Материалдар / Толерантты және полимәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыруда отбасы мен мектептің қарым-қатынасы
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Толерантты және полимәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыруда отбасы мен мектептің қарым-қатынасы

Материал туралы қысқаша түсінік
Қоғамымыздың ертеңгі болашағы бүгінгі жасұрпақ. Әр халық өзінің тарихын жалғастыратын жас ұрпағын адалдыққа, еңбексүйгіштікке, шыншылдыққа үйретіп отырған. Жанған отын сөндірмей, түтінін түтетіп артына ұрпақ қалдыруды көздеген. Толеранттылық мәселесін елбасымыз Н.Ә.Назарбаев халыққа жолдауында ерекше атап өтті: «Біз әркімнің ар-ұжданы, абыройы мен беделі қадірленетін, мәртебелі мораль, этикалық негіздер мен рухани құндылықтар ірге тепкен қоғам құрамыз»,-деді. Толеранттылық латын тілінен аударғанда tolerantia - шыдамдылық, өзге көзқарастарға, мінез-құлықтарға, әдеттерге төзімділік таныту, қолайсыз әсерлердің ықпалын бастан өткізе алушылық деген мағынаны білдіреді.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
21 Желтоқсан 2017
766
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Толерантты және полимәдениетті жеке тұлғаны қалыптастыруда отбасы мен мектептің қарым-қатынасыҚоғамымыздың ертеңгі болашағы бүгінгі жасұрпақ. Әр халық өзінің тарихын жалғастыратын жас ұрпағын адалдыққа, еңбексүйгіштікке, шыншылдыққа үйретіп отырған. Жанған отын сөндірмей, түтінін түтетіп артына ұрпақ қалдыруды көздеген.Толеранттылық мәселесін елбасымыз Н.Ә.Назарбаев халыққа жолдауында ерекше атап өтті: «Біз әркімнің ар-ұжданы, абыройы мен беделі қадірленетін, мәртебелі мораль, этикалық негіздер мен рухани құндылықтар ірге тепкен қоғам құрамыз»,-деді.Толеранттылық латын тілінен аударғанда tolerantia - шыдамдылық, өзге көзқарастарға, мінез-құлықтарға, әдеттерге төзімділік таныту, қолайсыз әсерлердің ықпалын бастан өткізе алушылық деген мағынаны білдіреді.Толеранттылыққа қарама-қарсы қайшылықтардың (интолеранттылық) адамзат тарихының барлық кезеңінде де болғаны рас. Интолеранттылық шыдамсыз, үрейлі адам, кінәні өзінен емес басқа адамнан іздейді. Сондай адамдардың өмірде жиі кездесуі қоғамда түрлі проблемаларды тудыруға ықпал етеді. Сондықтан толеранттылыққа тәрбиелеу әрбір отбасында өз бастауын алуы бүгінде басты мәселеге айналуы тиіс. Бала үшін отбасы бір жағынан - тіршілік қоршауы болса, екінші жағынан - тәрбиелік орта.Отбасындағы қарым-қатынастың дұрыс болып қалыптаспауы мұғалімдерді де, ата-аналарды да ойландыратын ортақ мәселе.Ғалымдардың пікіріне сүйенетін болсақ олар отбасында ата-аналар мен балалар арасындағы қатынас түрлерін 4 түрге бөледі: диктат, опека, «араласпау» және ынтымақтастық.-Диктат деген қатынас ата-аналардың талабын, бұйрығын зорлық көрсетуін бірінші орынға қояды. Талап қоюды құрмет көрсетумен ұштастырмаған жағдайда бала тәрбиесіне зиян келтіретінін ескерткен А.С. Макаренко.-Опека диктатқа қарама қарсы-қатынас түрі, балаға шектен тыс қамқорлық көрсетіп еркіндік бермеу, қиындықтарды өз бетімен жеңуге үйретпеу, ол да бала тәрбиесіне зиянды.-«Араласпау» - бұл қатынас түрі балалармен ата-аналар арасында эмоционалды жылылық тудырмайды, себебі талап, тәртіп нормалары іске аспайды.-Ынтымақтастық – идеалды қатынас түрі, балаға деген сүйіспеншілік, баланы түсіну, құрмет көрсету талап бірлігімен ұштасады. Мұндағы диктат, опека, «араласпау» интолеранттылықтың көрінісін байқататын ата-аналар мен балалар арасындағы қатынас түрлері болса, ынтымақтастық керісінше толеранттылыққа тәрбиелеудің ең қолайлы қатынас түрі болып саналады.