Материалдар / Тәрбие сағаты "Менің Отаным -Тәуелсіз Қазақстан"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тәрбие сағаты "Менің Отаным -Тәуелсіз Қазақстан"

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға, еліміздің тәуелсіздігінің паш ететін түрлі тарихи оқиғаларды зерделей отырып, егемен елімізге қамқор болу, мемлекетімізді одан әрі нығайту, еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін ұғындыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
10 Желтоқсан 2018
1082
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Күні:10.12.2018 Тақырыбы: «Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан»Мақсаты: 1) Оқушыларды елін сүюге, Отанға деген мақтаныш сезімін арттыруға, еліміздің тәуелсіздігінің паш ететін түрлі тарихи оқиғаларды зерделей отырып, егемен елімізге қамқор болу, мемлекетімізді одан әрі нығайту, еліміздің ертеңі жастардың қолында екенін ұғындыру.2)Оқушыларға патриоттық тәрбие беру. Еліне, Отанына, туған жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. 3) Оқушылардың өз бетінше ізденуін қадағалу және білімдерін жетілдіру.Сабақтың түрі: Сайыс сабақПәнаралық байланыс: әдебиеттік оқу, қазақ тілі, математика, дүниетану.Көрнекілігі: тақырып жазылған плакат, суреттер, шарларӘнұран орындалады                            Кіріспе бөлім.Әнұран орындалады.Мұғалім: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен тәуелсіз еліміздің ұлағатты ұрпақтары.Талай ғасырлар бойы ата-бабаларымыз еркіндік пен тәуелсіздік таңын аңсап келген. Иншалла олар көксеген арманға ХХ ғасырдың соңына қарай қол жеткіздік. Соның арқасында бүгінгі таңда өз бағыт-бағдарын ұстанған, өркениет елдер мойындаған жеке мемлекетке айналдық. Биыл тәуелсіздігімізге 27 жыл. Біз қай мемлекетте тұрамыз?Қазақстан қандай мемлекет?Тәуелсіз күні қай күн? Тәуелсіздігімізге биыл неше жыл толмақ? Елбасымыз кім?Қазақстанның астанасы қай қала? Ол қандай қала? Қазақстан туралы кім толығырақ әңгімелеп береді?Танғажайып атында дәл табылды,Табылда талай жұртқа танылды,Туған елім, көкке жетті көк туынСен,  Тәуелсіз мемлекетсін кәдімгі!Біздің Қазақстан егеменді ел, тәуелсіз мемлекет. Біздің егеменді еліміздің тәуелсіздік  алғанына 27 жыл болып қалды. Балалар, сендер Тәуелсіздік алдық  дегенді қалай түсінесіңдер?  (балалар жауабы: Тәуелсіздік алдық  дегеніміз – өзіміздің жеріміз, еліміз, теңдігіміз, Туымыз, Елтанбамыз, Әнұранымыз, теңгеміз бар).Мүғалім: Дүрыс айтасындар, балалар. Ал Тәуелсіздік мерекесіне арналған  қандай тақпақ білесіңдер?

