Материалдар / Тіл дамуы кемшіліктерін түзеу
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Тіл дамуы кемшіліктерін түзеу

Материал туралы қысқаша түсінік
1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес әзірленген. 2. Оқу пәнінің мақсаты – психикалық дамуы тежелген балалардың ауызша және жазбаша сөйлеу тілінің бұзылыстарын түзетіп және дамытып, қарым-қатынас құралдары ретінде қолданып, әлеуметтік ортаға бейімдеу. 3. Оқу пәнінің міндеттері:
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Мамыр 2020
2848
7 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

7

Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2017 жылғы 27 шілдедегі

352 бұйрығына 128- қосымша


Қазақстан Республикасы
Білім және ғылым министрінің
2013 жылғы 3 сәуірдегі

115 бұйрығына 346-қосымша



Психикалық даму тежелісі бар білім алушыларға арналған негізгі орта білім беру деңгейінің 5-сыныбы үшін «Тіл дамуы кемшіліктерін түзеу»

пәнінен үлгілік оқу бағдарламасы

(оқыту қазақ тілінде жүргізілетін сыныптар үшін)



1 - тарау. Түсінік хат


1. Оқу бағдарламасы Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2012 жылғы
23 тамыздағы №1080 қаулысымен бекітілген Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру) мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандартына сәйкес әзірленген.

2. Оқу пәнінің мақсаты – психикалық дамуы тежелген балалардың ауызша және жазбаша сөйлеу тілінің бұзылыстарын түзетіп және дамытып, қарым-қатынас құралдары ретінде қолданып, әлеуметтік ортаға бейімдеу.

3. Оқу пәнінің міндеттері:

1) сөйлеу тіліндегі дыбыстарды дұрыс айтып, ажырату;

2) сөз қорын анықтау, кеңейту, толықтыру;

3) сөзжасам, сөзөзгерту дағдыларын меңгеріп, белсенді сөз қорында қолдану;

4) сөздің буындық, дыбыстық құрамын сөйлемді талдау, жинақтау дағдыларын жетілдіру;

5) сөйлем құрау дағдыларын жетілдіру;

6) байланыстырып сөйлеуін дамыту;

7) өтілген ережелерді сақтап сөздерді, сөйлемдерді дұрыс жазуға үйрету;

8) жазбаша сөйлеу тіл бұзылыстарын түзету.

4. Психикалық даму тежелісі бар білім алушыларға арналған мектептің оқу жүйесінде логопедиялық жұмыс ерекше орын алады. Психикалық дамуы тежелген балалардың сөйлеу тілінің барлық компоненттерін меңгеруде әртүрлі деңгейде байқалатын бұзылыстар орын алады. Атап айтқанда,
артикуляциялық-акустикалық жағынан ұқсас дыбыстарды ажырата алмауы, сөйлем құрамының бұзылуы, байланыстырып сөйлеуінің жетілмеуі, сөзжасау мен сөзөзгерту дағдыларының қалыптаспауы, фонематикалық талдау мен жинақтау процестерінің бұзылуы, сонымен қатар, сөзсіз функцияларының (кеңістікті, уақытты) толық қалыптаспауы ауызша сөйлеу тілінің қалыптаспауы, жазбаша сөйлеу тілін меңгеруге әсерін тигізеді. Психикалық дамуы тежелген балалар арасында дисграфияның аграмматикалық, акустикалық, тілдік талдау, жинақтаудың бұзылу негізіндегі дисграфия түрлері жиі кездеседі.

5. Психикалық даму тежелісі бар білім алушыларға арналған мектеп логопедінің негізгі міндеті – қазақ тілі пәнінің бағдарламасындағы материалды меңгеруге көмектесу болып табылады.

