Материалдар / «Тәуелсіздік-ұлттық өрлеу мен рухани жаңғырудың ұлы күші» атты мерекелік бағдарламаның сценарийі.
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Тәуелсіздік-ұлттық өрлеу мен рухани жаңғырудың ұлы күші» атты мерекелік бағдарламаның сценарийі.

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқушыларды патриоттық ел жандылыққа тәрбелеу
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Қараша 2018
506
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

16 желтоқсан Тәуелсіздік күніне арналған «Тәуелсіздік-ұлттық өрлеу мен рухани жаңғырудың ұлы күші» атты мерекелік бағдарламаның сценарийі.

Өтетін күні: 15.12.2017 жыл. Өтетін жері: мектеп акт залыӨтетін уақыт көлемі. 40 минут.

Мақсаты:Қазақстан Республикасының жеткен жетістіктері туралы оқушыларға көрсету, Оқушыларды туған жерін, елін, Отанын сүюге, қорғауға, сақтауға тәрбиелеу.Көрнекіліктері:Қанатты сөздер, түрлі-түсті шарлар.Барысы:КөрінісЖүргізушілердің шығып сөйлеуі.Мектеп директоры Б.С.Куртаева құттықтау сөз.Концерттік бағдарлама.

1-жүргізуші:Армысыздар, құрметті ұстаздар, оқушылар және қадірменді қонақтар! Бүгінгі Тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына арналған «Тәуелсіздік-ұлттық өрлеу мен рухани жаңғырудың ұлы күші» атты мерекелік бағдарламамызға қош келдіңіздер!2-жүргізуші:Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздікке қантөгіссіз, бейбіт түрде қол жеткізгеннен кейін ғана елімізді әлемнің өркениетті мемлекеттерінің қатарына қоса алдық. 26 жыл ішінде тәуелсіз Қазақ елін қалыптастырып, нарықтың қиын өткелектерінен аман өткізіп келеміз. 1-жүргізуші:Осы кезеңде Қазақстанды дүние дидарындағы ең мықты мемлекеттер танитындай, сыйлайтындай деңгейге жеткізген тұңғыш Нұрсұлтан Назарбаевтай көреген саясаткердің ерен еңбегін дәл бүгін және әрқашанда айтып өтеміз.Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата - бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті.

2-жүргізуші:Ендеше сонау мерекемен құттықтау үшін мектеп директоры Құртаева Балжан апайды ортаға шақырамыз.1-жүргізуші:Армандарды жақындатып тым алыс,Біздің жаққа жеткен екен жылы ағыс.Егемендік - ел бақыты, ертеңі,О, халайық! Құтты болсын қуаныш!2-жүргізуші:Азат өлкем күндей күлген шығыстан,Асыл елім жан - жүректі ұғысқан.Ата бабам аңсап өткен бақытым,Айналайын, Қазақстан - Гүлстан!1-жүргізуші:Ендеше №103 жалпы орта мектебінің өнерпаздарының дайындаған концерттік бағдарламасын қабыл алыңыздар.Хор: «Қазақстаным»Орындайтын: мектеп хор ұжымы2-жүргізуші:Кең байтақ, көз жетпейтін жерім меніңТаулы орман, жасыл жайлау көлім меніңБүгінде бар әлемге даңқың жеттіТәуелсіз Қазақстан – елім менің1-жүргізуші:Тас еденде жатты қазақ баласы,Ауырса да, қыңқ етпеді жарасы,Жараланған жолбарыстай, ышқынып,Айтып жатты соңғы сөзін ол ащщы!!!......

Ән: «Туған ел»Орындайтын: Темірбекқызы Қасиет.2-жүргізуші:Қазақ дейтін менің бір елім,Жатыр алып жарты дүние әлемін.Бұл даланы анам жаспен суарған,Бұл далаға жылап келіп қуанған, - деп Қасым Аманжолов ағамыз жырлағандай, кең байтақ жерімізде Қазақ халқының басынан не өтпеді десеңізші. Талай қиындықты бастан кешірсе де, ешқашан мойымай, күресе білді. Азаттық таңы туатынына кәміл сеніп, үміттерін үзбеді. Ендеше тағыда ән тыңдайық Ән: «Қазақ елі осындай»Орындайтындар: 6 сынып оқушылары.1-жүргізуші:Сол күндер ғой жүректің аңсағаны,Соған шөлдеп, шөліркеп тамсанады,Өкініш пе, білмеймін қуаныш паӨз - өзінен жүрегім ән салады.2-жүргізуші: Жер болса, ел болады, ел болса ер болады. Ерлеріміздің арқасында «Қазақстан» егеменді ел болып, дүние жүзіне танылды. 120 - дан аса ұлт өкілдері тұратын осынау қасиетті мекенде, асқақтаған өлкеде, кеңшілігі керемет дархан дастархандай далада, егіні теңіздей толқыған, төрт түлігі өрбіген, өндірісі өркендеген мекенде өмір сүруші әрбір адам өз Отанын жанындай сүйіп, оның көк байрағын көкке көтеруді мақтаныш тұтады.

Келесі кезекті Тәуелсіздік туралы өлең оқу үшін 5 сынып оқушысы Асқарова Толғанайды ортаға шақырамыз.1-жүргізуші:Қазақпын, еңселі елмін егеменді,Кеңейттім кең әлемге керегемді.Мұхиттың ар жағында жатқан жұрттарТаныды тепе - тең деп тереземді.Қазақпын, қойнауы - құт, жері - дархан,Әнімді бес құрлықтың бәрінде айтам.Ән: «Туған елім»Орындайтын: Әбдраш Ләйлә

2-жүргізуші:Барлық ұлттың басын қосты бұл достықҰлы достық Нұрлы достықКүн достық Достық деген қасиетті ұранғаКең даланың жүрегі де үн қосты1-жүргізуші:Қасиетті Қазақстан мекенім,Ақиқаттың алтын бесігі екенсің.Елім, жерім, Отаным – бақ - дәулетім,Болашағым, өнер - білім, өркенім.

ФлешмобОрындайтындар: 5-6 сынып оқушылары.

2-жүргізуші:Қазақ елім! Туды жастық дәуірің.Алғандайсың жұлдызыңның жарығын.Тәуелсіздік құтты болсын, қымбаттым,Туған күнің құтты болсын, алыбым!

Ән: «Көк тудың желбірегені»Орындайтындар: Бақдаулет пен Бейбарыс.1-жүргізуші:Ту тігілді халқымның бүгін бағынаЖас өрендер желбіретіп нық ұстаҒасырларға жалғастырып елдіктіДақ түсірме ата баба рухынаҮлгі бізге аталардың ерлігіҰлағаты өнегесі еңбегіТәуелсіздік туын ұстап жоғарыБүгінгі ұрпақ болар елдің ертеңі дей келе бүгінгі тәуелсіздігіміздің 26 жылдығына арналған «Тәуелсіздік-ұлттық өрлеу мен рухани жаңғырудың ұлы күші» атты мерекелік кешіміз өз мәресіне де келіп жетті.

2-жүргізуші:Тәуелсіздігіміздің тұғыры биік, халқымыздың еңсесі жоғары, егемендігіміз баянды болсын деп тілейік, ағайын. Келесі кездескенше сау саламатта болыңыздар!

Дайындаған: Б.К. Нускабаев
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!