Материалдар / "Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің жасалу жолдарын, қызметін білу, төл сөзді төлеу сөзге айналдыру". 8-сынып
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

"Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің жасалу жолдарын, қызметін білу, төл сөзді төлеу сөзге айналдыру". 8-сынып

Материал туралы қысқаша түсінік
Төл сөз бен төлеу сөз бойынша түсінік алу, жасалу жолдарын меңгеру, төл сөз бен төлеу сөздің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ұғыну, тыныс белгілерін білу. Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің жасалу жолдарын, қызметін білу, төл сөзді төлеу сөзге айналдыру, өзіндік тұжырым жасау.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
20 Желтоқсан 2022
844
30 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

САБАҚ: Қазақ тілі

Мектеп: « Дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебі» КММ, Павлодар қаласы


Күні:

Мұғалімнің аты-жөні: Оралбекова Мерей Сағатбекқызы

СЫНЫП: 8

Тақырыбы: «Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің жасалу жолдарын, қызметін білу, төл сөзді төлеу сөзге айналдыру» 

Қатысқандар:

Қатыспағандар:

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары

8.1.4.1 Төл сөз бен төлеу сөз бойынша түсінік алу, жасалу жолдарын меңгеру, төл сөз бен төлеу сөздің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ұғыну, тыныс белгілерін білу.

8.3.2.1 Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің жасалу жолдарын, қызметін білу, төл сөзді төлеу сөзге айналдыру, өзіндік тұжырым жасау.

Сабақ мақсаттары


Барлық оқушылар:

  • Төл сөз бен төлеу сөзді мәтін ішінен ажырата алады. Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің жасалу жолдарын, қызметін біледі, төл сөзді төлеу сөздерге айналдыра алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

  • Төлеу сөзді төл сөзге, төл сөзді төлеу сөзге айналдырады, төл сөздердің жасалуын, олардың тыныс белгілерін меңгеріп, өз беттерінше төл сөзді мәтіндер құрайды.

Кейбір оқушылар:

  • Мәтін ішінен төл сөздер мен төлеу сөздерді ажыратады, олардың жасалу жолдарын түсіндіріп бере алады.

Бағалау критерийлері

  • төл сөз бен төлеу сөзді мәтін ішінен ажыратады. Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің жасалу жолдарын, қызметін біледі, төл сөзді төлеу сөздерге айналдырады.

  • төлеу сөзді төл сөзге, төл сөзді төлеу сөзге айналдырады, төл сөздердің жасалуын, олардың тыныс белгілерін меңгереді, өз беттерінше төл сөзді мәтіндер құрайды.

  • мәтін ішінен төл сөздер мен төлеу сөздерді ажыратады, олардың жасалу жолдарын түсіндіреді.

Ойлау деңгейлері

  • талдау, түсіну, жинақтау, бағалау.

Тілдік мақсат

Оқушылар орындай алады:

  • төл сөз бен төлеу сөз бойынша түсінік алады, жасалу жолдарын меңгереді, төл сөз бен төлеу сөздің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ұғынып, тыныс белгілерін біледі.

  • төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің жасалу жолдарын, қызметін біледі, төл сөзді төлеу сөзге айналдыра алады, өзіндік тұжырым жасайды.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

біреудің сөзі, сөйлеушінің сөзі, төл сөз, төлеу сөз, автор сөзі, тыныс белгілері.

Диалог құруға/жазылым үшін пайдалы тіркестер:

Төл сөзді төлеу сөзге, төлеу сөзді төл сөзге айналдыру.

Талқылауға арналған сұрақтар:

  • Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің жасалу жолдарын ата.

  • Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің қызметі қандай?

  • Төл сөзді төлеу сөзге айналдырғандағы тыныс белгілеріне түсінік беріңдер.

  • Төл сөз бен төлеу сөздің ұқсастығы мен айырмашылығын атаңдар.

Не себепті ... деп ойлайсыз?

