Материалдар / Тәуелсіздік ел тірегі
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тәуелсіздік ел тірегі

Материал туралы қысқаша түсінік
екінші кіші топқа арналға технологиялық картасы
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
17 Желтоқсан 2018
487
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Екінші кіші «көгершін» тобындағы ұйымдастырылған оқу қызметінің конспектісі.Өткізу күні:Тәрбиеші: Зейнуллина А.СӨтпелі тақырып: Жыл құстарыБілім саласы: Қатынас, тіл дамытуТақырыбы: Құстар біздің досымызМақсаты: Тәрбиелік: Табиғатты сүюге, қорғауға баулу.Дамытушылық: Балалардың мәнерлі әңгімелеу дағдыларын арттыру, ой-өрісін кеңейтіп, тілін дамыту, кейіпкердің рөліне ену.Оқыту: Құстар туралы білімдерін кеңейту, дыбыстарына қарай ажырату, бүркіттің тіршілігі мен құсбегілік туралы таныстыруПедагогикалық технологиялар: түсіндіру, сұрақ-жауап, саяхатРесурсты қамтамасыз ету: Үнтаспадағы құстардың дыбыстары, құстардың суреттері, ұя, ұядағы жұмыртқа, тірек-сызбаСөздік жұмыс: турау, тазарту,кесемізБилингвалдық компонент: көкөніс-овощ, қызанақ- помидор, қияр- огурцы, жуа-лукҰйымдастыру кезеңі: Балалар жылулық шеңберіне тұрып, құстардың аттарын атай отырып бір-біріне жылы сөздер айтады. Мысалы: Қарлығашым менің, көгершінім менің.Негізгі бөлім: Балалар бүгін біз сіздермен құстар туралы әңгімелесеміз!Балалар сендер қандай құстарды білесіңдер? (Балалардың жауабы)Ал балалар осы құстар қайда мекендейді?Дұрыс айтасыңдар! Құстар балалар екіге бөлінеді. Дала құстары және үй құстарыала құстары олар далада, орманда мекендейді. Үй құстары қорада мекендейді.Ал дала құстарына қандай құстар жататынын білеміз бе? (қарға, тырна, көкек, бірқазан, бүркіт)Енді балалар саяхатқа барғыларын келе ме? Ендеше қазір біз сендермен пойызбен орманға саяхатқа барамыз. (балалар бір-бірінің артына пойыз тәрізді тұрып әуенмен қабылдау бөлмесіне барады, сол уақытта екінші тәрбиеші ағаштар мен құстарды қояды.) Балалар топқа кіргенде құстардың дауысы естіледі. Ормандағы құстармен танысып, олардың тіршілігі жайында түсінік алып, құстарды дауысына қарай ажыратады. Бүркіттің дауысын естиді.Бүркіт туралы не білесіңдер? Бұл құстың басқа құстардан қандай ерекшелігі бар?Қыран құстың ең алыбы- бүркіт. Бүкіл Қазақстанның барлық территориясын мекен етеді. Ұяларын биік жартастарға, шыңдарға, ормандарға салады. Аңшылыққа ашық кеңістікті пайдаланады. Ұяны шыбықтармен қоршайды, ішіне өсімдіктердің сабақтарын, жануарлардың жүндерін салады. Ұяға жұмыртқаларын екіден салады. Бүркіттің балапандары ұяда 2,5 ай болады. Содан кейін өздіктерінен аңшылыққа шығады. Бүркіт өз балапандарының ұшқаннан кейін де бақылап, қорғап жүреді.Бүркіт немен қоректенеді?Бүркіт түлкі, қоян, жыландарды аулайды. Арнайы аңшылыққа үйретілген бүркіт қасқырды ұстай алады. Ерте кезден-ақ бүркітпен аң аулау- ұлттық өнер болып табылады.Бүркітті баулып, аңға салатын адамды кім деп атайды?Бүркітті баулып аңға салатын адамды- құсбегі деп атайды. Құсты сиқыршыдай әкеп қолға қондыру, оған тіл үйретіп, қайта ұшырып жіберіп аң алдыру кез-келген адамның қолынан келе бермейді.Құсбегі оны сары ауыз балапан кезінде үйге әкеліп, сылап сипап, мәпелеп өзіне үйір қылады. Құстың тілін табу оның бабын табу деген сөз. Астына жүйрік ат мініп, қолына қыран құс қондырған адамның бойында сергектік пен серілік, ептілік пен ерлік бар.Балалар сендер бүркіттің денесін қайдан көрдіңдер?ҚР туын тамашалау. Балалар тудың суретіне қарап жиегіндегі ою, ортасындағы күн және күннің астындағы шарықтаған дала бүркітінің бейнесі жайлы әңгімелейді. Бүркіт еркіндіктің, бірліктің, үлкен арманы екенін түсіндіру, ал ою қазақ халқының салт дәстүрге деген құрметін білдіреді.Ал енді сендермен жұмбақтар шешейік:Тау басында түндіксіз отау. (ұя)Жұмбақтың мағынасын ашу.Балалар біз сіздермен орманға саяхатқа келдік. Енді тобымызға пойызға мініп оралайық. (Музыка ойнап, балалар топтан шығып кетеді)Сергіту сәті: Қарлығаш боп ұшайық,Қанатымызды жазайықҰшып- ұшып алайықОрнымызға қонайық.Осы кезде балалар орындарына отырады.Балалар енді 3 топқа бөлініп отыра қаламыз. 1- ші топтағы бала қарлығаштың суретін алып, 2-ші топтағы бала торғайдың суретін алып, 3-ші топтағы балалар көгершіннің суретін алып осы құстар белгіленген үстелге отырады. Қарлығаш тобы карточкалармен жұмыс жасайды. Дала құстарын тауып белгілейді, ал торғайлар тобы дидактикалық ойын « Кім қайда тұрады?»ойнайды. Көгершіндер тобы суретпен жұмыс жасайды.Қорытындылау: Балалар тірек схеманы пайдаланып, тыйым сөздер құрастырады.1.Құстың ұясын бұзба.2. құсты айыр ағашпен атуға болмайды.3. Құстың жұмыртқасын жарма.Біз не білдік?Құстардың түрлері мен олардың тіршілігі жайлы, бүркіт- қыран құстың алыбы. Құсбегі қыран құсты аң алуға үйрететін адам. Жұмбақ жаттап, тыйым сөз құрадық.ҚорытындыСабаққа белсене қатысқан балаларға бүркіттің суретін сыйлау. Жандандыру. Балалар сендерге бүркіттің бейнесін сыйлаған себебім, сендер әрқашан бүркіт сияқты биіктен көрініп, мақсатқа жетіп, самғай беріңдер
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!