Материалдар / Тәрбие сағаты " Елбасымыз кемеңгер, көші түзу кемел ел" 9 сынып.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тәрбие сағаты " Елбасымыз кемеңгер, көші түзу кемел ел" 9 сынып.

Материал туралы қысқаша түсінік
материал сынып жетекшіге көмек деп ойлаймын
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Маусым 2018
644
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Елбасымыз кемеңгер, көші түзу кемел ел.(әдеби – сазды кеш)Мақсаты : оқушыларға Презедентіміз Нұрсұлтан Назарбаев туралы мәлемет беру, сан қырлы дарын иесі, құдыретті тұлға екенін таныту; елімізге еңсе тіктетіп, мемлекетімізді мығымдап берен, халқымызды әлемге танытып, алаш баласының абройын асқақтатқан Елбасының кісілік келбетін насихаттау; Отанын сүюге, елжандыққа тәрбиелеу.Көрнекілігі: Елбасы суреттері, слайд, бейнебаянТүрі: әдеби – сазды кешБарысы Сахнаның ар жағынан «Тәуелсіз Қазақстан» бейнебаян көрсетіледі. Көрсетілім біткенен кейін жүргізушілер сахнаға шығады.
  • Жүргізуші: (Тоқтарбек) Армысыздар, бармысыздар құрметті ұстаздар, оқушылар және қонақтар! 2-    Жүргізуші.(Гүлден) Қайырлы күн тәуелсіз елдің қадірменді  азаматтары, ұлдары мен  қыздары бүгінгі Тұңғыш Президент күніне арналған «Елбасымыз кемеңгер, көші түзу кемел ел.» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер. 1-жүргізуші: (Тоқтарбек) Жансая сен қалай ойлайсын, осы Қазақстан Республикасы осындай дәрежеге жетіп , көк туымыздың астында бейбіт, молшылық, татулықта өмір сүріп жатқанымыз кімнің арқасында?3-жүргізуші: (Жансая) Әрине Қазақстанның атын сонау шет мемлекеттер танып, астанамыз көркейіп жатқаны Елбасымыз Н.Ә.Назарбаевтың арқасы. Гүлден сен қалай ойлайсың Қазақстан тәуелсіздігіне міне 25жыл болады, біздің мемлекетіміз қаншалықты дамыды?2- жүргізуші.(Гүлден) Иә мемлекетіміз тәуелсіз ел боп жарияланғалы бері экономикасы да, білім беру саласы да, медицина саласы да, өндірісі де, шет елдермен байланысы да жан-жақты дамуда. Барлығы, елбасымыздың саясатының негізінде емес пе? 1 - жүргізуші Иа, дұрыс айтасың, бірақ сол тәуелсіздікке де оңай жете қоймадық қой. Қаншама бабаларымыз, аталарымыз, Қайрат пен Ерболдай ағаларамыз, Ләззаттай әпкелеріміз  тәуелсіздік жолында құрбан болды. Ендеше осы ата – бабаларымыз аңсап кеткен тәуелсіздікке арнап, «Қазақстан» әнін шырқайық. Орындайтын Еркебұлан1-жүргізуші: Тәуелсіздіктің қайта оралғаны — біздің ата-бабаларымыздың санғасырлық азаттық күресінің заңды өтеуі. Жаратқан Иенің жасаған әділдігі. Ата-бабаларымыздың осыншама байтақ жерді ақ найзаның ұшымен, ақ білектің күшімен қорғап қалғанының арқасы.деп  Н.Ә.Назарбаев айтқандай тәуелсіздік қазақ елінің аңсаған арманы қол жеткен мұраты. 2-жүргізуші: 1991 жылы 16 желтоқсанда Қазақстан тәуелсіз республика болып жарияланды. 1991 жылы 1 желтоқсанда Қазақстанның елбасшысы- Президенттің сайлауы болды. Тұңғыш Президент болып Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев сайланды. 3-жүргізуші: Ата Заңымыз бойынша мемлекет басқарушысы –Президент. Латын тілінен аударғанда «президент» сөзі «алдында отырған» деген мағынаны білдіреді.