Көркем:Бабамның да арманы,Осы еді ғой аңсаған,Тәуелсіздік тандарыБақ береді баршағаБалнұр: Көк туымды қолымаБүгін берік ұстадымТүсті бақыт жолымаМенің Қазақстаным!Мүғалім:   Біздің Қазақстанда көп ұлттар  тұрады. Олар қалай тұрады екен?(балалар жауабы:  Олар бірбірімен дос, тату тұрады.)Аружан: Ортақ бізге бір Отан,Төбемізде бір аспанБарлық  ұлттын баласыДостығымыз жараскан.Мүғалім:   Әр мемлекеттің өзінің елбасшысы бар. Біздің Қазақстанның елбасы кім? (балалар жауабы)Мейрамбек: Елімде бейбіт тыныш заман болсың,Тілеймің  әр адамға бақыт қонсын,Елімнің ел ағасы, елбасшысыНұрсұлтан Назарбаев аман болсын!Мүғалім:   Әр мемлекеттің өзінің белгілері бар. Балалар, сендер сүйікті Отанымыздың  қасиетті белгілерін, рәміздерін білесіңдер ме?   (балалар жауабы) Дүрыс,  мемлекеттін рәміздері:  елтанба (герб), ту (флаг), әнүран (гимн) жатады.  Осы рәміздер туралы жеке түсінік берейік. Мынау Қазақстан Республикасының туы. Тудың түсі аспанның түсіне ұқсайды – көк, ортасында күн шуағы. Астында қыран құс  ұшып келе жатыр.  Қазақстанда тұратын барлық  халықтардың  өмірі күндей  жарқырап, қырандай  самғай берсін дегені.  Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік  туының авторы сүретші Шәкен Ниязбеков.Бекзат: Айнымайды аспаннанБіздің тудың бояуы,Оны халық қашандаБиікке іліп қоядыМүғалім: Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік  елтанбасы.  Елтанбаның орталық элементі — шаңырақ.  Шаңырақ  бастауы – отбасы ошағын бейнелейді. Қанатты тұлпар – мәнгілік өмір, болашақ үміт артар жасұрпақтың арманы, самғау  биігі.  Елтанба төбесінде бес бұрышты жұлдыз бар. Әр адамның өмірінде жол көрсетер өз жұлдызы болады. Мемлекеттің де осындай жұлдызы болуы керек. Елтанбаның төменгі жағында «Қазақстан» деген жазу бар.  Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік  елтанбасының  авторлары сәулетшілер Шота Уалиханов пен Жандарбек Мәлибеков.Бидәулет: Елтанбасы елімніңНеткен әйбат, әдемі.Тұнығындай көңілдіңОртада аспан әлемі!Құт, береке шаңырақОрын алған ол төрден.Қанатты қос арғымақЕкі жақтан көмкерген.Мүғалім: Ал Қазақстан Республикасының  Мемлекеттік әнұранының сөзін жазғандар: Жұмекен Нәжімеденов, Нүрсүлтан Назарбаев,  әнің жазған  Шәмші Қалдаяқов.Дариға: Әнұраны елімніңШақырады бірлікке.Егеменді халқымныңБолашағы бірлікте. Осыған байланысты оның қадір-қасиетін оқушылар бойына сіңіру, ұғындыру мақсатында «Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан» атты ашық  тәрбие сағатын өткізіп отырмыз. Тәрбие сағатымыз сайыс түрінде өтеді. Сайысымыздың шарттарымен таныс болайық. (сыныпты үш топқа бөлу,әр топта жеті оқушыдан)         Сайыстың шарттары:1.     Мақал-мәтел айту2.     Бәйге3.     Поэзия минуты4.     Үй тапсырмасы5.     Тілек айту      Тәуелсіздік жолында талай жандар құрбан болып, елім деп еңіреп өткені белгілі. Талай кезең қиын-қыстау, қуғын-сүргінді ата-бабаларымыз басынан кешті. Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев: «Біз Қазақстанның тәуелсіздігінің оңайлықпен келмегенін біліп оны қадірлеуіміз керек. Әрбір Қазақстанның азаматы мақтанышпен Елтаңбаны, Әнұранды, Туды көтеруі керек. Әрбір азамат өз Отаны үшін еңбек етуге, жанын қиюға міндетті»-деген.     Туған жердей жат жердің болмайтыны – ақиқат,Оған көңілің ешқашан толмайтыны – ақиқат.Алтын торда алтын құс өсірсең де, бұлбұл құсӨскен бағы болмаса, қонбайтыны – ақиқат, - деп сайысымызды бастаймыз.І бөлім.  