Материалдар / Тәрбие сағаты "Тәуелсіздік"
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тәрбие сағаты "Тәуелсіздік"

Материал туралы қысқаша түсінік
даярлық топ мұғалімдеріне
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Ақпан 2018
674
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік! Мақсаты: Тәуелсіздік ұғымын түсіндіру арқылы әр елдің, әр адамның ізгі адамгершілік, жоғары парасат, достық , ынтымақ-бірлік, еліне жеріне сүйіспеншілікпен қарауға, патриоттық сезімге тәрбиелеу, бейбіт өмір сүруге әр адам тиісті екенін балалардың санасына жеткізу. Көрнекілігі: Тәуелсіздіктің 25 жылдығына орай жеткен жетістіктерді слайд арқылы көрсету. Мемлекетіміздің рәміздері: Туы, Елтаңбасы, Әнұраны, Н. Ә. Назарбаевтың портреті. Нақыл сөздер жазылған плакаттар, шарлар, Баннер (Астананың көркейген суреті) Тәрбие сағатының өтілуі: Сабақтың барысы: Шаттық шеңбері Саламатсыздар ма? Здраствуйте?Армысың шапағатты күн ана .Армысың қайырымды аспан ана.Армысың мейірімді жер ана.Амандықпен бар әлемді жарылқа .Здраствуй солнце золотое. Здраствуй небо голубое.Здраствуй ветер ветерок .Здраствуй мой дружок.

Әнұраным –жан ұраным, Айтар әнім, сөйлер сөзім. Мәңгі бақи шырқалады, Республика әнұраны. ҚР-ның әнұраны орындалады. Мұғалім: Балалар бүгін сендер мерекедегідей әдемі болып кетіпсіңдер. Сендер «мереке» деген сөзді қалай түсінесіңдер? (Балалардың жауабы) Осы қыс мезгілінің бірінші айы қалай аталатын еді? -Желтоқсан айы -Дұрыс айтасыңдар балалар. Ал осы желтоқсан айында біз қандай мерекелерді тойладық? -1 Желтоқсан Тұңғыш Президент күні, 16 желтоқсан Тәуелсіздік күні 16- желтоқсан – Қазақстанның Республикасының Тәуелсіздік мейрамы. Бұл күн қазақ халқы үшін теңдесі жоқ қасиетті де қастерлі мереке, қазақ елінің шежіресіне алтын әріппен жазылған күн. Міне, бүгінде азат Қазақстанның ең қастерлі құндылығы – тұғырлы тәуелсіздігімізге 16 желтоқсанда 25 жыл толғалы отыр. 25 жылда жеткен жетістіктеріміз ұшан теңіз. Бүгінгі Қазақстанымыз –қашанда мақтанышымыз. Өзіміз ғана емес, елімізде тұратын 130 ұлт өкілдері де айрықша мақтан етеді. Біз өзіміздің Әнұранымызбен, Туымызбен, Елтаңбамызбен, теңгемізбен мақтана аламыз. (Рәміздер туралы қысқаша мәлімет айтылады) Қазақстан Pеспубликасының мемлекеттiк Елтаңбасының авторлары — Жандарбек Мәлiбеков пен Шотаман Уәлиханов. ҚР мемлекеттік туының авторы — суретшi Шәкен Ниязбеков. Қазақстан Республикасының мемлекеттік ӘнұраныСөзі: Жұмекен Нәжімеденов, Нұрсұлтан НазарбаевӘні: Шәмші Қалдаяқов
  • Балалар, Рәміздер туралы тақпақтарыңды айтып беріңдерші?
Умиджон: Аспан түстес көгілдір, тік бұрышты матаның, Ортасында төгіп нұр күн жаяды шапағын,Астында оның қалқыған қыран құстың бейнесі. Азат елдің шалқыған, көңілі деп білерсің. Нұрдаулет: Көк аспандай көкпеңбек, Қазақстан жалауы.Көк емес ол тектен-тек, елдің ашық қабағы. Мейрамбек:Ақ ниетті - алтын күн асқақ арман – қыраны.Жалауы бұл халқымның, мәртебесі мақтаны. Самат:Алтын қанат көмкерген, Шаңырақ бар , уық бар.Әсем бейне сен көрген , жай бейне емес ұғып ал Сүйсіндірген өзіңді, түсіне біл таңбаны.Ауызда ұшқыр төзімді пырақ халық арманы. Нұрай: Әнұраны елімнің, шақырады бірлікке. Егеменді халқымның болашағы бірлікте.

