Материалдар / Тәрбие сағаты: Жолда жүру ережесін білеміз бе?
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тәрбие сағаты: Жолда жүру ережесін білеміз бе?

Материал туралы қысқаша түсінік
Бастауыш сынып мұғалімдеріне, жолда жүру ережесі туралы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
09 Қазан 2019
5922
19 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Авторы : Абдрахманова Әйгерім Ерсінқызы

ШҚО, Жарма ауданы, Қалбатау ауылы « Георгиевка орта мектебі » КММ


Тәрбие сағаты


Сабақтың тақырыбы: Жолда жүру ережесін білеміз бе?

Сабақтың мақсаты:

1.Оқушылардың жолда жүру ережесі, жол белгілерінің түрлері жайында

білімдерін толықтыру.

2. Жол қауіпсіздік ережелерін есте сақтауға, орындауға баулу. Ой – өрісін

дамытып, түсініктерін кеңейту.

3.Оқушыларды көшеде дұрыс жүріп- тұруға, жол ережесін сақтауға

тәрбиелеу.

Көрнекілігі: Бағдаршам, жол белгілері салынған суреттер.

Сабақтың жүру барысы:

1. Ұйымдастыру кезеңі: 1. Оқушыларды топқа бөлу.

(Бағдаршам көздеріне сәйкес қызыл, сары, жасыл дөңгелекшелер арқылы бөлу)

2. Сұрақ- жауап

1 топқа: Жол ережесі дегеніміз не?

2 топқа: Жол ережесін не үшін білуіміз керек?

3 топқа: Жол ережесін қалай сақтаймыз?

Мұғалім: — Ал енді «Жолда жүру ережесін білеміз бе?» атты сынып сағатымызды бастаймыз.

ІІ. Негізгі бөлім:

1. «Ой қозғау»

Жұмбақтар

1. Ала таяқ ұстаған,

Жол тәртібін нұсқаған.

Өміріңді күзеткен,

Ысқырықпен түзеткен. (Жол полициясы)

2. Көше бойлап аяңдайды,

Адам тасып аялайды. (Автобус)

3. Көліктің қаншасын үстінен өткізген,

Іргеден басталып, алысқа жеткізген. (Жол)

4. Жоқ өзінде бас та, ауызда да, құлақ та,

Бақырайған үш көзі бар бірақ та. (Бағдаршам)

5. Арқаным бар тым ұзын,

Ала-алмайсың бір үзім.

Табыңдаршы, балалар,

Бұл жұмбақтың шешуін. (Жол)

6. Өзі сөйлей білмейді,

Бірақ «Тоқта, жүр!» дейді. (Бағдаршам)

Сұрақ: — Бағдаршам деген не?

— Ол қандай қызмет атқарады?

2. « Кел, танысайық!» айдары

Мұғалім: Бағдаршам өмірімізді жазымнан сақтандыратын көмекшіміз. Баршамызға оның сырын біліп, тілін алу керек.

Бағдаршам — жол элементтерінің ішіндегі ең ерте қолданыла бастағаны. Қазір бағдаршамның жасы жүзден асып кетті. Оның кескін келбеті де құрылысы да әлденеше рет жаңарды. Ол жол қозғалысына қатысушыларға өз жарығымен бағыт сілтейді.

Біздің еліміздің қала, ауылдарына бәріне ортақ көше қатынас ережесі енгізілген. Бұл ережені оқушылар да, үлкендер де, яғни барлық көлік жүргізетін жүргізушілер де бұлжытпай орындауы керек.

Сұрақ: — Балалар, сендер көшеде жүру ережесін білесіңдер ме ?

— Жиек жол деген не? (Адамдар жаяу жүретін көше жиегіндегі тар жол)

— Жаяу адамға қай жермен жүруге болмайды? (Көлік жүретін көшенің ортасымен жүруге рұқсат етілмейді)

Хормен:

Қызыл көзін ашқанда,

Сынық сүйем баспа алға!

Сары көзін ашқанда,

Қарап қалма аспанға!

Жасыл көзін ашқанда,

Өте бергін, жасқанба!

Қызыл – Тоқта!

Сары – Сақтан!

Жасыл – Жол ашық!

3. «Жол белгілерін білеміз бе?»

(Оқушыларды жол белгілерімен толық таныстыру)

Сергіту сәті:

Қызыл : қолымызды жоғары көтереміз.

Сары: бір- бірімізбен амандасамыз.

Жасыл: құшақтасамыз.

4. Топтық тапсырма:

Жол белгілерінің суретін салу, қорғау.

5. «Жол тәртібін білейік, Аман-есен жүрейік!»

Сұрақ-жауап:

1. Жолаушылар дегеніміз кімдер?

Кез — келген көлік түрін пайдаланатын адамдар.

2. Бағдаршам дегеніміз не?

Бағдаршам автомат жүйесіне қосылған үш көзді аспап. Жол қозғалысын реттейді.

3. Көшеде бағдаршам болмаса не істеу керек?

Өз көзіне сену керек, жол ортасына жеткенше, әуелі сол жаққа қара6 ортасынан асқан соң, оң жаққа мойныңды бұр

4. Қандай көліктің түрлеріне бағдаршамның қызыл жарығына жүруге рұқсат етеді?

Жедел жәрдем, полиция, өрт сөндіру машинасы.

5. Жолаушы таситын қоғамдық көліктерді қай жерден күтеді? Аялдамада

8. Жақындап қалған көліктің алдынан жүгіру неліктен қауіпті?

Жүргізуші көлікті тоқтата алмай, адам өміріне қауіп төнеді.

9. Полиция, жедел жәрдем, өрт сөндірушілер көліктері өтіп кеткенше күтіп тұру міндетті ме? Иә, міндетті.

10. Жолда қай жерден өту керек?

Жаяу жүргіншілер өтпесі белгісі қойылған жерден.

ІІІ. Қорытындылау.

Қай көше, қай қалаға барсаңыз да,

Қай ақыл өлшеміне салсаңыз да,

Жол жүру ережесі — заңды тәртіп

Ол ортақ үлкен, кіші, баршамызға

Жол заңы дұрыс жүріп, абай болуды талап етеді. Жол тәртібін бұзба, ол қатер тудырады. Жолдың қалыпты қозғалысы көбінесе балалардың жол бойында қалай болса солай жүріп, доп қуалайтыны, шаңғы тебетіні, жүріп бара жатқан машинаға жабысатыны, қалтарыстан жолға шығып келетін салдарынан бұзылады.

Жол тәртібін бұзғандықтан кейбіреулер машина дөңгелегіне ілініп қаза тауып, кейбіреулері жарақат алады. Ал кейбіреулері өмірлік мүгедек болып қалады. Сондықтан әрбір оқушы мектепте оқылатын «Жолда жүру ережесі» тақырыбындағы сабақты мұқият тыңдап, әр сабақтан қорытынды жасап отыруға міндетті. Үлгілі, тәртіпті оқушы көшеде, жолда жүру ережесін, заңын бұзбайды.Міне, балалар, біз сендермен жолда қалай жүру керек екенін білеміз.

Жол ережесін әрқашан есте сақтау керек.

Жол ережесін жақсы білсек өзімізді жол апатынан сақтаймыз.

Ал енді осы ережелерді әрқашан орындап, аман болайық!


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!