6. Логопедиялық сабақтар кешенді түрде келесі бағыттар бойынша жүргізіледі:

1) артикуляциялық, ұсақ және жалпы моториканы дамыту;

2) графо-моторлық дағдыларын жетілдіру;

3) оптикалық-кеңістіктік бағдарлауын;

4) сөйлеу тілінің барлық компоненттерін (дыбыс айту, сөз қоры, грамматикалық жағын);

5) просодикалық компоненттерін;

6) психикалық процестерін дамыту;

7) сөзсіз функцияларды жетілдіру;

8) жазбаша сөйлеу тілі бұзылыстарын түзету.

7. Бағдарлама жалпы педагогиканың қағидаларын, сонымен қатар арнайы педагогиканың келесідей қағидаларын басшылыққа ала отырып құрастырылды:

1) онтогенетикалық;

2) дамуында ауытқуы бар балалардың психикалық процестері мен сөйлеу тілінің даму ерекшеліктерін ескеру;

3) сақталған анализаторларға сүйеніп, түзету жұмысын ұйымдастыру;

4) кешенді ықпал ету;

5) концентрлік.

8. Оқу жүктемесінің көлемі:

1) 5 сынып – аптасына 2 сағат, жылына 68 сағат.

9. Логопедиялық жұмысты ұйымдастыру түрлері: «Тіл дамуы кемшіліктерін түзеу» бойынша бағдарлама жеке, шағын топтық және топтық логопедиялық сабақтар түрінде жүзеге асырылады. Топтық логопедиялық сабақтарда ауызша және жазбаша сөйлеу тілін түзету, дамыту жұмыстары қатар жүргізіледі. Жеке, шағын топтық сабақтарда жоқ, бұзып айтатын дыбыстарды қою, түзету, машықтандыру жүзеге асырылады. Әртүрлі дисграфия түрлерін түзету жұмысы топтық сабақ барысында жүзеге асырылады. Қажеттілігіне, бұзылу деңгейіне байланысты сабақ санын логопед өзі анықтайды.





2 - тарау. Оқу пәнінің 5- сыныптағы базалық білім мазмұны



10. Білім алушылардың ауызша, жазбаша сөйлеу тілінің сөзсіз функцияларының жағдайын анықтау, сөйлеу картасын толтыру (6 сағат).

11. Сөйлеу тілінің дыбыс айтуын жетілдіру (10 сағат):

1) жуан, жіңішке дауысты дыбыстарды анық айту, ажырату, үндестік заңына байланысты айтылу ерекшеліктері, жазылуы;

2) дауыссыз дыбыстар (б-п, д-т, в-ф, с-з, ш-ж) артикуляциялық, акустикалық ұқсастықтары бойынша ажырату: қатаң, ұяң дыбыстар;

3) жоқ немесе бұзып айтатын дыбыстарды қою, сөзде, сөйлемде бекіту;

4) дыбыс пен әріпті сәйкестендіру, оптикалық, кинетикалық ұқсастығы бойынша ажырату;

5) дыбыстық құрамы күрделі сөздерді анық айту;

6) сөйлеу тілінің жылдамдығын, әуезділігін, мәнерлілігін жетілдіру.

12. Сөздің семантикалық, морфологиялық құрылымын жетілдіру
(12 сағат). Тақырыптар, мәтіндерді өту барысында сөз қорын молайту, кеңейту, белсендіру жұмысын келесі бағыттар бойынша жүргізу:

1) сөздің номинативті функциясын дамыту;

2) сөздің мағынасын түсінуін дамыту;

3) сөздің ассоциативтік байланысын дамыту;

4) сөздің семантикалық аясын қалыптастыру;

5) сөз өзгерту дағдысын қалыптастыру;

6) сөз қорын бекіту.

13. Әртүрлі сөз таптары бойынша синоним, антоним, жалпылама сөздерді ауызша сөйлеу тілінде қолдану (6 сағат).