(Сыныпқа әже кіреді)
  • Балалар сендерде тәрбие сағаты өтіп жатқанын естіп сендерге қонаққа келдім.
–Тыңдаңдар ертегі айтып берейін: Бір баяғыда бейбіт, көшпенді ел болыпты. Жазда жайлауда, Қыста қыстауда өмір сүріпті. Ол елдің ұлдары –өжет, Қыздары –қайратты, халқы каһарман болыпты. Бір күні ол елдің басына қара бұлт үйіріліп, халқына жау шауыпты. Ол елдің жері үлкен болыпты, сол елдің жеріне көз тіккен Жоңғарлар шабуыл жасапты. Халқы батырларының арқасында жеңілмей Жоңғарларды жеңіпті. Содан бейбіт ел келісіп, халқын, ұрпағын аман алып қалуы үшін, және басқа елдің қайтадан келіп соғыс ашпауы үшін халқын аман сақтап үлкен алып елге барып қосылыпты. Содан ұзақ жылдар бойы сол елдің айтқанымен жүреді. Содан ол ел өзінің Тәуелсіздігін арман етіп өмір сүре береді. Күндердің күнінде ол елге бөтен ұлттың адамын Елбасы етіп сайламақшы болады. Оған халқы әсіресе жастар жағы наразы болып, көтеріліке шығады. – «бізге Тәуелсіздік керек» , «Біз , ежелден  еркіндік аңсаған»,  «Әрбір ұлтты  өз көсемі  басқарсын»- деген ұрандар айтылады.Ол күн 16 желтоқсан еді. Өз елінің  тәуелсіздігін талап етіп, шеруге шыққан жастарға«Бұзақылар», «Ұлтшылдар», «Нашақорлар»,-деген кінә тағылды. Көптеген  студент жастар түрмеге  қамалды, оқу  орнынан  шығарылды. Тәуелсіздік жолында  Қайрат Рысқұлбеков, Ләззат  Асанова, Ербол Сыпатаев, Сәбира  тағы  басқалары  сияқты   желтоқсан  оқиғасы кезінде  қайсарлықпен  ерлік  көрсетіп құрбан  болды.Сол желтоқсан  оқиғасы қанша ызғарлы естілсе де, жанымызға нұр септі. Мәңгілік егемендікті алып келгеннің арқасында, дүние жүзіне танымал ел болып, 1991 жылы 16-желтоқсанда өз егемендігін алыпты. Содан бері бақытты ел болып өмір сүріп, әлем таныған байтақ ел, Мейірімді елбасысы бар. Алып елге айналыпты. Сол ел бүгін міне тәуелсіздігін тойлап жатқанына 25 жыл толыпты. -Ал балалар ол қандай ел екенін білгілерің келеме?- Ия - Ол Қазақстан! Асылхан-Т-Тұңғыш рет төл Елбасым сайланып, Халқым оған кең құшағын жайды анық.Інжу-Ә- Әлем танып егеменді елімді, Шекарамен шегеледім жерімді.Самат- У- Уыс толы құт- береке ырысым, Бейбіт өмір-тыныштығым, тынысым.Кәусар- Е- Ертеңімді бүгінгі күн белгілеп, Көк байрағым асқақтайды желбіреп.Саят- Л- Лаззат, Сабира, Қайратпенен Ерболдың, Арманындай бүгін міне ел болдым.Сабина - С- Сарырақаның асқақтатып ажарын, Астанасын салды менің қазағым.Мейрамбек - І – Іргем берік ішкі өмірім тұрақты, Ұлыстардың ордасымен қуатты Жанерке -З- Зымыранмен құстай самғап алысқа, Тоқтар, Талғат ұшып шықты ғарышқаУмиджон- Д- Дүниенің дүлділдері жиналып,Думан қылдым Азияда бұйырып. Айханым- І- Ізгі жолым ертеңіме жалғасып, Жетелейді асулардан алға асып. Арнат - К- Келешегім кемел болып әрдайым, Бағым жанып жарқырасын маңдайым!
  • Міне балалар, біздер елімізбен мақтанамыз. Бұл еркіндік оңайлықпен келген жоқ. Қазақ елі еркіндікке жету үшін қаншама қйын-қыстау кезеңдерді бастан кешірді.
  • Ал енді балалар тәрбие сағатымызды мақал-мәтелдермен жалғасырайық: Сабина: Азат елдің аспаны ашық
  • Саят: Егеменді елдің еңсесі биік
  • Кәусар: Тәуелдінің соры қалың, тәуелсіздің бағы басым.
  • Асылхан: Азат елін сүйген ұл бақытты
  • Егеменді ел көрікті. Бетегелі бел көрікті.
  • Ұлмерей: Тәуелсіз елдің ұлы- өжет. Қызы-қайратты, халқы-қаһарман.
  • Самат: Тәуелді елдің сұлтаны болғанша, Тәуелсіз елдің ұлтаны бол.
  • Саян: Ханның да, қараның да рухани өзегі – Тәуелсіздік
Мұғалім: Балалар сендер Тәуелсіздік туралы көптеген мақал-мәтелдер біледі екенсіңдер. Ал енді мақал –мәтелдерді толықтырайық.Ер найзасыз болады (Ел таңбасыз болады)Туған жерге (туың тік) Туған жер- ұлдың Отаны, (Атамекен –ұлттың Отаны) Бірлігі жоқ ел тозар, (Бірлігі күшті ел озар)Отансыз адам – (Ормансыз бұлбұл) Елдің көркі елімен (Отан көркі жерімен) Туған жердің жері де көрікті ( Елі де көрікті) Жері байдың (елі бай)
  • Жарайсыңдар балалар,
Сол күндер ғой жүректің аңсағаны, Соған шөлдеп, шөліркеп аңсағаны Өкінішпе білмеймін қуаныш па Өз-өзінен жүрегім ән салады. Ән: Астана
  • Жарайсыңдар балалар. Тәуелсіздіктің 25 жылдығына арналған тақпақтарды айтып беріңдерші.
  • Мейрамбек
  • Ұлмерей
  • Мерей
  • Жанерке
  • Асхат
-Би: сарбаздар

