Материалдар / Тарих – біздің ұлттық игілігіміз

Тарих – біздің ұлттық игілігіміз

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздіктің 26 жылдық мерейтойын атап өту, тәуелсіздіктің қандай қиын жолмен келгенін айта келе, оқушыларға сұрақтар қойып, пікір таластыру, өз ойларын ашық айта білуге тәрбиелеу, саналы, ақылды, білімді ұрпақ қалыптастыру.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады. Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Ақпан 2018
497
0 рет жүктелген
770 ₸
Бүгін алсаңыз
+39 бонус
беріледі
Бұл не?
Бүгін алсаңыз +39 бонус беріледі Бұл не?
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тарих – біздің ұлттық игілігімізОйыл ауданы, Саға мектеп-балабақшасының 11 сынып жетекшісіБисұлтанова Зина Ерсайынқызы

Мақсаты: Тәуелсіздіктің 26 жылдық мерейтойын атап өту, тәуелсіздіктің қандай қиын жолмен келгенін айта келе, оқушыларға сұрақтар қойып, пікір таластыру, өз ойларын ашық айта білуге тәрбиелеу, саналы, ақылды, білімді ұрпақ қалыптастыру.Түрі: ПікірталасКөрнекілігі: слайдтар, қанатты сөздерҰйымдастыру:Сәлеметсіздер ме, құрметті ұстаздар, оқушылар!!!Бүгін біз сіздерге Тәуелсіздіктің 26 жылдығына орай дайындаған «Тарих – біздің ұлттық игілігіміз» атты пікірталас сабағымызды бастағалы отырмыз.1991 ж. 16 желтоқсанда Қазақстан Республикасы Тәуелсіз Республика болып жарияланды.Тәуелсізбін, егеменмін, еркінмін,Көңілім көкке шарықтады, серпілдім.Көкірегім мұздап еді, ерідім,Домбырадай күмбірледі көңілімҚазақстан – қасиетті ұғым бұлЕй, келешек, жан тәніңмен ұғын, біл.Он бір әріп не мағына береді,Ал, толғайық жеткенінше қызыл тіл.Т- білдіреді теңдікті,Ә- әдептілік, әлдікті,У-уайымсыз уақытты,Е- егемендік елдікті.Л-дейді лағып лепірме,С-сенімділік секілді,І-ілтипат пен ізеттіЗ- зиялылық тілек қой.Д- шақырады достыққа,І- ізденіс пен нәтижеК- дейді күн боп көктегіКөз алартып, көршілерге қол сұқпа. Қазір бәріміз бақыттымыз, тәуелсіз елдің ұрпақтарымыз! Олай болса, тәуелсіздікке біз қалай қол жеткіздік, қандай қиындықтардан өттік, Тәуелсіздік бізге не алып келді? (Видеоролик көрсетіледі, 5 мин) Ненің, қандай нәрсенің де, яғни бір құбылыстың екі ұшы болатыны сияқты сіздер де жоғарыда айтып өткендей, екі жақты ой-пікір, пайымдауларыңызды ортаға салыңыздар! Тәуелсіздік жөнінде сөз етсек – желтоқсан құрбандары, ал желтоқсан құрбандары туралы айтсақ – тәуелсіздік тілімізге оралатыны ақиқат. Ал енді мынау дүбірлеткен ұлы той Тәуелсіздіктің 25 жылдығын желтоқсан құрбандарын еске алмай өткізе аламыз ба?І. 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасын бәріміз білеміз, желтоқсан құрбандарын еске алмай өткізу дұрыс па?Я – дұрысЖоқ – дұрыс емесЖелтоқсан құрбандарының есімі сақталып, халық жадында мәңгі жатталды. Тарихты өзгертіп, халық жадын өшіру мүмкін емес. Дегенмен, Шәкәрім айтқандай «бұл ән бұрынғы әннен өзгерек» деп, тәуелсіздігіміздің 25 жылдық мерейтойының орны бөлек. Сондықтан да, еліміздің егемендігін, тәуелсіздігіміздің торқалы тойын ешбір мұңсыз, қайғысыз, күңіренбей, күрсінбей, кеудені керіп тұрып, тек қуанышпен, шаттықпен мерекелеу – ертеңге үлкен үміт, нық сенім, өмірге өзгеше көзқарасты көрсетеді деп түйіндеуге болады.ІІ. 2017 жылғы қысқы Универсиадаға мемлекеттен 17 миллиард теңге қаржы бөлінді. Жалпы Универсиаданың Қазақстанда өтуі дұрыс па?Я – дұрыс Жоқ – дұрыс емесІІІ. Оралмандар туралы не айтасыңдар?Оралмандардың келуін құптаймын, оларға мемлекеттен қаржы бөлінуі өте дұрыс деп есептеймін. Я – келісемінОралмандардың елге оралуының өзі дұрыс емес, оларға мемлекеттен көп қаражат бөлінбеуі керек,олардың қайтып келуіне құптамаймынЖоқ – келіспеймін «Оралмандар туралы теріс түсінік тарап барады» – Тамыздың 22-сі күні Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі «оралман мәртебесін беру туралы ережені бекіту туралы бұйрыққа» қол қойды. 2007 жылдан бері Ішкі істер министрлігіне қарап келген «Оралмандар» мәселесі биыл еңбек мининстрлігінің қарамағына өткені белгілі. Оралмандардың бұдан ұтары не, неден ұтылмақ?Бұл жолы оралмандардың ұтылғанынан ұтқаны көп болатын шығар. Себебі көші-қон жайы мен шеттегі қазақтың Қазақстанға келуі көп жағынан әлеуметтік мәселе ретінде қарастырылады ғой. Қордаланған әлеуметтік мәселені шешу құзіретін әлеуметтік қорғау министрлігінің құзырына бергені дұрыс. Ал ішкі істер министрлігінің шешетін нәрсесі - тіркеуге алу, құжаттандыру. Ол онсыз да заңмен реттелетін нәрсе. Бұған дейін солай реттеліп келген. (Оралмандар туралы Бекболат Тілеуханның пікірі айтылған видеоролик көрсетіледі, оқушылар өз ойларын толықтырып, пікірлерін айтады).Мұғалімнің қорытынды сөзі: Құрметті ұстаздар, оқушылар, міне көріп отырғанымыздай жақсы пікірталас болды, әдемі ой-пікірлер айтылды, сыни көзқарастар болды. Сіздер көп-көп рахмет, осындай пікірталас сабақтарымыз бола берсін. Сау болыңыздар!!!



Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!
Осы аптаның ең үздік материалдары
Педагогтардың біліктілігін арттыру курстары
Аттестацияда (ПББ) 100% келетін
тақырыптармен дайындаймыз
Аттестацияда (ПББ) келетін тақырыптар бойынша жасалған тесттермен дайындалып, бізбен бірге тестілеуден оңай өтесіз
Өткен жылы бізбен дайындалған ұстаздар 50/50 жинап рекорд жасады
Толығырақ