Материалдар / Тәрбие сағаты" Қазақ халқының зор ғалымы "
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тәрбие сағаты" Қазақ халқының зор ғалымы "

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға өз мектептерінің атауы кімнің атында жайында
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Ақпан 2021
958
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы:

Мақсаты:Оқушыларға Қ.Сатпаевтың өмірі, шығармашылығы туралы түсінік беру,

сана сезімдерін арттыру арқылы құрметтеуге , қадір тұтуға тәрбиелеу.


1-жүргізуші: Бүгінде біз білім алып отырған мектебімізге есімі берілген Қ.И. Сатпаев

тек қазақтың ғана емес,тарих еншісіне көшіп бара жатқан ғасырдың

ұлы перзенттерінің бірі. «Ол ұланғайыр еңбегі және ақыл-айламен

одақ көлеміндегі ең озық, ең іргелі алаш мектебінің негізін қалап

кетті.Біз мектебіміздің Сатпаев атында екендігін мақтан тұтамыз.

Бүгінгі ашық тәрбие сағатымызда Қаныш Сатпаев атамызға

арналмақшы.»

2-жүргізуші: Ғалымның әкесі Имантай Сатпаев әдебиет саласы мен өлке тарихы

жөнінде тек түсінізі бар , орыс, парсы, араб тілдерін жете меңгерген

білімді адам болды.Ақкелін болысының биі болып, ауыл басқарған

Мейлінше әділ, жөн-жоба ретіндегі сыбаға, жол бәсірелеуге бастапты

керісінше, қорғансыз мүсәпірлерге ара түсуден жаңылмапты.Ескі қисса

дастандарды жатқа біліп,кейбіреулерін жатқа айтқан.Інілері мен өз

ұрпағына заман ағысынан кенжелеп қалмай, мұсылманша да, орысша

да білім алуына жол ашқан.

1-жүргізуші: Анасы Салима көрген кісі қызыққандай ,келбеті сұлу,ақ сарының әдемісі,

тостағандай үлкен қой көздері адамға жылы шыраймен қарап, жақын

тартып тұратын аса мейірімді, мінезі де жұмсақ тәрбиелі ,ерекше

сыйламды.

2-жүргізуші:1899 жылдың 12- сәуірінде Имантай бидің шаңырағында ақ түйенің

қарны жарылып Салима ана ұл тапты.Балапандай толық,ұзарып

өскен қолаң шашы қап-қара болып ұйысқан,басы бақырдай үлкен

көзін аша алмай жарыққа сығырая қараған нәрестені тұңғыш рет жерден

көтеріп кіндігін кескен мейіз деген кісі екен.

Ауылдың қадірменді ақсақалы Құрмантай абызды шақыртып, нәрестені

абыздың алдына келеді.Батагөй қарт баланың орауын жазып, құлағын

ашып, үш рет айқайлайды.Анасы Салима кішкене бөбегін мейірлене

иіскеп: Ғаниым менің Ғаниым!-десе керек.Мейірман ана сол мезетте

жүрегі қалаған есімге бұрмалам Қаныш деп атайды.

Ән:Шықшы тауға қарашы

1-оқушы: Ағын судай жөңкілген уақыт Имантайдың алдын көрген кенжетай-

құртақандай Қанышқа да сегіздің белінен асқан соң-ақ қажының «Үлкен

ауылындағы »Жұмаш Жолдыбайұлының алдына әкелген.Мұсылманша

тіл сындыру рәсімін екі жылда өтегеннен кейін,1909 жылы ол 6 шақырым

жердегі орыс-қазақ мектебіне оқуға түседі.


2-оқушы: 1911-1914 жылы Повлодардағы орыс-қырғыз училещесінде оқып білім

алады.1914- 1918 жылдары Семейдегі мұғалімдер семинариясында оқып,

оны бітірген соң, осы қаладағы мұғалімдер курсында жаратылыстану пәні

бойынша сабақ береді.

