Материалдар / тарбие сағатты " Әр отбасы-бір әлем"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

тарбие сағатты " Әр отбасы-бір әлем"

Материал туралы қысқаша түсінік
Алғаш мектеп табалдырығын аттаған бөбектердің ата-анасымен жақын танысу үшін өткізілген тарбие сабақ
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
3707
5 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Ашық тәрбие сағаты 1-сыныпСабақтың тақырыбы: «Әр отбасы-бір әлем»Сабақтың мақсаты: А) Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру;Ә) Халқымыздың тәлім-тәрбиесі ананың ақ сүтімен, әже өнегесімен, ата ақылымен берілетін білім, өзіндік ұлттық қасиетімсізід балалардың бойына дарыту;Б) Отбасы мүшелерінің арасындағы бауырмалдық, қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, сыпайы, инабатты болуға тәрбиелеу.Көрнекілігі: қанатты сөздер, оқушыны шығармашылығынан тұратын көрме, отбасы туралы уреттер, мультимедиа.Барысы: Құрметті ата - аналар! Бүгін біз сіздермен бала тәрбиесі жөнінде ой бөлісу мақсатында жиналып отырмыз. «Ағаштан ағаш рең алады, адамнан адам тәлім алады» демекші әрбір ата - ана өз баласының тәрбиелі де рухани азығы мол азамат болып өсуін тілейді. Қазіргі заманымыздың басты мақсаттарының бірі - жас ұрпаққа саналы тәрбие беру. Жас ұрпақтың саналы азамат болып қалыптасуында ата - анамен тәрбиешінің рөлі зор. Бұл істе асығыс шешім, жалған әдіс, қатып қалған тәсіл қолдануға болмайды. «Тәрбие дегеніміздің өзі, ең алымен баланың сезімін оятып, баланың әсершілдігін дамыту». Әр ата - ана перзентінің мәдениетті, адамгершілігі мол, білімді, саналы, еңбекқор, ата - салтын, ана - тілін қастерлейтін, үлкенді сыйлай білетін адам етіп тәрбиелеуді ата - аналық міндеті деп түсіну керек. «Әр отбасы –бір әлем» атты тәрбие сағатымызға қош келіпсіздер.- Құрметті ата –аналар сіздерді «Сезім гүлі» ойынына шақырсам деп отырмын келіңіздер-Бұл ойында мұғалім ұсынған жауқазынға ата-ана өз баласын қалай жақсы көретінін жазу және дауыстап айтып баласын шақырып беру керек.-Гүлдер арқылы 2-топқа бөлу1.Кун шуақ отбасы.2. Таң шуақ отбасыІІ. Ал енді балалармен ойын ойнап жіберейік. Бұл ойынды мынадай жұмбақтар шешу арқылы ойнаймыз
  • Әкелеріңнің әкесі сендерге кім болады?
  • Әкелеріңнің анасы кім болады?
  • Отбасының тірегі кім?
  • Үйдегі алтын қазық кім?
  • Өзі әкенің ізін қуатын, ал өзінің ізін артындағыларға қуғызатын, әке жоқ кезде әке орнына әке рөлін атқаратын кім?
  • Ағадан кейін өмірге қыз бала келсе кім дейміз?(Әр жұмбақтың шешуіндегі адамдарды тақтаға іліп, отбасы сөзін шығару
Ойын: «Гүл бейнесін келтіру»-Отбасы-адам баласының түп қазығы, алтын ұясы. Адам баласын шыр етіп дүниеге келген күннен бастап сол ортаның ыстық-суығына бейімделіп, ықпалына көніп, осында ер жетеді. ) -Бала-әр ата-ананың болашағы. Ол-оның өмірінің жалғасы деп  жатады халқымыз. Олай болса сіздер үшін бала деген кім? Осы сұраққа бір-бір жауапты мына гүлдің жапырақтарына жаза отырып, бір гүлдің бейнесін құрап шығаруларыңыз керек (Аналардың жауабы: бауыр етіміз, болашағымыз, үміитіміз, сүйенішіміз, мұрагеріміз, ізбасарымыз…)Ән : «Ақмамам» орындайтын: Еркеназ, Асылзат, Малика, ІІІ. Отбасы-адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. «Балапан қыран болу ү.шін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек» деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқталған. Әр отбасында ата-ананың орын бөлек. Бала әкеден ақыл, анадан мейірім алады. Әке-шаңырақ иесі. Отбасы мүшелерінің жауапкершілігі толығымен ер-азаматқа жүктеледі. Әйел-отбасының ұйытқысы. Баланы өсіріп тәрбиелеу-әйел-ананың тікелей міндеті.    