  • жүргізуші:2010 жылы 15 маусымнан бастап заңды түрде «Елбасы» мәртебесіне ие болды. Ол кісі осы жетістіктерге өзінің табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында жетті. Талай қиыншылықты елмен бірге көріп, елімізді дүниежүзіне әйгілі мемлекет ретінде танытты. Ендеше, елімізді әрі қарай дамыту - біздің қолымызда. Ендігі кезекті жастарға берейік.
Би. флешмобГүлмира Қазағымның туын тіккен – Елбасы,Ұл – қызынан үміт күткен - Елбасы.Қазақ елін аялаған - Елбасы,Қиындықта сая болған – Елбасы.Нұр ағамыз нұрындай боп қазақтың,Нұр силаған, көк тәңірім, ғажапсың!Нұрын шашып жібергенде Елбасы Ізі қалмай кетеді екен азаптың.Д. Мирас. Шарықтай бер, Нұр аға,Тік ұста бойды әр кезде,Қамын жеп елдің қашанда,Үлгі боп жас ұрпаққа.Нұр аға, сенің өмірің –Біз үшін қызық, сара жол.Жас ұрпаққа қашандаӨмір жолың – дана жол.Тахмина. Жиырма бес жылдай еліңдіСүріндірмей келесің.Ес білгелі естіледіНұрсұлтан деген ер есім.Жайқала бер, Отаным,Көтерген туым – Нұр ағам.Көбейткен достың қатарынНұр аға – біздің ұлы адам!Нұржол. Сенеді Заңғардағы тау барысы,Нұрсұлтан – ел тірегі, ел намысы.Адамның бұл өмірде арманы жоқХалқының бола білсе қорғанышыЕрзыман. Талай нөсер төгілер, болар жасын,Алапат күн әйтеуір жоламасын.Мына нұрлы өмірге тірек болғанЕлбасымыз әрдайым аман болсын!Айсұлтан . Елін сүйген елі үшін жаралып,Сол кісідей болса болсын әр алып.Адамдықтың аласармас үлгісіБір өзіңнен жатқаны шын таралып.Бүгін Тұңғыш Президенттің күнінеӘсем әнді шырқата бір салалық.Ән: Камиланың орындауында «Нұр аға» әнін тыңдайық.Көрініс:Таңертеңгі шайдың кезіСұлтан: (Нұрасқар) Жеңеше, мен бір керемет түс көрдім.Анасы:(Армангүл) Ол қандай түс, балам?(елең ете қалады)Сұлтан: Мына Алакелдінің жотасына бір қап тұз арқалап шығыппын. Тұзды жотаға алып шыққаным сол, ауыл жаққа қарасам менің класым да, мектебім де, мектептегі балалар да осы Шамалған ауылының бәрі төме-е-ен жақтан көрінді. Соны өзім арқалап шығағарған тұз толы қаптың үстінен қарап отырып көрдім. Анасы: Балам сен өте үлкен адам болады екенсің, дәрежең жоғары болады екен, тұз деген жақсы нәрсе Алла тілеуіңді берсін балам. Мансабың жоғары, өрең терең, несібең аса мол, еңсең биік болады екен.3 -Жүргізуші : Анасы баласына ақ батасын беріпті.Міне анасының жорыған түсі дәл келіп, бүгінде аз ғана уақыт ішінде әлемді аузына қаратқан Қазақ елін басқарып, атақ-дәрежесі күллі дүниені шарлап кетті.Ән: «Үшқоңыр» орындайтын Мақсат пен Аян МирасКөрініс: (Ұстаз Дана) Сыныпқа мұғалім кіреді. Балалар ертең  1 желтоқсан Елбасы мерекесі. Сендерге мен тапсырма берсем. Осы мерекеге арнап ой толғап көрсеңдер. Оқушы Монологы.(Жансая) «Менің Президентім».   