Материалдар / Тәрбие сағаты Наурыз берекем,Наурыз мерекем! 3 сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тәрбие сағаты Наурыз берекем,Наурыз мерекем! 3 сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Ұлыстың ұлы күні Наурыз мерекесіне арналған тәрбие сағаты. Тақырыбы Наурыз мерекем, Наурыз берекем! 3 сыныпқа
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Шілде 2022
560
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тақырыбы: «Наурыз-берекем, Наурыз-мерекем!»
Сабақтың мақсаты:
1. Халқымыздың ғасырлар бойы қалыптасып, дәстүрлі түрде тойланып келген жыл басы – Наурыз мерекесінің қасиеті мен дәстүрінен сыр шерту. Ұрпақтар санасына ұлттық тағылым мен ұлттық салт-дәстүрлерден хабар беру.
2. Оқушыларды ұлттық салт-дәстүрлерімізді біліп қана қоймай, қолдана білуге баулу; халқымыздың мол мұрасын саналарына сіңіре отырып, тағылым алуға жетелеу.
3. Ұлттық тәрбие көзінен нәр алуға түрткі жасау.
Туған халқының бай ауыз әдебиетін қадірлеуге, салт-дәстүрін пір тұтуға, ұлттық тағылымдармен сусындап өсетін халқының азаматы болуға баулу.

Көрнекілік: слайд, суреттер

Балалар, міне Наурыз да келді. 22 наурыз жыл басы. Наурыз үлкен мейрам. 
Көптен күткен Наурыз тойы арайлы, 
Нұрға бөлеп міне жатыр манайды! 
Мал біткеннің бал татыған ұызды, 
Қуат болып қанымызға тарайды. 
Төрт түлік мал халқымыздың сүйері, 
Көңілімнің күмбірлеген күйі еді. 
«Аман ба» деп мал жаның? 
Бірін-бірі құшақтасып сүйеді
— Ал, балалар!  Бәріміз тұрып, бір-бірімізге жақсы тілектер айтып, Наурыз мейрамымен құттықтайық! 
Наурыз – Ұлыстың ұлы күні құтты болсын! 
Ақ мол болсын! 
Жаңа жыл бақ, береке, молшылық әкелсің! 
ІІ. Наурыз- мереке  
Наурыз шығыс күнтізбесінде жаңа жыл басы деп саналады. 21-22 наурызда күн мен түн теңеледі. Наурыз деген сөздің өзі «нау» — жаңа, «руз» — кун деген сөздерден алынып, жаңа жыл деген ұғымды білдіреді. Адамдар Наурызға дайындалады. Олар үй, арық, аула, көшені тазалайды. Ағаш, гүл егеді. Адамдар үйлерінде дастархан жайады. Ән шырқап, би билеп, ойын ұйымдастырады. 
— Наурыз — бақыттың бастамасы, ұлылықтың ұйытқысы, жақсының жаршысы, ынтымақтың белгісі, өмірге нұр сыйлаған, сезімге гүл сыйлаған халық қастерлейтін күн. 


Мұғалім: Көктем — жыл мезгілінің әдемі бір кезені. Наурыз айында күн ұзарып, түн қысқарады. Күн көзінің шуағы молаяды. Қар еріп, жырашықтардан су аға бастайды. Көктем – өте көңілді мезгіл. (интерактивті тақтадағы суреттерді көрсету) . 
ІV. Жұмбақ 
— Ал енді балалар! Жұмбақтардың шешуін табыңдар: 
Дәмді-дәмді тағамдарды жинайды, 
Қонақтарды көңілдене сыйлайды. 
(дастархан) 
Бұл не? Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бұл дастархан. Ал дастарханға қандай қазақтың ұлттық тағамдары қойылады? 
Қазақтың ұлттық тағамдары, 
Жасымнан жақын маған бәрі. 
Теңермес ем оларға мен, 
Ешбір асты ғаламдағы. 
— Дастархан басында адамдар қалай отырады, асқа қатысты тыйымдармен ырымдарымен таныстырып өтеді. 

Наурыз көже– ұлттық тағам. Келер жылғы молшылықтың жоралғысы ретінде наурыз тойында әрбір шаңырақта міндетті түрде әзірленген. Халықтық дәстүр бойынша оған бидай, тары, сүр ет, бұршақ, сүт, су, тұз сияқты кем дегенде жеті түрлі азықтық заттар міндетті түрде қосылуы тиіс. Тақ санын сақтап, мұндай заттар көбейтіле беріледі. Соғымнан арнайы сақталған мүшелер (қазы, қарта, шұжық, т.б.) де қосылады. Ол негізінен бидай көже, тары көже секілді әзірленген (қысқаша Көже). Наурыз көжені халық арасында “тілеу көже”, “көп көже” деп те атай береді. Наурыз көжеге, наурызға арналып сойылған малдың кәделі асына Наурыз бата берілген соң, жиналған халық: “ақ мол болсын” деген тілек айтып тарқасады.

Ұлттық ойындар.
Наурыз мейрамында халық қуанып ұлттық ойын түрлерін ойнап көңіл көтерген. Сонын ішінде «Көкпар», «Қыз қуу», арқан тарту т.б ойындар. (интерактивті тақтамен жұмыс) 

Алтыбақан — қазақтың ежелгі ұлттық ойыны. Тымық кеште, айлы түнде, ауыл сыртында ойналады. Алтыбақан құру үшін 6 бақан немесе 6 сырық, үш арқан керек. Бақандарды үш-үштен бір басын буып, аралығын үш-төрт метр етіп, мосы тәріздендіріп орнатады да жоғары жағы сырықпен жалғастырылады. Бақандардың жоғарғы ашаларына екеуі жоғарырақ, бірі төмен етіліп үш арқан тартылады. Жоғарғы екеуі отыруға немесе бел сүйеуге арналады, төменгі арқанға табан тіреледі. Қыз бен жігіт қарама-қарсы орналасып, бел арқанның екі жақтауынан бекем ұстап, үшінші адамның демеуімен тербетіледі. Тербелушілер қосылып ән бастайды да оған тамашалаушылар қосылып, думандатып әкетеді.

Асық ату ойыны”
Қазақтың ұлттық ойындарының бірі – асық ойыны. Бұл ойын ертеден мал шаруашылығымен айналысқан ата-бабаларымыздың қолданысында келе жатқан көне ойын түрі.  Ерте кезде әр қазақтың балалары мен жастарының бас қосуының негізінде асық ойыны “Көкпар” ойыны
Көкпар - ұлттық ат спорты ойындарының бірі. Ойынның атауы “көк бөрте” (лақ) сөзінен шыққан.
Дәстүрлі қазақ қоғамында Көкпарға жасқа толған серкенің семізі таңдалған. Семіз серке терісі жыртылмайды. Орташа салмағы 20-30кг-дай келеді. Басқа малдың терісі жыртылғыш болғандықтан Көкпарға тартпайды

Бәйге – қазақтың ұлттық спорт ойыны, шабандоздардың ат жарысы. Бәйге қазақ халқының алқалы жиындарының (тойлардың, астардың, т.б.) ажырамас құрамдас бөлігіне айналған. Шабандоздар белгіленген жерге алғашқы болып жету үшін барлық күш-жігерін салып шабады. Жарыс тура және бұрылыстары бар тегіс не дөңгелек бәйге алаңдарда өтеді.  Ат спортының бұл түрі түркі тектес басқа халықтарда да бар. Мысалы, Бәйге өзбектерде “пайга”, қырғыздарда “чабыш” деп аталады


— Ал, балалар, ендеше «арқан тартыс» ойынын ойнап, күшімізді сынап көрелік! Екі командаға бөлініп арқанды тартасыңдар.Кімнің командасы осы арқанды бірінші болып өзіне қарай тартады, сол команда жеңімпаз болып есептеледі. 1,2,3! Бастаймыз! (балалар арқан тартысады) 

VI. Салт дәстүрлермен таныстыру

Тұсаукесер – сәби бесіктен шығып, еңбектеуден өткен соң, қаз тұрып, тәй-тәй басқанда жасалатын дәстүр. Бала екі табанымен тұрып, алғашқы қадам жасауға талпына бастаған сәтте дана қазақ “баламыз тез жүріп кетсін” деген ниетпен, сәбидің тұсауын кестіріп, думандатын той жасайды.

VII. Қорытындылау 

Әр халықтың өзінше жаңа жылы, жыл басы болады. Ол халықтың орналасқан жеріне байланысты. Біздің елімізде әдеттегідей Жаңа жылды 22-ші наурызда қарсы алған. Наурыз – шығыселдерінің өзіндік тарихы бар ежелгі мейрамы. аққа тиетін, жер жүзінде шаттық орнаған күн гүл сыйлаған, халық қастерлейтін күн.



Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!