Материалдар / Тәрбие сағаты Тәрбие отбасынан басталады мектепалды даярлық тобы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тәрбие сағаты Тәрбие отбасынан басталады мектепалды даярлық тобы

Материал туралы қысқаша түсінік
Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Жанұядағы ата-ана және бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Ата-анаға деген бала махаббатын ояту.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
15 Мамыр 2020
1729
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Автор: Құмарғалиқызы Алтынай

ШҚО Зайсан ауданы әкімдігінің «Айнабұлақ орта мектебі» КММ-сі мектепалды даярлық тобының тәрбиешісі


Ашық тәрбие сағаты

Тақырыбы: «Тәрбие-отбасынан басталады».


Сабақтың мақсаты: Бала тәрбиесіндегі ата-ананың алатын орнының ерекше екендігін түсіндіру. Жанұядағы ата-ана және бала арасындағы қарым-қатынасты нығайту. Ата-анаға деген бала махаббатын ояту. Отбасы мүшелері арасындағы бауырмалдық. Қайырымдылық, достық қарым-қатынасты қалыптастыру, үлкенді сыйлауға,сыпайы, ілтипатты болуға тәрбиелеу.


Көрнекілігі: Сызбалар, суреттер.

Әдістері: ой толғау, ой шақыру, сұрақ – жауап, тренинг, ойын


Негізгі бөлім:

1. 3 топқа бөлініп отырады. Ақ, сары, қызыл гүлдерді таңдау арқылы.


Барысы: Қайырлы күн, құрметті ұстаздар, ата - аналар, шәкірттер! Біз бүгін керемет бір ғажайып әлемге саяхатқа барамыз. Қалай ойлайсыздар, ол қандай әлем болуы мүмкін? Қане, ойланып көріңдерші. Ол бір өзі кішкентай ғана шағын мемлекет. Ал олай болса, ол мемлекеттің аты «Жанұя» екен. Бүгінгі тақырыпта осы мемлекет жөнінде өрбімек. Бұл мемлекет қандай болуы керек?

Бақытты, тату, өнерлі, үлгілі.

Сонымен, бүгінгі ата - аналар мен бала бірлескен «Тәрбие -отбасынан басталады» атты ашық тәрбие сағатымызға қош келдіңіздер.


Жақсыдан жаман туады,

Бір аяқ асқа алғысыз.

Жаманнан жақсы туады,

Адам айтса нанғысыз.

Отбасы - адамзат бесігін тербеткен баланың бас ұстазы - ата - ана. Ұлтымызда «Ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілерсің» деген дана сөз бар. «Бала қыран болу үшін оны самғатып ұшыратын ата немесе әке де қыран болу керек»- деп отбасылық тәрбиеге ерекше тоқтаған. Әр отбасында ата - ананың орны бөлек. Бала әкеден - ақыл, анадан - мейірім алады. Әке - отбасының асыраушысы, қамқоршысы, тірегі деп білесің, ана отбасының ұйтқысы, жылуы, шуағы, жақсы ана отбасына береке әкеліп, жанұясын бақытқа бөлейді.

Ата - анаға баладан жақсы ешкім жоқ. «Бала - адамның бауыр еті» деген нақыл сөз бар. Сондықтан қай ата - ана болмасын баласының білімді, мәдениетті, тәртіпті, әдепті болуын қалайды. Бала өмірдің жалғасы, көз қуанышы, шаңырақ иесі деп ұрпақ тәрбиесіне көп көңіл бөлген. Қай халық болса да үмітін ең алдымен ұрпағынан күтеді. Жанған отын сөндірмей, түтінің түтетіп, артына ұрпақ қалдыруды көздеген. Ал тәрбиенің көзі - ата - бабамыздан қалған ақылда, дана сөздерде.




Жаңа сабақ:

Ой шақыру.

Жұмбақ шешу.


Маған да, саған да

Жақын туыс бес адам.

Үш әріптен тұратын

Оңға оқы, солға оқы

Өзгермейді еш одан

Бәрі де өз жұртың

Айтады, кәне кім атын? (Ата, ана, апа, аға, іні )


-Осы адамдарды басқа сөзбен қалай айтуға болады? Картинка

Отбасы. Жанұя.

Дұрыс айтасыңдар, балалар! Бізге ең жақын, ең қымбат жандар отбасында тұрады. Ата, әже, әке, ана, аға,  әпке, сіңлі, қарындас – отбасы болып есептелетінін сендер білесіңдер. Олар бір-бірін жақсы көреді, сыйлайды және қамқорлық жасап жүреді. Отбасы тақырыбында білімдеріңді кеңейту мақсатында  бүгінгі ашық сабағымыздың тақырыбы «Отан-отбасынан басталады» деп атап отырмыз.


Отбасы дегеніміз не? (отбасы дегеніміз бір үйде тұратын ең жақын туыс адамдар. Ол адамдарды отбасы мүшелері дейміз).

Сен отбасында кімсің? (мен отбасының мүшесімін, әкем мен анамның баласымын, атам мен әжемнің немересімін).

Отбасы мүшелері туралы мәліметті үйде қайдан алуға болады? (ата-әжеден, туыстардан білуге болады)

Отбасы туралы не білеміз?

Отбасы-адам баласының алтын діңгегі. Өйткені адам ең алғаш шыр етіп дүниеге келген сәтінен бастап осында ер жетіп, отбасының тәрбиесін алады. Сондықтан да отбасы – адамзаттың аса қажетті, әрі қасиетті алтын мектебі.

