Материалдарды шектеусіз жүктеңіз ҚМЖ, ашық сабақтар, презентациялар, көрнекіліктер, дидактикалық материалдар, авторлық бағдарламалар және тағы басқа 400 000-астам материалды шексіз жүктеп алғыңыз келе ме?
Толығырақ
Толығырақ
Тақырып бойынша 11 материал табылды

Тарих беттеріндегі стиль: Орта ғасырлар мен Қайта өрлеу дәуірінің сән ерекшеліктері

Материал туралы қысқаша түсінік
Киім – тек қажеттілік қана емес, әрбір тарихи кезеңнің эстетикалық, діни және әлеуметтік көзқарастарының көрінісі. Орта ғасырларда адамдар көбіне діни нормалар мен әлеуметтік иерархияны басшылыққа ала отырып киінді. Бұл кезде киім денені жауып тұруы, көзге түспеуі тиіс еді. Ал Қайта өрлеу дәуірінде адамзат қайтадан жеке даралықты, сұлулықты дәріптей бастады. Сән өнермен тығыз байланысқа еніп, киім адамның ішкі дүниесінің көрінісіне айналды.
Материалдың қысқаша нұсқасы

Тарих беттеріндегі стиль: Орта ғасырлар мен Қайта өрлеу дәуірінің сән ерекшеліктері



Лекер Даяна

Тұран” Университеті

МО231(4)_1

23242348@turan-edu.kz


Аннотация: Бұл мақалада Орта ғасырлар мен Қайта өрлеу дәуіріндегі сәннің ерекшеліктері қарастырылады. Орта ғасырларда киімдердің қарапайымдыдығы мен фунционалдығы басым болса,Қайта өрлеу дәуірінде сән-салтанат пен күрделілік алдыңғы қатарға шықты.Сондай-ақ екі дәуірдегі сәннің сәулет өнерімен және қоғамның мәдени өзгерістермен байланысты талданады. Мақалада осы кезеңдердегі киім үлгілерінің негізгі сипаттамалары, олардың айырмашылықтары және ұқсас тұстары салыстырмалы түрде зерттеледі.


Түйін сөздер: Орта ғасырлар, қайта өрлеу дәуірі,сән, киім үлгілер, сәулет өнері, қарапайымдылық, сән-салтанат, мәдениет, қоғам, стиль.


Кіріспе: Сырт киім адамзат мәдениетінде маңызды орын алады. Ол белгілі бір кезеңнің әлеуметтік құрылымын, эстетикалық ұстанымдарын одан бөлек технологиялық жетістіктерін айқын бейнелеп көрсетеді. Орта ғасырлар мен Қайта өрлеу дәуірі сән мәдениетігде ерекше алтын із қалдырған кезеңдер десекте болады. Орта ғасырлардаүы киім қарапайымдылық пен функционалдыққа негізделсе, қайта өрлеу дәуірінде сән күрделі, сән салтанатты және көркемділікке тола түсті.

Бұл екі дәуірдегі сән үлгілері сәулет өнерімен, мәдени өзгерістермен және қоғамдағы жаңа құндылықтармен тығыз байланысты болды. Осы мақалада біз Орта ғасырлар мен Қайта өрлеу дәуіріндегі сәннің ерекшеліктерін, айырмашылық пен ұқсастықтарын, сондай-ақ сол кезеңдегі сәулет өнерімен байланысын қарастырамыз.

Мақаланың әдісі: Салыстырмалы талдау әдісі Орта ғасырлар мен Қайта өрлеу дәуірінің сәнін салыстыра отырып, олардың ерекшеліктерін анықтау үшін қолданылады. Киім үлгілері қолданылған материалдар, түстер палитрасы, одан бөлек әлеуметтік мәртебеге байланысты айырмашылықтар талданады. Тарихт сипаттау әдісі әр дәуірдегі сәннің қалыптасуына әрі дамуына әсер еткен мәдени, діни және экономикалық факторлар сипатталады. Киім үлгілерінің өзгетуі мен олардың сол кездегі қоғамдағы рөлін көрсету мақсатында тарихи шолу жасалды. Бұл әдістер мақалаға ғылыми әрі жүйелі көзқарас беріп, екі дәуірдегі сәннің ерекшеліктерін терең түсінуге мүмкіндік береді.

Негізгі бөлім: Еуропа тарихында сән тек киіну мәдениеті емес, әлеуметтік мәртебе мен эстетикалық талғамның айқын көріністерінің бірі болды. Орта ғасырлардағы сәннің ұстамдылығы мен діни ықпалы Қайта өрлеу дәуірінде күрделі, сән-салтанатты стильге ұласты. Бұл өзгерістер экономикалық даму болды, сауда жолының кеңеюі және өнердің гүлденуімен тығыз байланысты болды. Орта ғасырлардағы сән діни догмалар мен әлеуметтік иерархияға негізделіп келді. XI-XIIIғ.ғ киімдер көбіне функционалды әрі ұстамды болған. Табиғи материалдар, мысалы: Жүн, зығыр, кенеп кең қолданыста болды, ал жоғарғы тап өкілдері жібек пен барқыт киюге мүмкіндік алды. Әйел адамдар жабық әрі ұзын киімдер киіп ,бастарын жамылғымен немесе орамалмен жапты. Киім дене бітімін айқындамайтындай кең етіп тігілген. Ер адамдар туникалар, шапандар және ұзын жейделер киіп, белдіктермен толықтырған.

