Тілдер айлығы шеңберінде
«Бір ел-бір кітап» республикалық акциясындағы Сұлтанмахмұт Торайғыров оқулары
Іс-шараның мақсаты:
Сұлтанмахмұт Торайғыровтың
өмірі, шығармашылығымен таныстыру, ақынның өлеңдерін
таныту. Ақын өлеңдері арқылы оқушылардың Отанға, халқына, тілге
деген сүйіспеншілік сезімдерін ояту, отаншылдыққа
тәрбиелеу.
Көрнекілік
құралдар: ақын портреті,
слайдтар, кітап көрмесі, ақын туралы жазылған пікірлер, техникалық
құрал-жабдықтар, аудио
аппаратура.
1-жүргізуші:
Сүйемін туған тілді – анам
тілін,
Бесікте жатқанымда-ақ берген
білім
Шыр етіп жерге түскен
минутімнан
Құлағыма сіңірген таныс
үнім, - ақынның осы
айтып кеткен жолдары өшпей, жалғасын тауып келеді.
2-жүргізуші: «Ақын елінің тілі ғой, адал туған ұлы ғой, бүлк-бүлк еткен жаны ғой, жанын жеген ары ғой, айта алмай жүрген зары ғой. Жаннан, ардан безбесе, ақынын қандай ел қастерлемесін!» - деп жазушы, драмашы Жүсіпбек Аймауытов Сұлтанмахмұт туралы жазған екен. Сұлтанмахмұт – шын мағынасында осы сөзге лайық ақын.
1-жүргізуші: ХХ ғасыр басындағы қазақ әдебиетін жаңа биікке көтеріп, заманының қайшылықты шындығын шығармаларында жан-жақты бейнелеген, көркем сөздің халықтық мән-мағынасын көтеріп, жаңа жанрларда ізденістер жасаған ол туған халқын отаршылдық пен ұлттық езгінің екі жақты қанауынан азат етуге, ел бостандығына үн қосты.
2-жүргізуші: В своих стихотворениях Сұлтанмахмұт Торайгыров выступает горячим пропагандистом знаний, просвещения, зовет молодежь приобщиться к передовой культуре. Султанмахмут пытается разъяснить молодежи, какое образование ей нужно, для чего ей следует учиться.
1-жүргізуші:
Жасамаймын: Еңбектің
Жемісін көзбен көрем деп.
Жасаймын: Бip қолқабыс
Кейінгіге берем деп.
– деген өлең жолдарында ақынның болашаққа берік сенімі көрсетілген. Бүгін біз сіздермен республикалық «Бір ел-бір кітап» акциясына қосылып, Тіл айлығы аясында Сұлтанмахмұт Торайғыров оқуларын өткізгелі отырмыз.
2-жүргізуші: Сайыстың кезеңдері:
І кезең - «Ақын елінің тілі ғой» деп аталады. Мұнда колледж студенттерінің Сұлтанмахмұт Торайғыров өлеңдерін мәнерлеп оқуын тамашалаймыз.
ІІ кезең - «Өмірімнің уәдесі» әр қатысушы Сұлтанмахмұт Торайғыров өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап береді.
Әділ қазылар алқасы:
1.Қасым Клара Зекеновна – тіл пәндері әдістемелік бірлестігінің төрайымы
2. Куркина Кашира Закировна – тіл пәндерінің оқытушысы;
3. Айткенова Айгуль Мадетовна – колледж әдіскері
1-жүргізуші:
Сұлтанмахмұт 1893 жылдың 28 қазанында Көкшетау облысының Қызылту ауданында туған. Оның әкесі Шоқпыт (шын аты Әбубәкір) атанған кедей, момын шаруа адамы болған. Шоқпытта екі баласы болған: Байқоңыр, Сұлтанмахмұт. Сұлтанмахмұттың екі жасында шешесі өліп, жетімдікті көріп өседі. Әкесі әйелі өлген соң балаларын алып, өзінің туған жері Павлодар облысының Баянауыл ауданына көшеді. Ақынның балалық шағы Баянауылда өтеді.
2-жүргізуші:
Алтындай поэзиясын бір елдің мұрасындай етіп қалдыра білген ақынның өлеңдері өз құндылығын жоғалтпайды. Ендеше, сол бір мәңгілік көштің сырлы әуеніне, жадымызда жаңғырған жыр жолдарына құлақ салайық.
(Ортаға ақын өлеңдерін жатқа айтуға оқушылар шығады)
|
1 |
ИС-137 |
Степанов Владислав |
«Туған еліме» |
|
2 |
ТЭ-127 |
Мирошниченко Максим |
«Алғыс» |
|
3 |
ИС-226 |
Погожев Антон |
«Шығамын тірі болсам» |
|
4 |
ИС-226 |
Шелепа Владислав |
«Неге жасаймын» |
|
5 |
ИС- 226 |
Хайруллин Наиль |
«Мен қазақ» |
|
6 |
АЖ-217 |
Цой Кантемир |
«Шәкірт ойы» |
1-жүргізуші: Алғашқыда болашақ ақын Әлі, Тортай, Мұқан, Әбдірахман деген молдалардан білім алады. 1911 жылы бір қыс бойы Нұрғали Бекбауов деген мұғалімнен оқиды. Нұрғали жаңаша оқыған, көзі ашық, сауатты мұғалім болған. Оның көмегімен Сұлтанмахмұт қазақ, татар тілдерінде шыққан әдеби кітаптарды, газет – журналдарды оқуға дағдыланады. Өзінің білімінің саяздығын сезген Сұлтанмахмұт 1912 жылы Троицк қаласына барып, Ахун Рахманқұли деген татардың медресесінде оқуға түседі. Бірақ тұрмыс жағдайының ауырлығынан мұнда ұзақ оқи алмайды. Қаржының тапшылығынан көп қиыншылық көріп, ауруға шалдығады. Жаз шыға Троицк маңындағы бір ауылға бала оқытуға кетеді.