Төл сөзді болсын, төлеу сөзді болсын жеткізуге оларға жанама түсінік беретін сөйлеушінің өз сөзін кімнің сөзі арқылы беріледі? Не себепті деп ойлайсыңдар?

Құндылықтарға баулу

Оқушылардың бойында ұлтын, ана тілін қадірлеу, адамгершілік қасиеттер қалыптасады.

Пәнаралық байланыс

Қазақ әдебиеті

Алдыңғы оқу

Өмірлік құндылықтар

Жоспар

Жоспарланған

уақыт

Жоспарланған жаттығу түрлері

Ресурстар

Басталуы

8 минут










С.

Ұйымдастыру кезеңі.

Оқушылармен амандасып, психологиялық ахуал туғызу.


Топқа бөлу.

«Пазл» әдісі арқылы оқушылар берілген сөздерден таңдап, мағыналас сөздер бойынша топтасады.

І-топ: Төл сөз

ІІ-топ: Төлеу сөз

ІІІ-топ: Автор


Т.

«Кубизм» әдісі арқылы өткен сабақ тексеріледі. Әр топ кубиктегі жазылған сұрақтарға жауап береді.

  1. Салалас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

  2. Салалас құрмалас сөйлемнің түрлерін атаңдар.

  3. Сабақтас құрмалас сөйлем дегеніміз не?

  4. Сабақтас құрмаластың түрлері және тыныс белгілеріне түсінік беріңдер.

  5. Аралас құрмалас сөйлемнің жасалу жолдары және тыныс белгілері


«Миға шабуыл» әдісі арқылы сұрақтарға жауап бере отырып, сабақ тақырыбын болжайды. Оқушылардан төл сөз бен төлеу сөз жөнінде бұрыннан білетіндерінен түсінік аламын.

І - топ. Төл сөз және төлеу сөз дегеніміз не?

ІІ – топ. «Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзі» терминдері қаншалықты жиі қолданылады?

ІІІ – топ. Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің жасалу жолдары, қызметі туралы не білесіңдер?

ҚБ. «Қолмен белгі беру» әдісі









Сөздер жазылған қағаз қиындылары

























Ортасы

25 минут

1-тапсырма.

Т.

«Т-кестесі» әдісі

Топтарға төл сөздер беріледі, сол төл сөздерді төлеу сөздерге айналдыру, бір-біріне сыни баға береді, ауызша пікір алмасады.


Төл сөз

Төлеу сөз

Қиындықтан қалай шығудың жолын мен білмеймін, – деді әкесі.


Әркім әр түрлі сөз айтып даурығып жатқанда, Сырбай: – Тоқтатыңдар! – деп ақырды.


Қазақтың мұң-мұқтажына алтын діңгек болған сенбісің? – деді басын көтеріп. – Қайдан жүрсің?


Сенімен сырымды бөлісейін деп келдім, – деді Гүлім.


Баламды сізге бірер сағатқа қалдыруыма бола ма? – деп сұрады Айман көршісінен.



Дескриптор

  • төл сөзді төлеу сөзге айналдырады;

  • оқушылардың ойлау қабілеті, есте сақтау қабілеттері дамиды;

  • бір-біріне сыни баға береді;

  • ауызша пікір алмасады.

ҚБ. «Мадақтау сэндвичі» әдісі


2 – тапсырма.

Ж.

«Венн диаграммасы» әдісі

Төл сөз бен төлеу сөздің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажырату.


Дескриптор

  • Төл сөз бен төлеу сөздің ұқсастықтары мен айырмашылықтарын ажыратады.

  • ойын дәлелдейді.


ҚБ. «Дұрыс. Бұрыс» әдісі


3-тапсырма.

Т.

«Себеттегі сауал » әдісі

Топтар арнайы дайындалған себеттен тақырып бойынша сұрақтар алады. Топпен бірлесе отырып талқылап, өздері дұрыс деп таныған жауаптарын айтады. Осы жиналған топ нақты дәлелдер арқылы, жауаптың дұрыстығына байланысты бір-бірін бағалайды.

