Материалдар / «Тіліміз-ғұмырымыз» атты ашық тәрбие сағаты
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

«Тіліміз-ғұмырымыз» атты ашық тәрбие сағаты

Материал туралы қысқаша түсінік
Оқытушыларға тәрбие сағатын өткізуге қажет
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
24 Қырқүйек 2018
737
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Мақсаты: Елбасы бағдарлап берген межелерге жету жолдарын талқылауға салу, мемлекеттік тілдің қолдану аясын кеңейту, мемлекеттік тілдің мәртебесі мен маңызын кеңінен насихаттау, өзге ұлт өкілдері арасында қазақ тілін білу деңгейін көтеру және оқып үйренуге деген ықыласы мен қызығушылығын арттыру, патриоттық сезімін оятып, тілін, Отанын, елін, жерін сүюге, салт-дәстүрін, тарихын құрметтеуге тәрбиелеуКөрнекілігі: интерактивті тақта, ұлағатты сөздер.тіл туралы ұлылар ойлары. Халықтың мәңгі ғұмыры оның тілінде. Әрбір тіл өзінің халқы үшін -Ұлы Ш.Айтматов Сәлеметсіздер ме , құрметті оқушылар, ұстаздар Тіл мерекесіне орай өткезгелі отырған «Тіліміз-ғұмырымыз» атты ашық тәрбие сағатына қош келдіңіздер  дей отыра, ашық тәрбие сағатымызды ашық деп жариялаймын!Елбасы Н.Ә. Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауында “ Қазақстан бүкіл әлемде халқы үшін үш тілді пайдаланатын мәдениетті ел ретінде танылуға тиіс. Бұлар қазақ тілі – мемлекеттік тіл, орыс тілі – ұлтаралық тіл, ағылшын тілі – жаһандық экономикаға ойдағыдай кірігу тілі” делінген. Осы үш тілді ұштастыру , білу біздің мақсатымыз.1-жүргізуші:Қайырлы күн, ана тілін ардақ тұтар тіл жанашырлары! 2- жүргізуші:Армысыздар, өрлі де, асқақ рухты тәуелсіз елдің жас ұландары!Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер күніне арналған салтанатты жиынды ашық деп жариялаймыз! Қазақстан Республикасының мемлекеттік Әнұраны орындалсын.1– жүргізуші:Қайта туды қазағымның ай – күні,Күннен – күнге асар ма екен айбыны?Жетпіс жылда өтті талай кешуден,Қатар көріп шаттық , табыс, қайғыны.2 – жүргізуші:Қазақпын мен, қазақтың бөлшегімін,Қажеті не басқаның өлшемінің.Қазақ деген жалғыз ұлт мен боламын,Енді міне жетеді көпке үнім. Атаның сөзі – “ақылдың көзі” Ұлылардан қалған ұлы сөздерге құлақ салайық.