Материалдар / Тәрбие сағатынан семинар сабақ: Тақырыбы: «XIX-XX ғ.ғ. басы қазақ ағартушыларының рухани мұралары».
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тәрбие сағатынан семинар сабақ: Тақырыбы: «XIX-XX ғ.ғ. басы қазақ ағартушыларының рухани мұралары».

Материал туралы қысқаша түсінік
оқушыларға
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Желтоқсан 2018
1123
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

«Бекітемін»ОТЖ бойынша директор орынбасары.................... Назиров Д

ШЫМКЕН ҚАЛАСЫ БІЛІМ БАСҚАРМАСЫНЫҢ

«№10 колледж» МКҚК











Тақырыбы: «XIX-XX ғ.ғ. басы қазақ ағартушыларының рухани мұралары».











Ұйымдастырушылар: Оқытушы: Шахатова М







Шымкент 2018 ж"XIX-XX ғ.ғ. басы қазақ ағартушыларының рухани мұралары" семинар сабақ

Мақсаты: Абай Құнанбаев, Шәкәрім Құдайбердиев, Ыбырай туралы білімдерін байқай отырып, қосымша білім беру, шығармалардың тақырыбы, идеясын, мазмұнын түсіндіру, тіл байлықтарын кеңейту, еліне, жеріне деген сүйіспеншілік сезімдерін арттыру.Сабақтың барысы:Абай ҚұнанбайұлыТуған кездегі есімі:Ибраһим ҚұнанбайұлыҚызметі:ақын, ағартушы, философ, композитор, саяси қайраткерТуған күні:10 тамыз 1845Туған жері:Қарқаралы, Семей облысыҰлты:қазақҚайтыс болған күні:6 шілде 1904 (58 жас)Қайтыс болған жері:Семей облысыӘкесі:Өскенбайұлы ҚұнанбайАнасы:Ұлжан

