Материалдар / Тәрбие сағаты 6а сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тәрбие сағаты 6а сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
30 Қараша 2020
681
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағатына арналған сабақ жоспары немесе қысқа мерзімді жоспар

Сынып сағаты


Сынып жетекшініңаты-жөні

Салкиева Н.К.

Күні:

30.11.2020 ж.

Сынып:6 «а»

Қатысушылар саны: 17

Қатыспағандар саны:

Сабақтың тақырыбы  

«Әлем мойындаған тұлға »

Оқу бағдарламасына сәйкесI-Бағыт

1. Жаңа Қазақстандық патриотизм мен азаматтық тәрбие, құқықтық тәрбие

Құндылығы: патриотизм, Қазақстан, Отан, халық; құқықтық және азаматтық сана-сезім; тұлғалық еркіндік құндылығы; адамаралық және топаралық төзімділік құндылығы; зорлық-зомбылық пен агрессияға жол бермеу; меншік пен материалдық молшылық құндылығы; еңбекті құрметтеу; өмірге деген құрмет; түрлі кемсітушілікке жол бермеу, адамдардың теңдік құқығы идеясының принципі, құқықтық мәдениет.

Сабақтың мақсаты

Қазақтың Тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың өмір жолы, туып - өскен, оқып білім алған, қызмет еткен жерлері туралы мағлұмат беру; Елбасындай Отанын, халқын сүюге, нағыз азамат, шынайы патриот болуға тәрбиелеу; Оқушылардың бойында Елбасына деген сүйіспеншілік, құрмет сезімін қалыптастыру;



      Сабақтың барысы

Сабақтың кезеңі/ уақыт

Педагогтің әрекеті

Оқушының әрекеті

Ресурстар


Бастапқы кезең


Салемдесу.Психологиялық ахуал жасау.


«Ой түрткі»:

1. Отан дегеніміз не?

2. Біздің Отанымыз

3. Қазақстан Республикасының тілі қандай тіл?

4. Қазақстан Республикасының тұңғыш Президенті кім?


Бір – бірімізге тілек айту



Ортасы

5 мин























20 мин

Құрметті балалар! Бүгінгі « Әлем мойындаған тұлға» атты ашық тәрбие сағаты еліміздің тұңғыш президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевқа арналады.

Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 шілдеде Алматы облысының Қарасай ауданына қарасты Шамалған ауылында Әбіш пен Әлжанның отбасысында дүниеге келген. 1940 жылы 6 шілдеде Іле Алатауының баурайындағы Үшқоңыр жайлауында Әбіш пен Әлжан Назарбаевтардың шаңырағында дүниеге келді. Оған әке - шешесі Нұрсұлтан деп ат қойды. Сәбиге ат таңдаудың өзі жатқан бір хикаяға айналды. Тойға жиналған ағайын - туыс түрлі есімдерді тұс - тұстан айтып жатты. Ең ақырында жаңа туған ұлдың әжесі Мырзабала мынадай ұсыныс білдірді: «Менің сүйікті немерем екі бірдей есімді алып жүрсін. Оның аты Нұрсұлтан болсын». Әлемдегі барлық әжелер секілді Мырзабала да немересінің азамат болып қалыптасуына ерекше еңбек сіңірді.



- Неліктен Тұңғыш Президент күні мерекесі 1 желтоқсанда аталып отыр?





- Ал Елбасымыздың өмірі мен қызметі туралы не білесіздер?

Нұрсұлтан Назарбаев 1940 жылы 6 - шілде де Алматы облысы Қаскелең ауданындағы Шамалған ауылында Үшқоңыр жайлауында дүниеге келген. Балалық шағы таршылық жағдайда өтті. Мектепті жақсы оқыды. Ата - анасын құрмет тұтты. Ұшқыш болуды армандады. Тұңғыш президентіміздің өмір жолы қиын да қайталанбас көп қырлы.

Отбасылық жағдайы мен Елбасымыздың қызмет жолы туралы слайд көрсету.

Сергіту сәті

Оқушылардың өлең шумақтарынан үзінді Балауса,Бауыржан,Амина


«Аукцион» ойыны.
Енді оқушылар мен сендермен «Аукцион» ойының ойнаймын. Аукцион деген – бір затқа бірнеше адамның таласуы. Мен сатамын, яғни сұрақтарды қоямын, ал сендер оны білімдерімен сатып аласыңдар, яғни сұрақтарға жауап бересіңдер.

**Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев кім? Ол қашан, қай жерде туды? (1940 жылы, 6 шілдеде, Алматы облысы, Қаскелең ауданы, Шамалған ауылында)

**Нұрсұлтан Назарбаев қашан Президент болып сайланды? (1991 жылы 1-желтоқсанда)

**Н.Назарбаев алғашқы еңбек жолын қайда бастады? (1960 жылы Теміртау қаласындағы металлургия тресінде жұмысшы болып бастады)



Мағынасын ашу, ой бөлісу















Өйткені 1991 жылы 1 - желтоқсанда жалпыхалықтық сайлау өтті. Нәтижесінде Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

98, 7 басым дауыспен Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті болып сайланды.








Оқушылар

өздері білетін мәліметтерін айтып шығады)





























НұрсұлтанНазарбаевтың портреті




Слайдтар












Соңы

5мин

Қорытынды бөлім:

Балалар, бүгінгі тәрбие сағатымызды Елбасының сөзімен қорытындылағым келіп тұр.

... Мен өз халқымның жолында басымды бәйгеге тіккен адаммын. Маған ары үшін жанын садаға ететін осындай текті халыққа, мені ұлым деп, перзентім деп төбесіне көтерген халыққа, арғы - бергідегі қазақ баласының бірді - бірінің пешенесіне бұйырмаған бақытты - толыққанды, тәуелсіз мемлекет құрудың қасында болу бақытын бұйыртқан халыққа қызмет етуден артық ештеңенің керегі жоқ, осы жолда мен бойымдағы бар қайрат - қабілетімді, білім - білігімді аямай жұмсаймын, қандай да тәуекелге барамын...”















Кері байланыс

Елбасына арнап құттықтау хат жазу.








Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!