Материалдар / Тәрбиеші мәдениеті
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тәрбиеші мәдениеті

Материал туралы қысқаша түсінік
тәрбиеші мәдениеті жайлы айтылған кеңестер
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
25 Желтоқсан 2018
1156
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Зайсан қаласы «Зайсан қала әкімі аппаратының «Зайсан қаласындағы «Еңлік» бөбекжай-бақшасы» КМҚК-ның әдіскеріБоржикова Ляйля Жайлаубековна

«Тәрбиеші мәдениеті» Бүгінгі таңда жас ұрпақты өз халқының тарихын, тегін, салт-дәстүрін, тілін, дінін білетін етіп тәрбиелеу өмір талабы. Бұл әрине бала бойында отбасынан, тәрбиешінің тәлім-тәрбиесі арқылы берілетіні сөзсіз. Өйткені тамырын тереңге сайлаған талшыбықтың өсіп-өнбейтіні тәрізді, өз халқының рухани негізінен нәр алмаған бала шынайы азамат болып өсе алмайды.Жас ұрпақты тәрбиелеуде тәрбиешінің білімі, ақылдылығы, әдебі, мәдениеті, дүниеге көзқарасы, әділдігі, бала жанын түсінуі, мінез-құлқы, сөйлеу мәнері, жүріс-тұрысы, киім киісі мен ұқыптылығының тәрбиелік мәні өте зор. Тәрбиеші өзінің бойындағы эстетикалық талғамды, адамгершілік пен сезімталдықты, шыдамдылық пен бауырмалшылықты, жеке басының мәдениеті мен бүлдіршіндер өмірінде өз ізін қалдыра алады. Мәдениет дегеніміздің өзі адам өмірі мен іс-әрекетін ұйымдастыру тәсілінен, сондай-ақ олардың материялдық және рухани байлықты жасауынан көрінетін қоғам мен адамзаттың белгілі тарихи даму дәрежесі. Мәдениет сөзінің аясы кең, мағынасы сан тарау. Соның ең негізгісі - тіл мәдениеті. Тіл, сөз - егіз ұғым. Мәдениеттің туы - тіл, өмірде, тіршілікте адамзаттың бір-бірімен араласып, қарым-қатынас жасап, түсінетін негізгі құралы. Дұрыс қарым-қатынас жасау үшін әр адамның сөз, сөйлесу мәдениетін меңгеріп, оны өз бойында қалыптастыру тиіс. Сондықтан да, бұрынғы өткен ойшылдарымыз «Адам мәдениетінің алғышарты - дұрыс оқи, сөйлей білуі» немесе «Балаға тәлім-тәрбие беретін тәрбиешінің өзі алдымен тәрбиелі болуы керек» десе, М.Жұмабаев атамыз «Баланың маңайында сөйленетін сөздер де әдепті, сұлу болуға тиіс. Былық сөзді естіп өскен бала, өмір бойы былық-былапыт тілді болады» - деп, тегін айтпаса керек. Бұдан түйетін қорытынды, тәрбиешінің сөйлеу мәдениеті - баланың сөйлеу мәдениетінің дамуының негізі!Ертеңгілік бүлдіршіннің ата-аналарымен жылы амандасып, әр сәбиді өзіне жақын тартып, қамқор болып оның жүрегінен орын алуы, тіпті топтағы жүріс-тұрысы, баланың алдында өзін-өзі ұстауы, киім киісі, әдет-этикасы ұсақ-түйек дегеннің өзінде де тәрбиешінің жеке басының мәдениетін аңғартады, себебі тәрбиешінің әрбір іс-әрекеті бала үшін өнеге, өйткені бала көргенін қайталайды. Елбасымыз Нұрсұлтан Назарбаев: «Жастар тәрбиесі - басты мақсат. Ұстаз бір елдің болашағы үшін жасайтын киелі мамандық иесі. Оның парасатты жүріс-тұрысы, киім- киісі бәрі баланың назарынан тыс қалмайды»-деген болатын.Саналы азамат, XXI-ғасыр педагогы бүгінгі күні сырт келбетіне, имиджіне үлкен мән береді. Имидж - ағылшын тілінен аударғанда «бейне», «кейіп» деген мағына береді. Қазіргі заманның белсенді адамы барлық жағынан жаңа белестерге ұмтылады. Олар киім таңдауда бірінші, бұл киіммен қай жерге, қандай мақсатпен баратынын ойша саралап барып таңдайды. Кейінгі кезде өркениетімізде «дресс код» ұғымы пайда болды. Дресс код (ағылшын сөзі dress code-киім кодексі) арнайы іс-шара мен мекемеге арнап киілетін киім формасы. Ұстаздар киімінің қандай болу керектігі ешбір заңда, құжатта көрсетілмеген. Білім беру саласы қызметкерлерінің киімі классика және іскерлік стильде болуы керек.Балабақша білім ордасы болғандықтан, тәрбиеленушілер білім берушіге қарап бой түзейді. Тәрбиешінің киімі, шаш қою үлгісі басты назарда. Киім кию адамның сыртқы дүниесіне ғана байланысты мәселе емес екені ертеден мәлім. Адамның киген киімі оның ішкі дүниесінен хабар беріп тұратыны анық. «Адам көркі-шүберек», «Киіміне қарап қарсы алады, ақылына қарап шығарып салады» деген мақалдар біраз жайдан хабар береді. Сондықтан, нақты қағида-тәрбиеші жұмысқа жарасымды, сәнді киініп келуі. Тәрбиешінің сыртқы келбеті-оның төңірегіндегі адамдарға аса құрмет көрсетуі болып табылады. Киім адамды тәртіптендіреді, жинақыландырады, тәрбиеленушіге де әсер етіп, оны ілтипаттылыққа шақырады. Олай болса, тәрбиеші жайлылық пен қарапайымдылық жағына аса мән берсе, іскерлігі бірден көрінеді. Тәрбиеші кеңсе немесе банк қызметкері емес, ол балаға білім жағынан ғана емес, өзіндік стиль жағынан да үлгі. Тырысқақ шалбар мен тізеден жоғары белдемше кию жат. Тым жасанып, жұрт назарын өзіне аудару үшін боянған, артық заттарды тағыну баланың ойын басқа жаққа аударады. Өзінің ісімен, сөзімен егемен еліміздің болашағын ойлайтын, тәуелсіздіктің қорғаны білімді ұрпақтың тәлімгері сіздерсіздер.Бала тәрбиесі қиын да күрделі іс, тәрбиеге жағдай әр адамның елеулі борыштарының бірі, ал бала тәрбиесі дегеніміздің өзі тұрмыс, тіршілік майданында ақылмен, әдіспен күресе білетін адам шығару деген сөз. Сондықтан да тәрбиеші бойындағы бар күш-жігерін, білімін жалықпай, қажымай-талмай, үлкен мәдениеттілік үлгісімен үйрете білуі керек.
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!