Материалдар / Тәрбие сағаты Астана қазақ елінің мақтанышы 6 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тәрбие сағаты Астана қазақ елінің мақтанышы 6 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Астана қазақ елінің мақтанышы атты ашық тәрбие сағаты
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Шілде 2018
672
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы:  Астана-қазақ елімнің мақтанышы.Сабақтың мақсаты:  Білімділік: Оқушыларға Астана — жаңа Елорданың саяси, экономикалық, мәдени дамуының орталығы екенін түсіндіру. Дамытушылық: Астана тарихын насихаттау арқылы тіл байлығын, сөз саптауын, ойын жеткізе білу дағдыларын жетілдіру. Тәрбиелік: Оқушыларды Отансүйгіштікке, әсемдікке,  салауаттылыққа тәрбиелеу.Сабақтың әдісі: сұрақ – жауап, түсіндіру.Көрнекілігі: тақырыпқа сай суреттер.Сабақтың барысы: І.Ұйымдастыру кезеңі. 1.Оқушылармен амандасып,назарларын сабаққа аудару. 2. Қ.Р.Гимн орындату. ІІ.Негізгі бөлім1.Кіріспе. Балалар, Астана – еліміздің бас қаласы. Әр елдің баласы өз Отаны, туған жері туралы біліп, оны көркейтіп, қадірлей білуі керек. Біз – осы елдің болашақ патриотымыз. Үлкендеріміз жасап берген жолды алдағы уақытта жалғастырушылар – біздер, яғни мектеп оқушылары.  Астана – күн санап көркейіп келе жатқан қала. Оның өсіп-көркендеуі, сөз жоқ, мемлекетіміздің абыройы. Осы аз уақыт ішінде Астана келбетіне ішкі сұлулығы үйлесіп, қанат жайып,  сырттан келгенді де, іштен барғанды да тамсандыратын ғажайып қалаға айналды. Астананың көптеген көрікті жерлері бар. Ол бірінші - “Астана - Бәйтерек” кешені болып табылады. Есілдің сол жағында бой көтерген алғашқы сәулет туындысы. «Бәйтеректі» «өмір ағашы» деп те атайды. Бұл сәулет туындысы халық ертегісі «Ер Төстіктің» оқиғасы желісімен өрілген. Естеріңде болса, өз бақытын іздеп шыққан Ер Төстік қиын-қыстау заманда зәулім бәйтерекке тап болады. Ұшар басына көз жетпейтін мәңгілік өмір ағашына таң-тамаша қалады. Нақ төбесіне де ұя салған самұрақ құстың алтын жұмыртқасына ие болады. Сөйтіп, бақытты –баянды ғұмыр кешеді. Мәңгілік өмірді жер жаһанға жария етіп тұрған «Бәйтерек»- Бас қаламыздың символы. «Астана-Бәйтерек» үш бөліктен –тамыры, діңі және ұшар басынан тұрады. Үш бұрышты күміс тұмар даму үрдісіндегі өміршеңдікті білдіреді. Керемет құрылыс. Астананың қасиетті белгісі болып табылатын 97 метр биіктікте орналасқан көрініс алаңы, сол құс ұшатын ұядай жерден сәнді де, сәулетті Астананың көрінісін көруге болады. Келесі көрікті жерлері “Думан” ойын-сауық кешені – күмбезді кеңістік, океанарум, кинозалдар.  Күмбезді залда Қожа Ахмет Яссауи кесенесін, Ұлы Қытай қабырғасы, Галикарнас кесенесі, Бостандық ескерткішін және т.б көруге болады. Керемет акватеатрда қызықты көл шоуын және қастарындағы жыртқыш балықтарды бақылауға болады. Кинозалда мықты дыбыс пен арнайы дайындалған көз әйнектер арқылы экранда болып жатқан оқиғаның ортасында тұрғандай сезінесіз. Келесі көрікті жері- ол Елбасының мәдени орталық мұражайы болып табылады. Мұражайдағы жәдігерлер көне замандағы хандықтардың құрылуынан бастап Қазақстанның Егемендігін алғанға дейінгі уақытты қамтиды. Содан кейін “Қазақстан картасы - “Атамекен” этно-мемориалдық кешені. Ашық аспан астындағы бұл мұражайда Қазақстанның барлық 14 облыстары, Астана және Алматы қаласының обьектері кішкентай макет ретінде жасалған.  Содан кейін әуенді фантандар бағы болып табылады. Кең бақ сол жағалауды екіге бөледі. Бұл саябақ үш деңгейлі көрме құрылысынан және 2 павильоннан құрылған. Балалар енді сөз жұмбақ шешеіп көрейікші.












а






с









т









а





н









а























1.Қазақ халқының ұлттық музыка аспабы. 2. Қазақстан Республикасының елбасының есімі. 3.Қазақстанның тұңғыш ғарышкері 4.Қазақ халқының ұлы ақыны. 5.Ас атасы. 6 Қазақстан Республикасының рәмізі. Мақал – мәтел. * Бұл – бұл гүлзарын сүйеді, Адал адам отанын сүйеді.* Отан елдің анасы,ел ердің анасы.* Отансыздың оты жанбайды..* Отан үшін күрес, елге тиген үлес.Дәптермен жұмыс.Мақал – мәтелдерді дәптерлеріне жаздыру.Өлең шумақтары.Оқушылардан өздері білетін Астана туралы өлеңдерін айтқызу.Сергіту сәті. Топтық жұмыс. Оқушыларды екі жұпқа бөлу.1 ші жұп: Сурет салу.2 ші жұп: Астана туралы өлең құрастыру.Шығармашылық жұмыс. /Астанаға ізгі тілек/ІІІ. Қорытынды.Я, балалар, сабағымызды қорытындылай келе, әрине Астана туралы айтып тауысуымыз мүмкін емес, әрине Астана туралы жырланған жыр, салған ән, шерткен күй қаншама дерсіз?Астана – үлкен армандар жетегіне еріп, жаңа қала, үлкен шаһар, әлемдік орталық жасалады деген биік мақсаттармен салынған қала.Бізде тек, Астана – бар қазақтың алтын бесігі, әлемнің қызыға көз тіккен бекзат қаласы болса деген арман бар.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!