14. Сөздің морфологиялық құрылымымен жұмыс жүргізу (8 сағат):

1) түбір, жалғау, жұрнақ. Жалғау, жұрнақтардың сөз өзгертудегі рөлі. Сөз құрамын талдау. Түбірлес сөздердің мағынасын түсіну (балапанның аяғы, үстелдің аяғы), ауызша сөйлеу тілінде қолдану. Түбірлес сөздерді мәтіннен табу, сөздер ойлап мысал келтіру.

15. Сөйлеу тілінің грамматикалық жағын дамыту (8 сағат):

1) сөз жасау, сөзөзгерту дағдыларын үлгі бойынша тәжірибелік түрде белсендіру, бекіту;

2) зат есім тудыратын жұрнақтарды пайдаланып сөз жасау
ма-ме- (аялдама), ба-бе (сүзбе), қыш-ғыш (жапқыш, сызғыш) уыш-уіш (тырнауыш, өлшеуіш);

3) сын есімнің салыстырмалы түрлерін түсіну, қолдану:
жылдам- жылдамырақ, тез –тезірек, қысқа –қысқарақ;

4) етістіктің шақтарын, есімдіктің жақтарын өзгерту, қолдану;

5) грамматикалық категорияларды өзгертуін дамыту (мамандықтардың атауларын түсіну, қолдану. Мысалы: өртсөндіруші өртті сөндіреді, тәрбиеші балаларды тәрбиелейді, би-биші, оқу-білім алушы, оқытушы, оқулық; септік жалғауларды дұрыс қолдануға жаттықтыру);

6) сөйлем құрау дағдыларын жетілдіру. Сөйлемнің бірыңғай мүшелерін қолданып сөйлемде кеңейту;

7) берілген сөздерден (ретпен, ретсіз) сөйлем құрау;

8) тірек сөздермен сөйлем құрау;

9) сөйлемді сызбамен сәйкестендіру, талдау.

16. Етістік (8 сағат):

1) етістіктің шақтарын (осы, өткен, келер шақ) дұрыс түсініп, қолдану; сұрақ бойынша ажырату (не істедің? не істеп отырсың? не істейсің?) сұрақ қоя білу; есімдіктің шақтарын өзгерту, қолдану (мен жаздым, сен жаздың, ол жазды);

2) етістіктің жекеше, көпше түрде жіктелуін білу, мысалдар келтіру арқылы жаттықтыру. Дара және күрделі етістіктер. Негізгі және туынды етістік, олардың анықтамасы. Туынды етістік жасайтын жұрнақтар. Осы, өткен, келер шақтарының анықтамасын білу, сұрақ қою арқылы мысал келтіру.

17. Байланыстырып сөйлеуін дамыту (8 сағат):

1) затты ерекше белгілері бойынша салыстырып, сипаттау, жұмбақ құрастыру;

2) ілеспелі, сюжетті суреттер бойынша әңгіме құрастыруын жетілдіру, бекіту;

3) әңгімені бөлімдерге бөліп, олардың арасындағы себеп-салдарды, уақыт кезектілігін анықтап, талдауын бекіту;

4) заттарды өзара салыстырып, әңгіме құрастыру дағдысын жетілдіру, бекіту;

5) мәтін, ертегі, әңгімелердің мазмұнын айту дағдысын жетілдіру жұмысын жалғастыру: сөйлемдерді кеңейту, қосымша эпизодтар қосу, мазмұнына жаңа деректер, өз пікірін қосу;

6) тақпақ, жаңылтпаштар жаттау.