XIV-XV ғ.ғ киім үлгілері біршама өзгерді. Әйелдер сәнінде белді айқындайтын корсеттер мен қатпарлы юбкалар кеңінен қолданыла бастады. Ерлер сәнінде қысқа комзолдар мен тар шалбарлар қолданысқа енді. Түстер қанық бола түсті, ал сәндік элементтер ретінде ою өрнектер мен кестелер пайда болды. Бұл өзгерістер феодалдық қоғамның әлсіреп, қалалар мен сауданың дамуына байланысты сәннің әлеуметтік рөлінің арьуымен тікелей байланысты.

Қайта өрлеу дәуірі( XIV-XVIғ.ғ) Еуропа сәнінде түбегейлі өзгерістер алып келді. Антикалық мұраны қайта жаңғырту сән әлемінде де көрініс тауып, киім үлгілері бара-бара күрделене түсті. Әйелдер сәнінде бай маталардан тігілген көлемді көйлектер, кең етектер, күрделі пішімді жеңдер мен алтын-күміс жіппен кестеленген сәндік элементтер өте танымал болды. Әсіресе Италия сән орталығына айналып, Флоренция мен Венеция шеберлері жібпк атлас және парча маталарынан тігілген сәнді киімдерді ұсынылды.Ерлердің сәнінде біраз өзгерістер байқалды. Комзолдар мен кең иықты жейделер сәнге еніп, қысқа пішімді киімдерге ауысты. Тар шалбарлар мен ашық түстер трендке айналды. Бас киімдер ерекше назарға алынып, сәнжік шляпалар мен жібек орамалдар жиі қолданылатын болды. Бұл кезеңде киім тек қажеттіләк емес, байлық пен талғамды көрсететін құралдарға айналды. Киім үлгілері адамның әлеуметтік жағдайын, саяси бағытын және эстетикалық талғамын білдіретін айрықша символ болды.

Орта ғасырлардағы сән тек киіну мәдениеті ғана емес, адамның әлеуметтің мәртебесін, кәсібін, діни ұстанымын білдіретін құрал болды. Бұл дәуірде киім үлгілері әлеуметтік иерархияға бағынды. Мысалы, ақсүйектер мен діни қызметкерлер қымбат маталардан тігілген кең әшекейленген киімдер кисе, шаруалар қарапайым қолжетімді маталардан жасалған киімдер мен ғана шектелген.

Орта ғасырларда сәндегі қарапайымдылық пен ұстамдылыққа ерекше мән берілген. Бұл әсіресе діни сенімдер мен моральдық қағидаларға байланфсьы болды. Католик шіркеуі сәнге үлкен ықпал етіп, тым ашық немесе тым сәнді киімдерге шектеу қойды. Мысалы, 13-14ғасырларда Еуропа елдерінде “Сумптуарлық заңдар” (әлеуметтік таптарға сәйкес киіну туралы заңдар) енгізілді. Бұл заңдар қарапайым халыққа қымбат жібек, парча немесе алтын жіптермен кестелеген киімдерді киюге тиым салды.

Пікірталас: Орта ғасырлар мен Қайта өрлеу дәуірірің сәнін салыстыра келе олардың ерекшеліктерін анық көруге болады орта ғасырларда киімдердің басты мақсаты ол- қарапайымдылық, функционалдылық және діни нормаларға сай келу болса, Қай өрлеу дәуірінде сән адамның жеке даралығын көрсетуге бағытталған. Орта ғасырлардағы сәнді жақтаушылар бұл кезеңнің қарапайым әрі табиғи материалдардан жасалған киімдердің практикалық екенін атап өтеді. Сонымен қаьар, киім үлгілері әлеуметтік тәртіппен діни құндылықтарды сақтауға толықтай ықпал етті.

Ал қайта өрлеу дәуірін жақтаушылар бұл кезкңдегі сәннің өнерімен тығыз байланысын ,жоғары сапалы маталар мен күрделі пішіндердің артықшылықтарын атап көрсетеді. Бұл кезеңде киімдік айтарлықтай көркем туындыға айналған.