Отбасы балаға адамдармен өзара әрекеттесуге қатысты маңызды тәжірибе береді, мұнда ол қарым-қатынас жасауға, басқаларды тыңдауға және олардың көзқарастарын сыйлауға, туған туысқандарына шыдамдылықпен қарауға үйренеді. Ата-ана – толеранттылықтың үлгісі бола білу керек. Толерантты мінез-құлықтың тәжірибесін меңгеру кезінде ата-анамен туыстардың берген үлгілері үлкен мәнге ие. Ең негізгісі бұл бала бойында толеранттылықтың қалыптасуына отбасындағы қарым-қатынас, ата-аналар мен туысқандар арасындағы әрекет жасау стилі жатады.Педагог ата-ананы қайта тәрбиелей алмайды, бірақ ата-анамен бала арасындағы өзара қатынасқа әсер ете алады және де арнайы жұмыс негізінде баланың өзгелерге деген қатынасын түзетуге болады.Мектепте ата-аналар арасында толеранттылық деңгейін анықтау мақсатында :«Сіз қандай ата-анасыз?» атты сауалнама жүргізілді.Бұл сауалнама мақсаты арқылы ата-аналардың өз баласының тәлім-тәрбиесіне қаншалықты лайықты үлес қосып жатқанын білдік.Бұл сауалнама нәтижесінде ата-аналардың толеранттылық деңгейі жақсы деңгейде екені байқалды. Жалпы бұл сауалнамаға 18 ата-ана қатысты. Бұл тестің нәтижесінде ата-аналардың 80%-ы бала құқығын мойындаушы, жеке тәжірибеге, тіпті қателерін түсініп, оның өзі істеген әрекеттері үшін жауап беруге үйретуші ата-ана екендері анықталды.Бірақ та,шын мәнінде бала тәрбиесін сөз еткенде үлкендер тарапынан көптеген жауапсыздық салдарынан тәрбиеге мән бермейтіндері де,көңіл аудармайтындары да бұл өмірде жоқ емес...Сондай-ақ , ата-аналарға арналған «Ой жинақтау» тренингі өткізілді.Бұл тренингтің мақсаты: қазіргі кездегі баланың дамуына, жеке тұлға болып қалыптасуына, толеранттылыққа тәрбиелеуде ата-ана тәрбиесінің әдіс-тәсілдерін жетілдіре отырып, қарым-қатынас орнату.Сонымен қатар, ата-аналармен дөңгелек үстелде жағдаяттарды талқылап, пікір алыстық. Соңыңда ата-аналарға біздің тарапымыздан төмендегідей кеңестер ұсынылды:Егер баланы тұрақты сынап тұрса, ол жеккөруге үйренеді.Егер бала дұшпандықта өмір сүрсе, ол басқыншылыққа үйренеді.Егер баланы келекелесе, ол тұйық болып өседі.Егер баланы жиі кінәласа, ол өмір бойы кінә сезімімен өмір сүреді.Егер бала шыдамдылықта өссе, ол басқаларды түсінуге үйренеді.Егербалағадем берсе, олөзінесенугеүйренеді.Егербаланымақтаса, олмейірбанболуғатырысады.Егер бала адалдықтаөссе, оләрдайымәділболуғатырысады.Егер де бала оны түсініп, оны құрметтейтін ортада өмір сүрсе, ол өмірде жақсылықты көріп, таба біледі.Осындай іс-шаралар өз кезегінде жалғасын тауып отырса, онда әлемде, мемлекетте, ұлттар, адамдар арасында түсінушілік, мейірімділік, достық, төзімділік қасиеттері жетіліп, ал шиеленістер болған жағдайда дұрыс шешімі табылып, сыйластық қарым-қатынас орнары сөзсіз. Адам күлмесе жайнап өспейді дейді. Сондықтанда мына жайттарды есімізге ұстайық «Отбасында берілген тәрбие жігеріңді құм қылып, жерге қаратпасын десең балаға кішкентайынан түзу тәрбие бер» -деп ата-бабамыз айтқандай бала тәрбиесіне уақытында көңіл бөліп, еліміздің инабатты адамгершілігі мол, білімді, саналы ұрпағын тәрбиелейік. Егер ата-ана мен мектеп өзара тығыз байланыста болса, балаларға бірдей талап қойып отырса тәуелсіз еліміздің ұл-қыздары жан-жақты дамыған азамат болып шығары сөзсіз.

Сол.Қаз.Обл.Қызылжар ауданыБескөл ауылы. «Парасат» мектеп –лицейініңбастауыш сынып мұғалімі А.Т.Жумагалиева





Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
Ресми байқаулар тізімі
Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!