Материалдар / «Тарихы сырлы-ертеңі нұрлы ғажап ел!» тақырыбында ауданы бойынша ардагер ұстаздармен кездесу кеші.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Тарихы сырлы-ертеңі нұрлы ғажап ел!» тақырыбында ауданы бойынша ардагер ұстаздармен кездесу кеші.

Материал туралы қысқаша түсінік
Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жыл толуына орай ұйымдастырылып отырған «Тарихы сырлы-ертеңі нұрлы ғажап ел!» тақырыбында ауданы бойынша ардагер ұстаздармен кездесу кеші.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
28 Қаңтар 2022
984
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында, Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 30 жыл толуына орай ұйымдастырылып отырған

«Тарихы сырлы-ертеңі нұрлы ғажап ел!»

тақырыбында ауданы бойынша ардагер

ұстаздармен кездесу кеші.


  1. Ұйымдастыру кезеңі:

  • Қонақтарды қарсы алу (қазақ киім киген қыздар қарсы алып, гүл шоқтарын ұсыну)

  • Ардагер ұстаздарға әр мектептің жас ұстаздары төс белгілерін тағып, өз орындарына отырғызу.

  • Әр мектептің ардагер ұстаздары үш салаға бағытталып бөлінеді. (өнер саласы , спорт саласы, шығармашылық саласы)

  • Әр ардагер ұстаздардың шығармашылығынан көрме ұйымдастырылады.

  1. Негізгі бөлім:

  • Кештің өту барысы

  1. Қорытынды:

  • АБББ

Көрініс: «Ұлы дала ұландары»

1-ші жүргізуші

Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіз күнің бүгін кенеле бер,

Мейрамың құтты болсын, тәуелсіздік!

Ғасырдың тойы болшы келе берер.

Тәуелсіздік. Тәуелсізбін мен бүгін,

Келді, міне азаттығым, теңдігім.

Бостандықта байлығым мен ендігім,

Шешіл енді шемен болған шерлі үнім!

2-ші жүргізуші

Армысыздар! Құрметті кешіміздің ардақты қонақтары, ұстаздар және оқушылар! Бүгінгі Рухани жаңғыру бағдарламасы аясында ұйымдастырылып отырған, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдығына арналған «Тарихы сырлы-ертеңі нұрлы ғажап ел!» атты кешімізге қош келдіңіздер!

3-ші жүргізуші

Елбасымыздың рухани жаңғыруға, руханиятқа, білім, ғылымға маңыз беруі, үлкен көрегендік пен ұлттың алға ілгерлеуін, жылдам қарқынмен жылжытатын қозғаушы күш. Бұл тәуелсіз еліміздің бақытты болашағы мен алаңсыз келешегі үшін жасалып жатқан жұмыс. Өйткені рухани байлықтың кемел болғаны, бұл жеке азаматтарымыз үшін де әрбір жеке тұлғадан құрылған қоғам үшін де өте маңызды үдеріс.

1-ші жүргізуші

Қазақстан Республикасы қанаты қатайып, кемелденіп, дербес отау тігіп, тәуелсіз мемлекет болып егемендік алғанына 30 жыл. Көп ұлтты және ортақ салты мен тарихы бар біздің арамыздағы өзара келісім - біздің жеріміздегі бейбітшілік пен берекенің дәлелі болып табылады. 2021 жыл еліміз үшін айрықша, мерейлі де, мерекелі жыл. Ендеше, Тәуелсіздігіміздің 30 жылдық мерейтойы құтты болсын!(3 жүргізуші бірге айтады)

Ән: Азимханова Нұрай « »

2-ші жүргізуші

Құрметті кешіміздің қадірлі қонақтары, бүгінгі ұйымдастырылып отырған шарамыз ақылмен түйсініп, жүрекпен сезінетін пайым - парасатымен, талғам - танымымен танылатын асыл жандар, ардагер ұстаздарға арналады!


3- ші жүргізуші

Алтынсарин- қазақтың жарық шамы,

Ойлағаны аяулы халық қамы.

Жап-жасыл жайқалатын жапырағы,

Алтынсарин- елімнің алтын бағы.

Алтынсарин- ұлы ұстаз ұлағатты,

Алтынсарин- ұлтыма ұлы жарық дей келе қазақтың аса көрнекті ағартушы педагогы, жазушы, қоғам қайраткері Ыбырай Алтынсариннің биыл 180 жылдығын атап өтпеске болмас.