Қорытынды: Орта ғасырлар мен қайта өрлеу жәуірінің сәні- Еуропа мәдениеті мен қоғамының дамуын көрсететін ерекше құбылыстардың бірі. Бұл екі кезең сән әлеміне сан алуан көзқарастар әкелді: бірі қарапайымдылық пен фунционалдыққа негізделген болса, кейбірі сәнділік пен даралықты дәріптеді. Орьа ғасырлардағы, киім үлгілері шіркеу мен феодалдық қоғамның ықпалы мен қарапайым әрі ұстамды болды. Киім адамның әлеуметтік мәртебесін ғана емес, оның моральдық және діни ұстанымдарында білдірді. Табиғи материалдардан тігілген киімдер практикалық тұрғыдан ыңғайлы болды, ал ақсүйектер арасында барқыт, жібек және күрделі кестелер сәнге кірді.

Қайта өрлеу дәуіріндегі қоғам сән әлеміне біраз өзгерістер әкелді. Бұл кезеңде сауда және экономика алға басып, адамдардың сәнге деген талғамы мен көзқарастары толықтай өзгерді. Киім тек қажеттілік емес, әлеуметтік статус пен мәдениеттің көрінісіне айнала бастады. Жоғары сапалы маталар, сәнді пішімдер, ашық түстер және өнер туындыдарын еске салатын кестелер сәннің негізгі элементтеріне айналды. Италияндық шеберлер жасаған киім үлгілері Еуропаның түкпір-түкпіріне таралып сәннің жаңа стандарттарын белгіледі.

Қортындылай келе, бұл екі дәуір сән таиихында маңызды орын алады және олардың мұрасы ғасырлар бойы сақталып келеді. Орта ғасырлар бізге ұстамдылық пен қарапайымдылық әсемдігін уйретсе, Қайта өрлеу дәуірі сән арқылы өзіндік даралықты көрсетудің маңыздылығын көрсетті. Екі кезеңнің де сән үрдістері қазіргі таңда тарихи мұра болап қана емес, заманауи сән әлеміне ықпал ететін маңызды элементтер ретінде өзектілігін сақтап отыр

Shape1

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі:

  1. Браун, К. (2012). Орта ғасырлардағы Еуропа мәдениеті. Алматы: «Ғылым» баспасы.

ISBN: 9965-19-607-2

  1. Флеминг, Дж., & Хонор, Х. (2010). Өнер және мәдениет тарихы. Астана: Ұлттық аударма бюросы.

ISBN: 978-601-7943-06-7

Сілтеме: https://tilalemi.kz

  1. Андреев, Л. Г. (2007). История костюма: от древности до наших дней. Москва: Просвещение.

ISBN: 978-5-09-019894-0

  1. Левинсон-Лессинг, В. Ф. (1985). Эпоха Возрождения и её искусство. Ленинград: Искусство.

Сілтеме: https://rusneb.ru/catalog/000199_000009_003097219/

  1. Hollander, A. (1994). Seeing Through Clothes. University of California Press.

ISBN: 978-0520212571

Сілтеме: https://www.ucpress.edu/book/9780520212571/seeing-through-clothes

  1. Ribeiro, A. (2002). Dress and Morality. Oxford: Berg Publishers.

ISBN: 978-1859730044

Сілтеме: https://www.bloomsbury.com/uk/dress-and-morality-9781859730044/


Жүктеу
bolisu
Бөлісу
ЖИ арқылы жасау
Файл форматы:
docx
05.05.2025
185
Жүктеу
ЖИ арқылы жасау
Бұл материалды қолданушы жариялаған. Ustaz Tilegi ақпаратты жеткізуші ғана болып табылады. Жарияланған материалдың мазмұны мен авторлық құқық толықтай автордың жауапкершілігінде. Егер материал авторлық құқықты бұзады немесе сайттан алынуы тиіс деп есептесеңіз,
шағым қалдыра аласыз
Қазақстандағы ең үлкен материалдар базасынан іздеу
Сіз үшін 400 000 ұстаздардың еңбегі мен тәжірибесін біріктіріп, ең үлкен материалдар базасын жасадық. Төменде керек материалды іздеп, жүктеп алып сабағыңызға қолдана аласыз
Материал жариялап, аттестацияға 100% жарамды сертификатты тегін алыңыз!
Ustaz tilegi журналы министірліктің тізіміне енген. Qr коды мен тіркеу номері беріледі. Материал жариялаған соң сертификат тегін бірден беріледі.
Оқу-ағарту министірлігінің ресми жауабы
Сайтқа 5 материал жариялап, тегін АЛҒЫС ХАТ алыңыз!
Қазақстан Республикасының білім беру жүйесін дамытуға қосқан жеке үлесі үшін және де Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық материалыңызбен бөлісіп, белсенді болғаныңыз үшін алғыс білдіреміз!
Сайтқа 25 материал жариялап, тегін ҚҰРМЕТ ГРОМАТАСЫН алыңыз!
Тәуелсіз Қазақстанның білім беру жүйесін дамытуға және білім беру сапасын арттыру мақсатында Республика деңгейінде «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жариялағаны үшін марапатталасыз!
Министірлікпен келісілген курс саны 12