Материалдар / Тәрбие сағаты 1 мамыр 2 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тәрбие сағаты 1 мамыр 2 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты 1 мамыр 2 сынып «Бірлігі жарасқан– Қазақстан!» атты 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған тәрбие сағатының сценариясы.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Мамыр 2022
1432
6 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Shape1

Ziyatker

Innovative

School

ZIS











«Бірлігі жарасқан– Қазақстан!»



Қатысушылар: 2 В.

Ұйымдастырушы: Ажархан Серікгүл























2020-2021 оқу жылы





«Бірлігі жарасқан– Қазақстан!» атты 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күніне арналған тәрбие сағатының сценариясы.


Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру.
Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет - ғұрпын сыйлауға үйрету.


Көрнекілігі:

1. Достық тақырыбына арналған арасында қабырға газеттері.

2. Ұлттар достығына байланысты видеоролик.

4. Слайд,тақырыпқа байланысты суреттер.

5. Әндер,билер.


Жүргізуші:

Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар!

Сабағымызды бастамас бұрын барлығымыз ортаға шығып «Ғажайып жылулық шеңберін» құрып бір бірімізге жылы сөздер айтайық.

Жарайсыңдар балалар!!! Тәрбие сағатымызды ашу үшін «Кім білгір?» ойынын ойнайық.Тақтаға әр ұлттың туы ілінеді балалар ойлана отырып мемлекет атауын айтады.

Балалар тәрбие сағатымыз немен байланысты қалай ойлайсыңдар?

«Қазақстан-біздің ортақ үйіміз» видеоролик.


Жүргізуші:

Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында Дүние жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномі - Қазақстан халықтары ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.

Бүгінде әрбір ұлтқа салт - дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Дегенмен бақыт, әділдік, бейбітшілік, жарқын болашақ үшін күрес олардың бәрінің басын біріктірді.
«Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» дейді қазақ мақалы.

Қазақстан мемлекеті көп ұлтты. Біздің елімізде жүз отыздан астам ұлттар тұрады: ұйғыр, кәріс, дүнген, өзбек, қырғыз, түрікмен, тәжік, армян, әзербайжан, украин, белорус, түрік, шешен және тағы басқа шет мемлекеттен келген ұлттар біздің елімізде тіршілік етуде. Біз олармен татумыз, доспыз және бір - бірімізбен қоян - қолтық аралас өмір сүрудеміз.



Ал оқушылар бүгінге дайындап келген тақпақтарымызды айтайық;


Мансұр

Бұзылмасын сәніміз
Барлық ұлттар бірлесіп
Қазақстан жерінде
Жасасын той мереке.

Айазима

Достық - туымыз
Достық - әніміз
Санжар Дос болайық бәріміз
Жарасып тұр әніміз

Азат

Тілегі бір,
Жүрегі бір,
Достармен біз біргеміз.
Туыс барда құрыштан да,
Берік біздің іргеміз!

Қымбат

Ортақ менен жер шары,
Төбемізде бір аспан.
Барлық ұлттың баласы,
Достығымыз жарасқан.

О.Нұрислам

Бейбітшілік құсы, ақ көгершін.

Биік ұшып, самғасын.

Тілегімді жерге жайсын,

Қанаттары талмасын.


Жүргізуші

Халқымыз достық, ынтымақтастыққа ерекше мән берген «Қырғыз, қазақ - бір туған», «Өзбек - өз ағам», «Түбі бірге түрікмен» деп қырғыз, өзбек, түрікмен және т. б. ұлттарды ынтымақтастыққа шақырған. Бірлік — халық салты. Халқымыздың бірлік салты отбасынан басталып, бүкіл елдің, барлық адам баласының бірлігімен ұласады.

Халқымыздың қанға сіңген осы берік бірлігі, ұйымшылдығы, басқа халықтармен одақтасып, достаса білу жеңістен жеңіске жеткізеді. Оған халық куә, тарих куә! Балалар, мен сендерге бір сұрақ қойғым келеді. Бұл әлемде адамзат баласына ең қажетті нәрсе не?

Ал, енді «тыныштық» деген сөздің мәнін білесіңдер ме?

Жарайсыңдар!!!


Достық — өмір үшін ең қажетті нәрсе, өйткені ешкім ешқашан да барлық басқа игілікке ие бола тұрса да , дос-жарансыз өмірді қаламақ емес дей отырып оқушыларымыз «Дос болайық бәріміз.» әнін шырқайық.

Достық дегенді қалай түсінесіңдер?

Жүргізуші:

«Бірлік» Әңгімесін оқып берейін.
Ертеде бір қария балаларын бірлікке былай үйреткен екен. Қарт бір бума шыбықты сындыруды ұсынады. Ұлдары олай әуреленіп, былай бір бума шыбықты сындыра алмайды. Қарт буманы шешіп, шыбықты бір талдап сындырып көруді ұсынады. Шыбықтар оп - оңай сынады.
Қария: бірігіп өмір сүрсеңдер, сендерге ешкімнің де әлі келмейді. Ал жеке - жеке тұрсаңдар, әрқайсыңды біртіндеп құртады.

Балалар бұл әңгімеден не түсіндік ойымызды айтайық.

Би_____________________________

Ал енді балалар бойымызды сергітіп алу үшін «Сақина салмақ» ойынын ойнайық. Жүргізуші балалардың қолына жүзік салады кімге жүзік түссе сол дайындап келген өз тақпағын айтады.


Батыр

Достық үлгі санаған
Бір үйде біз тұрамыз
Қалған ата - бабадан
Бірлік асыл мұрамыз

Д.Нұрислам

Дос болайық бәріміз
Жарасып тұр әніміз
Тыныштықты сақтаймыз
Атсын күліп таң.

Ақтілек

Жақсылыққа, бақытқа,

Талпынған әр уақытқа.

Бала біткен дос-бауыр,

Болмасын еш тосқауыл!


Нариман

Тілі бөлек болғанымен тілек бір,

Ұлы достық мәпелеген жүрек гүл.

Қазақстан бар ұлысқа шаңырақ,

Шайқалмастан шаттығымыз тіреп тұр.


Әбілмансұр

Ортақ бізге бір отан,
Ортақ жердің байлығы.
Еңбек ортақ, жыр ортақ,
Ортақ бізге барлығы.


Жүргізуші.Жарайсыңдар балалар!!!

Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130 - дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді. Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды.

1 - мамыр мерекесі дүниежүзіндегі халықтардың достығы мен бірлігін атау күні. Біздің мемлекет бейбітшілікті жақтаушы, достықты жырлаушы, тыныштықты сақтаушы ел. Елімізде әр ұлттар тату - тәтті өмір сүруде. «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» деген халық мақалы біздің елге айтылғандай.

Балалар тәрбие сағатымызды қорытындылау үшін өзіміздің дайындап келген тақпағымызды айтайық._______________________________________________

Өте тамаша!!!

Балалардан бүгінгі тәрбие сағатынан алған әсерін білу үшін «Бірлік ағашына» өз ойларын жазып жапыстырады.

Жүргізушінің қорытынды сөзі:

«Бірлігі жарасқан-Қазақстан!» атты мерекелік іс - шарамыз осымен аяқталды. Көңіл қойып тыңдағандарыңыз үшін рахмет. Қош сау болыңыздар!









Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!