3-оқушы: 1920-1921 жылдары Баянауыл аудандық халық сотының судьясы қызметін

атқарады.Өмір арнасы кейде күрт өзгермей ме.Осы кезде аяқ астынан

өкпе ауруымен ауырған Қанышқа таза ауа мен емдік шипалы сусындар

ішуге тура келіп, ауылына барады.Ол кезде де уақытын босқа өткізбей,

ана тілінде қазақ мектептеріне арналған алгебра оқулығын жазуға кіріседі.

4-оқушы: 1921 жылдың күзінде Томск технология институты тау-кен факультетінің

геология бөлімшесінде оқуға түседі.Мұнда оған академиктер ,аса көрнекті

өкілдер ұстаздық етеді.

Ән:Қазақстан

1-жүргізуші: Институтты бітіргеннен кейін бар өмірін ол өз халқына арнады. «Мен

Қазақпын- жаратылысым да, жаным да,ой түйсігім де қазақ,алдағы

өмірімді тек Қазақстанда өткізбекпін,бұл жолда өзіме ай нұрына

шомылған бұлдыр армандар қойып отырған жоқпын сондай-ақ

сөзсіз кездесер алабөтен қиындықтардан да безінгім келмейді,

жан тыныштығынан көрі ,рухани күрес жолында өткізгенді жөн

көремін. »

5-оқушы: Қамап тастап ғұламалы көп ойлап,

Ойларынан өніп кетті тоғайлар.

Жезқазғанда алғаш күрек салғанда,

Жүрегі де лүпілдеді оңай ма.

Жеңіп шықты небір қиын қырсықты

Қас дұшпаны тұрмай жатып тұншықты

Сөйтіп мына сахараның дамыған

Ортасынан ойы биік ұл шықты.

6-оқушы:Ойы биік ,бойы биік ғұлама,

Ғұламалар мәңгі жерде тұрама

Оның көңілі сонау бала кезден-ақ

Ақбеттаудан кең далаға құлаған

Сыннан өткен батырлардай нар- беттен

Жез қорытып доломиттен, нарбидтен

Еңбегіне қайран қалып таңырқап

Иіледі оған мына тал біткен.

7-оқушы: Иіледі тауда, тас та ,дала да

Саған мәңгі қарыздар ғой жан аға

Биік шыңдар, биік құздар ,төбелер

Ұқсайды ылғи Қаныш сынды ағаға.

Ән: Қазақ елі

8-оқушы:1946 жылдың 1 маусымында Қазақстан ғылым академиясы құрылып оның

тұңғыш президенті де Қаныш Сатпаев болды.Сондай-ақ сол жылдың

жазында КСРО ғылым академиясының толық мүшесі болып сайланды,

сөйтіп Сатпаев кеңестік шығыста мұндай атаққа ие болған алғашқы

академик болды.Қазақстан ғылым академиясы республикасының экология-

сы мен мәдениетін дамыту,оның байлығын тиімді пайдалануда зор

еңбек етті.

2-жүргізуші: Қ.Сатпаевтың еңбектері мен зерттеулері туралы жинаған деректерімізді ,

ойларымызды ортаға салайық.

9-оқушы: Жезқазғанда рудалар кенін тапты,оның дүниежүзілік қорын анықтады.

Қарсақпайда темір рудалар кенін тапты, қоңыр көмір қабаттарын тапты.

10-оқушы:Марганецті тапты.Екінші дүниежүзілік соғыс жылдарында жезді, марганец

темір рудаларын құрды.

11-оқушы: Ұлы Албай өндіріс кенін ашты.Қарағанды-Ертіс каналының салыну

жобасын құрды.Қазақ ССР ғылым академиясының жанынан тарих

тіл және әдебиет институттарын құрды.Жас ғалымдарды даярлау ісімен

шұғылданды.

12 оқушы: Міне осының бәрі Қаныш ағаның арқасында дүниеге келді.

