Материалдар

Сайт бөлімдері
×
Сертификат тегін алу үшін
Материал тегін жариялау
ҚР БАҚ(СМИ) тіркеу №9512
Сайт бойынша барлық сұрақтарды 8 (771) 234-55-99 (Ватсап) осы номерге жазуға болады

Тәуелсіздік тұғырым

Автор:Абсалықова Ғалия Ғалымқызы
Бағыты: Басқа
Бөлімі: Мақала
Сыныбы: Басқа
Жарияланған уақыты: 2018-12-07

50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Материал туралы қысқаша түсінік

Тәуелсіздік туралы мақала

Тәуелсіздік тұғырым
Қазағымның төл тарихын оқып-білу не үшін керек? Өз тарихымызды, өзге халықтар мен мемлекеттердің тарихын оқып, үйрену біз үшін ата-бабаларымыз қандай болғанын, қазір қандай екенімізді біліп, жан-жақты саралау үшін қажет деп ойлаймын Ғасырлар қойнауының белестеріне үңілсек, өз жерін еш жауға бастырмаған, шыбын жанын шүберекке түйіп, садақ ұстап қол күшіне сеніп, найзаның ұшына үкі таққан ұлдары мен қыздарының жауынгерлік үлгісі бізге аманат болып жеткен. Солар көрсеткен үлгі, ұрпақтан -ұрпаққа табиғи түрде ауыса келіп 1986 жылғы желтоқсан жаңғырығына әкелді.1991 жылы 16 – желтоқсан Тәуелсіздік таңын аттырды. Менің есіме Тәуелсіздік желтоқсан оқиғасы арқылы есте қалады, өйткені мен – сол ғасырдың перзентімін, оған өзімнің куә болғаным – мен үшін шексіз қуаныш. Бізді бұл күнге дейін жеткізген ұмытылмас оқиғалар – ел қорғау соғыстары, ұлт – азаттық көтерілістері, қандай ауыртпалықты да көтере білген , жасымайтын асқақ жігерлі рухы, қайтпайтын табандылығы - өшпес өнеге, өлмес мұра. Сонымен, өз ойымды қорытындылай келсем, біз тәуелсіздікке қол жеткізу үшін қаншама қиыншылықтарды басымыздан өткіздік, енді осы тәуелсіздігімізді қадірлеп қастерлеп, халқымыздың әл ауқатын жақсартуға, экономикасын ары қарай көтеруге, мемлекетіміздің гүлдеп жайнауына аянбай еңбек етуіміз қажет.
Амангелді ауданы, Қарасу ауылы

50-ден астам пәндер бойынша материалдарды тегін жүктеп, сабақ барысында қолдануға болады

Сертификатты жеке кабинеттегі жетістіктерім бөлімінен жүктеп алуға болады

Материалды сайттан тегін жүктеу

Материал ұнаса парақшаңызға сақтап қойыңыз!

Өз пікіріңізді қалдыру үшін тіркелу қажет.