Материалдар / Тәрбие сағаты "Бір шаңырақ астында"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тәрбие сағаты "Бір шаңырақ астында"

Материал туралы қысқаша түсінік
1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні мерекесіне арналған
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Сәуір 2021
209
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Түркістан облысы Отырар ауданы Талапты ауылы

Қ.Сәтбаев жалпы орта мектебі






Picture 2




Бір шаңырақ астында


1 мамыр күніне арналған мерекелік кеш





Дайындаған:ҚББП А.Айшықова

Тәлімгер: Әбілда Д.






2020-2021 оқу жылы



Таныстым: ДТІЖО Н.Нұрымшан


Мақсаты: Оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру . Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге 
тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету.


Көрнекілігі: Плакатқа жазылған тақырып, қанатты сөздер, гүлдер, шарлар, ұлттық киімдер
БАРЫСЫ:


І жүргізуші: Қайырлы күн, ардақты ұстаздар! 


ІІ жүргізуші: Құрметті қонақтар мен оқушылар! Қазақстан Республикасының мекендеген ұлттар мен ұлыстар достығы және бірлігіне арналған «Бір шаңырақ астында» тақырыбындағы салтанатты жиынымызға қош келдіңіздер!

1- мамыр Қазақстанда жыл сайын тойланатын мереке. Мереке 1996 жылдан бастап тойланады. 1995 жылдың 18 қазанында тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің жарлығы бойынша «1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні» деп жарияланды.


1-жүргізуші:

Бірінші мамыр!

Достықтың ұлы мейрамы

Тоғысар сенде жандардың ізгі ойлары.

Татулық пенен бірлікке ынтымақ, адамзат,

Өзіңді сәнмен қошемет етіп тойлайды!


2-жүргізуші: Күте тұғын асыға әр күнін біз,

Арналатын ең тәтті ән жырымыз

Мерекелі мерейлі айдың басы

Құтты болсын Бірінші Мамырымыз!


1-жүргізуші: Бұл күні қырқаларға гүл тұнады,

Бар әлем бір-ақ сәтте құлпырады.

Әлемге дос құшағын жая келген,

Армысың, бар халқымның ынтымағы!


ІІ жүргуші: Қазақстан Республикасында қазіргі таңда 130-дан астам ұлттар мен ұлыстар мекендейді.Тарих көшінің белгілі бір кезеңінде тағдыр тауқыметін арқалап, солақай саясаттың құрбанына айналып, елімізге келіп қоныстанған ұлттар мен ұлыстар үшін қазақ жері киелі алтын бесікке айналды. 

І жүргізуші:

Ұлтаралық татулық арқасында бүгінде ел тыныш, жұрт аман. Осы берекеміз бұзылмағай. Қазақстанда тұратын барша ұлт арасындағы айнымас достыққа сызат түспесе екен. Бүгінгі алғашқы құттықтау сөз кезегін мектеп директоры Ділдабай Лаззат апайымызға береміз.


Ән «Желкілдек» Орындайтындар «Қыздар» триосы


1-жүргізуші: Қаһарман, қас батырға дабылы сай,

Арманға жетелейтін ағыны бай.

Мен сені қуанышпен қарсы аламын,

Ажарың ақ-шуақты мамырым-ай.

5-сынып оқушыларының орындауында ұлттық биді қабыл алыңыздар.

 1-жүргізуші:

Тілі басқа тілегі бір біргеміз,

Өздеріңмен жүздесеміз күнде біз.

Мақсат ортақ, бейбітшілік ұран боп

Татулықтан бұзылмасын іргеміз, - дей келе әр халықтың тіліндегі құттықтауларға кезек берейік.


Орыс тілі

Дорогие друзья! От всей души поздравляем вас с праздником – Днем единства народов Казахстана. Пусть ваши страны будут спокойными и мирными!

Өзбекше

Aziz do'stlar! Sizlarni bayram-Qozog'iston xalqlari birligi kuni bilan chin qalbimizdan tabriklaymiz. Mamlakatlaringiz tinch va osoyishta bo'lsin!

Татар тілі

Кадерле дуслар! Сезне чын күңелдән бәйрәм-Казахстан халыклары бердәмлеге көне белән котлыйбыз. Илләрегез тыныч һәм тыныч булсын!

Қырғызша

Урматтуу коллегалар, достор! Сиздерди чын жүрөктөн Казакстан элдеринин биримдик күнү майрамы менен куттуктайбыз! Сиздердин өлкөлөр тынч жана бейпил болсун!

Түрікше

Sevgili arkadaşlar! Kazakistan halklarının birlik günü – tüm kalbimle tatil için tebrikler. Ülkeleriniz sakin ve huzurlu olsun!


