Материалдар / Тіл болмаса,сөз болмайды
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тіл болмаса,сөз болмайды

Материал туралы қысқаша түсінік
мұғалімдерге
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
13 Желтоқсан 2018
372
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Тіл болмаса сөз болмайды «Ана тілі – бәрімізді анамыз, өйткені ол – ұлтымыздың анасы»Н.Ә.Назарбаев ... Тіл – қай ұлттың болмасын тарихы мен тағдыры, тәлімі мен тәрбиесінің негізі, қатынас құралы. Тіл болмаса сөз болмайды.Сөз болмаса адамзаттың тірлігінде мән-маңыз болмайтыны белгілі. Демек, тілдің, сөздің орны ерекше. Міне, осы орайда ана тіліміз жайлы терең ойлану әрқайсымыз үшін парыз. Жыл өткен сайын ана тіліміздің мәртебесі өсіп, абыройы арта түсуде.Мағжан Жұмабаевтың тілінде айтсақ:«Жауыз тағдыр жойды бәрін не бардың...Алтын күннен бағасыз бір белгі боп,Нұрлы жұлдыз, бабам тілі, сен қалдың!».Қанша жылдан бері атқарушы билігіміз тіл туралы саясатты жүзеге асырып келе жатса да, қазақ тілінің дамуы әлі де болса кешеуілдеп тұр. Осы тұста ақын М.Шаханов былай деген еді:«Қай кезде де туған тілің анаң секілді.Бабалардың арманы бар мына қызыл гүлдерде,Олар елін, тілін қорғап жанын қиған бұл жерде».Осыған орай кәсіптік «Султан» колледжінде «Тіл – ұлы байлық » атты қазақ тілі мен әдебиет пәні апталығы аясында 1,2,3 курс студенттері арасында «Үш тұғырлы тіл» атты интеллектуалдық сайыс сабағы болып өтті.Сайыстың мақсаты – сайыскерлердің ойлау, сөйлеу дағдысын дамыту, өз ойын жеткізе білуге, ізденуге үйрету. Сайыстың ұраны: «Халықтың кемеліне келіп, өркендеуі үшін алдымен азаттық пен білім қажет» (Ш.Уалиханов). Студенттер берілген уақытта жауап беріп,біліктіліктерімен қатар тапқырлық, шапшаңдық танытты. Сайыста «Ақ жол» тобы жеңіске жетті.Сонымен қатар кәсіптік «СУЛТАН» колледжінде тіл туралы іс-шара да жоғары деңгейде өткенін атап өтсек те болады. Студенттер іс-шараға белсене атсалысып, патриоттық әндер айтылды,би биленіп, тілді мадақтаған ақындарымызда аз болмады.Өз өнерлерін көрсеткен студенттеріміз бен келген қонақтарымызға алғыс білдірген колледж директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары А.С.Юсуповна қазақ тілі мамандарына да өзінің жылы лебізін білдірді.

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Озганбаева Г.ТАлматы қаласы, Наурызбай ауданы, «Султан» кәсіптік колледжі







Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!