Материалдар / Тәрбие сағат. : «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 26 жыл».
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тәрбие сағат. : «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 26 жыл».

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағат. : «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 26 жыл».
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
448
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ашық тәрбие сағаты.  Тақырыбы: «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 26 жыл». Мақсаты: Отанды сүюге, туған еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру, әсемдікке, жауапкершілікке, елге, жерге деген патриоттық сезімдерін ояту, елінің мұрасын жалғастырушы азамат болуға тәрбиелеу. Көрнекілік: мақалдар, «Ел таныған Елбасы» газеті, слайдтар, желтоқсан құрбандары, кітап көрмесі. Сабақтың түрі: телекөпір. Сабақтың барысы. Кіріспе сөз. 1-жүргізуші: Сәлеметсіздерме, құрметті қонақтар, ұстаздар және оқушылар сыныбымыздың  «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер!2-жүргізуші: Қайырлы күн біздің ашық тәрбие сағатымыздың қонақтары.Тәрбие сағатымызды ашық деп жариялауға рұқсат етіңіздер.1-жүргізуші: Еліміздің тәуелсіздігіне биыл 25 жыл толып отыр. Осыған байланысты бүгін «Қазақстан Республикасының тәуелсіздігіне 25 жыл» атты ашық тәрбие сағатымызды телекөпір ретінде өткізгелі отырмыз. Тәуелсіздігіміздің толағай табыстарының бірі – озық технологиялардың меңгерілуі. Айшылық алыс жерлерден, жылдам хабар алғызған жаңа технологиялардың көмегімен бүгін «Өткен шақ», «Осы шақ» және «Болашақ» телекөпір өткіземіз. 2-жүргізуші: Олай болса Өткен шаққа тоқтала кетсек.1.Маржан. Еліміздің Тәуелсіздік күні мерекесі халқымыздың сан ғасырлар бойғы азаттық жолындағы күресінің, сол жолдағы көрген азаптары мен қиындықтарының жадымызда жаңғырып, 25жылда жеткен жетістеріміздің айшықты көрінетін мейрамы. Сондықтан да бұл күні Тәуелсіздік жолындағы арпалыстың азапкерлері мен қаһармандары ойға оралатыны сөзсіз. 2. Азаттық қазақ халқының ежелгі арманы еді, ат үстінде өткен кезеңдер көп болды. Азаттық үшін күресте айрықша қылыш сермеді, талай қиыншылықты бастан кешірді. Бірақ, ешқашан да мойымады, күресе білді, азаттық таңы туатынына кәміл сенді. 3.Руслан. Иә, қазақ халқының басынан небір қилы заман өтті. Тарихта аты шулы «Ақтабан шұбырынды, алқакөл сұлама» деген қаралы атқа ие болған 1723 жылғы Жоңғар шапқыншылығы қазақ жерін ойсыратып кетті. Қазақ халқы оңтүстікке қарай босты. Бірақ, бұдан да басқа жауыздық нәубетінің екі ғасырдан соң қайта келерін білген жоқ. 4. Аделя.1925-1933 жылдарда Г.Голощекин Қазақстанда әлі революция болмаған деп «Кіші октябрь» саясатын жүргізді, елді аштық пен қуғын-сүргін жайлады, Қазақстанда тұратын 2 миллион қазақ аштықтан қырылды. 5. 