І жүргізуші:
1 - мамыр - Қазақстан халықтарының бірлігі күні. 1995 жылдың наурызында Дүние
жүзіне үлгі болып отырған, ұлтаралық татулық пен тұрақтылықтың феномі - Қазақстан халықтары ассамблеясы құрылды. Бұл ешбір елде болмаған ерекше, саяси маңызы зор құрылым.
2 - жүргізуші
Бүгінде әрбір ұлтқа салт - дәстүрлерін жаңғыртуға, мәдениеті мен әдебиетін дамытуға, тілінің жетілуіне қамқорлық көрсетілуде. Дегенмен бақыт, әділдік, бейбітшілік, жарқын болашақ үшін күрес олардың бәрінің басын біріктірді. «Бірлігі жоқ ел тозады, бірлігі күшті ел озады» дейді қазақ мақалы.
Ендеше «Бірлік» тақырыбындағы көріністі тамашалаңыздар.

2-жүргізуші:

Ынтымағы жарасқан берек күн,

Білдіреді болашақ ел ертеңін.

Татулық пен достығың арта берсін.

Құтты болсын бүгінгі мереке күн – дей келе 6-сынып оқушыларының орындауындағы «Бүгін қандай тамаша көңілді күн» әнін қабыл алыңыздар.


ІІ жүргізуші: Биыл еліміздің Тәуелсіздігіне 30 жыл толып отыр. Бұл – қажырлы еңбектің, төзімділік пен жеңістің 30 жылы. Егемен ел бесігі жыл өткен сайын еңсесін биіктетіп келеді. Келесі кезекте 8-сынып оқушыларының орындауында флешмобты тамашалаңыздар.


1 - мамыр мерекесі дүниежүзіндегі халықтардың достығы мен бірлігін атау күні. Біздің мемлекет бейбітшілікті жақтаушы, достықты жырлаушы, тыныштықты сақтаушы ел. Елімізде әр ұлттар тату - тәтті өмір сүруде. «Бірлік бар жерде, тірлік бар» деген халық мақалы біздің елге айтылғандай. Кезекті ұлы тұлғаларымыздың бірлік, ынтымақ туралы қанатты сөздеріне береміз.

1 - оқушы: Білге қаған былай дейді:

Ел болып бірігуден асқан бақыт жоқ. Тату елге — тыныштық пен тоқшылық нәсіп.


2 - оқушы: Күлтегін батыр былай деген екен:

Бегі мен халқының ынтымағы жоқ жерде, дұшпанының алдауына сенген, арбауына көнген жерде, інісі мен ағасы дауласқан, бегі менен қарашасы жауласқан жерде ел елдігінен айырылады.


3 - оқушы: Майқы би бабамыз:

Алтау ала болса — ауыздағы кетеді,

Төртеу түгел болса — төбедегі келеді- деген екен.


4 - оқушы: Ұлы жүздің төбе биі Төле бабамыз:

Жалғанда ойлап тұрсаң бірлік керек,

Бірлікті ойлау үшін тірлік керек, - деген екен.


5 - оқушы: Орта жүздің биі қаз дауысты Қазыбек бабамыз:

Бірлігі кеткен ел жаман, егесіп өткен ер жаман. Ел болып бірігуден асқан бақыт жоқ, -деген екен.


6 - оқушы: Кіші жүздің биі Әйтеке бабамыз:
Жүзге бөлінгендердің жүзі қара,
Руға бөлінгендердің құруға асыққаны.
Атаға бөлінгендер адыра қалады,
Көпті қорлаған көмусіз қалады.

Хан азса халқы сатады,
Халық азса хандыққа таласады,-
Қазақ бақыты өзара достық, бірлік, ынтымақта. – деген екен
.


7 - оқушы: Халқымыздың мақалында: ЬІнтымақ қайда болса — ырыс сонда барамын депті,- дейді.


8 - оқушы: Халқымыздың мақалында: Жалғыз жүріп жол тапқанша, көппен бірге адас,- дейді.


9 - оқушы: 16 ғасырда өмір сүрген Шалгиіз Тіленшіұлы:

Жағаңа дұшпан қолы тимеске — артыңда туысқанның көбі игі, - деген екен


10 - оқушы: Тұңғыш президентіміз Н.Ә.Назарбаев:

Біздің баға жетпес байлығымыз - бабалардан өсиет боп қалған, халқымызға қасиет боп қонған береке-бірлігіміз. Құнды қазынамыз - тарих табыстырып, тағдыр тоғыстырған халқымыз. Ынтымақ кеткен жерден - ырыс, бірлік кеткен жерден - береке кетеді, - деген.

ІІ жүргізуші: Жер – анамыз жасайды тарлық кімге,
Кетпеу үшін мәңгілік қалқып түнде.
Қайталанып, жаңарып айтылады,
Бейбітшілік деген сөз барлық тілде,- дей отырып,
Құрманбай Ердәулеттің әсем әнін тамашалауға шақырамыз.