Кәусар: Тәуелсіздік – асқақ рух пен асқақ үн, Тәуелсіздік – баға жетпес асқағың. Толса-дағы 25 жасқа азат күн, Ызғарлы күн әлі есімде Қазақтың. Асылхан: Ата –бабам арман еткен ежелден.Жүріп өткен қилы-қилы кезеңмен, Қазақстан тәуелсіз ел атанды, Бірден оңай келмегенін білем мен.



Сабина: Жағасына жауының жетіп қолы,Тартып алған тәуелсіз күшпен өктем.Тәуелсіздік елімнің ерлік жолы,Олжа емес салбырап түскен көктен. Саят: Қуаныш аралас қасіретпен, Ерлік жолда қаншама ғасыр өткен, Еркіндігін елінің сақтау үшін,Талай елдің бұл жолда басы кеткен. Қорытынды: Мұғалім: «Осынау тарихи белестер Жаңа Қазақстандық Патриотизмді ұрпақ жадында сіңіруде айрықша рөлге ие. Елдің тұтастығы мен бірлігі, татулығы мен тыныштығы ең басты назарда. Ел бірлігі – біздің барша табыстарымыздың кілті. Тұрақты дамудың Қазақстандық моделі бүгінде бүкіл әлемге үлгі Тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойын және халақаралық ЕХРО -2017 көрмесін табысты өткізіп, еліміздің әлеуетін әлемге паш етеміз. Ұлы жолдағы сапарымыз сәтті, болашағымыз жарқын болсын!»- деп Елбасының сөзімен қорытындылағым келеді. Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды, тіліміздің мерейі үстем болсын! - деп тәрбие сағатымызды аяқтаймыз. Ән. Көк тудың желбірегені















Елімнің бақытын тербеткен Тәуелсіздік!

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!