«Па шіркін, қасым да ақын еді-ау!Даланың өлі тұсына дейін тіл бітіріп,сөйлетіп қойғанын қарашы, ақын деп міне осыны айт!деп жылады.» Міне

бұдан адам қаншама жоғары қызметте болса да туған топырағын,

туған жерін ұмытпауы парыз екендігін көреміз.

Ән:

13-оқушы: Ағылшынның премиер министрі Англиядағы кеңес делегациясын

қабылдап Қаныш Имантайұлымен жүздескеннен кейін , қазақтың

бәрі сіз сияқты биік пе?-деп сұрапты.Сонда Қаныш аға көргенділікпен

«Менің халқым менен де биік» деп лайықты түрде жауап беріпті.

14-оқушы:Қазақ халқының ұлы жазушысы М.Әуезов Қанышты «қазақ халқының

зор ғалымы деп атады.»

15-оқушы: «Қаныш –аяулы ғалымдығымен бізге халықтың сүйген ұлы ,бар өмірін,

ел игілігі үшін сара еткен кісі »

16-оқушы:Қараша үйде туған ерді ,Қазақ халқының даңқын көтерген ерді-Қаныш аға

деуші едік.Соған да бір жасап қалушы едік.

17-оқушы: «Көз алдымда Қаныштың бейнесі қайта-қайта келе береді.Сол мезетте

Қаныш тек жақсылығымен, данышпандығымен ,даралығымен,асқар

адамгершілігімен дара тұрғандай болдады» -деді Сәбит Мұқанов.

Би:Қазақ биі


2-жүргізуші: Иә,ол кісі туралы қаншама өлең поэмалар дүниеге келді.Ол кісі туралы

Қаншама адамдар естеліктер жазды.


18-оқушы:1961 жылы 31 қаңтар күні ұзаққа созылған ауыр науқастан соң ғалым көз

жұмды.Туған елі Қанышпен 3-ақпан күні қоштасты, бүкіл Қазақстан

халқы қатты қайғырды.

19-оқушы:Қаныш ағаның құрметіне Жезқазғанда қала аты,жезқазған кен байыту

комбинаты,геология институты, Қазақстанның ірі қалаларында көше аты,

ауылдар аты берілген.

20-оқушы:Туған жері Баянауылда музейі бар.Іле өзені мен Балқаш айдынын

шарлап «Академик Сатпаев» кемесі жүзуде.

21-оқушы:Жоңғар Алатауында жаңадан ашылған мәңгі мұз бен асқар шыңға да аты

Жазылған.

22-оқушы:Геологтар жаңадан табылған минералға «Сатпаевит» деп ат қойды.

Алматы ботаника бағбандары өздері өсірген гладиалус гүлінің бір түрін,

«Академик Сатпаев» деп атады.

23-оқушы:Москвада Революция музейінің көрме залында Сатпаевқа арналған стенд бар.

Ән.

2-жүргізуші:Рахмет балалар!Бүгін міне, Қаныш атамызды тағы да еске түсірдік.

Өйткені ,сендер ол кісі туралы көп білетіндеріңді біліп қана қоймай,

әр ісінен үлгі алатындай шамаларыңды көрсетіңдер өздерің айтқандай

ол кісі өзі ғылымның асқар шыңына бастаған даңғыл жолың,өздерің

сияқты, оқу-білімге деген баланың ынтызарлықтан бастаған.

Осының өзінде мәнді де мазмұнды үлкен сабақтастық ізі тартылып
жатқан жоқ па? «Ғалымның хаты өлмейді,данышпанның аты өлмейді»

деген халық сөзі тегінде ұлағат өнегесі,дар, артында мәңгі өшпес

мұра сап,асыл нұсқалар қалдырған данышпандарымызға арналған

Қаныш Имантайұлы Сатпаевта бүгінде орын алатын Шоқжұлдыздарды

Шоқан ,Абай,Мұхтар сынды алыптар қатарында атайды.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!