Біз отбасымызбен күнделікті теледидар көруді әдетке айналдырғанбыз. Телеэкраннан Н.Ә.Назарбаевтың бейнесі көрінгеннен – ақ әжемнің жаңылмай қайталайтын бір тілегі бар: «Алла тағала, осындай ұл берген саған рахмет. Тек ел шеті бұзылмасын», - деуден жаңылмайды. Бұрынырақ әжемнің бұл сөзіне мән бермейтінмін, енді тарих пәнінен тереңдей оқыған сайын, әжемнің сөзінде көп мағына жатқанын түсініп келемін. Расында да көп ұлтты республиканың тынышын кетірмей ұстау, ондағы әр ұлттың өкілдерінің тілін табу, көрші мемлекеттермен тату-тәтті қатынас орнату үлкен жүректі, асқан ақылды, парасатты адамның ғана қолынан келетіні сөзсіз. Олай болса, Нұрсұлтан Әбішұлы әрбір қазақстандық үшін ұлы тұлға. Қазір мен де әжеммен бірге Алладан Нұрсұлтан Әбіш ұлына денсаулық тілеймін.  Оқушы Монологы(Олжас) «Менің Президентім». Қазақ халқы ерекше қонақжай халық екені белгілі. Меніңше, біздің Президентіміздің бойында да осы қасиет бар. Соңғы жиырма бес жылда Қазақстанға кімдер ат басын тіремеді десеңші? Белгілі саясаткер, мемлекет қайраткерлері мен басшылары, ғалымдар мен өнер қайраткерлері.Ұстаз:
  • Барлығың ойларыңды жеткізіп жатырсыңдар, ал сенің сурет салып отырғаның не?
Оқушы (Гүлмира)- Әр елден келген қонақтарға ұялмай көрсететін жаңа қала Астанамызды Президенттің ақыл-ойының жемісі дер едім. Астана күннен күнге бой түзеп жасарып, жаңарып келе жатқан жас қала. Сарыарқаның төсіндегі шағын ғана қаладан, әлем таныған әсем Астана жасаған Елбасының ақыл-ойына кім басын имес?Жасұлан:
  • Иә дұрыс айтасың Астана дегенде ойға шабыт келмеу мүмкін емес. Суретің ән салып тұрғандай ма, қалай? Камила, не отырыс жүр «Астана» әнін орындайық
  • Достар менде қарап қалмайын Елбасы мерекесіне шашу ретінде
«Сұлта » би билеп берейін.1-жүргізуші: Ел болдың, ерік алдың астаналы,Енді кімнен қазағым жасқанады.Тәуелсіз мемлекеттің шежіресіНұрсұлтанның атымен басталады.
  • Жүргізуші:
Азаптың артта қалды сан ғасыры,Қазақтың жетті әлемге алғаш үні.Дүниенің төрт бұрышы түгел көрдіТөрінде көшбастаған Елбасыны.

3жүргізуші: өмірдің судай ағып өзегіменКеледі Президентер кезегімен.Елбасы, Назарбаев – егіз ұғым,Жасайды мәңгі бірге өз елімен.Ән «Елбасы» орындайтын Еркебұлан мен Ұлан1-жүргізуші:Елімде бейбіт тыныш заман болсын,Тілеймін  әр адамға бақыт қонсын!Елімнің ел ағасын халқы қолдап,Қазақстан жеріміз аман болсын!

2-жүргізуші«Осындай тәуелсіз елімздің намысын қорғайтын, бүгінімізді ертеңіне жалғайтын, қазақ елінің болашағы үшін жауап беретін ұрпақ екенімізді сезінеміз»3-жүргізуші:Туымыздың тұғыры берік, еліміздің еңсесі биік болсын! Тәуелсіз еліміздің іргесі мықты болсын!БІРГЕ: Қош сау болыңыздар!

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!