Материалдар

Сайт бөлімдері
×
Сертификат тегін алу үшін
Материал тегін жариялау
ҚР БАҚ(СМИ) тіркеу №9512
Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8 (771) 234-55-99 (Ватсап) осы номерге жазуға болады

Тәрбие сағат "Туған тілім-тірегім"

Автор:Дилдабаева Назерке Канатовна
Бағыты: Бастауыш сынып
Бөлімі: Тәрбие сағаты
Сыныбы: 3 сынып
Жарияланған уақыты: 2019-06-18

50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Материал туралы қысқаша түсінік

Жаңартылған бағдарлама бойынша барлық бастауыш сынып ұстаздарына арналған сабақ жоспар және ашық сабақ нұсқаулық үлгі ретінде ұсынылады.Барлық белсенді оқыту әдістерімен саралау әдістері қолданыла отырып жаслған.

Тәрбие сағатының тақырыбы: «Туған тілім-тірлігімнің айғағы».Көрнекілігі: Журналдар, суреттер, нақыл сөздер.Өткізу әдісі: Ауызша журнал.
І. Ұйымдастыру кезеңі: - Оқушылардың назарын аудару. ІІ.Кіріспе сөз: - Құрметті оқушылар, ұстаздар! Бүгін бізде ерекше тәрбие сағаты. «Туған тілім-тірлігімнің айғағы» атты тәрбие сағатының мақсаты: Мемлекеттік тіліміздің мәртебесін көтеру. Анықтама беру: Мемлекетіміз ҚР деп аталады. ҚР-дың жер көлемі үлкен. Өз әнұраны, елтаңбасы, туы, Атазаңы бар тәуелсіз елімізді Елбасы Н.Ә.Назарбаев басқарады. Мемлекетімізде бірнеше ұлт өкілдері тұрады. ҚР тәуелсіз республика болып 1991 жылдың 16 желтоқсанында жарияланды. 1989 жылы 22 қыркүйекте Республиканың Жоғарғы кеңесі қабылдаған ҚР-ң Тіл туралы Заңына сәйкес қазақ тіліне мемлекеттік мәртебе берілді. Яғни қазақ тілі- мемлекеттік тіл болып жарияланды. 22 қыркүйек- Қазақстан Халықтарының Тілдер күні деп жарияланды. ІІІ. Көрініс: «Ең қымбат қазына» «Балам, әкем кедей болды деп қамықпа. Менің саған тастаған көп қазынам бар, соны тауып алып қадіріне жет» депті. Бала кейіннен оны әрі іздейді, бері іздейді, таба алмайды. Арып-ашып жүріп, ауылдағы абыз-ақсақалдарға мұңын шағыпты. Әлгі дана қарт тыңдап болып: «Әке баласына өтірік айтпас болар, ақтық демінде ақиқатын айтқан екен. Әкең өте шешен адам еді, жарықтық. Оның саған қалдырған мол мұрасы- қасиетті тіл. Бәріміз сөздің дәмін келтіріп, қалай сөйлеуді сенің әкеңнен үйренген едік. Дүниеде тілден қымбат, мәңгілік мұра болмақ-па, сірә!» - деп аталы сөздің жұмбағын шешіп беріпті. 1- оқушы: Cен осы тіл ең қымбат қазына деген сөзбен келісесің бе, мүмкін біздің одан да қымбат қазынамыз бар шығар? 2- оқушы: Жоқ, мен олай ойламаймын. Дүниедегі ең қымбат қазына, әрине тіл. Тіл- ең алдымен қатынас құралы. Егер тіл болмаса, сен маған осы сұрақты қоя алар ма едің, ал мен саған өз ойымды айта алар ма едім? 1- оқушы: Оның өте дұрыс. Шынында да тіл қатынас құралы болумен қатар ойдың да көрінісі. «Тілі байдың – ойы бай» деп текке айтылмаса керек. Оқушы тақпақтары: 1-оқушы: Туған тілім-бабам тілі- өз тілім, Ән «Ананың тілі» Мұғалім: Жастайыңнан қиялыңды-қиялға өрлеткен ғажайып ертегілер, шыншыл да сыршыл аңыз-әңгімелер,ерлікті, елдікті дәріптеген батырлар жырлары, береке бірлікті мақсат еткен өткір де өміршең шешендік сөздер, халық даналығы – мақал-мәтелдер ана тілінде дүниеге келіп, әрбір адамға сол ана тілінде жетіп отырады.ІV. «Кім шапшаң?». 11-оқушы: Жұртым-ай шалқақтамай сөзге түсін, 12-оқушы: Ақыл көркі-тіл, тілдің көркі- сөз. Сөз өнері-киелі өнер. 13-оқушы: Өнер алды- қызыл тіл. Әдептің басы- тіл.V. «Ойлан, тап!» ( ата, гүл, бала, жақсы, еңбек, өзен, Отан, ат, ер, батыр, тас, ел, ана).VІ.Қорытынды: Мұғалім: Адамды жұбататын да, ақыл беретін де, күш-қуат беретін де, ой-сана беретін де осы сөз. Ана тілін ұмытқан адам өз өткенін де, болашағынан да қол үзеді. Міне, осындай даналық сөздер бізге тіл арқылы жетті емес пе?! Оқушылар хормен: Туған тілім-тірлігімнің айғағы, Тілім барда айтылар сөз ойдағы. Осы тілмен мен де бірге өсемін, Өшсе тілім мен де бірге өшемін.

50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Сертификатты жеке кабинеттегі жетістіктерім бөлімінен жүктеп алуға болады

Материалды сайттан тегін жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!

Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.