Материалдар / тәрбие сағаты: Тәрбие сағатымыз оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттап, зиянды әдеттерге бой ұрмай, денсаулықты жақсарту мақсатында ұйымдастырылды.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

тәрбие сағаты: Тәрбие сағатымыз оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттап, зиянды әдеттерге бой ұрмай, денсаулықты жақсарту мақсатында ұйымдастырылды.

Материал туралы қысқаша түсінік
Салауатты өмір сүрудің басты шарты - темекі, ішімдік, нашақорлықтан аулақ болу. Олар ұлтымыздың ертеңіне қауіп төндіріп қана қоймайды, денсаулықты нашарлатып, адамды аздырады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
359
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәрбие сағатымыз оқушыларға салауатты өмір салтын насихаттап, зиянды әдеттерге бой ұрмай, денсаулықты жақсарту мақсатында ұйымдастырылды.

Көрнекілігі: денсаулыққа қатысты мақал - мәтелдер, шылымның адам өміріне зиянын көрсететін суреттер, нақыл сөздер.

Мұғалім: Президент Н.Ә.Назарбаев Қазақстан Республикасының халқына жолдауында: «Біздің жас мемлекет өседі және орнығып нығаяды, онымен бірге біздің балаларымыз бен немерелеріміз де өсіп жетіледі. Олар өз ұрпағының жауапты және жігерлі әрі жақсы білім алған, денсаулығы мықты өкілдері болады. Біз өз қоғамымызды құра отырып, біздің азаматтарымыздың өмір бойы дені сау болуы және оларды таза табиғи ортаның қоршап тұруы үшін кең өріс ала түсетін күш -жігерді қолдану қажет», - деді

Жүргізуші: «Бірінші байлық - денсаулық» деп жайдан - жай айтылмаған. Алдымен адамға денсаулық керек. Ендеше, құрметті ұстаздар, ата-аналар, оқушылар, осындай мақсатты ұстана отырып тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймыз. 1-оқушы: Халықпыз қазыналы қарапайым,Дарқандығы, мәрттігі даладайын,Қам жейтұғын кезең келді,Ойланып кеңесетін ұрпақ жайын.

2-оқушы: Біз бүгін соларды айтып толғанамыз,Жат қылық пен әдеттен қорланамыз.Осында кеңес құрған қонақтармен,Жат қылықтар жағдайын қолға аламыз.

3-оқушы: «Денсаулық ─зор байлық» дейді дана халқымыз. Егер әр адам ақылға салып, табиғаттың сыйын орынды пайдаланып, гигиеналық тәртіпті бұзбай жүрсе, денсаулығына зиян келтірмей, ұзақ өмір сүрген болар еді.

4-оқушы: Біз әлі кішкентай болсақ та зиянды заттардың мол екенін зерттедік.

Мұғалім: Салауатты өмір сүрудің басты шарты - темекі, ішімдік, нашақорлықтан аулақ болу. Олар ұлтымыздың ертеңіне қауіп төндіріп қана қоймайды, денсаулықты нашарлатып, адамды аздырады. Енді темекінің адам өміріне зияны бар ма, құрамында қандай заттар бар екен, одан қандай аурулар пайда болатынын өздерің айтып беріңдер.



5-оқушы: 1. Темекі құрамында өте улы зат ─ никотин бар. Шылым шеккенде адам ауамен бірге темекінің де түтінін жұтады. Бұл түтіннің ішінде улы газ, шаң және күйе болады. 2. Шылымды көп тартқан адам көп улы газды жұтады. Алғаш рет темекі тартқан адам уланады, басы айналады, жүрегі қағады, құсады, қол-аяғы дірілдейді. 3. Өте ерте, бала кезінен шылым шеккен адамның өмірі қысқарады. 4. Темекі түтіні өкпе тамырлары, тыныс жолдарын бітеп, түрлі ауруға шалдықтырады, туберкулез таяқшаларына қолайлы жағдайлар туғызады. 5. Жүректің соғу ритмі артады, жүрек қағады. Тыныс алу жиілейді. 6. Қол -аяқ тамырлары тарылып, қан азаяды.



6-оқушы: Күрік - күрік көк жөтел,Күркілдеген не жөтел,Жасыңнан шексең темекі,Түбіңе сенің сол жетер.Түтінмен ыстап өкпені,Никотин уын төккені,Жүректің ұстап талмасы,Мишықтың құрғап кеткені.

Көрініс: «Ата мен бала».Салауат:Жан екенсің жүрегінде жалын мен от лаулаған,Жарқыным - ау, кешіремін мен сені,Жаңа өзгеріс енгізуге белді бекем мықтап байладың,Ақылды болсаң жас жігіт,Саулықтың сөзін тыңдағын.

Жүргізуші:Салауатты өмір салтын қолдайық,Әдеттен жаман әманда аулақ болайық,Өз өмірің өз қолыңда, ей, жастар,Су ішпеген гүлдей болып қалмайық.

Мұғалім: Тәрбие сағатының қортынды сөзі. Ата-аналардың пікірі тыңдалады.









Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!