Ұлылардың тіл туралы нақыл сөздерінің мағынасын түсіну және кімнің сөзі екенін білу. “Ана тілі жоқ жерде ұлт жоқ”(Ш. Айтматов)“ Тіл дегеніміз – қай ұлттың болмасын, кешегі, бүгінгі ғана емес, ертеңгі де тағдыры”. (Б. Момышұлы) Тілден артық қасиет жоқ. (Н. Назарбаев Оқушы: «Түрлі-түрлі байлық бар. Солардың таңдауын берсе , мен тіл байлығын таңдар едім. Өйткені тіл байлығы – бәрінен де сеніді байлық»Ғабит МүсіреповОқушы: «Анамыздың ақ сүтімен  бойымызға дарыған тілімізді ұмыту – бүкіл ата – бабамызды, тарихымызды  ұмыту»Бауыржан МомышұлыОқушы: «Ана тілін ұмытқан адам, өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді»Ғабит МүсіреповОқушы: «Тіл деген – бізге өткен дәуірлерден қалған асыл мұра. Ол тіл атамыздаң ақылынан, анамыздың сүтімен  жаралған. Қазақтың өз тілі – қазақ үшін алтын бесік»Шерхан МұртазаОқушы: «Бір ұлттың тілінде сол ұлттың жері, тарихы, тұрмысы, мінезі айнадай  ашық көрініп тұрады. Қазақ тілінде қазақтың сары сайран даласы, біресе құйындай екпінді тарихы, сары далада үдере көшкен тұрмысы, асықпайтын, саспайтын мінезі көрініп тұр»Мағжан Жұмабаев1 – жүргізуші:Ана тілі - әр адамның өз ұлтының жан дүниесі мен мәдениетінен ғасырлар бойы жиған рухани азығынан нәр алатын кіндік тамыры.2 – жүргізуші:Біздің ана тіліміз – қазақ тілі. Ол тек отбасы , ошақ қасының ғана тілі емес, мемлекеттік тіл! Көрініс: «Ең қымбат қазына»Ертеде бір тілге жүйрік шешен қария көз жұмарында ұлына:       «Балам, әкем кедей болды деп қамықпа. Менің саған тастаған көп қазынам бар, соны тауып алып қадіріне жет» депті. Бала кейіннен оны әрі іздейді, бері іздейді, таба алмайды. Арып-ашып жүріп, ауылдағы абыз-ақсақалдарға мұңын шағыпты. Әлгі дана қарт тыңдап болып:     «Әке баласына өтірік айтпас болар, ақтық демінде ақиқатын айтқан екен. Әкең өте шешен адам еді, жарықтық. Оның саған қалдырған мол мұрасы- қасиетті тіл. Бәріміз сөздің дәмін келтіріп, қалай сөйлеуді сенің әкеңнен үйренген едік. Дүниеде тілден қымбат, мәңгілік мұра болмақ-па, сірә!» - деп аталы сөздің жұмбағын шешіп беріпті.   1 – жүргізуші:22 – қыркүйек – Қазақстан Республикасы халықтарының тілдер мерекесі. Бұл – барша елге ортақ, жалпы халықтық мереке, барлық ұлт өкілдеріне көрсетілген құрмет. 1989 жылы, 22 қыркүйекте тұңғыш рет Қазақ КСР-нің «Тілдер туралы» заңы қабылданып, онда қазақ тіліне «Мемлекеттік тіл» мәртебесі берілді. 1997 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» Ата Заңы қабылданды. заңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл деп нақты атап көрсетілген. 2- жүргізуші: Қазақстан – көп ұлтты мемлекет. Көп ұлтты мемлекет үшін мемлекеттік тіл өте қажет. Мемлекеттік тіл-көп ұлтты елдің барлық халқын саяси-мәдени бірлікке ұйымдастырудың басты құралы. Өз тілімізді құрметтеу арқылы басқа тілді де үйреніп, мәдениетін қадірлейміз.