1937 жылғы асыра сілтеудің кесірінен қазақ әдебиетінде жайқалып келе жатқан жас теректердің тамырын қиды. Олар: Шәкәрім, Ахмет, Мағжан, Міржақып, Жүсіпбек, Бейімбет, Ілияс,Сәкен. Өздері өлсе де аты өлмеген ағалар рухына кейінгі ұрпақ әрқашан бас иеміз.6.Динара. 1941-1945 жылдардағы Ұлы Отан соғысында 500-ге тарта қазақ қаһармандарына Кеңес Одағының Батыры атағы берілді. Олар Мәншүк Мәметова, Әлия Молдағұлова, Бауыржан Момышұлы, Мәлік Ғабдуллин, Төлеген Тоқтаров, т.б. 7.Исақ. 1986 жылы Атыраудан Алтайға, Сарыарқадан Алатауға дейінгі байтақ жерімізге Желтоқсанның дауылы үдей түсіп, дүрбелең жайлады. Қазақтың көптеген азаматтарының мойнына қыл шылбыр салынды. Әділдік үшін бой көтерген жас боздақтардың маңдайы тасқа соғылды. Желтоқсан оқиғасына қатысып, жауапқа тартылғандар қатарында Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат Асанова, Сабира Мұхаметжанова, Ербол Сыпатаев бар. 8.Арсен. Озбырлық күшпен тұншығып, Үміттің оты өшкен күн. Жанына тапай бір шындық, Ер Қайрат қыршын кеткен күн. Қайғы езіп елдің еңсесін, Жаншыды-ау жанын батпан күш. Енді қайтіп келмесін, Сол бір қарғыс атқан күн! 9.Жанель. Өткен шақта Қазақстан ғасырларға теңесетін ғажайып жолды жүріп өтті. Бұл жолда бәрі де болды: бұрыннан қалыптасқан шаруашылық байланыстары үзіліп, шығарған өнімдерін өткізе алмай дағдарған кәсіпорындар, алты айлап айлық, жылдап зейнетақы ала алмай, егемендіктің елең-алаңындағы еңсені езер қиындықтардан қажыған жұрт, кеңбалақ қазақтың базар психологиясына бой үйрете алмай асып-сасуы, ала қапшық арқалап, отбасын асыраған әйелдер, жекешелендіру жанталасы, реформалардың алғашқы нәтижелерін беруі, әлеуметтік саланың еңсе тіктеуі, халықтың көңіл-күйінің қалпына түсуі, елдің ертеңіне сенімнің орнығуы, инвестициялардың келе бастауы алғашқы онжылдықтың жемістері. 1-жүргізуші: Ал енді өткен шақты еске алып болсақ енді осы шаққа оралайық.2-жүргізуші: Дұрыс айтасың өткен шақты еске аламыз деп жүрегіміз ауырып кетті гой ,ал осы шаққа оралайық.1.Ислам. Республика! Ерікті ел – Қазақстан!Келді ақыры көп күткен жаз алыстан. Келді алыстан аңсатып, армандатып, Торды бұзған мен де бір мәз арыстан. Мен айғақпын, ұстамын ертегіге, Мен басымды иемін бүгінге, ертеңіме. 2.Жиырма бес, жиырма бес азаттық,Өзімізді құрсаудан да босаттық.Ақтадық біз ата-баба үмітін,Қолда қазір көк ту менен бостандық.Желтоқсанның қанды суық ызғары,Қалың әскер қазағымды қорлады.Тәуелсіздікті қолдаған жастардыңОтан үшін табандары тозбады.Жүректе намыс оты лапылдаған,Күш-жігері жастардың сарқылмаған.Отан үшін олар шығып алаңғаҚарсы ағып өзендей тасқындаған.Болмасам да сол кезде мен сеземінЖүректе намыс оты сөнбегенін,Ызғарына аяздың төзгендерін,Бұл күннің оңайлықпен келмегенін.Құтты болсын тәуелсіздік мерекесі,Мықты болсын елімнің керегесі.Татту-тәтті боп халқымыз әрқашан,Кетпесін туған жердің берекесі.