І жүргізуші: Халқы жомарт, даласы дархан, орманы қорған, таулары қалқан болған ақ бесік атамекені бар, сол мененде жусанның жұпар иісін иіскеген, өздігінен ешкімге тиіспеген елміз!
ІІ жүргізуші: Шыдамының шегіне жеткенде, намыс оты сүйегінен өткенде, кеудесінде жанар тауы жарылып, көзінің алды қанталап, өзіне қарап анталап тұрған жаудың алысқанының ауызына ұрып, жұлысқанның жұлынын жұлып бір-ақ тоқтаған елміз.
І жүргізуші: Сондықтан да біздің мемлекет кешегі бабаларым табыстаған, сәт сайын, сағат сайын қарыштаған Тәуелсіз Қазақстан! 

І жүргізуші: Қазақстан сияқты мемлекеттің өркендеуінің бір кепілі еліміздегі ынтымақтастық пен бейбіт өмір!
ІІ жүргізуші
: Ендеше, бейбітшілік жасасын! 
І жүргізуші: Ынтымақтастық жасасын!
ІІ жүргізуші: Қазақстан жасасын! 
І жүргізуші: Қазақстан халықтарының бірлігі жасасын! 
ІІ жүргізуші: Осымен, бүгінгі мерекелік кешімізді аяқтаймыз.
І-ІІ жүргізуші: Сау - саламатта болыңыздар!







 








































Көрініс: «Төле бидің жұмбағы». Сахнаға үш би шығады.
Төле би: Уа, халқым, сөз қадірін білетін, сөз таныған жастарға 10 түрлі жұмбағым бар.
Айтсам жұмбағым мынау:
1,2,3,4,5,6,7,8,9,10
Дауыстар:Осындай жұмбақ бола ма екен?
Қазыбек би: Ұлы аға, бұл жұмбақты мен шешейін, рұқсат етіңіз:
Төле би: Рұқсат, Қаз дауысты Қазыбегім.
Қазыбек би:
Бір дегенің – бірлігі кеткен ел жаман.
Екі дегенің – егесіп өткен ер жаман.
Үш дегенің – үш бұтақты шідерден шошынған ат жаман.
Төрт дегенің – төсектен безген жас жаман.
Бес дегенің – белсеніп шыққан жау жаман.
Алты дегенің – асқынып кеткен дерт жаман.
Жеті дегенің – жас келіншек жесір қалса сол жаман.
Тоғыз дегенің – торқалы той, топырақты өлімге бас көрсетпесе сол жаман.
Он дегенің – кәрілікке дауа болмас.

Төле би: Рахмет, дәл тауып шештің, ойы да, тілі де жүйрік, тұлпарым менің.
Қазыбек би: Ал, Әйтеке, халқыңа сен не айтасың?
Әйтеке:
Уа, халайық!
Көсіліп шабар жерің бар,
Тау көтерген елің бар,
Атадан қалған сара жолың бар.
Тіл қадірін білер болсаңдар!
























Бір шаңырақ астында


Қ.Сәтбаев жалпы орта мектебінде 1 мамыр мерекесіне орай «Бір шаңырақ астында» тақырыбында мерекелік шара болып өтті. Шараның мақсаты оқушыларға Қазақстан Республикасы әлемде ең алғашқы мемлекеттердің бірі болып сырттан келген басқа ұлт өкілдеріне алтын бесік болғандығын ұғындыру . Қазақстандық патриотизмге, елін, жерін сүюге және халқын құрметтеуге тәрбиелеу. Басқа ұлт өкілдерінің мәдениетін, әдет-ғұрпын сыйлауға үйрету. 1- мамыр Қазақстанда жыл сайын тойланатын мереке. Мереке 1996 жылдан бастап тойланады. 1995 жылдың 18 қазанында тұңғыш Президентіміз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтің жарлығы бойынша 1 мамыр Қазақстан халықтарының бірлігі күні деп жарияланды.

Мерекелік шара барысында құттықтау тілектер айтылды. «Достар», «Қазақстаным байтағым», «Елім менің» әндері нақышына келтіріліп орындалды.

Ұлттық биімізден басталып өзбек биі, кәріс биі, орыс билерін оқушыларымыз орындап көрермендер ризашылығына бөленді.

Қазақ халқы қашанда ынтымақ пен бірлікті ойлаған. Татулыққа аса қатты мән берген. Тарихымыздағы би, шешендеріміз - тілге жүйрік,сөз қисынын тауып айтатын халық қалаған сөз шебері болған. Жақсы адамдарды көріп, білмесе де сырттай сүйініп, ұрпағына үлгі еткен. Осындай ел тыныштығы мен бірлігін ойлаған шешендеріміздің бірі Қазыбек би бабамыз. Осы Қазыбек бидің қалмақ еліне барып бітімгершілік жасаған шешендік сөзінен 5-сынып оқушылары көрініс көрсетті.

Елімізде әр ұлттар тату - тәт

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!