1- ші жүргізуші

Ендеше қазақтың алғашқы ұстазы, ағартушысы Ыбырай Алтынсариннің салған ізімен ұстаздық қызметтен зейнетке шыққан ардагер ұстаздарымыз ортамызда. (Әр ұстаз бір бет слайд арқылы, ұстазым әнінің фонында таныстырылады. Слайдта сақталатын ереже: мектеп атауы, ұстаздың аты-жөні,фотосы,жетістіктері)


2-ші жүргізуші

Әл-Фараби: «ұстаз... жаратылысынан өзіне айтылғанның бәрін жете түсінген, көрген, естіген және аңғарған нәрселердің бәрін жадында жақсы сақтайтын жақындарына да, жат адамдарына да әділ, жұрттың бәріне жақсылық пен ізгілік көрсетіп, қорқыныш пен жасқануды білмейтін батыл, ержүрек болуы керек» деген. Байқайсыздар ма? Бұл сөзден біз бүгінгі қонаққа келіп отырған ұстаздарымыздың бейнесін көреміз.

Осы жерде залдағы оқушылардан суырылып шығып, ұстазға арналған өлең жолдарын арнайды.



3-ші жүргізуші

Ұстаздық еткен жалықпас, үйретуден балаға дегендей, сіздерден аларымыз әлі де көп. Ортамызда ұстаздықпен қоса өз өнерін дәріптеп, шәкірттеріне сабақ беріп қана қоймай, өнердің қыр сырын ұғындыруға жылдар бойы еңбек еткен ұстаздарымыз ______________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________

ортамызда. Ендеше ұстаздарымыздың назарын экранға аударсақ (оқушылар бейне жазба арқылы сұрақ қояды)











Сұрақтар:

1. Ұстаздық өмірге қалай келдіңіз? Жүрек қалауымен бе, әлде осы мамандықты таңдауға себепші оқиға немес бір жағдай болды ма? (экраннан қойылады)
2. Кешегі өзіңіз еңбек еткен мектебіңізден қандай өзгерістерді байқадыңыз? (экраннан қойылады)

3. Есіңізде қалған ең қызықты сәтіңіз?
4. Алғашқы шәкірттеріңіз нешеде?
5. Ұстаз болудың қиындығы мен қызығы.


1-ші жүргізуші

Осындай өнерлі де білімді, кемеңгер ардагер ұстаздарымыздың арқасында оқушылардың бойынан мамандығына деген жанашырлығын, адалдығын аңғару қиын емес. Әрбір баланың жан сырын аша отырып, бүгінде қаншама өнерлі жастардың жолдарын аша білдіңіздер. Осындай шәкірттеріңіз өзерінің табандылығы мен еңбекқорлығының арқасында біршама белестерді бағындырды. Еңбек жолындағы жемісі мен шәкірттер жетістігі, сіздердің кемеңгер ұстаз екендіктеріңізді аңғартады. Олай болса осы өнер жолындағы сіздердің сіңірген еңбектеріңіздің құрметіне өнерлі қыздарымызды ортаға шағырамыз.



«Көркем би» тобының орындауында қазақ биі



2-ші жүргізуші

Ортамызда спорт саласы бойынша ардагер ұстаздарымыз отыр. Аталған салада жүріп, қашанда қалың елдің үміті мен тілегін арқалап, ел мен жер абыройын қорғай білетін азаматтар мен азаматшаларды, сондай ақ, спорт әлеміне енді ғана қадам басып жатқан жас ұрпақты спортқа баулып, олардың жеңіске жетуіне аянбай еңбек етіп, білім мен спорт саласына үлес қосқан ардагер ұстаздарымыз

____________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________________Cөз кезегі өздеріңізде. (Ұстаздар шардың ішіне бір қағазға сұрақ жазылады, сол шарды жарып ішінен сұрақты алып жауап берулеріңіз керек.)

Өз жолыңызды жалғастырып, қазіргі таңда сол салада еңбек етіп отырған шәкірттеріңіз барма?

Өмір жолыңызда кезіккен қандай да бір қиындықтарды жеңу жолдарыңыз?

Тәуелсіздік сіз үшін несімен құнды?

Еңбек еткен жылдары есіңізде қалған қызық оқиға?

Қазіргі жастарды жігерлендіріп, сайыстарда жеңу үшін қандай кеңес берер едіңіз?

Қандай рекорттарды бағындырдыңыз?


3-ші жүргізуші

Тәуелсіз Қазақстанның білім саласында жүріп, спорттың дамуына үлес қосқан ардагер ұстаздарымыз көпке өнеге, жастарға әрқашанада үлгі.


