Материалдар / Тәрбие сағаты жоспары "Интернетсіз бір күн" 7 "А" сыныбы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тәрбие сағаты жоспары "Интернетсіз бір күн" 7 "А" сыныбы

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәрбие сағаты "Интернетсіз бір күн" тақырыбында 7 "А" сыныбында өтті. Интернеттің пайдасы мен зиянын ажырату мақсатында жүргізілді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Мамыр 2022
564
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады


Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министірлігі

«М.О.Әуезов атындағы педагогикалық колледжі» ҚМҚК



«Бекітемін» _______________

Колледж әдіскері: Кабимолдина А.К.

«Келісемін» _______________

Сынып жетекшісі: Әзімханова Ш.С.



Т
әрбие сағатының жоспар




Тақырыбы: «Интернетсіз бір күн»

Өтетін орны: №3 ЖББОМ 23 кабинет

Сынып: 7 “А”

Мерзім орны :11.10.2021

Тобы: 27

Машықкер: Бекжанова Баян Алімжанқызы

Баға: «__ » (________)

Баға: «___ » (________)








Семей 2021


Тәрбие сағатының мақсаты: Бүкіләлемдік өрмек – интернетке байланысты ақпарат білу, Оқушылардың интернеттің зияны мен пайдалы жағын білу.

Тәрбие сағатының міндеті:Оқушылар интернет туралы пайдалы ақпарат біледі, зияның және пайдасын ажырата алады.

Тәрбие сағатының ұйымдастыру формасы түрі: Дебат

Әдіс-тәсілі:түсіндіру,бейнематериал,сұрақ-жауап,

Техникалық жабдықталуы: телефон, ноутбук

Көрнекілік: суреттер,

Қажетті жабдықтар: маркет, стикер, А4 форматтағы қағаз,т.б.


Тәрбие сағатының құрылымы


І. Ұйымдастыру кезеңі

Амандасу « Шаттық шеңбері» 5 минут

Ақпаратты түсіндіру 5 минут


ІІ. Негізгі кезең


Бейнематериал 7минут

«Кім біледі» 3 минут

«Мақал-сөздің мәйегі» 7минут

«Жағдаят шешу». 7минут


ІІІ. Қорытынды кезең

Рефлексия 2 минут


Тәрбие сағатының барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

Сәлеметсіздерме оқушылар ! Қалдарыңыз қалай ? Көңіл күйлерің қалай ? Сіздермен тәрбие сағатын Дебат түрінде өткіземін.

Бүгінгі күнге барлықтарыңызға көтеріңкі көңіл күй және сәттілік тілеймін. Алдымен, ортаға шығып, « Шаттық шеңберін» жасап, бір-бірімізге жақсы тілек айтайық.


Мейірімді жүрекпен,

Ақпейілді тілекпен

Амандасып алайық,

Бір жадырап қалайық !


Тақырыбымыз « Интернетсіз бір күн» сынып екіге бөлініп, «Google» жақтаушы және «Yandex» даттаушы деп аталып, әр кезеңде пікіралмасып, сайысады.

Мен сіздере тақырып бойынша ақпарат айтып, түсіндіріп кетейін.


Бұл әлемде интернетке кірмейтін адам мыңның бірінде ғана шығар. Бүкіл дүние жүзіндегі адамдардың 90%-ға жуығы интернетке кіреді. Яғни интернеттің маңызы зор. Интернетсіз адам өмірін елестету өте қиын. Күн өткен сайын адамдар интернетке тәуелді болып барады. Адамзат баласы кем дегенде күніне 1 сағатын Интернетте өткізетіні белгілі.

Өзара байланыстырылған миллиондаған компьютерден құралған біртұтас ақпараттық кеңістікті Интернет деп атайды. Интернет – ағылшынша Internet – желі аралық байланыс дегенді білдіреді. Ол бүкіл жер шары бойынша ақпарат ағынын таратуды қамтамасыз ететін желілер жиынтығы.

Интернеттің қызметтері:

1. Интернет поштасы.


2. Телеконференциялар.


3. Web (WWW ) қызметі.


Интернет бүкіл әлемдегі миллиондаған компьютерлік желілерді бір–бірімен байланыстыратын орасан зор компьютерлік желі. Интернет ұғымы ХХ ғасырдың аяғында пайда болса да, жүрдек пойыздың жылдамдығын еске салатындай жедел қарқынмен кең қанат жайып келеді. Әйгілі Ер Төстік ертегісінде Төстік жыл санап емес, ай санап, күн санап өсіпті дейтін жері болатын. Сол Ер Төстіктің ер жетуі сияқты дамып отырған бір сала болса, ол – бүкілғаламдық желі – Интернет деп санар едім.Оның өзі шығу тарихы да қызық. «1957 жылы Кеңестер Одағы жасанды жер серігін ғарышқа ұшырған соң, АҚШ Қорғаныс министрлігі «егер соғыс бола қалған жағдайда Америкаға сенімді ақпарат алмасу жүйесі керек болады» деп есептеген. Ондай жүйені АҚШ – тың Орталық барлау басқармасының қызметкерлері ойлап тапқан .ARPANET деп аталатын жоба 1969 жылы 29 қазанда төрт мекеменің компьютерлерін телефон арқылы байланыстырады.

