ақтөбе маңындағы ауылда туған. 1941 жылдың маусымында майданға өз еркімен аттанды. Сталинград түбіндегі ұрыстарға қатысты, Днепрге жетті. Атқыштар ротасының парторгы, аға сержант Мясоедов тобы 1943 жылдың 15 қазаны күні пулемет, автоматпен оқ жаудыра отырып, гитлершілерді үш траншеядан қуып шықты. 15 қазан күні таңсәріде фашистер тірі қалған кеңестік бес сарбазға қарсы бүтін бір батальонды айдап салды. Көмекке біздің әскерлер келіп жеткенде, он екі батырдың ешқайсысы да тірі қалмаған еді. 1943 жылғы 30 қазанда Г.Мясоедовқа қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

6. Үргенішбаев Ідіріс  (1912-1944)

 1912 жылы Шалқар ауданындағы Талдықұм ауылында туған. 1942 жылғы қаңтар айында қызыл әскер қатарына шақырылып, қысқа мерзімдік әзірлік оқуынан кейін Орталық майданда ұрысқа қатынасты. Фашистердің батальонға 22 рет қарсы шабуыл жасаған кезінде Үргенішбаев жаудың 90-нан астам солдаты мен офицерін жойды. Парторг бастаған кеңес сарбаздарының бір шағын тобы жаумен найзаласып, әрі мылтық дүмімен де қимыл жасап, дивизияның негізгі күштері келгенше плацдармды қолдан шығармады. 1944 жылғы 15 қаңтарда бөлімше командирі, сержант Ідіріс Үргенішбаевқа қаза тапқаннан кейін Кеңес Одағының Батыры атағы берілді.

Гришин Александр Алексеевич (1914 – 1980)

 1914 жылы Рязань облысының Кузьминское селосында туған. Бала кезінде ата-анасымен Ақтөбеге қоңыс аударды.

  1940 жылы қызыл әскер қатарына шақырылды. Ұлы Отан соғысы басталар қарсаңда 428 – ші тау атқыштары полкінің қатардағы жауынгері Александр Гришин полк мектебін бітіріп, сержант болды.

     А.А.Гришин 1944 – 1945 жылдары үшінші, екінші және 1945 жылы 29 маусымда бірінші дәрежелі «Даңқ» ордендерімен марапатталды.

Шүкір Таңатарұлы Еркінов (1924 – 1949) – Екінші дүниежүзілік соғысқа қатысушы, дивизия барлаушысы.

Ақтөбе облысы Ойыл ауданында туған. 1942 жылы әскерге шақырылып, 43-ші жеке өзі жүретін артиллериялық танкіге қарсы истребитель дивизионының барлаушысы болды. Бұл дивизион Батыс және 1, 2, 3-ші Беларусь майдандарындағы шайқастарға қатысты. Сержант Шүкір Еркінов 1944 жылы үшінші дәрежелі, 1945 жылы екінші дәрежелі және 1946 жылдың 15 мамырында бірінші дәрежелі «Даңқ» ордендерімен марапатталады








Сұрақтарға жауап береді,өз ойларын айтады


Соңы (5 мин)



Қорытынды: Батыр аталарымыздың ерлікпен жеткізген ұлы жеңіске тағзым етіп, әрбір бейбіт күніміз үшін, қатары сиреп қалған ардегерлерімізді қадірлеп, бас иіп жүрейік. Жеңіс құтты болсын!

















Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!