1 - жүргізуші:    5 «Ә» сынып оқушыларының биін тамашалаңыздар 2-жүргізуші: "Туған тіл – тұғырың, туған тіл –қыдырың” дегендей, туған жер, туған тіл адамға қандай ыстық, қандай қымбат! Оның қасиетін, қадірін бір сөзбен, бір өлең шумағымен айтып жеткізу мүмкін емес.Тіліне зер салыңдар бұрынғының,- дей келіп, бүгінгі тіл мерекесіне Төле би, Қазыбек би, Әйтеке билер келгенін қуанышпен хабарлаймыз. Сол кісілердің ауылдарын аралап, аталы, шешендік сөздерін тыңдайық.

                 Сахналық көрініс:  "Төле бидің төрелігі”. Шу өзенінің Балқашқа жақын жайылымына бұдан көп жыл бұрын үйсін мен арғын тайпаларының белді бектері таласыпты. Екі  жақтың да билері бас қосып, кеңесіп, бәтуаласа алмай отырғанда, топқа еріп келген он бес жасар Төле билік айтушылардың бірде-біріне көңілі толмай:         Ақты ақ деп бағалар,         О, игі жақсы ағалар.         Өзегі талса ел біткен,         Өзен бойын жағалар.Би:    "Ата тұрып ұл сөйлегеннен без, ана тұрып қыз сөйлегеннен без” деуші еді. Мына бала кім өзі?Төле: О, би аға, он үште отау иесі демес пе.                   Кінәлімін бе, келіп қалсам он беске?                   Сөз сөйледім, бұйыра көрмеңіз айыпқа,                   Алакөз болу ағайын адамға лайық па?                   О, игі асқар тауымыз,                   Әділ ме осы дауымыз?                   Жар астында тұрғанда,                   Жасырынып жауымыз. Сонда әлгі би:- Қой асығы демеңдер, Қолыңа жақса сақа ғой. Жасы кіші демеңдер, Ақылы асса аға ғой. - деген ғой, балам, билікті саған бердім, - дейді. Бала Төле жұлып алғандай:- Сары табақтан сарқыт қайтады деген. Билікті маған берсеңіз, Шу өзенінің оң жағын үйсін, сол жағын арғын жайласын, бұған қалай қарайсыздар? - дейді. Бұл шешімге екі жақ та риза болып, бітімге келеді. Сонда төрдегі би:- Үй баласы ма деп едім, Ел баласы екенсің. Ай маңдайлы арысым, Талабың алдан өтелетін. Ауылыңның таңы бол, Маңдайындағы бағы бол! - деп бала Төлеге бата берген екен. Осыдан бастап Төленің аты шығып, ел арасындағы дау-жанжал, келіссөзге араласып, билік айта бастапты.

1- жүргізуші: 5«Ә» сынып оқушысы Кусумбаев Тұрар «Қазағым» әнімен- жүргізуші:М.Жұмабаев атамыз « Тіл-адам жанының тілмашы, тілі кем болса, адамның кем болғаны » деген екен. Тіл - тарих тереңіне бойлатып, өнер бұлағына сусындататын рухани әлеміміздің сарқылмас бұлағы. Мемлекетіміздің тарихи тағдыры, мақсаты тіл арқылы баянды болмақ. Тіл - байлығымыз, тіл - тарихымыз, тіл - мәдениетіміз, тіл-әдебиетіміз.Тіл - біздің ұлттық намысымыз, арымыз. Ана тілімізді қастерлеп, құрметтей білу - біздің қасиетті борышымыз. Келесі кезекті 5ә - сынып оқушыларының көркем сөзіне берейік1-оқушы: «Мұқағали Мақатаев»                    Үш бақытымЕң бірінші бақытым – Халқым менің,Соған берем ойымның алтын кенін.Ол бар болса, мен бармын, қор болмаймын,Қымбатырақ алтыннан нарқым менің. Ал екінші бақытымТілім менің,Тас жүректі тіліммен тілімдедім.Кей – кейде дүниеден түңілсем де,Қасиетті тілімнен түңілмедім. Бақытым бар үшіншіОтан деген,Құдай деген кім десе, Отан дер ем!Оты сөнген жалғанда жан барсың ба?Ойланбайақ кел дағы от ал менен. Түтін түтет,Өс, өрбі, көгере бер,Немерелер көбейсін, шөберелер.Жадыңда ұста :Жақсылық күтпегейсің!От емес, оқ сұрасаң менен егер! Үш бірдей бақытым бар алақанда,(Мені мұндай бақытты жаратар ма?!)Үш күн нұрын төгеді аспанымнан,Атырау, Алтай, Арқа, Алатауға!!!1-- жүрізуші: Қазақ жері кең, байтақ Қазақ жұрты мейманда Қазақстан -ел ортақ Барлық жанға мекендес Қазақстан -Отаным "Өз елім" деп атады. Оны өкілі әр ұлттың. Мұнда бірге тұрады Орыс, неміс, татарлар Мұнда тапқан тұрағын. Ұйғыр, кәріс, балқарлар Бір шаңырақ астында Достық болған тірегі Үлкен-кіші, жастың да Бар мақсаты, тілегі. – дей келе 5 «Ә» - сынып оқушысы Раимқұлов Асқардың «Жүрегім қазақ» әнін бірге тыңдайық.2-жүргізуші: Тілім менің тірегім, дінім менің,                     Тілсіз қандай болады күнім менің.
578тг - Сатып алу
Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!