Содан соң ARPANET дамып – жетіліп, оны түрлі сала ғалымдары пайдалана бастайды. 1983 жылы бұл атау «Интернет» деген ұғыммен алмастырылды». Бұл күнде Интернетті тұрақты пайдаланушылар саны бүкіл әлем бойынша 1, 5 млрд адамнан асыпты. Бұл – жер шарын мекендейтін халықтың төрттен бір бөлігі ғаламтор игілігін өз кәдесіне жаратуда деген сөз.


1970 жылдары Internet (желілер желісі) – желілерді біріктіру термині пайда болды.Негізінде Интернеттің нағыз Интернетке айналуы 1982 ж. Желілердің физикалық негізі болып табылатын TCP/IP протоколы (хаттамасы) бекітілген соң ғана жүзеге асырылды.2001 ж. деректерге сүйенсек, желілер географиясы дүниедегі 230 елді қамтиды екен.1993 - 1996 жылдар аралы-ғында жыл сайын Интернет-ке қосылушылар саны 3 есе өсіп отырды. 1997 ж. бастап бұл көрсеткіш жыл сайын – 1,5 есеге өсіп келеді.


ІІ. Негізгі кезең

  1. https://youtu.be/4NbBJW7-x-4 бейнематериалды көріп, пайдалы және зиян жақтарымен пікіралмасады.


  1. «Кім біледі» сұрақтарға жауап береді.

«Google» тобының сұрақтары

1. Интернет дегеніміз не?

Жауабы: Интернет – компьютерлік желілерді біріктіретін ауқымды желі.


2. Алғаш рет Интернет пайда болған жыл?

Жауабы: 1958 жыл АҚШ-та


3. Байланыс арналарын ата.

Жауабы: кабельдік, талшықты-оптикалық, спутниктік радиобайланыс


4. Провайдер дегеніміз не?

Жауабы: Провайдер – қарапайым қолданушылардың Интернетке шығуын қамтамасыз ететін фирма


5. Хаб дегеніміз не?

Жауабы: Хаб – бірнеше Интернет желісінің басын біріктіруші құрылғы.


«Yandex» тобының сұрақтары


1. Слиптер дегеніміз не?

Жауабы: Жиіліктерді бөлуші (сплиттер)


2. Модем айырмашылықтарын ата.

Жауабы: Модем - ADSL модем жылдамдығымен ерекшеленеді, dial-up телефон байланысмен


3. WWW және TCP/IP – бұл жазба нені білдіреді?

Жауабы: WWW (World Wide Web) – гипермәтіндік құжаттар. TCP/IP протоколы (1974)


4. Электронды пошта дегеніміз не?

Жауабы: Электронды пошта - абоненттер мәлімет алмасуға арналған байланыс құралы.


5. Сайт дегеніміз не?

Жауабы: Сайт - компьютерлік желіде құжаттарды біріктірген адрес.


  1. «Мақал-сөздің мәйегі» Қазір сіздерге тақырыпқа байланысты сөздермен мақал беремін, ал, сіздер мақалдың қазакша нұсқасын табасыздар.


«Google» тобы

1. Жігітті компьютеріне қарап, бағала (Жігітті досына қарап, бағала)

2. Байт биттен құралады (Теңге тиыннан құралады)

3. Вирустан қорыққан, Интернетке шықпас (Шегірткеден қорыққан, егін екпес)

4. Компьютердің жұмысы, иесіне мәлім (Аттың сыры, иесіне мәлім)

5. Веб-дизайншының өз еркі, сайтты қалай жасаса (Қазаншының өз еркі, құлағын қайдан шығарса)

«Yandex» тобы

1. Білмесең, «анықтама»-дан сұра (Білмесең білгеннен сұра)

2. Бір ядролы процессор жақсы, ал екі ядролы одан да жақсы (Бір ақылдан, екі ақыл артық)

3. Антивирусы күштіні - Вирус ала алмайды (Досы күштіні – жау алмайды)

4. Күлсең ескірген компьютерлерге күл (Күлсең кәріге күл)

5. Компьютерде бес колонка, дауысы жер жарады (Айдағаны бес ешкі).

«Жагдаят шешу»

1.Ғаламтор қазіргі заман газеті.Ол біз білмеген ақпаратпен бөлісіп,жаңалықты жария етеді. Алысты жақындатады.Сен бұл пікірмен келісесіңбе ? Өз ойынды айтып бер !

2. Сенің досың ғаламтор арқылы әлеуметтік желілерде көп отырады. Ғаламторсыз өзін жалғыз сезініп, үнемі ұялы телефонда отырады. Сенің досыңның бұл әрекеті дұрыс па ? Сен оған қандай ақыл-кеңес айтар едің ?

3.Ғаламтор, әлеуметтік желі бұл қазіргі біздің достарымыз.Біз оларды үнемі қолданамыз. Ал, сен үшін қандай маңызы, пайдасы бар ?



ІІІ. Қорытынды

  • Рефлексия

«Тірек ағашы» бүгінгі «сабақ қалай өтті?» стикерге жазып, іледі.






Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!