Материалдар / Теңдеулер көмегімен мәтінді есептерді шығару. 6-сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Теңдеулер көмегімен мәтінді есептерді шығару. 6-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
6.5А Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу тарауының "Теңдеулер көмегімен мәтінді есептерді шығару" тақырыбын өтудің бір нұсқасы. Математика пәні мұғаліміне сабақ шаблоны
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
12 Наурыз 2020
2833
3 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады



Ұзақ мерзімді жоспардың тарауы: 6.5А Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу.

Мектеп: «М.Аймақов атындағы орта мектебі» КММ-сі

Күні: Мұғалімнің аты-жөні: Закирова Г.З.

Сынып: 6 Қатысқандар: Қатыспағандар:

Сабақтың тақырыбы

Теңдеулер көмегімен мәтінді есептерді шығару.

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)

6.5.1.6 Мәтінді есептерді сызықтық теңдеулерді құру арқылы шығару.

Сабақтың мақсаты

Барлық оқушылар: Мәтінді есептерді бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді құру арқылы шығарады.

Оқушылардың басым бөлігі: Мәтінді есептерді бір айнымалысы бар сызықтық теңдеулерді құрып түрлендірулер жүргізу арқылы шығарады.

Кейбір оқушылар: Мәтінді есептерге алгебралық өрнектерден тұратын бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу құру арқылы шығарады.

Бағалау критерийі

Білу

Есеп мазмұнына шарт құру ретін біледі.

Түсіну

Есептердің шартын қолданып айнымалысы бар сызықтық теңдеу құра алады.

Қолдану

Теңдеулер көмегімен мәтінді есептерді шығара алады.

Тілдік мақсаттар

Оқушылар:

Мәтінді есептің шартына байланысты есептің математикалық моделін құру және шығару жолын баяндайды.

Пәнге қатысты лексика мен терминология:

Есептің шарты, белгісіз шама, бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу, жақшаны ашу, пропорцияның негізгі қасиеті.

Диалогқа, жазылымға қажетті тіркестер:

Мәтінді есепке бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу құру үшін...

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеуді шешу үшін...

Құндылықтарға баулу

«Мәңгілік ел» жалпыұлттық идеясының «Қазақстанның тәуелсіздігі және Астана» 1- құндылығы негізінде оқушыларды өз елін құрметтеуге, патриоттыққа тәрбиелеу.

Пәнаралық байланыс

Қазақстан тарихы

Алдыңғы білім

Бір айнымалысы бар сызықтық теңдеу.

Сабақтың барысы

Сабақтың жоспарланған кезеңдері

Сабақтағы жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Сабақтың басы

(7 мин.)

І. Ұйымдастыру кезеңі

Оқушылармен сәлемдесу, сыныптың сабаққа дайындығын қадағалау және оқушылардың зейінін сабаққа аудару. Жағымды көңіл күй тудыру.

Сабақтағы ұстанымға тоқтау: «Адамның алдында ақылға апаратын үш жол бар: ойлау жолы – бұл ең жақсысы; ұқсау жолы – ең жеңілі; жеке тәжірибе – өте жауаптысы» Конфуций сөзімен бастау. Сабақ барысында әр оқушы өзі таңдаған жолмен жұмыс жасайды.

Рефлексия: «Мен қайда тұрмын?» «Блоб көпірі» әдісін қолданып оқушылар сабақ басындағы білім деңгейін белгілейді.




ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.«Элективті тест» тәсілі. Тест аяқталған соң экранға жауаптары және бағалау шкаласы беріледі.

Тест тапсырмалары:

1. Теңдеуді шешіңдер: 6х + 2 = 26;

А) 3; В) 4; С) -4; D) -3; E) 5

2.Теңдеуді шешіңдер: 3x – 6 = 4x;

А) 6; В) -4; С) -6; D) Ø; E) 4;

3. Теңдеуді шешіңдер: 6x +2 = 2x - 6;

А) 1; В) -1; С) 2; D)Ø; E) - 2;

4. Теңдеуді шешіңдер: 2x + 17 = 22 + 3x;

А) 6; В) 2; С) Ø; D) -1; E)-5;

5. Теңдеуді шешіңдер: 2(0,5х – 2) = -(2x - 2);

А)6; В) -6; С) -2; D) 2; E) Ø;

Саралау: тапсырма және қарқын

Бағалау: өзін-өзі бағалау


ІІІ. Топқа бөлу. «Мозайка» әдісі

Оқушыларға әр түрлі конверттер таратылады. Әр қайсысында берілген кеспе қағаздардан Астана қаласының сәулетті жерлерінің суретін құрастыру қажет.


Шыққан суреттер арқылы сынып топқа бөлінеді.
























Проектор


A

B




C

D




E









1 топ

2 топ

3 топ

4 топ

Сабақтың ортасы

(23 мин.)

І. «Қара қобдиша» ойыны. ТЖ. Сабаққа ену үшін орындалатын тапсырма. 4 топ басшысы мұғалім алдынан қара қобдишалардан таңдағанын алып топтарына апарады. Бір мезгілде қобдишалар ашылып, тапсырмалар алынады.


Тапсырма:

1-топ. Алғышқыда екі кітап сөресіндегі кітаптар саны бірдей болды. 18 кітапты бірінші сөреден алып, екінші сөреге қойғанда, ондағы кітап саны бірінші сөредегі кітап санынан 3 есе артық болды. Алғашқы кітап сөресінің әр қайсысында неше кітап болды?

