Материалдар / Толыққанды тамақтану
2023-2024 оқу жылына арналған

қысқа мерзімді сабақ жоспарларын

жүктеп алғыңыз келеді ма?
ҚР Білім және Ғылым министірлігінің стандартымен 2022-2023 оқу жылына арналған 472-бұйрыққа сай жасалған

Толыққанды тамақтану

Материал туралы қысқаша түсінік
Адамның өсуіне және дұрыс дамуына қажетті мұқтаждықтарды анықтау (мысалы, тағам, ұйқы). Келесі сұрақтарды қою: «Сәби нені қажет етеді? Дұрыс тамақтану деген не? Дұрыс ұйқы дегеніміз не?» және т.б.
Авторы:
Автор материалды ақылы түрде жариялады.
Сатылымнан түскен қаражат авторға автоматты түрде аударылады. Толығырақ
27 Маусым 2018
869
0 рет жүктелген
Бүгін алсаңыз 25% жеңілдік
беріледі
770 тг 578 тг
Тегін турнир Мұғалімдер мен Тәрбиешілерге
Дипломдар мен сертификаттарды алып үлгеріңіз!
Бұл бетте материалдың қысқаша нұсқасы ұсынылған. Материалдың толық нұсқасын жүктеп алып, көруге болады
logo

Материалдың толық нұсқасын
жүктеп алып көруге болады

Сабақ жоспары

Ұзақ мерзімді жоспар бөлімі: 2 А бөлім: Адам тіршілігіндегі үдерістерМектеп: Алқатерек орта мектебі.
Күні: 4.11.2015Мұғалімнің аты-жөні : Карипова.Г.К
Сынып: 1Пән: Ғылымға кіріспе Қатысқандар:16Қатыспағандар саны: 0

Сабақ тақырыбы

Толыққанды тамақтану

Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтемеу)4.2 Адамның тiршiлiк әрекетiнiң процестерi
Сабақтың мақсаттары1.4.2.2 Адамның өсуіне және дұрыс дамуына қажетті мұқтаждықтарды анықтау (мысалы, тағам, ұйқы);1.1.1.1. Келесі сұрақтарды қою: «Сәби нені қажет етеді? Дұрыс тамақтану деген не? Дұрыс ұйқы дегеніміз не?» және т.б.
Жетістік критерийлері Білу және түсіну: адамның өсуі мен дамуына қажетті тағамдар мен факторларды анықтай алады.
Сөздік қорПайдалы тағам, дұрыс тамақтану, дастарқан басында, ет, бауырсақ, жеті нан, жеміс-жидек, шай, отбасы, ет, бауырсақ, қазы, қымыз, таба нан
Құндылықтарды дарыту Жауапкершілік, сыйластық, өзара түсіністік құндылықтарды қалыптастыру.
Пәнаралық байланыстарДүниетану. Отбасылық дәстүр.
Алдыңғы меңгерілген білім

Оқушылар адамның өсуіне және дұрыс дамуына не керектігін біледі.
Сабақ барысы
Сабақтың жоспарланған кезеңдері Сабақта жоспарланған іс-әрекет

Ресурстар
Сабақтың басы

Cабақты шеңберге жиналып, тақпақ айтудан бастау:Сәби нені қажет ететінін сұрап, ОМ анықтап алу.

Сабақ ортасы

(ЖЖ) «Менің отбасым және достарым» атты тақырыптың аясында оқушылардан отбасының сүйікті тағамдары туралы жұбымен сөйлесуді ұсыну. Сөйлесу барысында төмендегі сұрақтарды қоюды сұрау:
  • Отбасыңда сүйікті тағамдарың қандай?
  • Анаңа тағам дайындауға көмектесесің бе?
  • Қалай көмектесесің?
  • Жұптар арасындағы сөйлесуді бақылап жүру. Жұптар арасындағы сөйлесуге берілген уақыт біткен соң, 1 жұпты орта шақырып, өз жұбының отбасындағы дайындайтын сүйікті тағамдары туралы не білгенін айтқызу. (МК, Ұ) «Менің отбасым және достарым» атты тақырыптың аясында сурет бойынша жұмыс ұйымдастыру. Оқушылардың назарын суретке аудару:Оқушыларға суретке қарап, сөздер айтуды ұсыну. Оқушылар сөздерді айтып болған соң, алдын ала жолақшаларға (дастарқан басында, ет, бауырсақ, жеті нан, жеміс-жидек, шай, отбасы) жазып дайындап қойған сөздерді кезекпен тақтағы суреттердің қасына қыстыру. Сөздердің ішінде олардың айтқан сөздері де бар екеніне назар аударып тұру. Сөздерді қыстырмас бұрын, оқи алатын оқушыларға оқуды ұсыну, оқи алмайтын оқушылар хормен қайталайды. Келесі кезекте оқушыларға сөздерді пайдаланып сөйлем құрастыруды ұсыну. Сөйлем құрастырған балалар кезекпен ортаға шығып тұрады. 4-5 сөйлем құрылған соң, әр баланың сөйлемін алдымен өзі, содан соң сынып оқушылары хормен айтып қайталайды. Солай шағын мәтін құрылады. Қажет болса мәтін бірізді болу үшін, сөйлемдердің орнын, яғни тұрған оқушылардың орнын ауыстыру керек. Сыныптағы 2-3 оқушыға мәтінді толық айтып шығуға мүмкіндік беру. Содан соң оқушылардан осыдан басқа қандай қазақтың ұлттық тағамдарын білетіндерін сұрау. Ұлттық тағамдар туралы видео көрсету. Артынан видеода көрген тағамдарды атауын сұрау. Суреттерді сөздерімен алдын-ала жазып қойып, тақтаға кезекпен қыстырып, хормен айтқызу (ет, бауырсақ, қазы, қымыз, таба нан).(Ұ, Ө) Адам не үшін тамақтанады? Кез-келген тағам пайдалы ма? деген сұрақтар қойып, «Азық-түлік дүкенінде» деген тақырыпқа рөлдік ойын ұйымдастыру. Азық-түлік сөресін дайындау.Оқушыларға дүкеннен таңғы және түскі ас үшін отбасы мүшелеріне азық-түлік сатып алуға кеңес беру. Бір оқушыға сатушы болуды ұсыну, одан кейін рөлдерімен ауысады. Оқушыларды дүкеннен азық-түлік сатып алуға шақыру. Оларға қойылатын сұрақтар:
  • Сен неге бұл тамақ түрін таңдадың?
  • Оның сенің ағзаңа қандай пайдасы бар деп ойлайсың?