18. Жазбаша сөйлеу тілін жетілдіру, түзету (8 сағат):

1) оптикалық-кеңістікте бағдарлауын дамытуды жалғастыру;

2) графо-моторлық дағдыларын жетілдіру;

3) дыбыс ұғымын сипаттайтын барлық терминдерді меңгеріп, дұрыс қолдану, ажырату;

4) өтілген әріптердің графикалық және оптикалық-кеңістіктік белгілері бойынша талдау және ажырату дағдыларын қалыптастыру, бекіту;

5) сөздің дыбыстық-буындық дағдыларын жетілдіру;

6) сөз құрамын талдау (түбір, жұрнақ, жалғау);

7) буындық құрамы күрделі сөздерді талдау, дұрыс айту, жазу;

8) сөздегі, буындағы әріптерді алмастыру, қосу немесе алып тастау арқылы буынды, сөзді өзгерту дағдысын қалыптастыру (су-шу, түлкі-күлкі,
ана-шана, шай –сай, қасық- қашық, күш –күс, қас-қаш), мағынасын түсіну, қолдану, жазу;

9) сөйлемдегі сөздердің санын және кезектілігін анықтау, сызбасын сызу, кеспе әріптерден құрастырып оқу, жазу;

10) сабақ тақырыптары бойынша жазбаша жаттығулар, жатқа жазу, өзіндік жұмыс түрлерін (мазмұндама, шығарма) жазғызу. Өтілген ережелерді сақтап жазу;

11) танымдық процестерін (есте сақтау, зейінін) жазуда, оқуда өзін өзі бағалауын жетілдіру;

12) жылдам, саналы оқу дағдыларын дамыту.



3 - тарау. 5-сынып білім алушыларының дайындық деңгейіне

қойылатын талаптар


19. Пәндік нәтижелер.

20. Білім алушылар:

1) сөйлеу тілі ағымында ана тіліндегі дыбыстарды нақты айтып ажыратады (сөйлеу аппаратының күрделі органикалық зақымдалуы бар балалардан басқа) және әріп пен дыбысты сәйкестендіріп жазуда дұрыс белгілеуді;

2) қарапайым сөздің дыбыстық құрамын талдау, жинақтауды;

3) ауызша өздігінен сөйлегенде жайылма, бірыңғай мүшелері бар сөйлемдерді қолдануды, айту мақсаты бойынша сөйлемдерді ажыратуды (сұраулы, лепті, хабарлы);

4) шағын әңгімелер құрастырып, қарапайым мәтіннің мазмұнын айтады, сұраққа толық жауап беруді;

5) қарым-қатынаста әртүрлі сөз таптарын (зат есім, етістік, есімдік, сын есім) қолдануды;

6) өтілген тақырыптар аясындағы жаңа сөздерді қолжетімді сөзжасау дағдыларын, жалпылама, антоним, синоним сөздерді;

7) мектеп бағдарламасының талабына сай оқу мен жазу дағдыларын меңгеруді;

8) диалогтық және монологтық сөйлеуді;

9) фонематикалық түсініктерді (тіл дыбыстарын естіп, ажырату, анық айту, сөздің дыбыстық құрамын талдау, жинақтау дағдылары) білетін болады.

21. Тұлғалық нәтижелер. Білім алушылар:

1) сөйлеу мәдениетін сақтап айналасындағылармен сыпайы
қарым-қатынас жасау;

2) Отанға, халқына, үлкендерге деген сүйіспеншілігін арттыру, сыйлауға үйрету; патриоттық сезім;

3) басқа адамдарға жанашырлық, түсінушілік;

4) ұлттық құндылықтарды (салт-дәстүр, тағылым) үйрену, түсіну, күнделікті өмірде сақтау, қолдану, өз әрекетін бақылау, бағалау дағдыларын танытады.

22. Жүйелік – әрекеттік нәтижелер білім алушылардың:

1) түзету жұмыс нәтижесінде білім алушылардың тіл дыбыстарын анық айту, естуде, айтуда ажырату; әртүрлі сөз таптары бойынша сөз қорынан;

2) сөзжасам, сөзөзгерту дағдыларын меңгеруінен;

3) әртүрлі сөйлем түрлерін құрастырып, қолдануынан;

4) шағын әңгіме құрастыру, мәтіннің мазмұнын түсіну, ауызша жеткізу; өтілген ережелерді сақтап дұрыс жазу; саналы, жылдам оқу дағдыларынан көрініс табады.




Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!