2-топ. Екі санның қосындысы 348-ге тең. Бірінші санның 80%-і екінші саннан 6-ға кем. Бірінші санды табыңдар.

3-топ. Ертедегі есеп. Атасы немересіне 130 жаңғақ беріп, оны жаңғақ саны тең емес екі үймеге бөлуді тапсырды. Сонда кіші үймедегі жаңғақтарды 4 еселегенде үлкен үймедегі жаңғақтардан үш есе кем болуы керек. Жаңғақтарды қалай бөлуге болады?

4-топ. Әкесі екі баласына 700 м2 жерді мұраға қалдырды. Кіші ұлының еншісі үлкен ұлының еншісінің бөлігіндей болса, онда үлкен ұлдың еншісіне қанша жер тиді?

Топтар ДЖИКСО әдісіне сай тапсырманы бірігіп орындайды. Тапсырманы аяқтаған соң топтар арасында ауысып, өз тапсырмаларының шешімімен таныстырады және талқылайды.

Саралау: қарқын, диалог және қолдау.

Бағалау: Бағдаршам арқылы


« Аяқталмаған сөйлем» ойыны. ЖЖ. Оқушылардың теориялық білімдерін тексеру мақсатында іргелес оқушыларды жұптарға бөлемін. Әр оқушы тақырып аясында параққа 2 аяқталмаған сөйлем жазады. Бір-бірімен ауысып сөйлемдерді толықтырады.

Бағалау: Геометриялық фигуралар. /Жауаптық толықтығына қарай бесбұрыш, төртбұрыш, үшбұрыш.


Қобдишалар, үлестірме

Сабақтың соңы

(10 мин.)

«Білгірлер бәйгесі» ойыны. Ойын Kahoot бағдарламасы арқылы жүргізіліп, бағаланады.



Саралау: тапсырма, қарқын, қорытынды.

Бағалау: өзін-өзі ұпай арқылы.

Рефлексия: «Блоб көпірі» әдісі. Сабақ басында оқушылар «Блоб» көпірі арқылы өздері қайда тұрғандықтарын белгілеген. Сабақ соңында өздерінің білімдерін тексеріп, көпір бойыншағы орындары ауысты ма, соны тексереді.



Үйге тапсырма: №786, №796


Интернет желісі,

Интербелсенді тақта,

смартфондар




















Математика 2бөлім,

6сынып, Алматы «Атамұра»,

Т.А.Алдамұратова, Қ.С.Байшоланова, Е.С.Байшоланов

Саралау – Сіз қандай тәсілмен көбірек қолдау көрсетпексіз?

Сіз басқаларға қарағанда қабілетті оқушыларға қандай тапсырмалар бересіз?

Бағалау – Сіз оқушылардың материалды игеру деңгейін қалай тексеруді жоспарлап отырсыз?

Денсаулық және қауіпсіздік техникасын сақтау

Оқушыны мақсатқа жетелеу барысында оқушылардың қажеттіліктеріне қарай әртүрлі деңгейдегі тапсырмалар алдым, оқушыларға сөзбен қолдау көрсету және ынталандыру үшін диалогты қарым-қатынасқа түсемін, «Джигсо» әдісін қолдану кезінде саралаудың жіктеу тәсілін қолданамын. Оқушылардың материалды меңгеру дәрежесін тексеру мақсатында, Kahoot! бағдарламасын қолданамын.


Сабақ барысында оқушылар үнемі бағаланып отырады. Үй тапсырмасын тексеру кезінде «Элективті тест» әдісі арқылы оқушылар өзін-өзі және бірін-бірі бағалауды жүзеге асыру үшін және жауаптарды талқылау үшін диалог құру арқылы бағалауды өткіземін. «Джигсо» әдісін қолдану арқылы топтық бағалауды жүргіземін.

Оқушылардың білімін жинақтап тексеру мақсатында «Білгірлер бәйгесі» ойынын Kahoot! Бағдарламасы арқылы жүргіземін.. «Блоб көпірі» әдісі бойынша сабаққа рафлексия жасаймын.

Оқушылардың партада отыру ережесін сақтауды қадағалаймын, оқушыларды топтастыру және сергіту сәтін өткізу кезінде қауіпсіздік ережелерін сақтаймын.

.

Сабақ бойынша рефлексия


Сабақ мақсаттары немесе оқу мақсаттары шынайы, қолжетімді болды ма? Барлық оқушылар оқу мақсатына қол жеткізді ме? Егер оқушылар оқу мақсатына жетпеген болса, неліктен деп ойлайсыз? Сабақта саралау дұрыс жүргізілді ме? Сабақ кезеңдерінде уақытты тиімді пайдаландыңыз ба? Сабақ жоспарынан ауытқулар болды ма және неліктен?



Жалпы бағалау



Сабақта ең жақсы өткен екі нәрсе (оқыту мен оқуға қатысты)?

1:



2:



Сабақтың бұдан да жақсы өтуіне не оң ықпал етер еді (оқыту мен оқуға қатысты)?

1;



2:



Осы сабақтың барысында мен сынып туралы немесе жекелеген оқушылардың жетістіктері/қиыншылықтары туралы нені анықтадым, келесі сабақтарда не нәрсеге назар аудару қажет?














Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!