ІV. Балалардың отбасы туралы жыр шумақтары:1-оқушы  Т. НұрасылБалаала, бала депТүнде шошып оянғанТүн ұйқысын төрт бөліпТүнде бесік таянған.2-оқушы Т. НұрқанатАтамның ән-күйі ғажайыпӘжемнің әлдиі ғажайыпАнамның мерейі ғажайыпӘкемнің пейілі ғажайыпОсындай жақсы әдет ғажайыпҚалмасын ешқашан азайып.3-оқушы Т. БейбарысӘке деген-биік шыңы адамның,Әке деген-тірегі ғой ғаламның.Әке деген-бойында аққан қаның да,Шыққан тегің, ол-негізің, жаның да.Не десеңде әке жолы бір бөлек,Қайда жүрсең қолтығыңнан тұр демеп.4-оқушы ДиасБойға қуат береді.«Әй, жарайсың» дегеніМен әкемнен әр кездеСоны естігім келеді.5-оқушы МұхамедиарӘкем шытса қабағын,«Байқа, балам» дегеніАлған көп-ақ сабағымЖақсы көрем мен оны.6-оқушы И. ЕрасылСабағымнан қалмаймынБес аламын бәріненОзат оқып әрдайымҚуантамын әкемді7-оқушы Қ ерасылОйнаймыз, күлемізЖарқылдап жүремізӘкені сыйлаймызАйтқанын тыңдаймыз.8-оқушы ЖомартАна деген – өмірдің мөлдір кәусар бұлағы,Ана деген – тіршіліктің шұғылалы шуағы.Ана деген – теңдесі жоқ ұлылық,Көз алдымда тұлғаң биік тұрады.9-оқушы Амалбек«Балам аман болсын» деп көз ілмеген,Қуат алдың, анажан, өзің неден?!Адамдардан жақсылық күте алмаймынАна жүрек мейірін түсінбеген10-оқушы СерікӘжемнің саясында ер жетіп мен,Аялы ақ бесікте тербетілгенӘжемдей ақ ниетті абзал жандыТаппаспын айналсам да жер бетінен11- оқушы БауыржанЕр жетіп есейгенде балапаныАрайлап атады екен дала таңыИіскеп маңдайымнан сипалайтынҚымбат қой әжелердің алақаны12- оқушы  АлфияДүниенің жарық күні-анамызЖарық күннен қуат алған санамыз.Ұлы болсақ-анаменен ұлымыз,Дана болсақ-анамене данамыз.Өмірге мына бізді ала келген,Дүние қымбат екен анамененБи «Әке толғауы» Сынып қыздарының орындауындаVІ. Отбасы туралы мақал-мәтелдер-Ата-аналар ға бір мақал – мәтел беріледі. Мақалды сурет арқылы жеткізіп береді.
  • Ата-асқар тау, ана-бауырындағы бұлақ, бала-жағасындағы құрақ.
  • Ұлың-қымбат, немерең-ыстық.
  • Әке көрген оқ жонар, шеше көрген тон пішер
  • Ата-бәйтерек, бала-жапырақ
  • Балалы үйдің еңсесі биік.
  • Ұлы бар үйде қуат бар, қызы бар үйде шуақ бар.
Ән: «Бау бақша белдер» Нуралы Жанеркенің орындауында Ситуациялық сұрақтар«Қымбат машина» әңгімесі«Бірде әкесі Аманға жаңа ойыншық сатып әкеліп берді де: «Сындырушы болма, қымбатқа сатып алдым»- дейді. Қандай ойыншық десейші. Қара бояуы жалтылдаған әдемі машина. Келесі күні Аман жаңа ойыншығын құшақтап аулаға шықты. Сыртта оны Рахат, Қанат, Мұса қоршап алды.- Қараңдаршы, папам әперді. Аман машинасын құшағынан шығармай мақтана сөйледі.- Келші көрейік...Бере тұршы жүре ме екен?- Қандай әдемі, кел. ойнайық.Аман ойыншығын құшақтап оларға бермей қойды. Әрі - беріден соң Рахат та, Қанат та, Мұса да өз беттерімен ойнап кетті. Аман ойыншықты үйге әкеліп, төсегінің астына қойды да сыртқа шықты. Қараса, балалар өздерінше арық қазып ойнап жүр екен. Аман қызығып, жүгіріп қастарына келді.- Мен де ойнайыншы.- Ал, балалар болса үндемей, ойындарын жалғастыра берді.»Сұрақтар:1. Әңгімеден не түсіндіңіздер?2. Кім қателік жіберді деп ойлайсыздар?3. Аман кінәлі ме?4. Аманның әкесінің орнында сіздер қайтер едіңіздер?Ән «Ата-ананы тыңдаймыз» Айзере Алфия АрайлымІІІ. Қорытынды: Барлық өнеге отбасынан басталады. Балаларымыздың бойына сіңген ізеттілік - дөрекілікке, қайрымдылық – қатігездікке, адалдық – арамдыққа ауыспасын деген тілегімізді орындау - ұрпақ алдындағы ұлы міндет деп түсінейік.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!