3.Тәуелсіздік туы тұрды қолында.Сойыл таяқ ойнаса да жанында.Отан үшін жанын қиды ұлдарың,Аз болған жоқ азап шеккен қыздарың,Күйініштен ауырады жүрегім,Естігенде желтоқсанның ызғарын.Желтоқсан-ау, ұмытылмайсың жүректе,Ұрпақ өсер айналатын тірекке,Егемендік тиді бүгін еншіме,Желтоқсаным,жеткіздің ақ тілекке.

4.Егемендік иесі мен деген сөз,Көптеген бері естілмеген ерен сөз,Екі тізгін, бір шылбырын өзі алғанКөркем жігіт болып өссе көрген сөз.Егемендік ел болудың белгісі,Басқа жұртпен тең жұлдызы,тең күші.«Егемендік» деген сөзден естілерАта жұрттың арысы мен бергісі.5.Күнісіз қазақ көгінің,Шуағын шашқан халқына.Қазығы бостандығымның,Қажымас қайсар нар тұлға,Ұшырдың алыс айға адамХалқымның мақсат арманын,Түсінер сіздей қайда адам?!Бес қару белге буынып,Қол бастар көсем өзіңсің,Жаныңды қиып бересің,Қазақтың байтақ жері үшін.6.ОтанБақытты боп жүргенімСенің арқаң, Ұлы Отан.Елім менің –тірегім,Құшағында гүл атам.Шығысыңнан арайлы,Күліп атқан құба таң.Сенен бақыт тарайдыБаршамызға Ұлы Отан.Сарқылмайтын қуатым,Тірегімсің сен, Отан.Мәңгі соғып тұратынЖүрегімсің сен, Отан!1-жүргізуші: Желтоқсан оқиғасынан үзінді көрсетейік.2-жүргізуші:Тәуелсіздік ақ тоңы әжесі жүн түтіп отырады. Немересі далада ойнап жүреді.

 Шамхан. Тәуелсіздік! Осы бір қасиетті сөзді естігенде қалайша тебіренбейсің! Бодандықтың бұғауынан, қыспағынан құтылған қазақ халқы еркіндік, азаттық ауасымен тыныстауда. Қанымызда бар ұлттық қасиеттеріміз қалпына келуде. Тәуелсіздік – ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік, ең алдымен, қазақ халқының бостандыққа ұмтылған асқақ арманы мен қайсар рухының жемісі. Сондықтан да біз үшін тәуелсіздік күші – ең қадірлі күш. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды. Бүгін Қазақстан әлем назарында, өзінің болашағынан үлкен үміт күттіретін, жері, халқы бай ел. Алибек.1991 жылы 1-желтоқсанда республикада бүкіл халықтық Президент сайлауы болып өтті. Қазақ КССР-нің Президенті болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайландыРеспублика тарихында халық саналы түрде өзінің тағдырын сеніп тапсырып, өз басшысын сайлады1-жүргізуші: Қыздарымыздың биін тамашалаңыздар.2-жүргізуші: Ал енді Болашақпен байланыс жасасақ

  • Біз 30 жыл өткеннен кейінгі Қазақстанды қалай елестетеміз? Біздің жас мемлекетіміз өсіп-өніп, кемелденеді, балаларымыз ер жетеді. Олар жауапты да жігерлі, білім өресі биік, денсаулығы мықты болады. Олар бабаларының игі дәстүрлерін сақтай отырып, нарықтық экономика жағдайында жұмыс істеуге даяр болады. 2. Олар бейбіт, жылдам өркендеу үстіндегі күллі әлемге әйгілі, әрі сыйлы өз елінің патриоттары болады, түрлі мамандықтарды игереді. Олардың Қазақстаны Евразияның орталығы болады. 2030 жылы Қазақстан ауасы таза, мөлдір сулы, жасыл желекті елге айналады. Өздерін Қазақстанның азаматы деп санайтын көптеген ұлттардың өкілдері мекендейтін болады. Әрине, бұл – болашақты ой көзімен көру, оның моделі, асқақ мұрат, армандар. 
1-жүргізуші: Хор «Атамекен»2-жүргізуші:Осымен Тәуелсіздік мерекесіне арналған кешіміз аяқталды.Келесі бейбіт күндерде жолыққанша , қош сау болыңыздар!
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!