Материалдар / Тәрбие сағаты «Айналайын анашым» ересек тобы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тәрбие сағаты «Айналайын анашым» ересек тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
«Айналайын анашым» атты мерекелік ертеңгілігі ересек тобына арналған. Балабақша тәрбиешілеріне пайдасы болып қалар деген ойдамын. Өте қызықты жақсы құрастырылған.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
26 Қырқүйек 2020
336
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Жүректің жылуын сыйлайыншы анама» Мақсаты: Білімділік: Балаларды көктем кереметімен таныстыру. Көктем мерекесінің қызықтарын, әдемі көріністерін тамашалау арқылы қоршаған ортаға қызығушылығын арттыру Дамытушылық: Көктем туралы түсініктерін кеңейту. Балалардың есте сақтау қабілеттерін дамыту, ой өрістерін кеңейту. Танымдық қабілеттерін дамыту Тәрбиелік: Табиғатты қорғауға тәрбиелеу. Балаларды бір - біріне деген достық сезімге, сүйіспеншілікке, көпшілік ортада тәртіпті, инабатты болуға тәрбиелеу.
Музыка залы әсем безендірілген, балалар бимен кіріп аналарға жасаған сыйлықтарын
Жүргізуші: Қайырлы күн!Қымбатты аналар, ақ жаулықты әжелер, әріптестер!
                    Барлығыңызды көктемнің алғашқы мейрамы 8-наурыз Аналар 
                    мерекесімен құттықтаймыз!Әрқашан дендеріңіз сау,көңілдеріңіз 
                    жайдарлы бола берсін дейміз!
Әбілғазы: Қымбатты әжелер, аналар, апалар, қыздар!
            Сіздерді 8наурыз мерекесімен құттықтаймыз.
            Сіздерге зор деңсаулық, мол бақыт тілейміз.
            Мерекелеріңіз құтты болсын!
Мұхамед-Али: Милые мамы, дорогие бабушки, уважаемые воспитатели!
           
От всей души поздравляем вас с весенним праздником 8марта.
           
Желаем вам здоровья, счастья и успехов во всем! Ибрагим: Dear Mummy, Dear  Granny!
           
I want you to be happy!
           
On the eights of March
           
I love Mummy, I love Granny
           
I wish them health
           
I wish them wealth!                             
Әуендіәнменбалалар би билеп залғашығады.Бидің соңында аналарына жасаған гүл шоғың сыйлап ,сапты бұзбай,жартылай шеңбер жасап тұрады.

Бекарыс:

Ардақты ана, аяулы ана , қымбаттым

Тәтті ұйқыңды бөліп талай түн қаттың

Өміріме нәсін берді ақ сүтің,

Кең құшағың аясындай гүл бақтың.

Ибрагим:

Жанымызды жайнатқан,
Сіздерді ғой аналар
Зор денсаулық мол бақыт

Тілейміз біз балалар.

Ерасыл: (анг.)

Mother is the dear rest 
Of all the friends I know  
She helps me work end   
Helps me always     
That’s why I love she so!   


Эмин:Айналасына ас қойып,

Изенді көлдей шалқытқан,

Қолын қатты тигізбей,

Кірлі көйлек кигізбей,

Иісін жұпар аңқытқан

Бұл кім?

Бәрі:- Ана


Мұхамед-Али:Күнде саған алаңдаған,

Жаңашыр кім саған?

Бәрі:-Анам


Айбын:Болсаң егер жаман,

Ренжитін кім саған?

Бәрі: Анам


АлиЖ.:Таң қалғандай ғалам,

Кім ең сұлу адам?

Бәрі: Анам


Бекжан:«Боташым» дер саған,

Кім сүйікті адам?

Бәрі: Анам


Әбілғазы:

«Жаным, күнім» дегенді,

«Құлыншағым» дегенді,

«Ботақаным» дегенді,

«Қошақаным» дегенді,

«Толған айым» дегенді,

Бәрі: Ойлап тапқан аналар!

Ән:«Аяулы анашым»

Залға Көктем-Ана кіріп сиқырлы таяқшамен желпіп, қоршаған табиғатты оята бастайды.

Көктем: - Менің ботақандарым! Менің сүйкімді, мейрімді, шырайлы айларым! Менің жайдарлы өмірім!

Наурыз- Нүркелді: Сәлеметсіз бе, анашым! Мен, сізді қуантқалы келіп тұрмын! Сізге керемет әдемі ән салып берейін. Күннің көзі бұл әнді естісе өзінің шауағын жер жүзіне молырақ түсіреді.

Мен көктемгі айымын,

Құбылмалы күн райымын.

Тамшы көңіл тамшылайды,

Күн еркелеп жарқырайды.

Балғын наурызым-ай,

Еркелеген, еркем-ай!

Сәуір-Сұлтан: Ал, менсіз көктем жалғасын таба алмайды! Қарды ертіп, жылғалардан су ағызатын мен боламын!

Мен көктемгі айымын,

Күн шуағы жып-жылы.