Отбасының басты қазығы, алтын тіреу діңгегі – бала. Баланың тәрбиелі болып өсуіне берекелі отбасының әсері мол. Отбасының әрбір мүшесі, өзара сөйлесіп, не болмаса ата – ананың, баланың міндетін атқару ғана емес, берекелі, бірлік, сүйіспеншілікпен араласса, босағасы берік, шаңырағы биік отбасына айналары сөзсіз.

Отбасы - шағын мемлекет.

Балалар, дұрыс айтасыңдар адамның жеке басының қалыптасуы отбасынан басталады. Жеке адамның бойындағы ар – ұяты, ақыл –ойы, адамгершілігі, басқа адамдармен қарым – қатынасы, мәдениеттілікті тәрбиелеуде отбасы алғашқы қадам. Сондықтан, отбасы өте қажетті, басқа ешнәрсемен өзгертуге болмайтын баспалдақ.

Отбасы – сыйластық, жарастық орнаған орта.

Отбасы – бала тәрбиесінің ең алғашқы ұжымы.

Балалар, отбасы бақытты болу үшін не қажет?

Келісім, байлық, денсаулық.

Осы жерде аталғандардың қайсысын бірінші, қайсысын екінші, қайсысын үшінші орынға қояр едіңдер?

Отбасында денсаулық пен келісім болса, бақыт ешқайда қашпайды деп айтсақ артық болмайды.

«Кім тапқыр?» ойыны:

  1. Отбасы туралы мақал айт.

  2. Ана туралы өлең оқу.

  3. Анаңның туысқандары саған кім болады?

Мақалды аяқта:

1. Атаға қарап - ....................

Анаға қарап - ...............

2. Ананың көңілі балада .......................... .

3. Ата – ананың қадірін - ..........................

4. Атаның баласы болма ...............

5. Ұяда не көрсең .................

6. Балалы үй базар...........

7. Ата көрген оқ жонар...................

8. Ананың сүті – бал ................

9. Ақылды қария – ағып жатқан..............

10. Ауылында қария болса,

Жазып қойған...............


«Кім шапшаң?» ойыны.

Әр топтан 1 ата-ана1 бала шықсын. Барлығымыз өз балдарымызды толық білеміз деп ойлаймыз.Енді қаншалықты толық біледі екенбіз. Осындай мақсатпен мына сұрақтар төңірегінде жауап берсеңіздер . Ата ана жазады, бала айтады.
Балаңыздың туылған күні
Балаңыздың ең жақын досы
Балаңыздың қай пәнге қызығушылығы бар
Бос уақытын қалай өткізеді
Сүйікті тағамдары

Балаңыздың мінезін айтыңыз
Балаңыз бала бақшаға барған жылы
Балаңызды еркелетіп қандай сөз айтасыз
Сүйікті бағдарламасы қандай /мультфильмі/
Балаңыздың арманы
Балаңыздың сүйікті түсі
Қандай үлгіде киінгенді жақсы көреді

Прямоугольник 3

Ендігі кезек көңілді биге берсек, отбасы шеңбер ішінде шеңберден аспай билеу керек, шеңбер сыртына шығып кеткен жағдайда жеңіледі.

Жүректен жүрекке

Бір сәт көзімізді жұмып, әрқайсысымыз өз отбасымызды көз алдымызға елестетіп көрейік. Енді әрқайсысымыз өз отбасымыздағы адамдарға жақсылық тілегімізді іштей айтайық. Сәл тыныштықтан соң мұғалім:

Көзімізді ашайық. Отбасыларыңы елестеткен сәтте қандай жағдайда болдыңдар

Отбасыларыңа  қандай жақсы тілек тіледіңдер?

Үйлеріңе қайтқыларың келгендері бар ма?

Кімді сағындыңдар?

Ендеше, сендердің барлығың отбасыларыңды жақсы көресіңдер. Сол үшін сағынасыңдар. Бұл сендердің отбасыларыңа деген сүйіспеншіліктеріңді білдіреді.

Тренинг: Газет беттеріндегі мақалалардан, теледидардан бағдарламалардан тәрбиеге байланысты сұрақтарды тыңдап жүресіздерме ? иа қол шапалақтау жоқ аяқ тарсылдату

Жанұяда негізінде кім басқарады? әке сақал сипау, ана жаулық байлау

Балаға тәрбие беру кезінде бірдей ықпал жасалына ма?иа десеңіздер қолдарыңызды жоғары көтересіздер, жоқ десеңіздер сол қолды төмен басасыздар

Балаға тәрбие беру жауапкершілік кімде деп ойлайсыздар? Егер әке десеңіздер алға қол созамыз, ана десе жымиямыз, екеуі десе қол шапалақтаймыз.

Отбасымызға «Отан – отбасынан басталады» деген сөзді естеріңе сақтаңдар

«Отбасы болашақ ұрпақ бойына адамзаттық құндылықтарды және ұлттық рухани байлықтарын сіңіретін тәрбие ошағы. Бүгінгі тәрбие берудің негізгі міндеттері ең алдымен, дені сау, ұлттық сана сезімі оянған, рухани ойлау дәрежесі биік, ар-ожданы мол, мәдениетті, парасатты, еңбекқор, іскер, бойында басқа да ізгі қасиеттер қалыптасқан адамды тәрбиелеу болып табылады. Қазақстан Республикасының тәлім-тәрбие тұжырымдамасында да отбасы тәрбиесінің негізгі мәні отбасындағы өзара ынтымақтастық пен түсіністік болып табылады.



































Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!