  • Тамақ сақтауға арналған бос ыдыстар.

    Журналдар, қайшылар, желім, қатты қағаз.

    Сабақтың соңыСабақтың соңында «дұрыс тамақтанудың» не екенін қаншалықты түсінгендерін бақылау үшін, қалыптастырушы бағалау жүргізіліп, сұрақтар қойылады:
  • Күніне неше рет тамақтану керек?
  • Тамақты қалай ішу керек?
  • Содан соң мұғалім тағам түрлерін көрсетіп тұрады, ал көмекке шақырылған мұғалім, балалардың жауаптарын түртіп алып тұрады.


    Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз? Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз? Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
    Оқи алатын оқушылардың тірек сөздерді өздері оқуына тапсыру. Жұптар арасындағы сөйлесуді қиналатын оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойып бағыт беру.Оқушылардың жұпта талқылау жүргізу барысын бақылау арқылы бағалау. Сұрақтарға жауап берген оқушыларды «Жарайсың», «Жақсы», «Өте жақсы» сөздер айтып бағалау. Сөз, сөйлемдер құрастырған оқушыларды «көңілді смайл» беру арқылы бағалау. Пайдалы және пайдасыз тағамдарды ажырата білулерін жасыл және қызыл шаршыларын көрсеткендеріне қарай бақылап бағалау.Сергіту сәттерін өткізу.

    Сабақ бойынша рефлексия

    Сабақ мақсаттары/оқу мақсаттары дұрыс қойылған ба? Оқушылардың барлығы ОМ қол жеткізді ме? Жеткізбесе, неліктен? Сабақта дифференциация дұрыс жүргізілді ме? Сабақтың уақыттық кезеңдері сақталды ма? Сабақ жоспарынан қандай ауытқулар болды, неліктен?
    Бұл бөлімді сабақ туралы өз пікіріңізді білдіру үшін пайдаланыңыз. Өз сабағыңыз туралы сол жақ бағанда берілген сұрақтарға жауап беріңіз.


    Сабағымның оқу мақсаты оқу Бағдарламасы мен сабақтың тақырыбына сәйкес алынып, дұрыс қойылған. Сабақта оқу мақсатына барлық оқушыларым жетті. Сабақта дифференциацияға көңіл бөлдім. Ол үшін постермен жұмыс жасау барысында оқи алатын оқушыларға тірек сөздерді өздеріне оқуға мүмкіндік бердім. Жұптар арасындағы сөйлесуді жүргізуге қиналатын оқушыларға жетелеуші сұрақтар қойып бағыт бердім. Сабақтың уақыттық кезеңдерін дұрыс сақтадым.Сабақ жоспарынан ауытқулар болған жоқ.
    Жалпы баға Сабақтың жақсы өткен екі аспектісі (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?1:Постермен жұмыс жасау оң нәтиже берді, себебі оқушыларда сөздер, сөздерден сөйлемдер, сөйлемдерден мәтін құруға мүмкіндік болды. Бұл жұмыс оқушылардың тілдерін дамыта түсті.2: «Азық-түлік дүкенінде» ойыны оқушыларға өмірмен байланысты жүзеге асыруға көмектесіп, тақырыпты түсінуге жол сілтеді. Сабақты жақсарту үшін қандай өзгеріс енгізуге болады (оқыту туралы да, оқу туралы да ойланыңыз)?1: Оқушыларға жұптасып жұмыс жасаудың жолын үйретуді жетілдіру қажет.2:Оқушыларға өз іс-әрекеттеріне, жұмыстарына рефлексия жасауды үйретуді жетілдіру қажет.

    Сабақ барысында сынып туралы немесе жекелеген оқушылар туралы нені білдім, келесі сабақтарда неге көңіл бөлу қажет?Рөлдік ойынға жақсы ене алатын оқушымның қабілетін байқадым, енді осы оқушымның қабілетін ескеріп, сөйлеуге қысылатын оқушымен жұптастыруды жоспарлап, ықпалын байқауды бақылауды жоспарлаймын.

















    Материал жариялап тегін сертификат алыңыз!
    Бұл сертификат «Ustaz tilegi» Республикалық ғылыми – әдістемелік журналының желілік басылымына өз авторлық жұмысын жарияланғанын растайды. Журнал Қазақстан Республикасы Ақпарат және Қоғамдық даму министрлігінің №KZ09VPY00029937 куәлігін алған. Сондықтан аттестацияға жарамды
    Ресми байқаулар тізімі
    Республикалық байқауларға қатысып жарамды дипломдар алып санатыңызды көтеріңіз!