Материалдар / Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры!
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры!

Материал туралы қысқаша түсінік
Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры! Эссе Тәуелсіздік – тірегіміз, дамыған елдердің қатарына ену ендігі тілегіміз. Ұланғайыр табыстарға жетуіміздің негізі Елбасымыздың сындарлы саясатының сырында жатқаны бәрімізге аян. «Егер келешекте қолымнан іс келетін азамат бола қалсам, қазақ деген халықты дүние жүзіне танытып, терезесін тең етер едім», - деген Елбасымыздың ұлағатты сөзі арманнан нақты іске айналады.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
29 Сәуір 2022
882
1 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тәуелсіздік – мәңгілік елдің тұғыры!

Тәуелсіздік – тірегіміз, дамыған елдердің қатарына ену ендігі тілегіміз. Ұланғайыр табыстарға жетуіміздің негізі Елбасымыздың сындарлы саясатының сырында жатқаны бәрімізге аян. «Егер келешекте қолымнан іс келетін азамат бола қалсам, қазақ деген халықты дүние жүзіне танытып, терезесін тең етер едім», - деген Елбасымыздың ұлағатты сөзі арманнан нақты іске айналады. Қазақ елін Әлем таныды, экономикада да, әлеуметтік салада, спорт пен мәдениетте, саяси тұрақтылықта қол жеткізген табыстарымызға әлем елдері тәнті болып қарайтын дәрежеге жеттік. Ұлы жетістіктерге жетуімізге, еліміздің аз уақытта-ақ секіріп, Азияның барысына айналған тарихи маңызды кезеңдеріне Қазақстанның Тұңғыш Президенті Н.Ә.Назарбаевтың қосқан үлесі орасан зор. Елбасымыздың ерен ерлігі, қажырлы қайраты, алып еңбегі талай шығармаларға арқау болды. Халқын Тәуелсіздікке жеткізген еліміздің бәйтерегі, бостандық таңының алтын діңгегі болған Елбасымыздың көрегенділігі мен парасаттылығы арқасында еліміз гүлденіп, көркейіп келеді.

Қазақ елі, дархан қазақ даласы – ата-бабамыздың найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғап жеткізген, бізге ұрпақтарына аманат еткен асыл мұрасы.

Арысы қазақ хандығынан бастап, берісі егеменді елдің іргесіне дейін көшті жалғастырып келе жатқан, атадан тараған ұрпақтың парызы осы амнатты сақтау.

Жәнібек пен Керейдің керсен келісімін кілем үсті көтеріп, Отанды қастерлеп өту әрбір ұрпақтың міндеті. Қазақта «Отансыз адам армансыз бұлбұл» деген сөз бар. Орманы жоқ құстың ұясы да, қонар бұтағы да жоқ. Дәл сол секілді тірлік кешу ортасы жоқ ұлттың өмір сүруі мүмкін емес.

Тәуелсіздік – ащы термен келген тәтті жеңіс! Төгілген қанның, өлмеген жігердің отымен келген Ұлы күн! Еліміздің Тәуелсіздікті аңсап, тәуелсіздік жолында тынбай күресуі нәтижесінде, ешкімнің ықпалына көнбейтін қуатты мемлекет болып әлем сахнасынан көріне бастады. Елін, жерін жау аяғына таптатпай, сол туған жерінің қамы үшін басын өлімге тіккен аталарымыздың бойындағы ерен күш, биік рух жеңіске алып келді. Ғасыр ағынымен қанды шайқасты да, қой үстінде бозторғай жұмыртқалаған бейбіт өмірді де, өзге мемлекеттердің үстемдік етіп, билік жүргізуін де, бірін-бірі жеуге дейін барған аштық заманды да, табиғаттың дүлей күшін де, бәрін – бәрін көрді, келешек ұрпаққа жетуі үшін тасқа қашап, хатқа қаттап, бәрін мәңгі өшпестей сақтап жазды.

Қазақ халқының іргесі сөгіліп, бірлігі мен ынтымағы кетпеуі жолында билеріміз: Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер тер төкті.

Ұлан – ғайыр даламызды жат жұртқа бермеу үшін қайтпас қайсар батырларымыз жан аямай күресті.