Абай (Ибраһим) Құнанбаев Құнанбайұлы (1845-1904) — ақын, ағартушы, жазба қазақ әдебиетінің, қазақ әдеби тілінің негізін қалаушы, философ, композитор, аудармашы, саяси қайраткер[1], либералды білімді исламға таяна отырып, орыс және еуропа мәдениетімен жақындасу арқылы қазақ мәдениетін жаңартуды көздеген реформатор. Абай ақындық шығармаларында қазақ халқының әлеуметтік, қоғамдық, моральдық мәселелерін арқау еткен.Абай Шығыс пен Батыс мәдениеті мен өркениетін жетік білген. Бірқатар әлем ойшылдарының еңбектерімен жақсы таныс болған. Философиялық трактаттар стилінде жазылған «Қара сөздері» - тақырып ауқымдылығымен, дүниетанымдық тереңдігімен, саяси-әлеуметтік салмақтылығымен құнды.Орта жүздің Арғын тайпасының Тобықты руынан шыққан билер әулетінен. Әкесі Өскенбайұлы Құнанбай өз заманындағы атақ даңқы алысқа кеткен адамдардың бірі болған. Патша өкіметі XIX ғасырдың ортасындағы бір сайлауда оны Қарқаралы ауданының аға сұлтандығына бекіткен. Шешесі Ұлжан Орта жүздің Арғын тайпасынан Қаракесек руының шешендікпен, тапқырлық, әзіл әжуамен аты шыққан шаншарлардың қызы «Абай» деп жас Ибраһимді анасы Ұлжан еркелетіп атаған. Содан бері бұл есіммен Абай тарихқа енді.Шәкәрім Құдайбердиев ӨмірбаяныТуған жері қазіргі Шығыс Қазақстан облысының Абай ауданындағы Шыңғыстау бөктерінде 1858 ж. шілденің 11-де дүниеге келген. Оның әкесі Құдайберді Құнанбайдың үлкен бәйбішесі Күнкеден туған, Абаймен әкесі бір, шешесі бөлек. Шәкәрім сонда Абайға немере іні болып келеді.Шәкәрім бес жасында оқуға беріліп, екі жылдай оқиды. Құдайберді отыз жеті жасында дүниеден өткенде, атасы Құнанбайдың тәрбиесінде болған Шәкәрім жетімдік тауқыметін тарта қоймаған. Өзінің «Мұтылғанның өмірі» атты ғұмырнамалық өлеңінде бес жасында ауыл молдасынан сабақ ала бастағанын жазады. Атасы оның көңіліне қаяу түсірмей, бетінен қақпай, еркелетіп өсіреді: ол жөнінде ақынның өзі: «қажы марқұм мені „жетім“ деп аяп, қысып оқыта алмай, жетімді сылтау етіп, ойыма не келсе, соны істеп ғылымсыз өстім» деп өкіне еске алады. Алайда ақылды бала өсе келе тез ес жиып, жеті жасынан бастап өлең сөзге бейімділігін танытады.Оның ерекше зеректігін аңғарған Абай Шәкәрімді өз қамқорлығына алады, «молда сабағынан» басқа орысша үйренеді. Былайғы өмірін ғылым білім қуумен қатар,домбыра тарту, гармоньда ойнау, ән салу, саятшылық құру, сурет салу, т.б. өнерлерге арнайды. Оның өнеге көрген ортасы Құнанбай ауылының зиялы тобы, ұлы Абайдың тағылымы болды. Ол жас Шәкәрімнің азамат және ақын ретінде қалыптасуына ерекше әсер етеді. Абайдың кеңесімен әр түрлі кітаптар оқуға машықтанған Шәкәрім ақылы кемелденіп, ой өрісі тереңдеп өседі. Ақындық өнерін де таныта бастайды Ы. Алтынсарин — қазақ мектептерін және ондағы оқытудың дидактикалық негіздерін дүние жүзі педагогикасының қол жеткен алдыңғы қатарлы деңгейінде құра білген ұлы ұстаз. Орталық бұғауға түскен қазақ халқын мәдени қиындықтан құтқаратын жол — ағартушылық деп білген Ыбырай, патша үкіметінің “Қайырымдылығына ” орай және бұқара көпшіліктің қаржысымен ашылатын мектептерді және ондағы білім мен тәрбие беру, оқыту принциптерінің негізгі компонентерін өміршең мәнде дәлді белгілей білді. Қазақ балаларына тән білуге құмарлық, тапқырлық, дарындылық, қасиеттеріне мән берген ол: “… мені өте таңқалдырған нәрсе- бұл балалар үш айдың ішінде ғана орысша, татарша оқуды, тіпті жазуды да үйренді,” – деп шәкірттердің зейінділігі мен іждағаттылығына ризалықпен қарадыXX ғасырдың алғашқы кезеңінде Ахмет Байтұрсыновтың қазақ халқының қоғамдық, саяси, мәдени, ағарту істеріне белсене араласып, бар күш-жігерін, білімін оқу-білім жолына арнаған. Ол қазақ халқының мәдениет тарихында білгір педагог, қазақ тілі білімінің негізін салушы, ғылым-тюрколог, әдебиет зерттеуші, журналист, қоғам қайраткері, елінің рухани жетекшісі ретінде танылды.

Ел-жұртының мақтанышы болған Ахмет Байтұрсыновты ұлы жазушы Мұхтар Әуезов былай бағалаған еді: “… Қазақтың еңкейген кәрі, еңбектеген жасына түгелімен ой түсіріп елін ұйқысынан оятып, жансыз денесіне қан жүгіртіп, күзгі таңның салқын желіндей ширықтырған, етек жеңін жиғызған “Қазақ” газеті болатын. Ол газеттің жаны кім еді? Ішіндегі қажымайтын қайрат, кемімейтін екпін кімнің екпіні еді? Ол екпін ұйықтаған қазақты айқайлап оятуға заман ерік бермеген соң “Маса” болып талай ызыңдап, “оятамын” деп ұзақ бейнетті міндет қылып алған Ахаңның екпіні болатын ”.

Қорытындылау.
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!