Табиғатым оянды,

Жаңбыр да құяды.

Сәуір деген тамаша-ай,

Еркелеткен, еркем-ай!

Мамыр-Алдияр: Анашым! Бәрінен де керемет мен боламын! Мамыр айында алуан түрлі гүлдер гүлдейді, ал олардың аңқыған жұпар иістері қандай десеңші!

Мамыр: Мен көктемгі айымнын,

Күн шуағын жып-жылы.

Гүлдер шешек атып тұр,

Балалар далада ойнап жүр.

Мамыр деген әсем-ай,

Еркелеткен еркем-ай!

Қандай керемет! Қандай тамаша!

Наурыз-Нүркелді: Суытып кетті. Жаурап барамын!

Барлығы: Шынымен де суытып кетті! Неліктен суық түсті?

(Суықтан тұла- бойлары дірілдеп тұрады.)

Сәуір-Сұлтан: Үйге қарай жақындайық! (Үйшіктін қасына жақындап барып, орындыққа отырады. Екінші үйшіктен ақпан айы (бала) шығады.

Ақпан-Әмір:Төңіректі мен суыттым! Бұл менің үскірігім! Анашым маған ұйықта деп бұйырды. Ал, мен болсам оның ақылын тыңдамадым.

Сәуір-Сұлтан: Сен кімсің? Есімнің кім болады?

Ақпан-Әмір: Мен- Ақпан боламын!

Мамыр-Алдияр: Ақпан?! Ал сенің анаң «Қыс» қайда?

Ақпан -Әмір: Менің анам ұйықтап қалды! (Керіліп тұрып сөйлейді.)

Ал, менің ұйқым келмейді! Айтпақшы! Сіздердің әндеріңізді естіп таң қалып тұрмын! Еш уақытта бұл әнді естіген жоқпы.(Таңырқап тұрады).

Менің де сіздермен ойнағым келеді! Мен де ән айта аламын! ( Ақпан өз әнін айтады.)

Менің есімім ақпан,

Менің ағам Желтоқсан.

Орташы ағам қаңтар,

Біз сүйеміз аппақ қар.

Менің райым қатан,

Міне, сондай суық ақпан!

Көктем: (қатал түрде): Сен анаңнан сұрандың ба?(Көктем-ана ақпан айымен сөйлесіп тұрғанда, көктемнің үш айы орындарынан тұрып сахна төрінде шығады.

Ақпан:Жоқ, сұранған жоқпын! Мен өзім шешемін!

Көктем: Үлкенднрдің тілін алып жүру керек! Анашыңның ақылына назар аудармайтын болсаң, бір пәлеге душар болып қалуың мүмкін. Көктем айларымен ойнағың келеді ме? Жақсы , мүмкін болса ойнап көр!

(Ақпан мамырдың қолынан ұстап ойнамақшы болады, ал мамыр ойыннан бас тартады.)

Мамыр-Алдияр: Ақпан мен сенімен ән салып, ойнағым келмейді! Менің гүлдерім солып қалады! (Ақпанның көңіл-күйі жабырқай түседі. Сәуірдің қолынын ұстамақшы болады.)

Сәуір-Сұлтан: (Қолын жұлып алады): Менің де сенімен ойнағым келмейді!Сенің үскірек деміңнен жылғалар қатып, құстар тонып қалады. (Ақпан қатты ренжіп қалады. Наурызбен ойнамақшы болады.)

Наурыз- Нүркелді: Мен де сенімен ойнай алмаймын! Мен- көктем мезгілінің алғашқы айымын. (Ақпан қатты ренжіген күйінде өзінің үйшігінің алдына барып орындыққа отырады).

Ақпан:Менің достарым жоқ! Ішім пысты. (Ақпан қатты жылай жөнеледі.)

Мен көктем айларымен бірге ән салып, би билегім келеді! Мен еріп бара жатырмын! Анашым! Құтқарыңдар! Анашым!

(Ақпанның қасына Көктем-ана келеді.)

Көктем: Үлкенднрді тыңдамаған неге алып соғатынын көрдің бе?Сен еріп кете жаздадың ! Қазір көктем мезгілі ғой, саған далада ойнауға болмайды!

Ал сенің уақытың да ұзамай- ақ келеді.

Ал, қазір үйіңе бар. Анашыңды сыйлап жүретін бол!(Кейіпкерлер сахнаның төріне шығады.)

Ақпан-Әмір: Әрине! Мен өз сүйікті анамды әр қашанда сыйлап жүретін боламын!

Хормен: Сүйікті әрі мейірімді анамызды әр қашанда сыйлап жүреміз!

Көктем-ана: Балалар, бүгін сендердің мерекелеріне мен де ортақпын. Өлкемізге көктем келіп, табиғат ояна бастады.Менің де балаларға әкелген сыйым бар, қабыл алыңыздар!