2-жүргізуші: Сұлтанмахмұт Торайғыровтың білім, оқу тақырыбына арналған өлеңдерін тыңдайық.
|
7 |
ИС-127 |
Штыцбехер Алла |
«Арманым» |
|
8 |
ИС-236 |
Сабанова Мария |
«Қазақ тілі» |
|
9 |
ИС-236 |
Плаксин Денис |
«Оқып жүрген жастарға» |
|
10 |
ИС-226 |
Шураева Алена |
«Шәкірт ойы» |
|
11 |
ИС-226 |
Тарасенко Никита |
«Шығамын тірі болсам» |
|
12 |
|
|
|
2-жүргізуші: Бірінші кезең нәтижелері бойынша сөз әділ қазылар алқасына
1-жүргізуші: Сұлтанмахмұт өмір сүрген кезең ХХ-ғасырдың бас кезі- Ресей топырағындағы ең бір дүр сілкіністің, азаттық үшін арпалыстың кезеңі болды. Ақынның бел шеше жазу ісімен айналысқан кездері де осы бір шытырман жылдар еді. Ол мәдениеті озық елдердің жоғары жетістіктерін уағыздап, жаңалық жаршысы бола білді. Сол себептен ақын «Бүгіндегі жастарға оқу міндет, бар қиындық тек қана ғылым жеңбек» деген үлкен ойдың қажырлы көрінісіндей жыр жолдарын өз оқырмандарына жолдады.
2-жүргізуші: ІІ кезең «Өмірімнің уәдесі» әр қатысушы Сұлтанмахмұт Торайғыров өмірі мен шығармашылығына қатысты сұрақтарға жауап береді.
1. Степанов Владислав
2. Мирошниченко Максим
3. Погожев Антон
4. Шелепа Владислав
5. Хайруллин Наиль
6. Цой Кантемир
7. Штыцбехер Алла
8. Сабанова Мария
9. Плаксин Денис
10. Шураева Алена
11. Тарасенко Никита
1-жүргізуші:Сұлтанмахмұт Торайғыров қазақтың ұлы ақыны
Абайға да мінездеме беріп, оны қазақ әдебиетінің өкілдерінің
бәрінен ерекше, дара тұлға деп бағалайды. Ол аз өмірінің ішінде
(небәрі 27 жас жасаған) әлденеше лирикалық өлең, ондаған мақала,
екі роман, 5-6 поэма жазып қалдырған. Абайдан кейінгі ірі суреткер,
реалист ақын болып
табылады.
2-жүргізуші: Кітапхана оқырман үшін үлкен
тәрбие мектебі, сансыз сұрақтардың жауабын табуға болатын сиқырлы
да киелі орда. Колледж кітапханасында
көптеген ақын-жазушалардың шығармалары, соның ішінде Сұлтанмахмұт
Торайғыровтың да шығармалары аз емес. Сөз - колледж кітапханашылары
Рондо Валентина Федоровна және Алпыспаева Асель
Ирековнаға.
1-жүргізуші: Ал енді сөз кезегі - әділ-қазылар алқасына.
2-жүргізуші:
Шығамын тірі болсам адам
болып,
Жүрмеймін бұл дүниеде жаман болып,
Жатқаным көрде тыныш жақсы емес пе,
Жүргенше өмір сүріп надан болып.
Мен балаң, жарық күннен сәуле қуған,
Алуға, күнді барып, белді буған.
Жұлдыз болып көмеймін елдің бетін.
Болмасам толған айдай балқып туған.
Бұл сөзім асып айтқан асылық емес,
Ойында оты барлар асылық демес.
Тебем деп, тірі болсам надандықты,
Серт етіп, өз-өзіме еткем
егес.
2-жүргізуші:
Осымен ақын Сұлтанмахмұт Торайғыровқа арналған оқуларымыз аяқталды.
Жыр әлемінде кездескенше аман сау
болыңыздар!
жүктеу мүмкіндігіне ие боласыз
Бұл материал сайт қолданушысы жариялаған. Материалдың ішінде жазылған барлық ақпаратқа жауапкершілікті жариялаған қолданушы жауап береді. Ұстаз тілегі тек ақпаратты таратуға қолдау көрсетеді. Егер материал сіздің авторлық құқығыңызды бұзған болса немесе басқа да себептермен сайттан өшіру керек деп ойласаңыз осында жазыңыз
Торайғыров оқулары

шағым қалдыра аласыз