×
Сертификат тегін алу үшін
Материал тегін жариялау
ҚР БАҚ(СМИ) тіркеу №9512
Ең үздік ашық сабақ байқауы басталды
Алтын күз байқауы басталды
Сұрақтарды 8(771)-234-55-99 (Ватсап) осы номерге жазуға болады

Тәрбие сағат "Алғысым шексіз өмірге"

Автор:Дилдабаева Назерке Канатовна
Бағыты: Бастауыш сынып
Бөлімі: Тәрбие сағаты
Сыныбы: Барлық сыныптар
Жарияланған уақыты: 2019-06-18

50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Материал туралы қысқаша түсінік

Жаңартылған бағдарлама бойынша барлық бастауыш сынып ұстаздарына арналған сабақ жоспар және ашық сабақ нұсқаулық үлгі ретінде ұсынылады.Барлық белсенді оқыту әдістерімен саралау әдістері қолданыла отырып жаслған.

Тақырыбы:  «Алғыс айту парызым!».
Мақсаты:  «Алғыс айту», «сыйластық», «құрмет» адамгершілік құндылықтары туралы түсініктерін кеңейту. «Ғажайып алаң» ойынын ойнату. Міндеттері: - үлкендер мен кішілер арасындағы сыйластықты түсіндіру; - сыйластықты қарым - қатынас жасау іскерліктерін дамыту,  - үлкендерді сыйлауға, кішілерге қамқор болуға тәрбиелеу; Көрнекі құралдар:  мақал- мәтелдер, миға шабуыл, «жалғастыр» , «Ғажайып алаң» ойыны , жұмбақ өлең, ақ сандық, көк сандық, постер қорғау, маркер,Психологиялық тренинг: «Әр елдің сәлемдесу дәстүрі»  Топқа бөлу. Сөздегі әрбір екінші әріпті сызып таста. -Қандай сөз шықты? РНИЛЗВАУШВЫЛЫҚОрны ауысқан сөздерден сөз құра. -Қандай сөз шықты? ЛЫҒСА 2-топ **Алғыс–Алғыс дегенді қалай түсінесіңдер? Өзің кімге қандай жағдайда алғыс айттың? (Тобыңмен ой бөліс)-Адам өзінің ризашылығын қандай сөздермен білдіреді?(Топта анықта) «Ақ сандық» пен «Көк сандық»Кезектесіп сандық түстерін таңдайды. Сөйлемді оқып аяқтайды.*Ризашылық – адамның басқа адамнан көрген .....*Ризашылық- адамның басқа адамнан көрген ......*Ризашылық- адамның жақсы көңілі, алғыс білдіру ..... *Алғыс –адамның адамға жасаған .... *Алғыс- адамның адамға ризашылық ..... *Алғыс-жасаған істеріне жоғары ......7.Түсініктемені ілу, оқыту:Алғыс - адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай - ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.Ризашылық – адамның басқа адамнан көрген жақсылығы, көмегі, көңілі үшін қанағаттанушылық және алғыс білдірушілік сезімі. 2.Әдептілік дегенің, Әрқашанда керегің. Әсемпаздық дегенің, Әуре сарсаң әлегің. 4.Сыйла үлкен кісіні, Қамқорлыққа ал кішіні. Сақта көше тәртібін, Бағдаршамның ал тілін. Әдепті қыл бұл ісіңді, Тазалап жүр тісіңді. Адамдар бір - бірін сыйлап, түсіне білсе жақсы қарым - қатынас жасауға қол жеткізеді. Өзара сыйластық достыққа әкеледі. Өмірде адамдар бір - бірін кешіре, түсіне білгенде ізгілікке жетуге болатынын және өзара сыйластық қана достыққа әкеледі. «Ғажайып алаң» атты ойын ойнаймыз. Оған 3 ойыншыдан 3 кезеңге қатысады. Мен бүгінгі тақырып бойынша тапсыраманы  тақтаға іліп қоямын, ал қатысушылар алдында тұрған сұрақтар арқылы жауаптарын айтады.   Бірінші кезеңге қатысушы балаларды ортаға шақырайық.Сәлем берген баланыКім дейміз? Жасырылған сөз (әдепті)Әдепті екен бұл дейміз!   Кітап, дәптер, қаламы, Ортада ІІІ кезең ойыншылары.Кім дейміз? Жасырылған сөз (үлгілі)
Көрермендермен ойын: «Жалғастыр» «Не істеуге болмайды Мен  басқы сөзін айтамын,балалар ойланып жалғастырып айтуы керек.Сыныпта.............................(айғайлауға болмайды.) «Не істеу керек (бұл да сол сияқты жүргізіледі) - Үлкен кісіні.......................(сыйлау керек.) - Үлкеннің тілін...................(алу керек..) - Үлкендерге..........................(сәлем беру керек.) - Кішілерге..............................(қамқор болу керек.)
  • Жақсы ,енді мына жұмбақ өлеңдерді шешіп көрейік
Апаң сенің базарданАлма сатып әкелді!Не деп барып жеу керек? (рахмет)




  • Балалар жүр көшеде
Естіледі айғай-шу. Сенде шықтың, көршіңді Қағып кеттің байқамай. Не деу керек? (кешіріңіз)
  • Осы келген бетіңде
Ұмыттың сен не деуді. (сәлеметсіз бе?)5. Миға шабуыл: Ал сіз тағы кімге, не үшін рахмет айтар едіңіз? Анаға – өмір сыйлағаны үшін,Әкеге – қорған болғаны үшін,Далаға – гүлдері мен көк шалғыны үшін,Сөзге – жанды жылытатыны үшін,Күнге – шуағы мен назары үшін,Жұлдызға – қараңғы түндегі жарығы үшін,Досқа – құшағы мен иығы үшін,Әжеге – ыстық алақаны үшін,Суға – тіршілік көзі болғаны үшін,Жерге – байлығы мен кеңдігі үшін,Отқа – жылулығы үшін... т.б.1-топ. Ұстазыңа алғысыңды қалай білдірер едің? 2-топ. Досыңа алғысыңды қалай білдірер едің? Оқушылар А4 қағазына рахмет және алғыс айта отырып хат жолдау және баланың аты-жөні айтылмай бірнешеуін оқып шығу. Қортындылау: Сонымен алғыс дегеніміз не екен? Постер толтыру . қорғау (-адамның адамға жасаған жақсылығы, көмегі, көңілі үшін ризашылық білдіруі, сондай-ақ оның ойы мен іс-әрекетіне, жасаған істеріне жоғары баға беруі.!
Хормен:Ризамыз бүгінге,Ризамыз қазірге!Ризамыз ата-анаға! Ризамыз бәріне!Ризамыз! Ризамыз! Ризамыз!
Рақмет ! Thank youCпасибо!Балалар, жылы сөз, қайрымды іс, жақсы ой, кіршіксіз сезімдеріңді ешкімнен ешқашан аямаңдар, «Рахмет» деген қасиетті сөзді жиі айтыңдар. Адам алғыс пен ризашылықты естіген




50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Сертификатты жеке кабинеттегі жетістіктерім бөлімінен жүктеп алуға болады

Материалды сайттан тегін жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!

Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.

Олимпиада бітуіне қалды: