Материалдар / ТӘРБИЕ САҒАТЫ .ӨЛКЕНІҢ ТУМА ТАЛАНТЫ 7- СЫНЫП
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

ТӘРБИЕ САҒАТЫ .ӨЛКЕНІҢ ТУМА ТАЛАНТЫ 7- СЫНЫП

Материал туралы қысқаша түсінік
ӨЛКЕНІҢ ТУМА ТАЛАНТЫ Ә. Кекілбаев туралы. Ә.Кекілбаевтың өмірбаяны, шығармалары, повестері
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
11 Ақпан 2018
1522
2 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы: « Өлкенің тума таланты»Тәрбие сағатының мақсаты: Көрнекті мемлекет және қоғам қайраткері, Қазақстанның халық жазушысы, мемлекеттік сыйлықтың иегері, «Түркі дүниесіне қызмет» халықаралық сыйлығының лауреаты, Әбіш Кекілбайұлының қаламгерлігі, қайраткерлігі, саясаткерлігі туралы оқушыларға кеңірек таныстыру.Тәрбиелілігі: Әйгілі сөз зергерінің замандастары, достары, әріптестері, іні – қарындастарының әр жылдардағы жазылған, газет – журналдарда жарық көрген ой – толғамдары, ыстық лебіздерін бере отырып, оқушыларды ұлтжандылыққа, сыйластыққа, адамгершілікке, мейірімділікке тәрбиелеу.Көрнекілігі: Жазушының шығармалары бойынша плакаттар, жазушының өмірінен сурет – шежіре интерактивті тақтамен слайд арқылы көрсетуАйбек1. Кіріспе сөз. Әбіш Кекілбаев туралы өлең Ұрпақтарды тамсантқан сымбат, нәрі,Ғұмырыңыз тірліктің түрлі ақпары.Тәуелсіз ел төрінде жарқыраған,Бұл ғасырдың өзіңіз бір мақтаны.

Бақыт кейде десек те азапты нұр,Өмір сізге сыйлапты ғажап ғұмыр.Қаламменен біліммен, парасатпен,Көтердіңіз қазақты биікке бір.

Жылытса жүректерді жан шуағы,Біліммен көңіл кірі аршылады.Нұр шашсын деп әлемге сыйға тартқанСияқтысыз Маңғыстау шамшырағы!Бекзада: Тылсым тарихын балбал тастарға мүсіндеген, рухани әлемін зергерлік әшекейлеріне күміспен күптеп, күйлерінің күмбірімен көмкеріп, жырларымен жиектеген, өткені өнегелі, бүгіні бай да, баянды, келешегі көңілге шалқар шабыт ұялататын, 362 әулие мен Пір Бекет атаның рухымен тыныстап жатқан Киелі Маңғыстау топырағында дүниеге келген Әбіш Кекілбайұлына арналған «Өлкенің тума таланты» атты тәрбие сағатына қош келдіңіздер!

Саят: Осы бір қасиетті топырақ, киелі жерде дүниеге келіп, қалың қазақтың қамын жеп, алаштың ардағына айналған ұлы тұлғалар әрине, аз емес. Оларды дәл қазір түгендеп тауыса алмасымыз хақ. Бірақ олардың еңбегіне ілтипат, рухына тағзым етіп отыру ұрпақ парызы.

Таңсұлу: Қазақстанның халық жазушысы Әбіш Кекілбайұлы осыдан он бес жыл бұрын Ақтауда туғанына 60 жыл толуына арналған салтанатты жиында: «Алпысқа жеткен адам да алыстан келе жатқан жолаушы ғой. Жол үстінде талай қуанып, талай құлазиды екен. Сондайда бала-шағасының тілегіне қосып, сенің тілегіңді де тілесе отыратын ақ пейіл ата қауымның барлығы – Құдайдан кейінгі қуатың екен. Бұны мен ешқашан естен шығармақ емеспін. Тұрғанда тәубама, жатқанда кәлимаға қосып келемін. Шырғалаң ғасырды да таусып келеміз. Пікір ете білсек, талай шыңырауға бойлаппыз. Шүкір ете білсек, талай шыңға өрмелеппіз. Жарығы таусылмаған жанға бақыттымын деп қомдану тасырлық, бақытсызбын деп мұңаю пақырлық шығар. Әбіш Кекілбайұлының өмірбаяны. ДарханҚасиетті Маңғыстаудың әрбір тасы тарихи шежіреге толы. Енді осы Маңғыстаудың ой - қырын кім зерттейді, ән - жырын кім жазады деп жүргенде, Мырзайырдың топырағынан Әбіш атты алып кемеңгер, ойшыл, дана, қарапайым сөзбен айтқанда, осы бір ғажайып өлкенің қыр - сырын ашушы, яғни, өзгелерге туған өлкесін таныстырушы бір ұл дүниеге келген еді. Бүгінде есімін шартарап танып қана қоймай, ұлы алаштағы ұлылықты әлемге паш етіп жүрген жандардың бірі, ХХ ғасырдың қазақ халқына берген үлкен сыйының бірі - Әбіш Кекілбайұлы. өзінің жалын жырына қосып, мақтан тұтатын:Шытыра аппақ шыңдары,Шыр айнала қоршаған.Бытыра сусыл құмдары,Бұлтия шөккен ортадан.Мырзайыр деген жер бар - ды,Дильяра: Әкесі 1941 жылы соғысқа аттанып, сол кеткеннен оралмады. Анасы Айсәуле Таушықтағы көмір шахтасында жұмыс жасаған. кейін совхозда мал бағып, пішен шауып, құрылыс салып, сонымен бірге колхоздағы наухандық жұмыстарға белсене араласқан, 1963 жылы баласы Алматыға көшіріп алып кеткенше ауыр еңбек жолын бастан кешірген, өте қайратты, өте намысқой адам болған.

Бекзада: Балдай тәтті балалық шағын жоқшылықпен, Ұлы Отан соғысына кеткен әкесін күтумен өткізді. Қатал тағдыр бала Әбіштің бұғанасын қатайтып, ерте есейтті. Бала кезінен өте зерек болған, мектепте оқып жүргеннен бастап баспасөз беттеріне бірнеше ауыл өміріне байланысты мақалалар, шағын хабарламалар жіберіп тұрған. Жас кезінен қазақ даласының ұлан - ғайыр тарихын жадына сақтай жүріп, бүгінде, ұлы суреткерге, көрнекті қаламгерге, ойшыл кеменгерге, қоғам және мемлекет қайраткеріне, халық жазушысына айналды.

І бөлім. «Ғұлама тұлға, ғибратты ғұмыр»Бейбарыс: Әбіш аға – ең алдымен сөз зергері, қаламгер. Оның қаламгерлігі туралы қазақ әдебиетінің алып бәйтерегі Мұхтар Әуезовтен бастап, талайлар орынды бағасын бергені белгілі. Жұмекен Нажмеденов айтқандай Әбіш «екі кеме емес, үш кеменің» басын ұстаған қаламгер.ІІ. «Әбіш Кекілбайұлы – күрескер тұлға!»Саят: Нағыз жазушы – тек қалам тартқан сөз шебері емес, ол өз халқының бақыты жолында әр шығармасы арқылы майданға түсетін күрескер!

Айбек: Жазушы Әбіш Кекілбайұлының қаламынан туындаған шығармалар әдебиетіміздің ортақ игілігі болса оның мемлекеттік қызметтегі, жалпы қоғамдағы әр іс - әрекеті – халықтың ортақ игілігіне айналып отырғаны шындық.Сайлаугүл: Азаттықтың арайында, тәй – тәй басқан Тәуелсіздіктің әр қадамына сүйсінетін, елдің тізгінін қолына алған Елбасына тірек болатын азаматтар қажет еді. Конфуций, Вольтер, Тоныкөк, Қорқыт, Асанқайғы, Жиембет, Бұқар секілді, хан алдында халыққа жаны ашып, халық алдында ханға жаны ашып сөйлейтін кеңес иесі болу да Әбіш Кекілбайұлының еншісіне жазылды.

Айдана:Мәңгілік өмірді аңсаған – Қорқыт..., ажалдың алдын алған – Қожа Ахмет Яссауи.., Жерұйықты іздеген – Асанқайғы.., халқының кемелдігін аңсаған – Абай.., Тәуелсіздік жолында дүниені тәрк еткен Алаш арыстары, елін әлемдік өркениетке жетелеген Мұхтар Әуезов.., әдебиетпен әлемге әділет тілеген - Әбіш! Барлығы да АДАМДЫҚТЫҢ АБЗАЛ МҰРАТТАРЫНА АДАЛ ҚЫЗМЕТ ЕТУШІЛЕР!

Нұрбек.. Евразияның ең терең жері... Күллі планетаның Өлі теңізден кейінгі ең терең екінші кіндігі... Мұхит деңгейінен 132 метр төмен жатқан атақты Қарақия ойпаты... Сірә, Әбіш Кекілбайұлына біткен тереңдіктің табиғаттағы символы осы болар. Ғұлама ғалым, Маңғыстауды аз білмейтін академик, марқұм Зейнолла Қабдолов риза болғанын «Мен Әбішті оқыттым деп айтуға бата алмай тұрмын, ойпырмай, бұл не деген білім?!, - деп таңғалғанын жасыра алмады.Мырзатай Жолдасбеков «Маңғыстауда ежелден 362 әулие бар еді, 363 – ші әулие Әбіш Кекілбаев шығар», - деді. Ол сөздер Әбіштің біліміне риза болғандықтан айтылған сөздер.

Кітапты, бұрынғының кітаптарын көп оқитын. Бала болып алысып-жұлысу дегенді, бұрқырап беталды жүру, темекі тарту дегенді білмейтін. Балалардан гөрі үлкен кісілерге үйір еді. Олар да бетінен қақпайтын. Оныншы класты бітіргесін ауылдан да, ауданнан да қызмет ұсынды. Мен оған «былай бол» деп бір ауыз сөз, ақыл айтқан емеспін. Қызметке тұрып, ауылда қалайын деп жатқан жерінде жалғыз немере ағасы «Жас та болсаң, бассың оқы. Қызмет қайда қашады? Алматыға бар» деді. Алматыға да жалғыз кетті. Дәм айдап келген ғой, оқуын бітірген соң, осында қалды.Анасы - Айсәуле ЖұмабайқызыӘбекең - әлемдік өркениеттің ортақ қазынасына олжа салған суреткер. Көркем ойдың, көркем әдебиеттің көсемсөзге жол берген тұсында ол ел-жұртына үлгі беретін үрдіске қол артып, уақыт мінберіне көтерілді. Ағынан жарылды, адалынан сөйледі. Әлі де қоғам мен қауымды толғандырған келелі мәселелерде кең толғар пайым қажет болғанда, қаламына қайраткер сөз ұштап, шынайы пікірі мен шырайлы бәтуасын жайып салады. Жұртының мүддесі үшін жазары таусылмаған жазушы болу да бір бақыт қой. Шіркін-ай, осындай қазақ көбірек болса екен деп тілеймін!Нұрсұлтан НазарбаевНамыс пен Нартәуекелді жалау етіп, жап-жас шағының өзінде-ақ адамзаттық ақыл-ой алыптарының арғы-бергі білім қорын түбіне жете түгел игеруі, оның үстіне, Құдай берген дарын-қабілеті арқасында ұстазы Әуезовтің ілтипат-ықыласын аударған Кекілбаев – суреткердің әп дегеннен-ақ өз шығармаларына ел тағдырын, жер тағдырын, халық бейнесін алтын арқау, асыл өзек-желі еткеніне, тіпті де, таңдануға болмас. Өз түйсінуімше, осы тұрғыда ол ұлттық әдебиеттегі сирек құбылыс қана емес, әлемдік деңгейдегі Толстой, Шекспир сынды титандармен үндес те рухтас деп ойлаймын.  Есенбай ДүйсенбайұлыДарханМаңғыстау білсең кешегі,Әулиелердің төсегі.Кекілбайұлы Әбішің,Қазақтың асқан шешені.Атадан асыл ұл туса,Белгісі бақыт деседі,- деп, жерлес ақын С. Назарбекұлы айтқандай, киелі топырақта қанат қаққан халқының біртуар перзенті көптеген шығармаларды дүниеге әкелді.Алғашқы кітабы «Шуақты күндер» 1962жШығармалары – «Үркер», «Аңыздың ақыры», «Елең - алаң», «Ханша - дария хикаясы», «Абылайхан», «Күй», «Бәсеке» т. б.Абай атындағы Мемлекеттік сыйлығының иегері, «Әлемнің танымал 100 адамы» атағына ие. Түркі дүниесі дүлдүлдерінің бірі ғана емес, дарабозы, данагөйі.«Күй» хикаяты - 27 жасында жазылды

«Абылай хан»драмасынан үзінді, Бейбарыс пен СаятҚыспақты көп көрген қазақпызКөрсек те көнбедік - ғажаппыз.Ен дала еркіндік перзентіӘуелден бостанбыз, азатпыз.Бостанбыз, азатпыз әу бастанӨжетпіз, өткірміз алмастан,Бермейміз жатқа дес, жауға есе,Жайрайды жағаға жармасқан.

Ежелден өрбіткен бір негіз,Жұп жазып көрмеген іргеміз.Емшектес, еншілес, кіндіктес,Бөлінбес бүтінбіз, біргеміз.Ақ арман жүректе жүрді ұдайӨлмей де, өшпей де, мызғымай,Сол арман жолында жан пида,Қазаққа жар болғай бір құдай.Ел қазақ, еркін бас, алға бар,Садаға арға - жан, жанға мал,Ар менен азаттық жолындаБола гөр, алла жар, алла жар!

Қорытынды сөз.Тұғырлы ұлы тұлға Әбіш аға тамырын тереңге жайған алып бәйтерек. Ұлы тұлғаның еңбектері сан мыңдаған жылдар бойы ұлтымызға, мәдениетімізге ұлттық рухани азық болады.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!