Материалдар / "Тәуелсіздік- ұлттық өрлеудің көші" (мерекелік кеш)
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Тәуелсіздік- ұлттық өрлеудің көші" (мерекелік кеш)

Материал туралы қысқаша түсінік
"Тәуелсіздік- ұлттық өрлеудің көші" (мерекелік кеш)
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
18 Сәуір 2018
355
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақтың тақырыбы:Тәуелсіздік- ұлттық өрлеудің көші

Сабақтың мақсаты:Оқушыларға егеменді еліміздің жетістігін түсіндіру.1986 жылғы желтоқсан оқиғасына қатысқан ұл-қыздардың ерліктерін айтып өту.Өз Отанына,туған жеріне деген сүйіспеншіліктерін арттыру.

Сабақтың көрнекілігі:Плакатқа жазылған нақыл сөздер,Н.Назарбаевтың суреті,желтоқсан құрбандарының суреттері.

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, компьютер, плакат, кітаптар көрмесі

Сабақтың барысы:

I Ұйымдастыру бөлімі.

II Кіріспе бөлім.

Атыңнан айналайын егемен ел,

Тәуелсіздік күнің туды кенеле бер.

Мерейің құтты болсын тәуелсіздік,

Ғасырдың тойы болшы келе берер.

III Негізгі бөлім

Балалар,біз күнделікті өмірде бір-бірімізбен сөйлесеміз,пікір алысымыз,әңгімелесеміз.Біздің туып өскен жеріміз-Қазақстан Республикасы.

-Отан деген не?

-Отан дегеніміз-адамның туып-өскен жері,туған туыстарымен,жақындарымен бірге тұратын ата мекені.Қазақ елінде тұратын адамдардың отаны Қазақстан Республикасы.Қазақ жері бір шетінен екінші шетіне дейін құс қанаты талатын ұланғайыр кең өлке.Ол Солтүстігінде Ресеймен,шығысында Қытаймен,Оңтүстігінде Қырғызбен,Өзбек,Түркімен елімен,ал Батысында Әзірбайзан республикаларымен шектеседі.Қазақ жері қаншалықты кең байтақ болғанымен,табиғаты әр алуан.Оңтүстігінде өрік гүлдеп тұрғанда,Солтүстігінде қарлы боран соғып тұрады,қазақстан тәуелсіз мемлекет болып 1991 жылы 16 желтоқсанда жарияланды.Осы күнге жету үшін қазақ халқы талай қйындықты бастан кешірді.

Астана-Қазақстан Республикасының елордасы.Мемлекетіміздің Астанасы 1997 жылы астана қаласына көшірілді.бүгінде Астана қаласы Қазақстанның ең ірі және экономикалық дамыған мәдени қаласына айналып отыр.Астана қаласының тұрмыт-тіршілігі,әлеуметтік жағдайы,экономикалық дамуы,өзге елдермен байланысты күннен-күнге дамып көрею үстінде.Мемлекетіміздің осындай егеменді,тәуелсіз мемлекет болуына жанын аямай,қасық қаны қалғанша күрескен батыр аға-апаларымызға бір сәт тоқталып өтелік.

Жас арудың жанарында-Желтоқсан,

Жаңа ғасыр табанында-Желтоқсан.

Қарлы өмір қайыстырған халқымның

Қанды ғасыр қабағында-Желтоқсан.

Заманымның тонын теріс кидіріп,

Мінбелерден түсірмедің сүйдіріп.

Сайлап қойдың жастарыңды зарлатқан

Жауыздарды бас-басына би қылып.

Заманының таңы өзгерсе қас қағым,

Әлі де іште айтары көп басқаның.

Желтоқсанның ызғары жұтты-ау сен,

Боздақтардың тірідей-ау жас қанын.

Көтердік біз тәуелсіздік жалауын.

Тойтарам деп бодандықтың қамауын,

Ұмытпаңдар,ұрпақтар-ау әр кезде

Желтоқсанның мұзда жаққан алауын.

Шын сырыңды бүгін міне таза ақтар,

Бодандыққа бой бермеді қазақтар.

Ел есінде мәңгілікке сақталмақ

Ел баласы Қайрат,Ербол,Ләззаттар.

Қазақ халқының ұлттық намысын,бостандығын қорғау жолында аса елеулі үш оқиғаны бастан өткізді.Оның біріншісі он үшінші ғасырдағы Шыңғысхан түмендеріне тойтарыс берген Отырар Қаһармандығы.Екіншісі-он сегізінші ғасырдың орта шеніндегі жоңғар шапқыншылығына қарсы ұлы жойқын күресісіз.Үшінші,яғни бүгінгі дәуірдегі биік белесіміз,өршіп,қайсар мінезімімен өзіне жалпақ әлемнің назарын бұрған 1986 жылғы Алматыдағы Желтоқсан оқиғасы.