Пай! Пай! Пай! Киелі неткен жер! Батырлар дүрілдеп өткен жер. Тұлпарлар дүбірлеп төккен тер, - деп қазақтың ақиық ақыны М.Мақатаев жырлағандай еліміз не көрмеді десеңізші! Сонда да тайынбай, еңсесін түсірмей тәуелсіздік алатынына сенімін жоғалтпаған ержүрек халқымыздың арасынан шыққан зиялы қауым өкілдері биліктің бұрыс жақтарын беттеріне басып, кемшіліктерін әшкерелеп, мемлекеттің еркіндігіне қол жеткізуге әрекет еткені үшін өлім жазасына кесілді.

Тәуелсіздік – мемлекеттің ішкі және сыртқы істерін өзі шешіп, өзі басқарып, іс жүргізуі, өз билігінің өзінде болуы, оған басқа өкіметтің араласуына жол бермейтіндігі, яғни толық саяси тәуелсіздігі мен дербестігі.

Елбасының көрегенділігі және парасатты саясаты мен елімізді мекен еткен ұлттардың татулығы жарасқан ынтымақтастығының арқасында еліміздің күннен-күнге әлеуеті артып, экономикасы гүлденген мемлекетке айналды.

Кез-келген елдің елдігін, біртұтастығын танытатын қасиетті бес ұғым бар. Олар: тілі, діні, тарихы, атамекені.

Қиын-қыстау кезеңде найзаның ұшымен, білектің күшімен қорғап, даналық парасаттылықпен сақтап, бізге жеткізген ата-баба аманатына кір шалдырмай келер ұрпаққа табыстау – біздің бүгінгі ұрпақтың қасиетті парызы.

Тәуелсіздік! Қазақтың еркін даласының әрбір тұрғыны, еңкейген қариядан бесіктегі балаға дейін бұл сөздің қаншалықты қымбат, қаншалықты әсерлі екенін жете түсінеді.

Тәуелсіздіктің бізге оңай келмегені баршамызға аян. 1986 жылы жетоқсанда қарсы шыққан Тәуелсіздік үшін күрескен аға – әпкелеріміздің, солардың ішінде ерекше көзге түскен Қайрат, Ербол, Лаззат, Сабира сынды батырларымызды ерекше зор мақтанышпен айтамыз.

Тәуелсіздік жолында еліміз 30 жылда бірнеше жетістіктерге қол жеткізді. Еліміз егемен, бай қуатты мемлекет ретінде бүкіл әлемге танылды. Елбасымыздың Қазақстан халқына Жолдауында: «Рухы биік, еңбегі ерен, бірлігі мығым Мәңгілік ел болуы үшін бізде бәрі бар. Тәуелсіздіктің туын желбіретіп, тұғырын нығайтқан біздің тарих алдында жүзіміз жарқын! Біздің тірегіміз – Тәуелсіздік, тілегіміз – тұрақтылық, білегіміз – бірлік!» - деп атап көрсетеді. Ендеше, болашақ ұрпақ үшін ырыс-несібенің мәңгілігі, еліміздің тыныштығы, баяндылығы керек.

Біздің бейбіт күнде өмір сүріп, алаңсыз еңбек етуіміз осы бірлік пен татулықтың арқасы.

Еліміз үшін Тәуелсіздік қашанда тұғырлы болмақ. Жас ұрпақ үшін Тәуелсіз елдің гүлденген, күшті мемлекет болып, тұрақты дамуына қол жеткізу, оны бағалай білу басты міндетіміз.

Қорытындылай келе, Тәуелсіздігіміз мәңгілік жасасын! Қазақ елінің абыройын асыратын, мерейін үстем ететін, талапты да, талантты, білімді жастарымыз көбейсін! Бізді, жастарды еліміздің болашағын одан ары нұрландыру үшін қажымас қайрат, ұлы мақсаттар мен идеяларды жүзеге асырар ұлы жобалар мен үлкен еңбек күтіп тұрғанын терең сезінеміз. Отанымызға адал қызмет етіп, өз үлесін қосу – елін сүйген әрбір жастың қасиетті парызы деп ойлаймын.

1


Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!