Ән: «Чемпиондар әні» (әннің фонында жетістікке жеткен оқушылар спорттық киіммен, медальдарымен, кубоктарымен сахна төріне шығады)


1-Жүргізуші: Бауыржан, Ұстаздар кім болуды армандайды?
2-Жүргізуші: Сен де қызық сұрақтар қояды екенсің. Ұстаздар кім болсам екен деп армандамайды.
1-Жүргізуші: Неге? Армансыз адам болмайды гой
2-Жүргізуші: Сен дұрыс түсінбедің . Менің айтайын дегенім басқа еді. Білгің келеді ма ? 
1-Жүргізуші: әрине 
2-Жүргізуші: Ұстаздар бастық болуды армандамайды .Әр мұғалімнің жұмыс бөлмесі, отыратын жұмыс үстелі, қарамағында 25-30 оқушысы бар, кішігірім бастық емес пе?
1-Жүргізуші:Ұстаздар сот болуды да армандамайды. Ұрыс, төбелес жөніндегі бала мен ата-ана дауын да бір өзі шешіп отырады. Ал, енді сот демей көріңдерші.
2-Жүргізуші яяяяя, өте дұрыс айтасың. Жазушыларға келер болсақ, тіпті кейбір жазушыларыңыз да, мұғалім құсап күнде жазуға отырмас. Ұстазды жазушы емес деп көріңізші. 
1-Жүргізуші: охо, бір адамның бойынан қаншама мамандықты көріп тұрмыз. Онда біз аяулы ұстаздарымызды дарынды, шебер деп айтсақ артық болмас. Әр мұғалім өз сабағының шебері, яки режиссері, көбінесе басты рөлде де өзі ойнайды. Әртіс демей көр, кәне. Көпшілік көрініске де өзі қатысады. “Ұстаздық - ұлы құрмет. Себебі, ұрпақтарды ұстаз тәрбиелейді. Болашақтың басшысын да, данасын да, ғалымын да, еңбекқор егіншісін де, кеншісін де ұстаз өсіреді... Өмірге ұрпақ берген аналарды қандай ардақтасақ, сол ұрпақты тәрбиелейтін ұстаздарды да сондай ардақтауға міндеттіміз” деген. Ендеше ортамыздағы шығармашыл ардагер ұстаздарымыздың шығармашылығына кезек берсек. Сіздерге бірнеше сөздер ұсынылған, осы сөздерді қолдана отырып, өз шығармашылықтарыңызды көрсетсеңіздер.

Сөздер (Қазақстан, тәуелсіздік, рухани жаңғыру,құндылық, жастар) осы берілген сұрақтарға ұстаздар арасынан сол сәтте өлең жолдарын шығарады, суретші ұстаздар мастер класс көрсетеді.



1-жүргізуші

Шығармашылық шабыт ұшқыны әрбаланың табиғатында бар, тек соны тұтата білсек, өзімізде, балаларда шабыттанып, берген білім мен тәрбиеміздің нәтижесін көретіндігін сіздер осы сәтте ұғындыра білдіңіздер.

2-жүргізуші

Ұстаздар, ұлағатты зиялылар, сендерде ғалымдардың қиялы бар. Бүгінгі кеш сіздер үшін арналады, шәкірттердің өнерін қабыл алыңыздар.


Мектеп оқушыларынан құрылған домбырашылар ансамблі

Күй «Ата толғауы»



3-жүргізуші

Тоқсан ауыз сөздің, тобықтай түйіні ұлт ұстазы, қазақтың тұңыш ағартушы ғалымы Ыбырай Алтынсарин «Маған жақсы мұғалім бәрінен де қымбат,өйткені мұғалім – мектептің жүрегі.» – демекші, «Ұстаз» сөзінің қадірі түспесе екен дейміз. Мұғалімнің мәртебесін көтергеннен ешкім кем болмайды, керісінше терезесі тең болар. Біз ұстазын ұлықтаған, тер еңбегін ұмытпаған елміз.



1-жүргізуші

Құрметті ардагер ұстаздар осы өлшеусіз еңбектеріңіздің жемісі ретіндегі бүгінгі зейнет демалыстарыңыздағы  ғұмырларыңыз ұзағынан, көрер қуаныштарыңыз молынан болып, немере-шөберенің қызығына тоймай ардақты әке. ақ жаулықты ана бақытына бөленулеріңізді тілейміз! Жүздеріңіз күндей күлімдеп, жүректеріңіз жаздай жайнасын, жанарыңыздан әрдайым нұр себелеп, жандарыңыз шаттыққа кенелсін демекпіз.

Ән «Атамекен»

2-жүргізуші

Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар! (3 жүргізуші бірге айтады)

.




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!