1986 жылғы Желтоқсан оқиғасы республиканы толық қамтыған саяси-әлеуметтіккөтеріліс болды.Бұл көтерілісте еліміздің еркіндігі,тәуелсіз мемлекет болуы үшін аянбай ерлік,батырлық көрсетіп,құрбан болған батыр аға-әпелеріміз бүгінгі ұрпаққа өнеге болды.Олар Қайрат Рысқұлбеков,Ләззат Асанова,Ербол Сыпатаева,Сәбира Мұхаметжановалар.


Қайрат Рысқұлбеков

Қайрат Рысқұлбеков 1965 жылы Жамбыл обл мойынқұм ауданындағы Бірлік жерінде дүниеге келген.Үйдегі жеті баланың үшіншісі еді.Қайраттың әуелгідегі әскерден келген соң өнер ұяларының біріне оқуға бармақ ниеті болған.Ол тірі болса ақын болар ма еді деп әкесі мен анасы есіне алары.желтоқсанда жас өмірін жалау еткен қазақтың қайсар ұлы Қайрат Рысқұлбеков халқымыздың ұлттық батыры ретінде өз есімін ел жадына мәнгілік жазып кетті.

Қайраттың өлер шағындағы ақтық сөзі:

Күнәдан таза басым бар,

Жиырба бірде жасым бар.

Қасқалдақтай қаным бар,

Бозторғайдай жаным бар.

Алам десең,алыңдар!

Қайрат деген атым бар,

Қазақ деген затым бар.

Еркек тоқты-құрбандық

Атам десең,атыңдар.

Мен не етермін,не етермін.

Мен келмеске кетермін,

Көрмеген қош бол таңдарым,
Көре алмай мен өтермін.

Қош,аман бол артымда,

Ағайын туған,азамат!

Артымда қалған ата-анам,

Ел-жұртым саған аманат.

Ләззат Асанова

1986 жылдың қаһарлы желтоқсанында алаңға шыққан жастардың араснда Ләззат та бар еді.Ол қаршадайынан күйге құмар,сазды әуенге әуес болып өскен.кішентай домбырасы мен қобызын қолынан тастамайтын.Мен музыкант боламын дейтін ұстаздары мен достарына.Талабыңнан айналдым-деп анасы Алтынай да Ләззаттың біржола өнерге берілгенініе сүйсінетін.Ол бірде Алматыға тартқан.Алматының «Чайковский» атындағы музыклық учелищесінің қобызшы мамандығы бойынша оқып жүрген Ләззат Асанованың он алты жылдық қана қысқа ғұмыры ерте үзілді.Ол Әлия мен Мәншүк сияқты қазақтың ержүрек қыздарының ерлігін қайталады.Желтоқсан оқиғасы кезінде қайсалықпен ерлік көрсетіп,құрбан болды.

Сәбира Мухамбетжанова

Күн ашықта көз ұшында көрінер кәрі Тарбағатай таулары мен жанында жақын барсақ,толқын жағаны ұрып жататын қарт Ертістің арасындағы кең дала сәбираның отаны еді.Шығыс өңірінің шайпау табиғатында шынығып өскен ол бала кезінен бірбеткей,өжет болатын.Ол Ерсінбек әкесі Күлшара шешесіне «Мен өсенде сіздер үшін қолымнан келгенді аямаймын.Ауылдан алыс жақтарға өзім алып барамын»-дейтін.Сезімтал да сергек қыз ұстаз болуды армандайтын.Ол 8 жылдық метепті үздік бітіріп Өсекен қаласындағы педучелищенің бастауыш сыныптарғы мұғалімдер дайндайтын қазақ бөліміне оқуға түсті.Мұнда ол алмастай өткірлігімен құрбыларының алды болды.Көп кешікпей желтоқсан оқиғасы алыс жақын Алтайға да жетті.Көзі ашық,көкірегі ояу студенттер алаңға шеруге шықты.олардың ішінде Сәбирада бар еді.

Сондықтан да, балалар,еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігі үшін қасық қаны қалғанша күресіп,өз ғұмырларын қиған батыр аға,апаларымызды ешқашан да ұмытпаймыз.біз оларды әр қашан зор мақтанышпен,сезіммен ұрпақтан-ұрпаққа жалғап отырамыз.

Тәуелсіздік!

Тәуелсізбін мен бүгін,

Келді.міне азаттығым теңдігім.

Бостандықта байлығым мен елдігім,

Шешіл енді шешем мен шерлі үнім!

Өзіңдікі-Елің де,

Өзіңдікі-жерің де.

Өзіңдікі өзің еккен бақ-тәуелсіздік төрінде!

Қанатыңнан қайырылып.

Қыр арқаңнан майырылып.

Қонақ-

Тәуелсіздіктен,

Қала көрме айырылып!

Қорытынды бөлім:

Құрметті ұстаздар,қадірлі оқушылар егемендіктің елдігін,тәуелсіздіктің тірегін ту еткен қазағымның таңы мәңгі арайлап ата берсін!Азаттықтың айбарлы алдаспанын асқақтата адымдаған айбынды елімнің күні шұғылалы,туы биік желбірей бермек.Осымен «тәуелсіздік-ел тұғыры» атты кешіміз аяқталды.

Сау болыңыздар.

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!