Біздің халқымызда атамекенді ардақтау сезімі өте терең, олар үшін туған жерді қасиет тұту қанға сіңген мінез,ежелгі дәстүр.Бұл таным жанымызға ана сүтімен тараған, ана тілімен дарыған. Біздің мақал-мәтелдеріміз, нақыл сөздеріміз туған жерді, Отанды ардақтауға толы. Алғашқы сайысымыз мақал-мәтел айту. (Туған жер, Отан, батырлық, ерлік туралы өздеріңіздің дайындап келген мақал-мәтелдеріңізді айтыңыздар). ІІ бөлім. Бәйге. (Сұрақ-жауап)1. Қазақстанның  астаналары болған қалаларды ата.1919-1925жж .Қазақстанның астанасы-Орынбор қаласы,1925-1929жж. Қызылорда қаласы.1929-1997жж. Алматы қаласы.1997ж. Ақмола қаласы Астана атанды.1998ж . Ақмола атауы Астана болып өзгертілді.  Мұғалім:    Бүгін әрбір мемлекеттің ғасырлық тарихына байланысты рәміздер бар.  Мемлекеттік рәміздер бұл халық бірлігінің белгілері.   Қазақстан Республикасының да өз рәміздері бар. Мемлекеттік рәміздерді құрметтеу - әрбір азаматтың міндеті.2.Мемлекеттік рәміздерді атаңыз.3.Тудың авторын атаңыз.4.Елтаңбаның авторы кім?5.Әнұранның сөзі мен әнін кімдер жазған? (Сөзі:Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан Назарбаев.   Әні: Шәмші  Қалдаяқов)     6.Қазақстан қашан тәуелсіз ел болды? (1991 жылы 16 желтоқсан)7.Ұлттық валютаны айтыңыз? (теңге)8.Ата заңымыз қашан қабылданды, биыл неше жыл? (1995ж.30тамызда,23 жыл)9.Алматының орталық алаңындағы «Тәуелсіздік монументі» ескерткіші қай жылы, кім үшін қойылған, ол туралы не білесіз? (1996ж. 16 желтоқсанда). ІІІ бөлім.Поэзия минуты. Өз елін мақтанышпен жырлаған ақын –жазушылар қаншама?! Келесі сайысымызда оқушылар өлеңді мәнерлеп оқу бойынша бақ сынасады.IV бөлім. Өткен жылдар  қандай ерекшеліктерімен есімізде қалды?  «Республикамыз 27 жыл ішінде қандай жетістіктерге жетті» тақырыбы төңірегінде дайындалып келген үй тапсырмалары бойынша сайысымызды бастаймыз. V бөлім.  «ХХІ ғасырға ақ тілек» бұл бөлімде оқушылар өз тілектерін арнайды.Хормен: Қазақстан – елім менің,Қазақстан – жерім менің,Саған арнап айтыладыСүйікті әнім менің.Хор: Ән айту Көк тудың желбірегені  Қорытынды: Жеңімпаз топты анықтап, мақтап,мадақтау. Тәуелсіз Қазақстан – ұлы Отаным,Көк туымды қалайша құлатармын.Тып-тыныш тұрып жатқан жайымыз бар,Бәріміз баласындай бір атаның.Елімізде бақ-береке, ырыс болсын,Қызыл тілім қанжардай қылыш болсын.Халқымның ахуалы дұрыс болсын Балалар, естеріңде болсын Қазақстан Республикасының рәміздерін,  мемлекеттік тілің кұрметтеу керек, өз еліңді, жеріңді қорғау керек, халқына адал еңбек ету керек.Сонда ғана ақ- азамат, азаматша болып ер жетесіңдер.Туған тілді білу парыз.Туған жерді сүю парыз.Отанды қорғау парыз.   Отанымыз әрқашанда тыныш болсын! – деп «Менің Отаным – Тәуелсіз Қазақстан» атты ашық тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. 

























































Менің Отаным-Тәуелсіз Қазақстан(Ашық тәрбие сағаты)













Сыныбы:3б

Сынып жетекшісі:Э.Абужанова









0



2018-2019 оқу жылы







Қазақстан-елім менің Қазақстан-жерім меніңСаған арнап айтылады Сүйікті әнім менің

Қазақстан-елім мненіңҚазақстан-жерім меніңСаған арнап айтылады Сүйікті әнім менің

Қазақстан-елім мненіңҚазақстан-жерім меніңСаған арнап айтылады Сүйікті әнім менің

Қазақстан-елім мненіңҚазақстан-жерім меніңСаған арнап айтылады Сүйікті әнім менің

Қазақстан-елім мненіңҚазақстан-жерім меніңСаған арнап айтылады Сү
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!