Ән: «Нұрлы көктем»

( Көктем-анамен қоштасады)


Ойын:«Ананы даусынан таны»

Ойын шарты: ортаға 5 баланы 5 ананы шығару.Балаалрдың көздері байланады, бір ана «Ботақаным немесе «Қошақаным» деген сөзді айтады.

Балалар сол сөзді кімнің анасы айтқанын табу керек.


Айша: -Сен, осы әжеңді қалай құттықтар едің?

Ерасыл:- Мен бе, міне, былай! «Алло, әже, Мерекеңізбен құттықтаймын. Беретін гүлім, айтатын әнім бар! Ойыншықта әперетін, Балабақшаға да әкелетін Әжетай, сені жақсы көремін»-деп, құлағына сыбырлаймын.

Айша:-Ия, дұрыс-ақ! Қариясы бар үйдің, қазынасы бар-деп, бекерге айтылмаған ғой. Қазыналы әжелерімізді құттықтай отырып, мына әнімізді қабыл алыңыздар дегіміз келеді.

Ән: «Сағыңдым әже»


Эмин: Әжемді мейрамымен құттықтаймын,
Айтатын ән,беретін гүлім дайын.
Әжетай сені жақсы көремін деп,
Ақырын құлағыңа сыбырлаймын.

Әбілхайыр:

Әжем менің асыл жан

Жақсылыққа үйретін

Жамандықтан шектейді

Әжеме ешкім жетпейді



Асанали:

Аман болсын басыңыз,

Ағармасын шашыңыз.

Шөбере сүйіп әлі де

Жүзге жетсін жасыңыз


Әзіл-би: «Ботқа пісіру»


Бекарыс: Маған қарашы мен әдемімін бе?

Асанали: И...и ..... саған не болған?

Бекжан: Не болушы еді, қазір біздің қыздар өнер көрсетпекші

Асанали: Ия өмір зымырап бара жатыр, ал біздің қыздар күннен күнге құлпырып бара жатыр.

Бекарыс:(күрсініп) ия

Асанали: күрсінбе, ол қыздармен әлі мектепте де кезесеміз.

Бірге: Олай болса қыздардың орындауында

БИ: «Ару қыздар»



Ажара:Ер жеткізіп елге берген баласын,

Ақылдысың, ардақтысың, данасың!

Қарайтыным қас-қабағың, бір сенің,

Қайратыңнан қайта көрме, анашым!


Асылжан:Той-тойлап дала мен қалаларым

Мерекең құтты болсын аналарым!

Асыл әже, абзал ана мерекесін,

Құттықтауға келіп отыр балаларың


Алуа:Ақылшым менің анашым,

Мен үшін сен данасың.

Үогі боп сен ояттың,

Қызығыңның бар санасын.


Айнұр:Жарқын жүзді жан анам

Сендей болсын бар адам

Сендей болса бар адам

Шаттық кетпес баладан.


Нармина:Бал анам, асыл анам, Таңым анам,

Мен сенен қуат алам, жалын да алам.

Күн болып көңілімді күйге бөлеп,

Арнадың өміріңнің бәрін маған.


Аруна : I love mother, she loves us 
We love daddy, he loves us  
He loves us and so you see  
We are a happy family
     


Айша:Алтын анам жасымнан аялаған,

Мен үшін жақсылықты аямаған.

Бақшадан үйге келгенімде,

Бал сөзің «Жаным» деген сая маған!


Камила:Жан анам, жарық күн жанарың,

Бір сенде кіндігі даланың.

Өзімді құшақтап сүйгеніңде,

Сеземін көктемнің самалын.


Ильназ:Аялы қолды талпынтқан,

Қаймақты сүттей қалқытқан;

Суық болса жөргегін,

Қорғасындай балқытқан;


Айзере:Жарқын жүзді жан анам

Сендей болсын бар адам

Сендей болса бар адам

Шаттық кетпес баладан.


Ойын: «Гүлзар»

Ойын шарты: екі жерде жатқан құрсаулардың ішіне балаларды шақырамыз.Әуен қосылған уақытта балалар құрсаулардан шығып айнала билейді. Ал әуен аяқтаған кезде тез арада құрсаудың ішіне күрулері керек. Соңғы құрсаудың ішіне кірген бала ойыннан шығады.


Асылжан: Аруна, қарашы маған Бекжан гүл сыйлады.

Аруна: Қойшы Асылжан гүл сыйлағанша одан да неге би сыйламайды.

Асылжан: Әрине олардың биі де дайын.

Бірге: Ендеше ортаға жігіттердің орындауында

БИ: «Жігіттер биі»

Эмин:

Демеңіз біз өнерді аяп қалды,

Мезгіл де біраз жерге таяп қалды.

Қош болып тұрыңыздар көріскенше,

Осымен Тамашамыз аяқталды

Би «Қөңілді би»


Жүргізуші: Осымен құрметті аналар, әжелер
                     Біздің балаларымыздың дайындаған
                      Мерекелік шарамыз  аяқталды! 
                      Келесі кездескенше сау-сәлеметте  болайық.




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!