Себеттегі сұрақтар:

І топ. Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің жасалу жолдарын ата.

ІІ топ. Төл сөз бен төлеу сөздің ұқсастығы мен айырмашылығын атаңдар.

ІІІ топ. Төл сөзді төлеу сөзге айналдырғандағы тыныс белгілеріне түсінік беріңдер.


Дескриптор.

  • сұрақтармен танысады;

  • дұрыс жауаптарды айтады;

  • жауаптың дұрыс екендігін дәлелдейді;

  • бір-бірін бағалайды.

ҚБ. «Топтық бағалау» әдісі арқылы топтар бірін-бірі бағалайды.






















































Диаграмма кестесі





































Аяқталуы

7 минут

Рефлексия.

С.

Сабақтан алған білімдерін «Рефлексия пирамидасы» арқылы жазады.

1. Еске сақтау керек маңызды бір нәрсе.

2. Сен көбірек білгің келетін екі нәрсе.

3. Сен бұған дейін білген үш нәрсе.

4. Сен үйренген төрт нәрсе.



Қосымша ақпарат

Саралау - Сіз қосымша көмек көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Сіз қабілеті жоғары оқушыларға тапсырманы күрделендіруді қалай жүргізесіз?

Бағалау. Оқушы білімін тексеруді қалай жоспарлайсыз?



Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері

АКТ мен байланыс

Құндылықтардағы байланыс (тәрбие элеметтері)

Барлық оқушылар:

Төл сөз бен төлеу сөзді мәтін ішінен ажырата алады. Төл сөз, төлеу сөз, автор сөзінің жасалу жолдарын, қызметін біледі, төл сөзді төлеу сөздерге айналдыра алады.

Оқушылардың басым бөлігі:

Төлеу сөзді төл сөзге, төл сөзді төлеу сөзге айналдырады, төл сөздердің жасалуын, олардың тыныс белгілерін меңгеріп, өз беттерінше төл сөзді мәтіндер құрайды.

Кейбір оқушылар:

Мәтін ішінен төл сөздер мен төлеу сөздерді ажыратады, олардың жасалу жолдарын түсіндіріп бере алады.

«Қолмен белгі беру» әдісі. Оқытушы өзінің сабақ түсіндіріп жату процесін кез-келген уақытта тоқтатып, оқушылардан айтылып жатқан тақырыпты түсінгенін немесе түсінбегендерін сұрау арқылы олардың сабақ барысындағы іс-әрекеттерін анықтауда тиімді әдіс болып табылады. «Мадақтау сэндвичі» әдісі позитивті комментарий айтуға, не ұнағандығын, сындарлы сын, не нәрсені жақсарту керек туралы ой-пікірлерді білдіру мақсатында өзіндік тиімділігі бар. «Дұрыс. Бұрыс» әдісі арқылы жеке жұмыс бойынша олардың жұмыстарының дұрыс және бұрыс тұстарын анықтау кезінде бір-бірін бағалауға пайдасы мол. «Топтық бағалау» әдісі топтардың бір-бірін бағалауға мүмкіндік береді.

«Рефлексия пирамидасы» арқылы кері байланыс жасалады.

Сабағымда қазақ әдебиеті пәнімен пәнаралық байланыс орнатылды. Қауіпсіздік және еңбекті қорғау ережелері сақталған.

АКТ қолданылды.

Оқушылардың бойында ұлтын, ана тілін қадірлеу, адамгершілік қасиеттер қалыптасады.

Рефлексия

Оқу/сабақ/ мақсаты мен міндеттері орындалды ма?

Бүгін оқушылар не үйренді?

Сабақ қалай, қай деңгейде өтті?

Сыныптағы ахуал қандай болды?

Мен жоспарлаған саралау шаралары тиімді болды ма? (тапсырмалар сәйкес болды ма?)

Уақытты қалай пайдаландым?Мен өз жоспарыма қандай түзетулер енгіздім және неге?

Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!